Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың соңғы екі жылдан бері республика мектептеріндегі білім беру мен тәрбие жұмысын жақсартудан қатаң талабы бүкіл республика мұғалімдері мен білім саласын басқарушыларға істі жаңаша ұйымдастыру міндетін қойды. Республиканың басқа облыстары сияқты Алматы облыстық білім беру департаменті облыстық мамандар кәсіби дамыту институты мұғалімдердің дәстүрлі тамыз маслихатын жаңа талаптар негізінде өткізуге кең көлемді ұйымдастыру шараларын белгілеген еді. Соның қорытындысы бүгінгі кеңесте жан – жақты сарапталады.
Бұрын ( әсіресе соңғы ) 10 – 15 жылда облыстық әкімдер білім беру жүйесіне мән бермейтін. Елбасының қатаң тапсырмасы облыс әкімдерінің міндеттіне білім мен тәрбие ерекше назар аудара бастады. Тамыз конференциясында сөз сөйлеген Серік Үмбетов:
- Облыстық бюджеттің ең көп бөлігі немесе 37,7 пайызы, яғни 23 млрд, 865 млн. Теңге үстіміздегі жылы білім беру саласына жұмсалуда.
Соңғы үш жылда 35 мектеп салынып, 51 мектеп түгелден күрделі жөндеуден өткізіліп, 177 мектептің инженерлік жылу жүйесі мен шатырлары қайта жасалды. Биылғы жылы осы бағытта 21,6 млрд. Теңге қаржы жұмсалды, — деді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында да “Біз мұғалім мамандығының абыройы мен беделін қайтаруға тиізпіз деп атап көрсеткіндей, әрбір мұғалім өз сабағын жаңа ғылыми жаңалықтар мен жаңа әдістемелік әдісті кеңінен қолданып, жаңаша сабақ өткізгенде ғана, балалардың қабілет – қарымы дамып, кәсіптік білім деңгейлері арта түседі ”. Олардың дарындары ашылып, шығармашылық жобалары жетіледі. Ол үшін қазіргі қоғам талабына лайық жаңа буын оқулықтарын, оқу — әдістемелік құралдары, қосымша дидактикалық материалдарды көптеп шығарудың маңызы зор. Конференциядатағы да ерекше назар аударылғаны осыдан ұзақ жылдары бойы “ оңтайландыру ” сияқты теріс әрекеттің нәтижесінде алынып тасталған ауылдық жерлерде тұратын мұғалімдердің коммуналдық төлемдерінің өтемақысы үшін 197 мың теңге бөлінсе, қала үлгісіндегі кенттерде тұратын мұғалімдерге де жалақыларына 25 пайыз үстеме қосылатын болады – деп зор сеніммен сөзін жалғастырған облыстық білім департаментінің директоры Тоққожа Естенов — 2006 жылы 125 білім мекемесіне 52 млн, 414 мың теңгеге 470 жаңа компьютерлер жеткізіліп, ескілері жаңаға алмастырылды. Ғаламдық интернет желісіне облыстық білім мекемелерінің 92,3 пайызы қосылды. Осы мақсатқа 54 млн. 882 мың теңге бөлінді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2005 жылы 281 млн. 636 мың теңгеге 51 мектепке мультимедиялық лингрофондық қондырғылар орнатылды. Егер республика облыстарының басқа аудандарымен салыстырсақ, бала санына шаққанда компьютер саны Еңбекшіқазақ ауданында – 53,5, Іледе – 66,4, Панфилов ауданында – 56,7, Қарасай ауданында – 60,6, Талғар ауданында 56,4, Ұйғыр ауданында – 53,9 және Талдықорған қаласында – 49,3 баладан ғана келеді. Омы уақытқа дейін компьютерді жеткізу облыстық бюджет есебінен жүргізіліп келсе, алдағы уақытта аудандық және қалалық әкімдер бұл жұмысқа ерекше назар аударулары керектігін де сөзге тиек етті. Конференцияда ерекще назар аударылған мәселенің бірі мектепке дейінгі білім беру. Қазіргі мерзімде облыста мектепке дейінгі 51 білім мен тәрбие ұйымы бар. Балалар бақшасының саны өткен жылғыдан 4 бірлікке, ондағы балалар саны 1234 бүлдіршінге дейін өскен. Облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру көрсеткіші 62,2 паайыз болса, республикамызда ол көрсеткіш 23,2 пайызды құрайды. Оның басты себебі соңғы уақыттарда бұл ғимараттарды жеке адамдар пайдаланып өздеріне жеке меншікке айналдырып алған. Сол ғимараттарды Елбасы барлық облыстарда барлық мекемелерден қайтару жөніндегі тапсырмасына ризашылық білдіріп, болашақта бұл мекеме мектепке дейінгі білім мен тәрбие орны болса сол орынды қазір 44 балалар бақшасын қайтару жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі оның 19 ғимараты қайтарылды. Үстіміздегі жылы Талдықорған, Қапшағай, қалалары мен Талғар, Райымбек, Сарқанд, Ескелді, Ақсу; Алакөл аудандарынан жалпы білім беретін мектептер жанынан мектепке дейінгі саланы дамытуға арнайы қаржы бөлінді. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне қазіргі кезде 11 мың бүлдіршін кезекте тұр. Бұл елімізде болашақ ұрпақтың көбейіп, өсіп келе жатқандығын және уақыт талабы оларға білім мен тәрбие берудің қажеттілігін меңзейді. Соңғы жылдары оқушылардың орта және кәсіптік білім беретін мектептерді бітіру көрсеткіштері ұлттық бірыңғай тест қорытындысынан көруге болатыны да баяндамада атап өтілді. Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестке 21994 мектеп бітірушінің 18328 – і қатынасқан. Бұл мектеп бітірушілердің 88,6 пайызы. Білім сынағына түскен 378 түлек жеке пәндерден дұрыс жауап бере алмай 0 мен 3 аралығында ғана балл алған. Ол қатардаЕңбекшіқазақ ауданының 89, Іле ауданының 60, Талғардың 60, Панфилов ауданының 21, Талдықорған қаласының 20, Қапшағайдың 13, Балқаш ауданының 12 оқушысы бар. Мұның басты себебі біздің барлық республика мектептеріндегі оқушылардың әлде де емтихан түрін жете меңгере қоймағандығын дәлелдеді. Соның салдарынан Елбасы айтқандай орта мектепті бітірушілер жоғары техникалық білім алуға түсе алмайды. Болашақта бұл әдісті ойлану керек деген пікірі өте орынды. Сондықтан әрбір облыстың білім беру департаменті қазіргі кезде радио, теледидар арқылы көптің талқысына көп түсіп жүрген бұл әдістен гөрі өткенде Білім және ғылым министрі Б. Әйтімов айтқанында болашақта ойлануды талап етеді. Соңғы кезде мектепшілік маңызы бар мәселенің бірі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге даярлық жөнінде де конференцияда ерекше сөз болды. Конференцияға қатысқан “республикалық ғылыми – практикалық оқулық”
Орталығының директоры Алма Әбілқасымова бұл сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан – жақты түсінік берді. Болашақта жаңа ғасыр мұғалімдерінің алдындағы аса жауапты міндеттерді атқаруда айқын мақсаттардың барлығын баяндады.
Білім мазмұны әрбір тарихи кезеңдеріндегі мектеп реформасының негізінде жатады. Білім беру саласына қатысты реформаларды заман талаптарына сай білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіреді. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында, “Қазақстан Республикасы жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы”, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында”, “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”, т.б. құжаттарда бүгінгі білім берудің алдында қойылатын талаптар, іске асыру шаралары анықталған.
Ұрпақ тәрбие – ұлы борыш
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы бойынша білім беру жүйесінде жалпы орта білім беру, білім берудің сапасын бағалау, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беруді дамыту, жоғары білім беру, білім беруді ақпараттандыру, білім берудің ұлттық жүйесін құру. Педагог кадрлары даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесіне мемлекеттік бағдарлама құрылған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғалы қоғамда, елдің сана сезімінде де түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Білім беру ісінде жеке тұлғаны дамытуға көп көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасында әлеуметтік – экономикалық жағдайдың өзгеруінен жоғары динамикалы жаһандану дәуірінде ойлау мен қарым – қатынастың қарқынды дамуы, сондай – ақ адамның интелектісі мен әл – ауқатының өзгеруіне байланысты 12 жылдық оқуға өту мәселесі туындаған. Қазақстан Ресспубликасында он екі жылдық білім беру тұжырымдамасы жалпы орта білім берудің мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ұстанымдарын және бағыттарын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты – он екі жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту және даму стратегиясын айқындау.
Міндеттері:
- Он екі жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсету.
- Қаржылық экономика негіздерін дайындау.
- Осы тұжырымдаманың нәтижелерін анықтау.
Қазіргі кезде 12 жылдық мектепке есептелінген белгілі бір халықтардың білім беру стандарты қалыптасты. Соған байланысты және де Европалық кеңестің 1992 жылғы деклорациясына сәйкес 12 жылдық білім беру кеңестігінде 136 елде жүзеге асырылады. Олардың ішінде дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Англия т.б. ТМД елдерінен Белоруссия, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері.
1997 жылы 216 мемлекет қолдаған Европа аймағындағы жоғарғы білімге байланысты жоғары білікті Лиссабон конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасына жалпы білім беретін мектептердің 1997 жылы және 2000 жылы тұжырымдама жасалынды. 2003 жылы желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы нақты іске көшуді бастады. Қазақстанда 78 мектеп жаңа буында, 48 мектеп эксперимент түрінде 12 жылдық білім беруді бастады.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру бағдарламасы 3 сатыдан тұрады:
- Бірінші саты – жалпы орта білім беру 1 – 4 сынып аралығы. Оқу бастау жасы 6 жас, оқыту ұзақтығы 4 жыл. Негізгі бағдар – оқушыны өзін — өзі тану мүмкіндігі, қоршаған ортаны тану, баланың тұлғалық қалыптасуы, бастауыш мектепке қажетті біліктер мен дағдыларды игеру, яғни оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтері және жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негізінде оқу.
- Екінші саты – жалпы орта білім беру 5 – 10 сынып аралығы. Оқу ұзақтылығы 6 жыл. Негізгі бағыттары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау. Адамдар арасындағы және этнос аралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын қалыптастыру. Негізгі мектеп оқытуда бейімдік мектепте білімін жалғастырудың базасы болып есептеледі.
- Үшінші саты – жалпы орта білім беру 11 – 12 сыныптар. Ұзақтығы 2 жыл. Негізгі бағдары – оқытудың саралануы және даралануы, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін — өзі танытунына ықпал ететін, әлеуметтендіруге бағдарланған бейімдік оқытуды іске асыру, Бейімдік, жаратылыстану технологиялық бағыттар жүзеге асырылады.
Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын, тәжірибесін ескере отырып Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнының құрамына сегіз білім саласы негізілді. Олар: тіл және әдебиет, математика, жаратылыстану, қоғамтану, технология, өнер, денешынықтыру және адамтану. Осы білім беру саласының мазмұны – мемлекеттік, базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асады.
12 жылдық білім беруді жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері:
- Он екі жылдық жалпы білім беретін мектепке көшудің болашағы.
- Он екі жылдық мектептің құрылымы.
Он екі жылдық білім беруге көшу не үшін қажет? Оқу мерзімін бір жылға ұзарту: 1. Мектеп оқушыларын міндетті, шекті оқу түсініктемесін төмендетудің есебінен балалар денсаулығының нашарлау үдісін тоқтатуға мүмкіндік береді. 2. Қабілет пен біліктілікпен және жоғары оқу орындарында оқуға барынша сапалы даярлауға сәйкес кәсіп таңдаудың құнды мотивациясына ықпал ететін болады. 3. Белгілі бір дәрежеде туудың төмендеуінің артуына байланысты республикамызда демографиялық ахуалдың өзгеруіне ықпал етеді. Он екі жылдық білім беруге көшу мектеп бітірушілерге бәсекелес етіп даярлауды қамтамасыз етуге жалпы орта білім туралы біздің аттестацмямыздың шетелде танылуын және жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз етуді. Он екі жылдық білім берудің тағы бір құрылымы – 2 – сыныпта информатика, ағылшын тілі. Оқушылар осы 2 – ші сыныпта аттестациядан өтеді. Негізгі сағат саны азаяды. 5 – 10 сыныптарда негізгі білім – бағдарлы пәндерді енгізу. 11 – 12 сыныптарда – ресурсты орталық – білімді ұйымдастыратын орталық. Бағдарлы пәндерден қалып қалған пәндер азаяды.
Іс — әрекет ойынының педагогикалық тиімділігі мынадай нәтижелерінен көрінеді:
- Оқушыны басқа адамның роліне енгізіп, оның ойын, сезімін, іс — әрекетінің мақсаты мен мәнін түсінуге көмектеседі.
- Оқушының сабақта алған білімі эмоциялық бояуларымен, сезімдік әсермен қабылданып, тарихи оқиға туралы өзіндік қорытыңды жасауға мүмкіндік береді.
- Іс — әрекет ойынына дайындалу барысында оқушының тарихибілімі тереңдейді.
Инновациялық білім беру әдістерінің ішінде пікірсайыс технологиясы тиімді құралдың бірі. Бұл бағдарлама Қазақстанға 1996 жылы “Сорос” қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген бастапқы семинарларының арқасында келген. Бағдарламаны ілгері дамыту және оның ауқымен кеңейту мақсатында 1998 жылы Ұлттық пікірсайыс орталығы Қоғамдық қоры құрылған. Бүгінгі Пікірсайыс бағдарламасы оқытудың басқа инновациялық әдістемелерімен қатар қанатын кең жайып Қазақстанның әрбір облысы қамтиды. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізді. Өзін — өзі дамытып оқыту – тәрбие үдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікірсайыста оқушы мұғалімнің түсіндіргеннің меңгеріп қана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсеңді рөл атқарушы емес, жетекші позицияны ұстайды. Оқыту үрдісінің негізгі мәселесі – оқушыға іргелі де терең, тиянақты, жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, оның әдіс – тәсілдерін білуге, өзін — өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызады. Электронды оқулықпен оқыту үздіксіз білім алуды жалғастырудың көрінісі:
- Ақпарат көзі
- Бәсекелес
- Серіктес
- Емтихан алушы
- Демонстратор
- Әңгімеші
- Конструктор
- Берікжан Айтқұлұлы, 2006 – 2007 оқу жылында білім жүйесінде қандай жаңалықтар жүзеге асырылуда?
- Елбасы Н. Назарбаевтың бәсекеге қабілетті алдыңғы қаьарлы ел болу үшін білім берудің қазіргі заманғы ауқымды қадамдарын нақтылап отырғандығын Жолдауды оқыған әрбір қазақстандық жете түсінетіндігі сөзсіз. Мектептік білімнің жаңартылуы өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал жасайтын білім мазмұнын қамтамасыз ету болып табылады. Білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау және жоғары оқу орындарында мекткптік білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету, жоғары сыныптардағы бейіндік пәндер бағдармаларын жасауда несиелік технология элементтерін енгізу. Сонымен қатар оқу материалын жеңілдету арқылы көптеген оқушылар оқу тәрбиесінде меңгере алмайтын білімдік материалды оқытудан бас тарту мәселелері қамтылған. Осылай білім сапасын арттыру жағдайында жаратылыстану – математикалық, техникалық пәндерді, шет тілдері оқыту сапасын жақсартуда және білімде ақпараттық – коммуникативтік және технологияларды тиімді қолдану, оларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыруды қолға алудамыз. Оқыту, жұмыс орнында дайындауда және жұмыс нарығы арасындағы өзара байланысты нығайту, мұғалімдермен мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру, біліктілікті үздіксіз арттыру және адамның бүкіл өмірінде білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жаңашылдық қоғам қалыптастыру, өмір бойы оқу жүйесін дамыту, қоғамдық ресерстарды, сондай – ақ білімдегі жаңашылдықтарды біріктіретін сектораралық қатынастарды тиімді қолдану басты мақсаттар болып табылады.
2008 жылдан бастап 12 жылдық білім жүйесіне көшетініміз белгілі. Соған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 6 шілдесіндегі № 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық білім беруге көшудің іс – шаралар жоспарын біздің институт та басшылыққа алады. Осы жоспарды жүзеге асыруда, яғни жаңа тұжырымдама, жаңа бағдарламалар мен жаңа оқулықтарды әзірлеуде, бейінді – бағдарлы оқыту мәселелерінде халқымыздың тәлімі мен тәрбиесі мол рухани құндылықтарымыз лайықты өз орнын алады деген сенімдемін. Өткен жылы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Тілдерді дамыту кабинетінің ұйымдастырумен “Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дамуының басталуы” тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның тәлімді тұстарын ерекше атап өткім келеді.
Бүгінде педагог кадрларының біліктілігін арттыру институттары білім берудің мемлекеттік саясатына сай республикада педагог кадрлардың жалпы кәсіби мәдениетін, құзырлығын дамыту мақсатында қызмет атқарады.
Біздің институт 2006 жылдың өзінде “ Технологиялық ұстаным ретінде білім беру ұйымдарын синергетикалық басқару” , “Орта Азия және Кавказ елдерінің кәсіптік білім берудегі аймақаралық ынтымақтастылығы”, Германия қоғамдық жоба аясындағы “Бастауыш білім беру мекемелері педагогикалық құрамының біліктілігін арттыру және оқыту” тақырыптарында халықаралық конференциялар, “Жалпы орта мектебінің бастауыш және орта буындарында ағылщын тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану”, “ Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру – қазіргі білім беру саясатының озық стртегиясы” атты республикалық семинарлар өткізді.
- Еліміз мектептері алдағы бір – екі жылда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшпекші. Ендеше, осы жаңа жүйемен жұмыс істеуге республика мұғалімдері қаншалықты дайын? Жалпы педагог кадрлардың әзірлігі?
- 12 жылдық оқытудың тұжырымдамасында білім мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оны халықаралық стандарттармен үйлестіру турасындағы мәселелер көтеріліп, соған сәйкес республикадағы білім саласын дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды.
Ал басты басымдықтар ретінде төиендегі мәселелер алынады:
- Білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы;
- Білімді ізгілендіру және гуманитаризациялау;
- Әдіснамалық құрамының іргелілігін қамтамасыз ету;
- Оқу жүктемесінің көлемін оңтайландыру;
- Оқушылардың денсаулығын сақтаудағы басымдықтар.
2008 жылы еліміздің орта білім саласын 12 жылдық мектеп жүйесін көшіруге даярлық жасау аясында проблемалар біздің педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіне аса ауқымды жүк артып отырғанын сезініп отырған боларсыз. Еліміздегі біліктілікті арттыру жүйесі Басшы және Ғылыми – педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институт, 14 облыстық және Астана, Алматы қалалық педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институттары, 5 аймақтық біліктілікті арттыру орталықтарынан және 200 – ден астам ауқандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер құралған.
— Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды аттестаттау мен даярлауды жетілдірудің тұжырымдамасы қалай жасалып отыр?
— Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына, “Ғылым туралы”, “Қазақстан – 2030” және Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында, “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы” сияқты құжаттарға сүйене отырып жасалды.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу – тәрбие процесінің табысты болуының өз кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалуптасуы дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына “бригадалық – лабораториялық” әдіс жүйесіне негізделген “өгіздігінен бақылау бақылаудың” түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. 80 жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал – тәсілдері мен қызметінің дидактикалық — әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, ілгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда.
Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата – аналардың бастамшылығы мен өгіздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және конракт негізінде қабылдаудың жүйесі – мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мұғалім оған бей – жай қарамайды.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күщ – қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата – аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктермен байланыстырады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте талап етеді. Мемлекеттік басқару органдары – білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарсамаларын жасайды және іске асырылады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамында мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата – аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатынастары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі – мектеп кезеңі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады.
Білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл – ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде “нені оқыту керек” сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан – жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесінің меңгерту керек.