- тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үдерістері туралы біртұтас ұғым беру;
- қазіргі заманғы әлемдегі адамның құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
- аталмыш жас ерекшелігіндегі тұлғалық және даралық маңыздылықты жетілдіру;
- студент тұлғасының жағымды және шығармашылық ойлауын жүзеге асыру дағдыларын белсендіру;
- студенттердің рухани ақиқаттың «мәңгілігі» және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
1 «Өзін-өзі тану негіздері» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:
- өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүйетін азамат болуға;
- ел тарихына, отандық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарына қамқорлықпен қарауға;
- әлемді және өз-өзін тануда жасампаздықты танытуға;
- өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік өлшемдерді басшылыққа алуға;
- адамдармен жағымды қарым-қатынаста болуға және көзқарастары мен сенімдері өзгеше адамдармен толерантты болуға;
- саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанып, өзінің дене және эмоциялы-рухани жай-күйін қалыпта сақтауға.