Банктегі қаржылық есеп-қисап

Қаржы  есеп – қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені іс- әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп – қисаптар экономикалық категориялар емес, олар- аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылалды. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттары бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріспен құнның экономикалық категорияларының – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбек ақы төлеудің, іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады. Экономикалық категориялар өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді. Қаржылық есепті жүргізетін Navision Financials басқа қосымша программалардың бөліктерімен біріктірілген. Мұнда қаржылық операциялар құрылады, деректер өңделеді және есептемелер жасалады. Қаржылық есеп модулінде: аудит үшін қажетті ақпаратты тіркеуді; кез келген кезең, күн, апта, ай, тоқсан немесе жылдық әрбір шот бойынша бөлім немесе бюджет құруды, фирма балансын, пайда мен шығын есептемесін, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептемені қамтитын ішкі және сыртқы талдауға арналған баланстардың түрін және басқа да қаржылық есеп беруді құру; шоғырландырылған балансты және басқа есептемелерді даярлаумен отандық немесе шетелдік филиалдардың деректерін шоғырландыруды істей аласыз.

Міндеттемелер есебі

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналсатын субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.  Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.

Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі

Несие бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.

Коммерциялық несие- бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім-шарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін оюъекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтеленетін мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, проценттік өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.

Банк мекемелері несиелерінің есебі

Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне сай жүргізіледі. Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімдік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі. Несие алу үшін шаруашылық суъектілері банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс. Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіп- орындар мен ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек.

Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі

Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмады. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртәптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 602-«банктен тыс мекемелердің несиелері» -деп аталатын шот қарастырылған. Бұл шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.

“КАЗКОММЕРЦБАНК” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 2005 жəне 2004 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жылдардағы Шоғырландырылған қаржы есептілігі жəне Тəуелсіз аудиторлар есебі «Казкоммерцбанк» А. (бұдан әрі – “Банк”, «Казкоммерцбанк») акционерлік банк болып табылады және 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыруда.Банктің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі № 48лицензияға сәйкес реттейді. Банктің негізгі қызметі коммерциялық банктік қызмет, бағалы қағаздармен, шетелдік валютамен және туынды құралдармен операцияларды жүзеге асыру, несиелер мен кепілдіктер беру болып табылады.Банктің Қазақстан Республикасында 22 филиалы және Лондонда (Ұлыбританияда) өкілдігі бар.Банк банктік топтың (“Топ”) бас компаниясы болып табылады, оған қаржыесептілігінде шоғырландырылған мынадай компаниялар кіреді:

Банктің капиталға қатысу үлесі

Атауы қызмет жүргізілетін ел 2005 2004 қызметтері

«Казкоммерц Секьюритиз» А. Қазақстан Республикасы 100%

Бағалы қағаздар рыногындағы операциялар «Казкоммерц-Полис» СК А. .Қазақстан Республикасы 65% 65%

Сақтандыру «Процессинговая компания» ЖШС

Қазақстан Республикасы 100% 100%

Карточкалардың төлемдік

және басқа да түрлері бойынша операцияларды жүзеге асыру «Каzkоmmеrts International B.V.»

Нидерланды Корольдігі 100% 100% Банк үшін халықаралық ақша рыноктарындағы капиталды тарту “Каzkоmmеrts Financt II B.V.»

Нидерланды Корольдігі 100%

Банк үшін халықаралық ақша рыноктарындағы капиталды тарту

«Казкоммерцбанк Қыргызстан» АА. Қырғыз Республикасы 93.58%

Коммерциялық банк «ABN AMRO Asset Management» ООИУПА

Қазақстан Республикасы 100%

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару “ABN AMRO КаспийМ.найГаз НПФ” А. Қазақстан Республикасы 80.01%

Зейнетақы қоры 10

“Москоммерцбанк” ЖШ. (бұдан әрі “МКБ”), Ресей Федерациясының коммерциялық банкінің акционерлік капиталында Казкоммерцбанктің қандай да бір үлесінің болмауына қарамастан, МКБ Топтың шоғырландырылған қаржы есептілігіне енгізілді, өйткені оның қызметіне тиімді бақылау жасауға Банктің мүмкіндігі болды және оны жүзеге асырды. 2003 жылы МКБ мен, Казкоммерцбанк акционерлерінің арасында МКБ акционерлік капиталында 60.04% үлесті сенімгерлік басқару шарттары жасалды. Сонымен қатар, жиынтығында МКБ акционерлік капиталында 39.96% үлесті иеленген МКБ акционерлері мен Казкоммерцбанктің арасында осы акционерлердің Казкоммкерцбанк белгілеген МКБ қызмет саясатына араласпауын көздейтін МКБ басқаруға қатысты жауапкершілікті шектеу туралы келісім жасалды. «Казкоммерц Секьюритиз» А. акционерлік қоғам болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1997 жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі делдалдық және дилингілік операцияларды қоса алғанда, бағалы қағаздармен операциялар, инвестициялар бойынша және корпорациялық қаржылар бойынша кеңестер беру, бағалы қағаздар шығаруды ұйымдастыру, тарату және андеррайтинг, агентретінде бағалы қағаздар сатып алу және өткізу болып табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2000 жылғы 27 қарашадағы № 0401200324 лицензиясы бар. 2005 жылы компания 30.09.2005ж. №0403200363 инвестициялық қоржынды басқаруға лицензия алды. «Казкоммерц-Полис» Сақтандыру Компаниясы А. акционерлік қоғам болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1996 жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі мүлікті, жүктерді, автокаско сақтандыру, автоазаматтық жауапкершілікті сақтандыру, басқа да азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және қайта сақтандыру болып табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2005 жылғы 1 шілдедегі №13-8/1 ДОС ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетуге және 2005 жыл.ы 1 шілдедегі №13-8/1 ОС міндетті сақтандыру бойынша қызмет көрсетуге лицензиялары бар.

«Казкоммерцбанк Қырғызстан» А. акционерлік банк болып табылады және өз қызметін 1991 жылдан бастап Қырғыз Республикасында жүзеге асырады. Банктің қызметін Қырғыз Республиасының Ұлттық банкі №010 лицензияға сәйкес жүзеге асыруда. Банктің негізгі қызметі коммерциялық банктік қызмет, жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау, төлемдер аудару, несиелер беру, шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыру, бағалы қағаздарменжәне туынды құралдармен операцияларды жүзеге асыру, несиелер мен кепілдіктер беру болып табылады. «Процессинговая компания» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2004 жылғы 9 шілдеден бастап жүзеге асырады. Компания Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде №64313- 1910-ТОО болып тіркелген. Компанияның негізгі қызметі қаржы қызметін көрсету болып табылады.және басқа да бағалы қағаздар шығаруды қоса алғанда, несиелер мен қаржыларды тартады. Kazkommerts International BV компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (В.V.) болып табылады және өз қызметін Нидерланды Корольдігінің 1997 жылғы 1 қазандағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі шетелдік капитал рыноктарында қаржы ресурстарын тарту болып табылады.

  1. ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері

Топтың осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Халыаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес әзірленді. Аталған шоғырландырылған қаржы есептілігі, акцияға келетiн пайда көрсеткіштерін қоспағанда, мың Қазақстан теңгесімен (бұдан әрі“мың теңге”) ұсынылды. Осы қаржы есептілігі кейбір активтер мен қаржы құралдарының құнын қайта бағалауды қоспағанда, есептеу әдісінің және “тарихи құн” принципінің негізінде әзірленген. Казкоммерцбанк және оның Қазақстан Республикасындағы еншілес компаниялары қаржы есептілігін ХҚЕС-на сәйкес әзірлейді. Оның шетелдік еншілес компаниялар есептілікті өздерінің қызмет істейтін елдер талаптарына сәйкес әзірлейді. Осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанк пен оның еншілес компанияларының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша әзірленген және оны ХҚЕС-мен сәйкестендіру мақсатымен тиісінше түзетілген. ХҚЕС сәйкес қаржы есептілігін әзірлеу Банк басшылығынан есептілікте келтірілген Топтың активтері мен міндеттемелерінің сомасына ықпал ететін бағалар мен жол берулерді талдап әзірлеуді, есепті күнгі жағдай бойынша шартты активтер мен міндеттемелерді ж.не есептілікте келтірілген есепті кезе.дегі кірістер мен шы.ыстар сомасын ашып к.рсетуді талап етеді. Нақты нәтижелер бұл бағалардан өзгеше болуы мүмкін. Алшақтығы нақты нәтижелерден неғұрлым мүмкін болатын бағалар құнсыздандыруға резервтер қалыптастырумен және қаржы құралдарының әділ құнын анықтаумен байланысты болмақ.

  1. ЕСЕП САЯСАТЫНЫ. НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Шоғырландыру принциптері

Шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанктің және Банк бақылау жасайтын компаниялардың 31 желтоқсанда аяқталатын кезең ішінде жыл сайынғы негізде ұсынылатын есептілігін қамтиды. Егер компанияның қызметінен пайда алу үшін оның қаржы және шаруашылық саясатын айқындауға Банк басшылығының мүмкіндігі болса, ол Банк бақылау жасайтын компания болып есептеледі. Еншілес компаниялар сатып алған кезде олардың активтері, міндеттемелері мен шартты міндеттемелері сатып алынған күнгі әділ құн бойынша бағаланады. Сатып алу құнының сатып алынған сәйкестендірілетін таза активтердің әділ құнынан асып түсуі есепте іскерлік бедел ретінде бағаланады. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтердің әділ құнының сатып алу құнынан асып түсуі (сатып ал.ан кездегі дисконт) сатып алу кезіндегі пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетіледі. Азшылық үлесі активтер мен міндеттемелердің әділ құнымен осындай  үлеске барабар көрсетіледі. Бұдан әрі азшылық үлесінен асып түсетін залалдар бас компанияның залалдары ретінде көрсетіледі. Еншілес компаниялардың жыл ішіндегі сатып алу немесе шығып қалу нәтижелері, тиісінше сатып алынған күннен бастап немесе нақты сатылатын күнге дейін пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептілікке енгізіледі. Қажет болған жағдайда еншілес компаниялардың қаржы есептілігіне олар пайдаланатын есеп саясаты принциптерін Банк пайдаланатын есеп саясаты принциптеріне сәйкес келтіру мақсатымен түзетулер енгізіледі. Шетелдік еншілес компанияның қаржы есептілігіндегі деректерді шоғырландырылған қаржы есептілігіне енгізу үшін ұсынылған валютаға аударған кезде Банк № 21 “Валюталық бағамдарды өзгертудің ықпалы” Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес аудару саясатын, сондай-ақ мынадай тәсілдемені басшылыққа алады.

  • шетелдік компанияның активтері мен міндеттемелері (ақшалай да, ақшалай емес те) бағам бойынша есепті кезеңнің соңына аударылады;
  • шетелдік компанияның кірістері мен шығыстарының баптары кезең ішіндегі орташа бағам бойынша аударылады;
  • туындайтын бағамдық айырмалардың барлығы инвестиция шығып қалатын кезге дейін меншікті капитал ретінде сыныпталады;
  • инвестициялар шетелдік компанияларға шығып қалған жағдайда тиісті бағамды. айырмалар пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетіледі.

Шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеген кезде Топ ішіндегі есептеулер мен операциялар бойынша барлық қалдықтар, сондай-ақ осы операциялардың нәтижесінде туындайтын кірістер мен шығыстар алып тасталады.

ЕСЕПТІ САРАЛАНЫМДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ

Операциялық  сараланымдар

Топ өз қызметін негізгі үш операциялық сараланымда жүзеге асырады:

  • Жеке клиенттермен жұмыс – жеке клиенттерге банк қызметтерін көрсету, жеке клиенттердің ағымдағы шоттарын жүргізу, жинақ салымдары мен депозиттерін қабылдау, инвестициялық жинақ өнімдерін беру, жауапты сақтау қызметін көрсету, кредиттік және дебеттік карталарға қызмет көрсету, тұтынушылың несиелер және жылжымайтын мүлікті кепілге салып несие беру.
  • Корпорациялық клиенттерге қызмет көрсету – есеп айырысу шоттарын жүргізу, салымдар қабылдау, овердрафтар, несиелер беру және кредиттеу жөнінде басқа қызметтер көрсету, құжаттамалық операциялар, шетелдік валютамен және туынды қаржы құралдарымен операциялар.
  • Инвестициялық қызмет – қаржы құралдарымен сауда жасау, құрылымдалған қаржыландыру, қосылған және жойылған жағдайда кеңес беру.

Операциялық сараланымдардың арасындағы мәмілелер әдеттегі коммерциялық талаптар негізінде жүзеге асырылады. Қаржылар сараланымдар арасында қайта бөлінеді, бұл операциялық кірісті есептеген кезде ескерілетін қаржыландыру шығындарын қайта бөлуге әкеп соқтырады. Осы қаржыларға есептелетін пайыздар Топтың тартылған қаржыларының құны негізінде есептеледі. Операциялық сараланымдардың арасындағы операциялар бойынша басқа елеулі кірістер немесе шығыстар. Сараланымдардың активтері мен міндеттемелері бухгалтерлік баланстың көп бөлігін құрайтын активтер мен міндеттемелер болып табылады, бұған салық салу және несиелік қаржылар сияқты баптар кірмейді. Әрбір сараланымның қызмет нәтижелерінде ішкі төлемдер және трансферттік баға белгілеуді түзету көрсетілген. Сыртқы клиенттерден алынған кірістерді ойдағыдай бөлу үшін сараланымдардың арасында кірістерді бөлу туралы келісімдер пайдаланылады.

 ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ ТАЛАПТАР

Белгіленген сандық көрсеткіштерге сәйкес капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатымен Топ капиталға және тәуекелді ескеріп өлшенген активтер бойынша бірінші деңгейдегі капитал жөніндегі ең төменгі сомалар мен нормативтерге қатысты талаптарды орындауға міндетті.

Норматив құнсыздануға резерв шегеріліп, активтер мен баланстан тыс міндеттемелер үшін Тәуекелдің мынадай бағаларын пайдалана отырып, Базель Келісімінде белгіленген ережелерге сәйкес есептелген:

2005 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталды. жеткіліктілігі мақсаттарына арналған Топ капиталының сомасы 133,719,441 мың теңге болды, және бірінші деңгейдегі капитал сомасы 102,457,638 мың теңге болды, коэффициенттері, тиісінше, 14.38% және 11.02%.

2004 жылдық 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткіліктілігі мақсаттарына арналған Топ капиталының сомасы 87,212,130 мың теңге, және бірінші деңгейдегі капитал сомасы 60,725,677 мың теңге болды, коэффициенттері, тиісінше, 15.00% және 10.45%.

2005 және 2004 жылдардың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткіліктілігін есептеген кезде Топ капиталдың есебіне бірінші деңгейдегі капитал өлшемінің 50% шектелген мөлшерде алынған реттелген заемды қосты. Банк банкрот болған немесе таратылған жағдайда бұл берешекті өтеу Банк қалған кредиторлардың барлығының алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін жүргізіледі.

 ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ САЯСАТЫ

Тәуекелдерді басқару Топтың банктік қызметінде маңызды рөл атқарады. Топ қызметіне тән негізгі тәуекелдер кредиттік тәуекелдерді, өтелімділік тәуекелдерін, пайыздық ставкалар мен валюта бағамдарының өзгеру тәуекелін қамтиды. Топтың аталған тәуекелдерін басқару саясатының сипаттамасы төменде келтірілген. Топ басқаруды мынадай тәуекелдермен жүзеге асырады:

Өтелімділік тәуекелі

Өтелімділік тәуекелі – бұл оларды төлеудің нақты мерзімі басталған кезде, қаржы құралдарына байланысты депозиттерді қайтаруға және міндеттемелерді өтеуге қаржы алу кезінде қиындықтардың туындау тәуекелі.

Актив-пассив операцияларын басқару жөніндегі комитет келесі қаржы кезеңіне Топтың стратегиясын айқындай отырып, аталған өтеу мерзімі бойынша талдау жасау арқылы тәуекелдердің осы түрлеріне бақылау жасайды. Ағымдағы өтелімділікті қазынашылың Департаменті басқарады, ол ағымдағы өтелімділікті қолдау және ақша қаражаттарының қозғалысын оңтайландыру үшін ақша қаражаттары рыноктарындағы операцияларды жүзеге асырады. Өтелімділік тәуекелін басқару мақсатымен Топ клиенттермен операциялардан және активтер мен пассивтерді басқару процесіне енетін банктік операциялардан және активтер мен пассивтерді басқару процесіне кіретін банктік операциялардан күтілетін болашақ түсімдерді күн сайын тексеріп отыруды жүзеге асырады. Банктің Басқармасы салымдарды қайтару үшін қажетті төленуге тиісті ақша қаражаттарының ең төменгі үйлесімділігіне қатысты және күтілмеген көлемде салымдар қайтаруды өтеу үшін болуы қажет банкаралық және басқа да несиелерді беру үшін қаржылардың ең төменгі деңгейіне қатысты лимиттерді белгілейді.

Ақша тасқындарына қатысты пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі

Ақша тасқындарына қатысты пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі рыноктың пайыздық ставкалардың өзгеруіне байланысты қаржы құралдарымен операциялардан болашақ ақша тасқынының ауытқу ықтималдығына байланысты болатынын білдіреді. Актив-пассив операцияларын басқару жөніндегі комитет пайыздық ставканың өзгеру тәуекелі мен рыноктың тәуекелді, оң проценттік маржаны қамтамасыз ете отырып, Топтың пайыздық ставкалар бойынша жайғасымын басқару арқылы басқарады. Қаржылық бақылау департаменті Топтың қаржы қызметінің ағымдағы нәтижелерін бақылайды, Топтың пайыздық ставкалардың өзгеруіне бейімділігін және Топтың пайдасына ықпалын бағалайды. Топ жасайтын кредиттік шарттардың көпшілігінің және солар бойынша пайыздар есептелетін басқа қаржы активтері мен міндеттемелерінің құбылмалы пайыздық ставкасы бар не шартты. талаптары кредит берушінің пайыздық ставкасын өзгерту мүмкіндігін көздейді. Топ басшылығы Топтың пайыздық маржасының мониторингін жүзеге асырады және Топ пайыздық ставканы өзгертуден елеулі тәуекелге және ақша тасқындарына қатысты тиісті тәуекелге бармайды деп есептейді.

Баға тәуекелі

Баға тәуекелі – бұл рыноктың бағалардың өзгеруі нәтижесінде, бұл өзгерістер жеке бағалы қағаздар немесе оның эмитенті үшін айрықша факторлардан, немесе рынокта айналыста жүрген барлық бағалы қағаздарға ықпал ететін факторлардан пайда болу-болмауына қарамастан, қаржы құралының құнындағы өзгерістер тәуекелі. Топ рынокта оның өнімдеріне жалпы немесе арнайы өзгерістердің ықпал етуіне байланысты рыноктық тәуекелге тұралайды. Рыноктық тәуекелді басқару үшін Топ рынок конъюнктурасының теріс өзгеруі нәтижесінде ұшырауы мүмкін әлеуетті залалдарды дүркіндік бағалауды пайдаланады және жол берілетін залалдардың шамасына баламалы шектеулер, сондай-ақ пайда нормаларына және кепілдікпен қамтамасыз етуге қатысты баламалы талаптар белгілейді. Пайдаланылмаған несиелер бойынша міндеттемелерге қатысты Топ осындай міндеттемелердің жалпы сомасына тең сомада залал шегуі мүмкін. Алайда залалдық ықтимал сомасы ондай міндеттемелердің жалпы сомасынан төмен, өйткені көп жағдайларда міндеттемелердің пайда болуы кредиттік келісімдерде баяндалған белгілі бір жағдайларға байланысты болады.

Әділ құн пайызы ставкасының тәуекелі

Пайыздық ставкаға қатысты әділ құн тәуекелі – бұл рыноктық пайыздық ставкалардың өзгеруіне байланысты қаржы құралының құнындағы өзгерістер тәуекелі. Әділ құн пайызы ставкасының тәуекелін басқару үшін Топ рынок конъюнктурасының теріс өзгеруі нәтижесінде ұшырауы мүмкін әлеуетті залалдарды дүркіндік бағалауды пайдаланады.

Қаржы бақылау департаменті Топтың қаржы қызметінің ағымдағы нәтижелерін бақылап отырады, пайыздық ставкалардың өзгеруіне қатысты Топтың осал жерін және Топтың пайдасына ықпалды бақалайды.

Кредиттік тәуекел

Топ кредиттік тәуекелге, яғни қаржы құралдары бойынша бір тараптың өз міндеттемелерін орындамау және, соның салдарынан басқа тарапта қаржы залалының туындау тәуекеліне ұшырайды.

Тәуекелдерді басқаруды және олардың мониторингін белгіленген шеңберде Кредиттік комитеттер мен Банк Басқармасы жүзеге асырады. Кредиттік Комитеттің кез келген тікелей іс- әрекетінің алдында кредиттік процестер бойынша барлық ұсыныстарды тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің менеджері немесе Менеджмент тәуекелі департамаенті қарайды және бекітеді. Тәуекелдерді басқару жөніндегі күнделікті жұмысты Кредиттік департаменттің басшысы немесе бөлімшелерді. Кредиттік қызметтері жүзеге асырады.

Топ өзінің кредиттік тәуекелінің деңгейін бір қарызгерге немесе бір топ қарызгерлерге, сондай- ақ салалық сараланымдарға қатысты тәуекелдің барынша көп сомасын анықтау есебінен белгілейді. Қарызгерлер, өнімдер бойынша кредиттік тәуекел деңгейіне қатысты лимиттерді ай сайын Басқарма бекітеді. Банктер мен делдалдарды қоса, әрбір қарызгер бойынша тәуекел баланстың және баланстан тыс тәуекелдерді қамтитын және Кредиттік комитет бекітетін сублимиттермен қосымша шектеледі. Белгіленген лимиттермен салыстырғанда тәуекелдердің нақты мөлшерінің мониторингі күн сайын жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, сондай-ақ көпшілік қарыздарға қатысты Топ ұйымдар мен жеке тұлғалардан кепіл, кепілдіктер алады, Алайда кредит берудің айтарлықтай бөлігі жеке тұлғаларға берілетін қарыздарға тура келеді, оларға қатысты кепіл немесе кепілдік алу мүмкін болмайды. Ондай тәуекелдер ұдайы мониторингке ұшырайды және жылына кем дегенде бір рет мерзімділіпен талданып отырады.

Баланстан тыс кредиттік міндеттемелер пайдаланылмаған кредиттік желілерді, кепілдіктерді және аккредитивтерді білдіреді. Баланстан тыс шоттарда ескерілетін қаржы құралдары бойынша кредиттік тәуекел қарызгердің келісім-шарт талаптары мен мерзімдерін сақтау мүмкін еместігінен шығын шегу мүмкіндігі ретінде айқындалады. Баланстан тыс қаржы құралдарына байланысты кредиттік тәуекелге қатысты Топ пайдаланылмаған кредиттік желілердің жалпы сомасына тең сомада әлеуетті залал шегеді. Алайда залалдық ықтимал сомасы пайдаланылмаған міндеттемелердің жалпы сомасынан төмен, өйткені  қарыз беру жөніндегі міндеттемелердің туындауы клиенттердің кредит қабілетінің стандарттарына сай келу-келмеуіне байланысты болады. Топ несие беруді бекіту, тәуекелді шектейтін лимиттерді пайдалану және ағымдағы мониторинг рәсімдеріне негізделген, бухгалтерлік баланста көрсетілген қаржы құралдарына қатысты шартты міндеттемелерге қатысты тап сол қаржы саясатын қолданады. Топ қарыздарды өтеу мерзімдерін бақылайды, өйткені ұзақ мерзімді міндеттемелердің мерзімі қысқа мерзімді міндеттемелермен салыстырғанда кредиттік тәуекелі көп болады.

Қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттарына есептелген банк активтері кезекті 1 триллион теңге психологиялық белесті өтті және бір жыл бұрынғы 704,056 (5,4 млрд. $) миллиардпен салыстырғанда, 1,195 триллионды (8,9 млрд. $) құрады. Бұл көлемнің 60%-н клиенттерге берілетін ссудалар құрайды.

Қазкоммерцбанк — 8 млрд. доллардан астам активтері бар Қазкоммерцбанк Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады. Ссуда қоржыны, алдын ала жасалған аудиттелмеген деректер бойынша, 2005 жылы 1,5 есе 5,4 млрд. АҚШ долларын дейін өсті. Қазкоммерцбанк бұрынғы кеңес одағы кеңістігі мен Шығыс Еуропада ДоуДжонс индексіне кірген жалғыз банк.