Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызыметін күшейтедідеп қана есептеген. Бірақ кейінгі зеріттеулерге қарағанда, олай болмай шықты.
Адам және жоғарғы сатыдағы жануарлардың гормондарын , химиялық құрлым ұқсастығын ,физика –химиялық, биологиялық қасиеттерінің орталығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
- Белоктық-пептидті қосылымдар (инсулин, глекогон,соматотропин т.б.);
- Стереоидтар (бүйреккүсті безі қабынғаның және жыныс бездері гормондары);
- Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер- адренали, норадренали ). Гормондардың биосинтезі арнайы эндокриндік клеткалардың генетикалық аппараттарында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондардың белгілі бір гормандарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктармен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон альбумин және а – глобулинмен бірігеді, бұдан активтігі төмен байланысқан гормон формасы пайда болады.
Гормондардың құрлымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері (фрагменттері) әртүрлі қызымет атқарады . Актондар – гормонның клеткаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар – гормонның әсер етуі жерін , нысана клеткаларын іздейтін бөлік. Гормон құрлымының үшінші бөлігі активтілік дәрежесін және гормон молекуласының басқа қасиеттерін реттейді .Ағзалармен тканьдер, негізінен бауыр мен бүйрек клеткалары гормондардың сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен (Т ½) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің концентратциясы екі есе азаятын уақыт. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер-0,5-2,5 мин., инсулин-8-12 мин., альдесторондар -30-50 мин.,кортизондар-70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсер жағынан бірдей емес, яғни оларға бір қатар физиологиялық қасиеттері бар.
- Гормондар қашықтан (алыстан )әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады . Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин ацетилохин т.б. ) өзі жасалған жергілікті жерде жерде ғана әсер етеді.
- Гормондар организм қызыметін гуморалдық реттеуде аралық роль атқарады. Бұл реттеуде басты бағыттаушы ролді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып , эфференттік (шеткі) вегативті және сомалық жүйелермен қатар қызмет жасайды.
- Гармондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмасуға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы қосылыстар , кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді , бірақ оған қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ , яғни оларды парэнтеральды енгізгенде арнайы антиденелер жасамайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты белок пептид гормондарына жасалады.
- Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксиннің 1:100 млн, адреналиннің 1:10 млн сұйықталғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 12500 қоянның қанындағы қант денгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитонның 5 нанограммасы қандағы Са денгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм- 10-9 г жоғары).
- Гормондар өте тез бірақ қысқа мерзімде әсер етеді.
Олардың өте тез әсер етуі, клетка меммранасы арқылы тез өту ібіршама төмен молекулярлық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімі болуы олардың тканьдық ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеде бұйрық арқылы жеңіл шығарылуына байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып тұруы керек.
- Барлық гормондар тек ағзалардың қызыметтеріне ғана емес, олардың құрлымдарына да әсер етеді , яғни оларды морфологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін , икейде ағзалар тканінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді . Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНК және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің потологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін , бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады- акромегалия, гигантизм т.б.
- Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар клетка жоқ ортада жүретін химиялық процестерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық реакциялардың жлдамдығына әсер ете алады.
Гормондардың әсер ету миханизімі өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған.Белгілі бір гормонның қажеттілігі арытса , гормон-белок кешені ыдырап , гормонның бос түрі пайда болады .Байланысқан гормондар қор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңілпайдаланылады.Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық ткандар мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гармонды қабылдауға дағдыланған , әрі клетканың мембрана құрлымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір ткань мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысанаға тканьдер деп атайды. Клеткалық рецептор арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормон молекуласының белгілі бір фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды , яғни гормон мен клетканың өзара қарым қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдайтын рецептор болмаса, клетка гормонмен қарым қатынасқа түспейді , яғни оны танымайды.
Белоктық және пептидті гормондардың рецепторлары клетканың цитоплазымалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормондар өз рецепторымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферменттің активтенуі жүреді . Оның әсерінен клеткада циклдік — аденозинмонофосфат (ЦГМФ) пайда болады. Ал олар протеинокинназаларды- белоктық синтездеуіне қажетті ферменттерді белсенділерді – бұл гормондардың кейбіреулері циклдік гуанозинмоноффосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.
Стероидті гормондардың рецепторлары клетка ішкі құрлымына орналасқан және гормон-рецептор кешені генетикалық апаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер ету механизімі клетка мембраналардың өткізгіштігінің өзгеруіне байланысты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі.
- Гормондардың тканьдер мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы клеткаға жеңіл өтеді, оған қоса клетка мембраналармен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің механизімі , клеткалық және субклеткалық деңгейлерде әлі толық зеріттелмеген. Бар зеріттеуге қарағанда олардың түрлі әсер етуі жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету механизімдерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферментін. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфарилазды жүйеге аденозинмонофосфат арқылы циклді әсері дәлелдейді т.б) Ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНК алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
- Гормондар ағзалардың қызыметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай,олардың қан тамырлары мен тканьдердің әр түрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолменен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез-келген ағза тамырыарқылы адреналинді өткізгенде әдетте қан қысымының, дем алудың лимфа ағзасының т.б. өзгерістері байқалады.
- гормондардың әсер етуінің үшінші механизімі орталық жүйке жүиесі арқылы орындалуы . Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нерондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді . Гейманның тәжірбиелерінде иттің миын қоректендіретін, қан тамырына тікелей адреналин енгізген, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда адреналин кезеген нерв орталығының тонусын жоғарылатып , жүрек қызыметін бәсеңдетеді . Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткен оның қызыметін күшейтеді.
- Кейбір жағдайларда гормондардың шартты-рефлекстік әсерін байқауға болады.
Ішкі сөлініс бездерінің қызыметін зеріттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады .Олардың негізгілері мынадай:
- Эктомия немесе экстрипация –алып тастау.Бұл бізді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Оператцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызыметтері бұзылады.Мысалы, қалқансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қозғыштығы жоғарылап,қатты жиырылады. Бұл реакция организмде паратгормонның жетіспеушілігімен қандағы кальций денгейінің күрт төмендеп, клетканың қозғыштығына әсер етуіне пайда болады.
- Эндокринді бездерден алған сықпалдарды және химиялық жагынан таза гормондар мен гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
- Эндокринді бездерді трансплантатциялау, алмастырып тігу. Жануарларда зеріттелетін безді алып тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастаған безді қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған функциялар қалпына келсе, бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.
- Паробиоз әдісі- екі жануардың тиісті қан айналысын ортақтастыру содан кейін біреуінің безін, ия бездерін алып тастап, оның дене қызыметіндегі өзгерістерді зеріттеу .
- Ішкі сөлініс бездерін эксплантатция әдісі арқылы зеріттеу . Без немесе оның бір кішкене бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып оның тіршілік жағдайын зеріттеу. Бездің қоректі ортада гормон жасауының саны мен сапасына әртүрлі процестердің әсерін зеріттеу.
- Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т.б.) гормондармен олардың метаболиттерінің мөлшерін химиялық, имонологиялық және басқа әдістер арқылы зеріттеу.
- Родиоктивті изотоптарды қолдану арқылы зеріттеу әдістері нысана гормондар.
- Флюоресцияланатын қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқан анықтауға мүмкіншілік берді . Бұл көбінесе гистохимиялық зеріттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
- Клинико-анатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі сөлінісбездері өзгерген адамды бақылап зеріттеу. Өлген адамдағы, белгілі бір бездің гипер-және гипофункциялық, потологиялық –анатомиялық және гистологиялық, сонымен қатар денедегі нысана тканьдерде пайда болатын өзгерістер зеріттеледі .