Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау.
Медбикенің іс-әрекет жоспары | Түсініктеме
|
1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. | — туыстары ол туралы білуге құқылы. |
2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. | — Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды. |
3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. | — Эксикоз дамуының алдын алады. |
4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. | -Тағамды қорыту қиындайды. |
5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау | -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді.
-уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады. |
6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. | -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды. |
7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. | — гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді |
8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі-
зуге үйрету. |
-Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады.
-Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі. |
Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. | Түсініктеме. |
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. | -Туыстары мәлімет алуға құқылы
-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. |
2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. | -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады. |
3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. | -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді.
-Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды. |
4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. | -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады. |
5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. | -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай. |
Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:Баладағы тырысудың дамуын болдырмау.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. | Түсініктеме. |
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. | -Туыстары мәлімет алуға құқылы
-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. |
2. құрамында кальций жоғары тағамдармен қамтамасыз ету. | -Спазмофилияның даму негізінде кальций жетіспеушілік жатыр. |
3. Тағам рационынан сиыр сүтін алып тастау. | -Сиыр сүтін қабылдағанда кальцийдің ішекке сіңірілуі бұзылады. |
4. Ерекше режим жасау керек. | -Кез келген тітіркендіргіш фактор тырысуға әкелуі мүмкін. |
5.Рахитпен күрес жүргізу керек. | -Спазмофилия – рахиттік тетания,яғни рахит болмаса спазмофилия да болмайды. |
Спазмофилиямен ауыратын науқастарға ларингоспазм және тырысу кезінде жедел көмек көрсету.
Ларингоспазм кезіндегі жедел көмек.
Этап |
түсініктеме | Дозалары |
1.Жазық,қатты жерге баланы жатқызу. | — жүрек соғысы тоқтауы мүмкін,ол реанимациялық шараларды қажет етеді. | |
2. қысатын киімдерін шешу. | — өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін. | |
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. | — оттегі жетіспеушілігі дамиды. | |
4. Тыныштық жағдайды қалыптастыру. | — Кез келген тітіркендіргіш тырысудың қайталануына әкелуі мүмкін. | |
5.Баланың бетіне,денесіне суық су шашу немесе мұрынның шырышты қабатын тітіркендіру.(мақта шиыршығымен қытықтау,нашатыр спиртін иіскету немесе шпателмен тілдің түбірін басу.) | — Спазмды рефлекторлы жою. | |
6.Тамыр ішіне кальций глюконатын енгізу. | — Спазмофилияның себебі – гипокальциемия. | 1,0 мл/жыл |
7.Егер ешқандай әсер болмаса интубация н/е трахеотомия жасау. | — Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. | |
8.Жүрек тоқтаса – жүрекке тікелей емес массаж жасау. | — Реанимациялық шара. | |
9.Тынысы қалыптасқан соң оттегі терапиясын жүргізу. | — Ларингоспазм нәтижесінде гипоксия дамиды. |
Тырысу кезіндегі жедел көмек.
Этап |
түсініктеме | Дозалары |
1.Жазық,жұмсақ жерге баланы жатқызып,айналасындағы зақымдайтын заттарды алып тастау. | — Жарақаттың алдын алу. | |
2. қысатын киімдерін шешу. | — өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін. | |
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. | — Тырысу кезінде оттегіге қажеттілік жоғарылайды. | |
4. Азу тістерінің арасына мақтаменн/е дәкемен оралған шпатель қоямыз. | — Тілін тістеп алмауы үшін. | |
5.Бұлшық етке н/етамыр ішіне реланниум(седуксен),н/е дроперидол немесе 25% күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін н/еГАМҚ енгізу керек. | — ОЖЖ қозғыштығын тежейді.
— ГАМҚгипоксияға мидың төзімділігін жоғарылатады. |
0,1 мл/жыл
0,1-0,2мл/жыл 0,1-0,2 мл/жыл 50-100 мл/кг(1мл=200 мг.) |
6.Оттегі терапиясын жүргізу. | — Гипоксия нәтижесінде тырысу дамиды. | 1,0 мл/жыл |
7.Тырысудың себебін анықтап,оны жою. | — Тырысу – симптом.оны шақыратын себебі болса,ол қайталана береді |