Бағалы қағаздар рыногы

Жоспар:
Кіріспе
І. Бағалы қағаздар рыногінің ұғымы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Бағалы қағаздар рыногін реттеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Бағалы қағаздар рыногының ұғымы

Бағалы қағаздар кем дегенде орта ғасырдан белегілі. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы мен байланысты халықаралық сауданың арасы кеңіді, ал кәсіпкерлердің осы мүмкіндікті пайдаланып қалу мақсаты мен ірі капитал сомаларына қажеттілігі туындады. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялар акционерлік қоғамның Ост-Индия, Гудзонов бұғазы компаниялары мен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығаратын ірі компаниялар болды. Осының акциялары әлі күнге дейін Лондон мен Перонто биржаларында өз ролдерін жоғалтпай жоғары ұстауда. 19-ғасырдың ортасында Германияда ауыр өнеркәсіп мүдделерін көздеген бағалы қағаздар мен аралық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз міндеттеріне алды. Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді. Сонымен, бағалы қағаздар рыногы – ол қаржы рыногының бір бөлігі, қалған бөлігін банк қарыз бөлігі құрайды. Банк шын негізінде коммерциялық банк болса, қарызды 1 жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып, ақшаның ондаған жылдар бойы немесе мерзімсіз пайдалануы мүмкін. Қаржы рыногын осылайша бөлу капиталдың айналымы және негізі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыстар әрекет етеді.

Мысалы: Коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында аралық қызмет атқаруға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді. Олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың 1 блогын береді. Бағалы қағаздардың маңызды бөлігі – ақша рыногы болып табылады. Онда қысқа мерзімді қарыз міндеттемесі ең бастысы казначейлік вексельдер айналыста болады. Барлық рыноктер сияқты бағалы қағаздар рыногы да сұраныс пен ұсыныстан олардың бірегейлі бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сатып алу мен сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Бағалы қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рыногында – акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны қаржылық және қаржылық емес профильді әрқилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашқы рынокта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестиционды банктер биржалық фирмалары, қамсыздандыру компанилары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке инвесторлар болып табылады. Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алады. Бағалы қағаздар спецификалық тауар барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді яғни процент және дивидент төлегенде сонымен қатар, бағалы қағаздардың құн курсының өсу нәтижесінде табыс келтіреді. Бағалы қағаздар ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы және жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін, яғни заң жүзінде бекіткен жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқықтарын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығару жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар — әлеуметтік нарықтық қатынастардың дамуы нәтижесінде пайда болатын қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік облигациялар жатады.

  1. Бағалы қағаздар иесі әдетте процент не дивидент түрінде табыс алады, я болмаса ақша немесе өз қағаздардың ең кең тараған түрі – акциялар мен облигациялар. Акция – бағалы қағаз. Ол өз ұпайын акционерлік қоғам капиталына қосқанын сендіреді де, оған ие болған адамға төменгі құқық беріледі:
  2. белгілі бір табыс алуына;
  3. қоғам ісін шешуде дауысқа ие болуына;
  4. компания жойылғанда оның мүлкінің бір бөлшегін алуына;
  5. фирманың өндірістік қаржы жағдайын тексеруге;
  6. жаңа шығарылған акцияларды бірінші кезекте алуына құқылы.

Акциялардың құнын әдетте қоғам өтемейді және оны жаңадан ақшаға айналдыруүшін тек қана сату керек. Акционерлік қоғам өмір сүргенше акция да өмір сүреді. Әр түрлі елдерде айналыстарда акциялардың түрлері бірнеше. Ең көп жайылған категориясы жәй және жоғары бағалы акция. Жәй акциядан алынған дивидент компанияларының қаржы нәтижесіне байланысты өзгереді. Жоғары бағалы акцияларға күні бұрын тағайындайтын процент алуға болады. Алдымен дивидент жоғары бағалы акцияларға төленеді де, қалған сома басқа акциялар түрінде бөлінеді. Бағалы қағаздың келесі түрі – облигациялар. Олар қағаз иесіне жыл сайын кепілдік табыс әкеледі. Облигациялар шектелген мерзімге ғана шығарылады. Облигацияларды мемлекет, кәсіпорындар, әр түрлі корпорациялар шығара алады. Классикалық облигация – кепілді проценті бар бағалы қағаз. Олардан түскен табыс қарыз капиталы рыногіндегі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар нольді купондық облигациялар — оған процент төленейді. Оны сатып алғанды төменгі баға қойылады да мерзімі келгенде толық бағасы төленеді.

Қаржы министрі бірнеше бағалы қағаздар түрін шығарады:

МЕАКАМ – мемлекеттік арнайы қазыналық міндеттемелер. Негізгі параметрі – купондық облигация, номиналдық құны – 1000 теңге, айналым мерзімі – 10 жыл, купонды беру мерзімі – жылына 2 рет.

МЕИКАМ – мемлекеттік индексивтік қазынашылық міндеттемелер. Параметрі – купондық облигация, номиналдық құны – 1000 теңге, айналым мерзімі – 3,6 және одан жоғары ай, кірістің өзгермелі ставкасы инфляцияға байланысты.

МЕККАМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Бұл дискондық облигация. Номинал құны – 100 теңге, айналым мерзімі – 3,6 — 9,12 ай.

МЕОКАМ – мемлекеттік орташа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Бұл купондық облигация, номинал құны – 1000 теңге, айналым мерзімі – 2, 3, 4 жыл. Купонды беру мерзімі – жылына екі рет.

МЕКАВМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер. Бұл да дисконттық облигация. Номинал құны – 100 доллар, айналым мерзімі – 3, 6, 9 және 12 ай.

АВМЕКАМ – арнайы мемлекеттік валюталық (облигация) міндеттемелер. Купондық облигация. Номинал құны – 100 доллар, айналым мерзімі – 5 жыл, купон мөлшері – 6,14%. Бұл жылына 2 рет беріледі.

НСО – ұлттық жинақтау облигациясы. Бұл купондық облигация. Номинал құны – 1000 теңге, айналым мерзімі – 364 күн.

ІІ. Бағалы қағаздар нарығын реттеу

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты – бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.

Бағалы қағаз нарығында қызмет атқаратын қаржы институттары-ның ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндеге мемлекеттік комитет салады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органның ең негізгісі – бағалы қағаз жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-гі Республика Президентінің «бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.

Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және 4 комиссия мүшесінен құрылады. Олар республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге Республика Президенті бекітілді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған.

Дүние жүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу 2 түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

  • бағалы қағаздар нарығының мәселелері жөніндегі заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
  • осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
  • бағалы қағаздардың жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары.

Негізінен бұл – бағалы қағаздар нарығы қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздың кейбір түріне айналуына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу т.с.с. жұмыстар.

Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

Несие үшін % мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау.

  • Мемлекеттің салық саясаты;
  • Депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
  • Қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарын реттеу);
  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу).

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаз жөніндегі комиссияға), не Қаржы министрлігіне, мемлекеттік банкке жүктеледі.

Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгресте құрылған бағалы қағаз және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлгінде қаралады.

Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:

Біріншіден, нарықташаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.

Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қаматамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық, толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын-ала белгілі-бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында араластырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа элементтер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

Үшіншіден, институционалды органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар.

Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс шараларының маңызы зор. Оның ең бір дамыған формасы – қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 2 қор биржасы, яғни Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы және Орталық Азиялық қор биржасы жұмыс істейді. Екі биржада сату көлемі әзірше төмен жағдайда. Биржадан басқа бағалы қағаздар нарығына белсене араласатын басқа ұйымдар да болды. Оның бірі, инвестициялық бизнеске қатысушы – Кәсіби мамандардың қауымдастығы. Ондай ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаз нарығына қатысушыларға нұқсан келтірілгенін тексереді. Сонеымен, маманданған қауымдастықтың бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайда осы тұрғыдағы мемлекет мүддесімен сай келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С. Алматы – 2005жыл;
  2. «Финансы» Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы – 2001г
  3. Теория налогов Соколов Финиздат.
  4. pavlodar.com
  5. minfin.kz
  6. Қаржы қаражат 12/1998 22-24б;
  7. Қаржы қаражат 1/2001 50-52б;
  8. Қаржы қаражат 4/2001 32-36;
  9. Қаржы қаражат 5/2001 28-29б.