Халықтық қолөнер арқылы мектеп оқушыларының отбасы тәрбиесін ұйымдастырудың негізі – қазақ отбасының дәстүрлі тәрбиесі

Еліміздегі нарықтық қатынастар жағдайы отбасы тәрбиесіне қатысты көптеген педагогикалық мәселелерді өмірге әкеліп, ғалым педагогтардан оларды шешу жолдарын табуды қажет етуде. Солардың бірі отбасындағы халықтық тәрбие үлгерін зерттеу болып табылады.

Отбасы және тәрбие туралы ғылыми-педагогакалық әдебиеттерді сараптау отбасындағы халықтық тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып, оның дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Философиялық, әлеуметтану әдебиеттерінде отбасын туысқандыққа негізделген адамдардың қауымдастығы деген ұғыммен түсіндіреді, ол мемлекеттің шағын бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Қазақ этнопедагогикасының негізін қалауға ғалымдар С.Қалиев,

Қ. Жарықбавв, С. Ұзақбаева, Қ Қожахметова, Қ. Бөлеевтер зор үлес қосып, теориясын практикамен ұштастырды. Бұлармен қатар көптеген ғалымдар халықтық қолөнерін қолдану арқылы оқу тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру мәселелерін зерттеді. Дегенмен қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің мазмұнының формалар мен әдіс-тәсілдерін зерттеу әлі шешімін тапқан мәселе емес.

Қазақ халқының отбасындағы бала тәрбиесінде ұлттық өнегелі тәжірибелері болғандығы белгілі. Қазақ отбасы тәрбиесін зерттеу, бұл тәрбиенің дәстүрлік сипатындығының болғандығын көрсетеді.

Себебі отбасы тәрбиесі атадан балаға мирас болып қалып отырғандығымен сипатталады, қоғамның дамуымен байланысты жүзеге асырып отыратындығымен айқындалады.

Қазақ отбасыңдағы тәрбиенің ықпалды түрі еңбек тәрбиесі. Қазақ балаларының еңбек тәрбиесі ата-аналарына қолғабыс көрсетуден басталған. Баланыңжандүниесіндегі көрсем, білсем деген қажеттілік, ата-ананың іс-әрекетін көріп, оны қайталаудан бастау алған. Мұнан соң олар ата-ананың қасында жүріп үлкендердің тірлігіне жәрдемдескен. Қарапайым іс-әрекеттерді орындауға дағдыланған. Ата-ана балаға өзінің іс-әрекетінің қарапайым білімдерін беріп, ептіліктерін үйретуге назар аударған.

Сондықтан да халық мақалы: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп бекер айтылмған. Бұл ата-ананың іс-әрекетінің алғашқы ықшамдары болып табылады. Қазақ отбасындағы ер балаға әкенің өнегесі арқылы тәрбие берілген. Ер баланың әсіресе күш-қуат, қажыр-қайрат қажет етілетін жұмыстарға әкесі тәрбиелеп, еңбектің қарапайым іс-қимылдарына баулыған. Бала әкесінің қасында жүріп, оның іс-әрекетінен сабақ алған, адамдармен қарым-қатынасын көріп өскен. Әкесі балаға жас кезінде еңбектің қарапайым түрінен бастап үйретіп, өсе келе оған шамасына қарай орындайтын үлкенді-кішілі жұмыстарды сеніп тапсырған.

Қазақ отбасында бала қол өнер шеберлері жасаған кілем, киіз, ырмақ, алаша, үй жиһаздары, ыдыс аяқтар, киім-кешектер, киіз үй т.б. қолдан жасалған көркем бұйымдардың арасында өскен. Бұл заттардың форма пішіні, түрі мен түсі, ою-өрнектері баланың әсемдік сезімдеріне әсер етіп, көркемдік талғамын дамытып отырған. Бұл бұйымдардың көркемдік сапасын көру негізінде балалардың өнерге деген қызығушылығы пайда болған, әсемдік талғамдары қалыптасқан.

Қазақ халқының отбасы тәрбиесінде мақал-мәтелдер маңызды орын алған. Қыз тәрбиесіне байланысты «Қыз қылығымен», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың қырық жаны бар», «Қымызды қім ішпейді, қызды кім айтпайды», «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың жолы жіңішке», «Анасын көр де, қызын ал», деген мақал-мәтел сөздер қыз баланың тәрбиесіне халқымыз ерекше мән бергендігін, қыздың тартымды мінезі, мейрімділігі, көзқарасы, адалдық қадір-қасиеті, ерекше шеберлігі, ұқыптылығы, ақыл-ой, сұлу келбеті, жан дүниесінің бай болуын мұрат тұтқаңдығын байқауға болады.

Қазақ отбасындағы тәрбиемен айналысатындар әке-шеше, ата-әже, аға-әпкелер болған. Олар өз өнерлерін жастарға үйретіп отырған. Қазақ отбасында қол-өнерді меңгерген шеберлер көп болған. Себебі қолөнердің ерекшелігі оның күнделікті тұтынуға қажетті бұйымдар жасауға бағытталуында, оның қолданбалы мәнінің басым болуында.

Сондықтан қазақ отбасында жастарға тәрбие берумен айналысқандардың бірқатары — қолөнер шеберлері. Олар өз шәкірттерін өнерге баулумен қатар, адамгершілік асыл қасиеттерге бағыттаған, адамның қабілеті мен ой -пікірінің іс-әрекет үстінде дамитынын түсіне білген. Сондықтан олар әсем бұйымдар жасаумен шектеліп қалмай, тәрбиелік міндетті де абыроймен атқарған. Осыған байланысты оларды халық шеберлері деп атаған.

Халық қолөнер шеберлерін ардақтап, алақанында ұстаған, бұл шеберлер ұлттық мәдениетімізді ел арасында таратып, оның сақталуына, дамуына үлес қосып келген. Әрбір шебер ата кәсібін балаға үйретіп, баланы ойландырып, олардың еңбекпен күн көруіне жағдай жасаған, әлеуметтік еңбек кәсіптері бір-біріне жалғасып халықтық сипатқа ие болған. Бала ата кәсібін игере алмаса, басыңдағы үлкен кемшілік деп қарап, әкесіне тартпады, әке жолын қумады деп есептеген.

Қолөнер шеберлері балалардың бойыңдағы қайрат пен күш-жігерін парасаттыққа бағдарлаған: үлкенді сыйлау, кішіге инабатты болуға, имандылыққа, әдептілікке, еңбекқорлыққа, әсемдікке баулыған. Бастаған ісін тастап кетпей, оны аяқтай білуге үйреткен.

Қолөнер шеберлері ата-бабаның көркем мұрасына, дәстүрлі қолөнердегі игі қасиеттерге ұқыпты болуға, оларды қастерлеуге тәрбиеленген. Қолөнер шеберлері ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері өңдеу, жүн өңдеу, тоқымашылық зергерлік өнер түрлерімен айналысқан.

Қолөнер шеберлері өз ісінде өнер туралы мақал-мәтелдерге жүгінген, олар арқылы жастарға ақыл-кеңес берген. «Өнерді үйрен де жирен», «Өнерлі өзге жүзер», «Ер жігітке жеті өнер де аз», «Олақтан, салақ жаман» деген мақал-мәтел нұсқаларын үнемі пайдаланып отырған.

Қазақ отбасындағы ата-ана бала тәрбиесінде қолөнері мен сөз өнеріне ерекше мән берген: «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер», «Қол өнері кілемде, сөз өнері өлеңде», «Ер қадірін ерлер білер», «Өнер еңбектің жемісі», «Зер қадірін зергер білер», «Үлгісіз ұста болмас, пішкені қысқа болмас», деп халық даналығы өнердің қадір-қасиетін жан-жақты ашып көрсетіп, баланы жас шағынан отбасындағы өнерге тәрбиелеген.

Қазақ отбасында баланы еңбекке үйретіп отырған, еңбекті күн көріс ретінде, танумен қатар оны еңбектің жоғары сатысы деп түсінген, сондықтан да халық мақалы «Өнер еңбектің жемісі, өлең өсиет жемісі» деп еңбектің жоғарғы шыңы өнер мен өлең екенін көрсеткен.

Қазақ отбасындағы әсемдік тәрбиесі жайлы ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибиелік эксперименттік зерттеу жұмыстарын сараптау қазақ отбасындағы әсемдік тәрбиесінің мазмұны мен мәні туралы мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады:

— қазақ отбасындағы балалар әсем бұйымдардың қоршауында өскен. Көркем бұйымдар баланың әсемдік талғамын қалыптастыруға ықпал еткен;

— отбасындағы баланың әсемдік тәрбиесіне ата-ана басшылық жасаған, көркемдік, деңгейі жоғары бұйымдарды отбасында қадірлеп, сақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа көркем мұра ретінде қалдырып отырған;

Отбасындағы әсемдік тәрбиенің құрылымы, адамзат тәжірибесінің білімдері, рухани мәдениет байлығының құндылықтарын игеру жүйесінен құралады.

Резюме

В этой статье автор раскрывает значимый вопрос этнопедагогики-воспитания в семье. В этой связи автор подчеркивает важную роль трудового воспитания, когда родители или другие старшие в семье, занимаясь рукоделием, народно-прикладным искусством, невольно прививают детям в семье уважение к труду, а именно ручному труду, стремление научиться этому мастерству. Кроме этого, в такой атмосфере формируются: вкус, понимание прекрасного, уважительное отношение к мастерам национального прикладного искусства, патриотические чувства.

Summarу

The article concentratrates the issue of the bringing-up in the family in terms of etnopedagogics. The author highlights the importanc of labour education in the family when the parents develops children`s respect for the handicraft.

The conditions of the family labour education in develop the taste for things, understandig of the arts, and respect for ethnic appiltd arts as wellas patriotism

Әдебиеттер

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал № 05-44

2 . К.Б.Бержанов. З.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы., «Кітап»., 1981

  1. З.Васильцова «Мудрые зановеды народной педагогики»

Москва., “Просвещения”., 1988

4.Г.Виноградов «Народная педагогика» Иркутск ., 1926

  1. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы., «Кітап»., 1992
  2. Ж.Аймауытов «Педагогические руководства (Учебное пособие)»

Оренбург., Госиздат., 1924

  1. Г.Н.Волков «Педагогика жизни»Чебоксары., 1974
  2. И.П.Подласый «Педагогика» Москва., “Просвещения”., 2000
  3. И.Е. Синицина «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік»

Алматы., «Кітап»., 1987