Қазіргі коммерциалық банктер –бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банк деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай;
— мемлекеттік
— акционерлік
— жеке
— пай қосу арқылы(жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
— аралас (шетел капиталының қатысуымен);
- Операцияларының түрлеріне қарай:
— әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банк қызмет көрсететін банктер;
— маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер.
- Аумақтық белгісіне қарай:
— халықаралық;
— мемлекетаралық;
— ұлттық;
— аймақтық;
4.Салық белгісіне қарай:
— өнеркәсіптік банктер;
— саула банктері;
— ауыл шаруашылық банктері;
— құрылыс банктері;
— басқа;
- Фирмалар санына қарай:
— филиалсыз;
— көп филиалды;
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2003жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлікқоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиісілі банктер оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының қатысуымен (100% — 10 банк, 50% — аса- 4банк) құрылған банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция –оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшырағанжағдайларда жай акция есебінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылу және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құралады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді. Ал коммерциялық банктердің операцияларына келетін болсақ, олардың екі түрі бар:
- Пассивтік операциялар
- Активтік операциялар
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл неселік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсынқұру операциялары,» — делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар –бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десек болады.
Пассивтік операцияларға: Банктің меншікті қаржаттары, Депозит, Депозиттік емес тартылған қаражаттар, талап етуіне дейінгі депозиттер, мерзімді салым, жинақ салымдары, депозиттік және жинақ сертификаттары, банкаралық несие жатады десек болады.
- Банктің меншікті қаражаттары –банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар(капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа да қорлары;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы.
- Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
- Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өзі меншікті қаражаттарынсату жолымен тарататын қаражаттары.
- Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатынәр түрлі шоттардағы қаражаттар.
- Мерзімді салым (депозиттер) –белгілі мерзімібар және тұрақтыпайыз төленетін, сол сияқты алдын ала шек қойылатын салым.
- Тағы бір кең таралған салымның түрі –Жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелмеген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсету қажет.
- Депозиттік және жинақ сертификаттары –бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретінжәне оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
- Банкаралық несие –бұл коммерциялықбанктердің бір бетіне беретін несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстарменсалыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.
Банктің активтік операцияларына келсек, активті операциялар –бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Банктің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
- ссудалық(несиелік) операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік операциялар;
- қаржылық операциялар;
- басқа да операциялар.
Банктің активтері –пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Коммерциялық банктін активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады. Олар:
- Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
- несиелер;
- бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
- банктің ғимараты менжабдықтары.
Банктің инвестициялық операциялары –табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг –бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орнластыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінелі: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
- мемлекеттің бағалы қағаздары;
- мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей кестемен көрсетуге болады.
ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты.
Түрі | Шығару мақсаты | Орналастыру тәсілі | Айналыс мерзімі | Номинал құны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ұлттыұ банктің қысқа мерзімді нотасы | Айналыстағы ақша массасын реттеу | Акцион/сату | 7 күннен 90күнге дейін | 100 теңге |
Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы | Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау | Ноталар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау | 35 күн | 100 АҚШ доллары |
Арнайы валюта-лық мемлекеттік облигациялар (АВМЕКАМ) | Жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау | Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақ-таушы зейнет ақы қорларымен айырбастау | 5 жыл | 100АҚШ доллары |
Мемлекеттің арнайы қазыналық міндеттемесі (МЕАКАМ) | Ұлттық банкке Үкіметтің қарызын Қайта рәсімдеу | 10 жыл | 1000 теңге | |
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық-валю-талық міндеттемесі (МЕКАВМ) | Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру | Аукцион | 3.6.9 және 12 ай | 100 АҚШ доллары |
Мемлекеттің индексацияланатын қазыналық міндеттемесі (МЕИКАМ) | Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру | Аукцион | 3 ай және одан жоғары | 1000 теңге |
Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕОКАМ) | Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру | Аукцион | 2 және 3 жыл | 1000 теңге |
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ) | Ресбубликалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
|
Аукцион | 3.6.9 және 12 ай | 1000 теңге |
Мемлекеттік ішкі зайымдық ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО) | Ресбубликалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
|
Жазылу жолымен | 364 күн | 1000 теңге |
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
— Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнына төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:
100 – 75 =25 теңге немесе
25теңге: 75 теңге (бастапқы салынған
инвестицтя) х 100% =33,3 %
Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3% : 91 күн =0.3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659% х 364 күн = 133.19% тең.
- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не4 ретке дейін төленеді.
- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт және купон мөлшерлмесі түріндегі табыстардан құралады.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғаныментәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
- акциялар;
- облигациялар;
- депозиттік және жинақ сертификаттары;
- ипотекалық куәліктер;
- депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы – қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беру.
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екіге бөлінеді:
- Купондық облигация –инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
- Дисконттық облигация – инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Мысалға, облигацияның ағымдағы бағасы -100 теңге, купон мөлшерлемесі -10%, онда облигацияның ағымдағы табысын былай есептеуге болады:
Купон/баға х 100 = 10/100 x 100 = 10%
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:
10/150 х 100 = 6.66%
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тезарады қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекл төмен немесе жоқ десе де болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардың алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.