Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі мазмұн
- Балалардың тыныс мүшелерінің жеке- жеке анатомиялық ерекшеліктері
- Қосымша қуыстар
- Жұтқыншақ
- Бадамша бездер
- Көмей
- Кеңірдек
- Бронхтар
- Өкпе
- Оң жақ өкпе
- Сол жақ өкпе
- Лимфа түйіндері
ІІІ. Қортынды
ІV. Пайдаланған әдебиетт
Кіріспе
Тыныс жүйесі –ұрықта 3-ші апта мен 4 –ші аптаның басында пайда бола бастайды. Тыныс мүшелері алдыңғы ішектің каудальді үзігінің ішкі томпағы ретінде пайда болады. Ол алғашқы өңеш пен кеңірдектен тұрады. Жақын арада кеңірдек өңештен мезенхимальды қабық түрінде бөлектенеді, содан соң терең қырындағы сала пайда болады , тыныс және ас түтіктері бір- бірінен мүлдем бөлектеніп екіге айырылады. Аз уақыттан соң кеңірдектің эндодермасы кеңірдек пен бронхтың эпителиальды қабығына айналады.
Кеңірдек түтігі төменнен тез өсіп, екі эндодермальды бұтақша бере бастайды. Басты бронхтардың мезенхимада орналасқан негізі құралады. Даму барысында одан шеміршек, ткань жалғастырушы элементтер, тыныс жүйесінің тамырлары өсіп шығады.
Алғашқы бронх нүктелері тез бөліне бастайды да , 5-6 жетіде 2-ші қатарлы бронхтардың тарамдары , өкпенің үш бөлігі мен сол жақ өкпенің екі бөлігі пайда болатыны айқындалады. Ұрықтың іште дамуының барлық кезеңінде екі өкпенің бірдей өспейтіндігі, яғни оң өкпе сол өкпеден тезірек жетілетіндігі дәлелденген. Бұл мезгілде өкпенің беті бұдырлы болады, одан әрі бұдырлар бірігіп, өкпенің бөлік аралық салаларын айқындап, бөліктерге бөледі.
Кеңірдек пен бронх қабырғалары алғашқы кезде куб тәріздес клеткалардың бір қабатынан тұрады. Содан базальды мембрана мен эпителий пайда болады. Олар бірігіп цилиндрлі қабатқа айналады. Бронхтың алғашқы бұтақтары тез қуыстанып, қағанақ суына айналады.
3-ші ай бойына бронх «бұтағы» тез өсіп, жетіле бастайды, сегментті және субсегментті бронхтар пайда болады. 16-ші аптадан бастап респираторлы бронхиольдар қалыптаса бастайды.
Өкпеде строманың алғашқы белгілері білінеді: бронх бойы мен түбінде агрофильды талшықтар пайда болып, өкпенің клеткалық –синцитиальды стромасын құрай бастайды. Өкпеде 11-12 аптада паренхимада әртүрлі үшбұрышты кішкене аймақтар анық көрінеді. Оның дәл ортасында сегментті бронх және артерия , ал жанында өкпе веналары орналасады.
Ұрықта 10-12 аптада бронх артериясының негізі қаланып, үлкен айналу шеңберінің туындысы пайда болады. Бронхтың әрбір жаңа генерациясы пайда болған сайын , онымен қатар өкпе артериясының ,венасының, соған байланысты тарамы қалыптасып отырады. 18-22-ші аптада терминальды бронхиольдар мен респираторлы бронхиолдардың деңгейінде артериялармен бөлік ішіндегі веналар пайда болады.
8-9 айда бронх «бұтағы» толық топографиялы белгіленеді және өкпенің соңғы тармақтарының жіктелуі шапшаң жүре бастайды. Терминальды және респираторлы бронхиольдар, альвеолдық жолдармен қатар өкпенің функциональды бірлігі- ацинустар пайда болады. Дұрыс жетілген ұрықтың өкпеінің құрлысы жұмысқа ,сыртқы дем алуға және газ алмасуға дайын болады. Өкпенің функциональды бірлігі жетілу сатысында болады. Дем алмаған ұрықтың респираторлы бөлігінің қуысы 1,2,3 қатарлы жіңішке респираторлы бронхиолдар мен альвеолдар жолынын тұрады. Альвеолдар қаптары ұсақ , жалпақ , қабырғалары клеткалық элементтерге бай болып келеді. Сондықтан өкпенің альвеоларлы беті бұл кезеңде бішама кең болады .
Балалардың тыныс мүшелерінің жеке-жеке анатомиялық ерекшеліктері
Мұрын кішірек, үлкендерге және ересек балаларға қарағанда түрі өзгешелеу. Төменгі мұрын жолы болмайды, ол 4 жасқа таман пайда болады. Кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, сондықтан оның сәл қызаруы мұрын жолының бітелуі баланың емуі қиындап, ентігу пайда болуына әкеп соқтырады. Кілегей асты қабатының үңгірлі ткані нәрестелерде дұрыс жетілмеген, сондықтан оларда мұрыннан қан кету ирек кездеседі немесе мүлдем болмайды.
Қосымша қуыстар
Этмоидальды , гайморов , сфеноидальды қуыстар ұрықтың іште даму кезеңінде жетіле бастайды. Бірақ, бала дүниеге келгенде олардың тек ізі ғана білініп тұрады. Этмоидальды қуыс үш айдан бастап көрінеді де, 7-12 жасқа келгенде толық жетіледі. Мұрын маңы қуысы да , үш айдан бастап білініп, 7 жасқа келгенде толық жетіледі. Маңдай қуысы бала дүниеге келгенде тіптен жоқ болады, жәй жетіліп ,7- ші жылда ғана дамиды. Толық жетілу 15-20 жаста байқалады. Сфеноидальды қуыс ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Рентген сәулесі арқылы тек бала 7 жасқа келгенде ғана анықтауға болады. Ал 15 жаста толық жетіліп бітеді.
Жас мұрын каналы қысқа болады, оның сыртқы тесігі қабықтың бұрышына жақын орналасқан, қақпақтары дұрыс жетілмеген, сол себепті мұрыннан инфекция коньюктивальды қалтаға жеңіл тарайды.
Жұтқыншақ
Біршама жіңішке және тікелеу орналасқан. Вольдейер сақинасына 7 без кіреді. Жаңа туған нәрестеде әлсіз дамыған бадамша без тамақты қарағанда дұрыс көрінбейді, тек бала жастан асқанда ғана оны көруге болады. Бадамша бездеріндегі крипталар әлсіз дамыған . сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларда баспа сирек кездеседі. Одан әрі лимфоидты ткань мен бадамша бездер шоғырланып қалыптан тыс біраз ұлғаяды. 4 жас пен 10 жас арасында ұлғаю шегіне жетеді, сондықтан олардың гипертрофиясы жеңіл пайда болады.
Пубертатты кезеңде бадамша бездер қайтадан кішірейе бастайды және жыныс мүшелерінің қалыптасуы тоқтағаннан кейін бадамша бездердің ұлғаюы өте сирек кездеседі.
Тамақ жоғарыдан жұмсақ таңдаймен , төменнен тілдің түбірімен және жан- жағынан алдыңғы және артқы таңдай иіндерімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ұзынша үскін түріндегі бос ұшы – тілшік деп аталады, ол ортаңғы сызық бойымен ілініп тұрады
Бадамша бездер
- Тілдің түбіріндегі бадамша без .
- Таңдай иіндері арасындағы таңдай бадамша бездері екі жақта бір –бірден болады.
- Жұтқыншақ бадамша безі мұрын – жұтқыншақ күмбезінде орналасады.
- Түтікше бадамша бездер – есту түтіктерінің мұрын жұтқыншақ тесігінде , екі жағынан бір – бірден орналасқан .
- Көмей бадамша бездер көмей сағасы маңындағы алмұрт тәріздес үңгірінде , жалған дауыс желбезегінде және көмей қарыншаларында , жұтқыншақтың артқы қабырғасының екі жақ бүйір бөлігінде орналасқан . барлық лимфоидты тканьдардың шоғырлануы Вальдейердің тамақтағы лимфоидті сақинасы деп аталады.
Есту түтігі қысқа және жалпақ . ересек балалармен үлкендерге қарағанда жас нәрестелерде оның тесігі хоанаға , мұрын қуысына , жақын және одан төмен орналасқан . осы себепті мұрын жұтқыншақтағы инфекциялы сөлініс есту түтігіне жеп –жеңіл түседі де , жас нәрестелерде жиі кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуының негізгі себебі болады.
Көмей
Жас нәрестелерде оймыш тәрізді , кейін цилиндр тәріздес болады. Үлкендерге қарағанда біршама жоғары орналасқан , жаңа туған сәбиде оның төменгі ұшы -4-ші мойын омыртқасының тұсына сәйкес келеді. Көмейдің алдыңғы –артқы , көлденең қатты өсуі бір жаста және 14-16 жаста байқалады. Баланың көмейі үлкендердікінен ұзын . Шеміршегі нәзік ,тілшік 12-13 жасқа дейін жіңішкелеу болады. Оны жас нәрестелердің тамағын қарағанда оңай қөруге болады. Тілшік көмей сағасын толық жауып тұрмайды. 3 жастағы ер балаларда қалқанша пластинкаларының бұрыштары үшкірлі болады да , 7 жаста біраз білініп тұрады. Ал он жастағы ер баланың көмейі үлкендердікіне өте ұқсас болады. Көмейдің кілегей қабаты нәзік. Ол қан және лимфа тамырларына бай ,серпінді тканьі әлсіз жетілген.
7 жасқа дейін дауыс саңлауы енсіз , тар болып қалады .жас нәрестелердің шын дауыс желбезегі қысқа .12 жастан бастап қыз балаларға қарағанда ер балалардың дауыс желбезегі ұзара бастайды. Балалардың көмейінің ерекшеліктеріне байланысты оның қабынуы жиі кездесіп тұрады.
Кеңірдек
Жаңа туған баланың кеңірдегі оймыш тәріздес және енсіз тар болады. Шеміршегі жұмсақ болып келеді. Кілегей қабаты нәзік , қан тамырларына бай , кілегей бездері сөлдің жеткіліксіз бөлінуіне байланысты , неғұрлым құрғақтау келеді. Жарғақты бөлігінің етті қабаты жаңа туған нәрестеде өте жақсы жетілген, серпінді тканьді болып келеді. Кеңірдек орнына әлсіз бекітілген , шеміршегі жұмсақ , жеңіл болады.
Жаңа туған баланың кеңірдегінің ұзындығы 4 см , 14-15 жаста -7 см , ересек адамдарда 12 см . жоғары ұшы 4-ші мойын омыртқаның тұсында болса ,үлкендерде 7-ші де болады. Кеңірдек бифуркациясы жаңа туған балада 3-4-ші кеуде омыртқасының тұсында , 5 жаста 4-5 және 12 жаста 5-6-ші омыртқаға сәйкес келеді.
Бронхтар
Енсіз , жіңішке , шеміршектері жұмсақ .кілегей қаьаты қан тамырларына бай, аздап кілегеймен қапталған. Еті мен серпінді талшықтары әлсіз жетілген. Оң жақ бронх барынша тіек орналасқан және ол кеңірдектің жалғасы болып есептеледі: оң жақ бронх сол жақ бронхтан жалпақтау ,кеңірек келеді. Сондықтан , бөгде денелер көбіне оң бронхта тұрып қалады .сол бронх бұрыш жасап тіке бөлінеді. Жсқа байланысты бронхтар ұзарып ,қуысы кеңеце бастайды .Әсіресе 1-ші жылы бронхтар тез өседі де , сосын оның өсуі тежеліңкіреп қалады. Одан әрі жыныстық қалыптасу кезеңінде қайтадан тез жетіле бастайды. 12-13 жаста бронхтардың ұзындығы 2 есе ұзарады. Жасы өскен сайын бронхтың семуіне қарсылық ететін күште арта түседі.
Өкпе
Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50грамм болады. 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста 3 есе , 12 жаста 10 есе , ал үлкен кісілерде 20 есе және одан да көп артады .Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер тканьге бай ,серпінді тканьдері аз , әсіресе альвеольдар маңында , қан тамырларына бай ,капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады .Сондықтан балалардың өкпесінде қан іркілу ,ателектаз ,эмфиземалар тез пайда болып ,өкпе қабынуына ,уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып ,тарауына өте қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады .Ересектерге қарағанда баланың өкпесінің тыныстық беті үлкен болып келеді .өкпе арқылы 1 минутта үлкендерге қарағанда қан көп мөлшерде өтеді .бала өмірге келерде ацинус , яғни өкпенің тыныстық бөлігі әлсіз дамыған .Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың негізгі функциясы болып есептеледі. Альвеолдар бала өмірге келгенге дейін 4-6 жетіде қалыптаса бастайды да , 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін тоқтатпайды .8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есебінен жүреді. Бала жаңа туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе , 4 жаста 3 есе ,18 жаста 5 есе үлкейеді .
М . Струков балалр өкпесінің жетілуін 4 кезеңге бөлген
- 0-2 жасқа дейін –өкпенің өте тез дамуы.
- 2-5 жас –бронхтың серпінді тканінің етінің ,лимфоидты тканьдардың өте тез дамуы .
- 6-7 жас ацинус құрлысының толық жетілуі.
- 7-12 жас- өкпенің жетіліп болған тканьдерінің салмақтануы.
Оң жақ өкпе
3 бөліктен тұрады: үстіңгі ,орта ,төменгі. Сол өкпе екі бөліктен тұрады .үстіңгі және төменгі. Өкпенің барлық бөліктері бір мезгілде жетілмейді. Бір жастағы баланың сол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген ,ал оң өкпенің бөліктерінің көлемдері , үлкендердікі сияқты ,бір-біріне сәйкестенеді.
Кеңірдек оң және сол бронхтарға бөлінгеннен кейін , оның әрқайсысы бөлік бронхтары сегментті бронхтарға бөлінеді. Әрбір сегмент конус немесе ұшы өкпенің түбіріне бағышталған пирамида тәріздес болады .жаңа туған баланың өкпесінің сегменттік құрылысы жақсы жетілген .оң өкпеде 10 сегмент , сол өкпеде 9 сегмент болады .жоғарғы оң және сол бөліктер 3 сегментке бөлінеді .жоғарғы ұшты-1 , жоғарғы артқы –2 және жоғарғы алдыңғы 1 . Ортаңғы оң бөлік –орта бүйірлі (4) , арт жақта орналасқан және ортаңғы алдыңғы (5) , медиальды орналасады . сол өкпенің ортаңғы бөлігіне 2 сегменттен тұратын жоғарғы тілді (4) , және төменгі тілді (5) , тіл тәріздес сегмент сәйкес келеді . оң өкпенің төменгі бөлігі 5 сегменттен тұрады . Базальды –ұшты (6) ,базальды –медиальды (7) ,бүйірлі- алдыңғы (8) ,базальды бүйірлі (9) , және базальды артқы (10) .
Сол жақ өкпе
Сол өкпенің төменгі бөлігі 4 сегментке бөлінеді: базальды –ұшты (6) ,базальды –алдыңғы (8), базальды- бүйірлі (9), және базальды –артқы (10).
Балалрда көбіне белгілі бір сегменттердің қабынуы жиі кездеседі . ол желдену ерекшеліктеоіне , бронхтардың , дренажды қызметіне байланысты болады .Ал оған секреттің жүруі және инфекцияның түсуі байланысты болады .
Базальды ұшты сегмент (6) жиі қабынады ,себебі ол біршама бөлектене шеткері орналасқан ,оның бронхы басқа сегменттердікінен жоғарырақ бөлектене шығып ,тіке бұрыш жасап ,алдына қарай бұрылады . Бұл (6) сегменттің бронхтың дренажын қиындатып жібереді .2 және 10 сегменттерде осығын ұқсас келеді. Сондықтан омыртқа маңындағы пневманиялар жиі кездеседі .
Жас нәрестелердің плеврасы жұқа , плевра қуысы оңай ысырылып тасталады .
Орталық көкірек қуысы балаларда ересектерге қарағанда көлемділеу келеді . оның жоғарғы бөлігінде трахея , ірі бронхтар , қалқанша без . лимфа түйіндер , артериялар , ірі нерв сабақтары ,төменгі бөлігінде жүрек , тамырлар және нервтер орналасады .
Лимфа түйіндер
Өкпе лимфа түйіндерін төмендегі топтарға бөледі:
- Трахеальды
- Буфуркация
- Бронхо- пульмональды
- Үлкен тамырлардың түйіндері .
Бұл лимфа түйіндері , лимфа тамырлары арқылы өкпемен , орталық көкірек қуысымен бұғана үстіндегі түйіндермен байланысқан .
- Төменгі трахеабронхиальды түйіндер.
- Жоғарғы трахеабронхиальды түйіндер.
- Паратрахеальды түйіндер.
- Бронхопульмональды түйіндер.
Қортынды
Кеуде қуысы. Жас нәрестелердің диафрагмасы жоғарырақ орналасқан ,жиырылуы әлсізде болвп келеді .Үлкендермен салыстырғанда үлкен болып келетін өкпе ,жүрек және орталық көкірек қуысы баланың кеуде қуысында кқбірек орын алады . Жас балалардың тыныс еттері әлсіз дамыған . Жас балалардың қабырғалалры омыртқаға перпендикуляр жатады . Қабырға аралықтары жіңішке , тегістелген . Кеуде қуысы үнемі тыныс алу қалпында болады және қабырғалар өкпе бетіне басыңқырап , кіріп жатады . Бұл ерекшеліктердің бәрі өкпенің толық жазылу қабілетін тежеп ,тыныстық беттің көлемін азайтады.
Пайдаланған әдебиеттер
- Алшынбай Рақышев « Адам анатомиясы » Алматы — 2004 ж
- Балаш Тсіпқалиев «балалар ауруларының пропедевтикасы» ақтөбе — 2002 ж
- “Балалар аурулары” Момбекова У. Х 2003ж
- “Адам физиологиясы” Сәтбаева Х. Қ Өтепбергенв Алматы -2005ж
- “Патофизиология” Әділман Нұрмұхамбетұлы Алматы-2007Ж