Жастарды болашақ отбасылық өмірге дайындау мәселелері

Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік дәрежеге ие бола бастаған осынау алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, адал тілегін бүгінгі әрбір азаматқа үйрету, санасын ояту тәрбиеші – мұғалімдердің, ата – аналардың ең үлкен парызы болмақ. Соңғы жылдары жастарды отбасындатәрбиелеу өте күрделеніп кетті.Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, рухани жағдайлар себеп болуда. Ең бастысы, ұзақ жылдар бойына біздің елімізде жалпы қоғамдық өмір саласында әміршілдік — әкімшілдік принциптердің ықпалына адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы, жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік — экономикалық жағдайының тығырыққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани байлығына, тіліне, дәстүріне мән берілмеуі орын алды. Сондықтан, ұлттық тәрбие мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бүгінгі жасөспірімнің бітімінен, мінез – құлқынан, қасиет – сапасынан бастау алу керек. Жасөспірімдер – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.

Қазақстанның болашағы, егеменді ел болып жаңа заманға бет бұрған кезімізде, біздің жаңа қоғамымыздың болашағы өсіп келе жатқан жастар екенін айту керек. Сол жастарды дұрыс жолға түсіріп тәрбиелеуді біздің ата – аналарымызға ғана салып қоймай, бүкіл қоғам болып осы проблемалардың шиеленіскен жағдайларын шешуге атсалысу қажет.

Жастарды бүгінгі мен ертеңі туралы ойланту, олардың өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, болашақ отау иелері екеніне сезім ұялату, олардың өзін — өзі күтуі, қазіргі уақытқа сай білім алуы- бүгінгі күннің талабы.Болашақ ұрпаққа ұмыт бола жаздаған салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды тереңінен қоса түсіндіріп, осы заманға сай білімді, мәдениетті үйрете отырып, ата – бабамыз салған сара жолға жүгіну дұрыс.

Мектепте, жоғарғы оқу орындарында және мектептен тыс мәдени мекемелер үйірмелерінде жастардың өзіндік педагогикалық сипатта болуын қадағалау, инабатты, ибалы, сыпайы, адамгершілігі мол , эстетикалық талғамы бар, жаны да тәні де бірдей таза, барлық жағынан өнерлі де, іскерлі етіп жан – жақты рухани дамыту керек.

Біздің мақаламыз заман талабына сай өсіп — өркендеп келе жатқан ұрпағымызға болашақ отбасы өмірінің өте күрделі де нәзік және жалпы халықтық іс болып саналатындығын ерекше еске салу, әрі бағыт – бағдар беруге бағытталады.

Тәуелсіз еліміздегі білім беру мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары мен реформасына сай жасөспірімдерді отбасылық өмірге дайындау бойынша теориялық және әдістемелік жұмыстар аз, сол үшінотбасылық өмірге дайындау туралы әдістеменің теориялық – дидактикалық мәселелеріне көңіл бөлу керек.

Біздің келешектегі мақсатымыз бұл бағыттағы жұмыстардың жақсартылуына ат салысу, болашақ қызметте барлық пәндермен тығыз байланыста болып, бұл жұмыстардың тиісті дәрежеде жүргізілуін іске асыру және бұл бағыттағы ұйымдастырушылық, әдістемелік іс — әрекеттерді онан арман қарай шыңдай түсіру болып табылады.

Нарықтық экономикаға байланысты жастардың отбасылық өмір құруға дайынсыздығы ашық көрсетіліп, оларды мектеп қабырғасынан бастап жеке отау құруға тәрбиелеу мәселесіне аса көп көңіл бөліп, педагогикалық тәрбиелеудің бірнеше ұйымдастыру түрлерін қолдану қажет.

Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларына отбасы құрылымы мен міндеттері, отбасы өміріндегі жағдайлар, жас отбасын құру мәселесіне теориялық тұрғыдан анықтама беру және өзіндік ерекшеліктері туралы айту керек.Жасөспірімдерді болашақ отау иелері ретінде, болашақ ата – ана ретінде қалыптастыратын салт – дәстүрлер, әдет – ғұрыптардың педагогикалық негіздерінің маңызын анықтау қажет.Біз мектепте сабақтардажәне сабақтан тыс кезде ұйымдастырылатын жұмыстың түрлерінің, солардың ішінде ашық сабақтар, сайыстар, конференция, семинарлар, пікірталастар, байқаулар т.б. іс – шараларды ұйымдастыру әдістемесін ұсындық.

Әдістемелік және теориялық тұрғыдан жастарды отбасылық өмірге дайындауды келесі жағдайлар арқылы жүргізуді ұсынамыз:

  1. Неке отбасы қатынастарының саласындағы мемлекеттік саясатты ашатын жалпы әлеуметтік аспект.
  2. Сыпайылық, адамгершілік, инабаттылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеудегі этикалық аспект.
  3. Неке мен отбасы туралы негізгі заңдармен таныстыратын құқықтық аспект.
  4. Жеке тұлға, индивидтің даму деңгейі туралы түсінік қалыптастыратын неке мен отбасы өмірінің психологиялық негіздерін үйрететін психологиялық аспект.
  5. Еркек пен әйелдің ағзасының физологиялық ерекшеліктері, жеке гигиена туралы білімдері кіретін физологиялық – гигиеналық аспект.
  6. Отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын педагогикалық аспект.
  7. Отбасылық өмірге қатынасын эстетикалық құндылық ретінде қарастыратын эстетикалық аспект.

Біз келесі проблемаларды анықтадық:

  1. Жас отбасының әлеуметтік қорғансыздығы;
  2. Неке – ажырасу отбасының үлкен пайыздық саны;
  3. Психологиялық консультацияларының жетіспеушілігі (әсіресе, ауыл аймақтарында).
  4. Мектепте жастарды отбасылық өмірге дайындауға қажетті мөлшерде көңіл аудармауы.

Сонымен қорыта айтқанда, орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларын отбасылық өмірге дайындау тақырыбындасабақтарда және сабақтан тыс өткізілетін оқу конференцияларын, семинарлар, байқаулар, пікірталастар өткізу, олардың оқулық пен ғылыми — көпшілік, әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми журналдар мен газет беттерінде жарық көргенғылыми мақалаларымен өз бетінше жұмыс істеу іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, олардың сабақтарда алатын білімдерін тереңдетуге, болашақ отбасылық өмірге дайындаудың негіздерін танып білуге көмектесетінін атап өтуге болады.

Сонымен,біз мынандай талаптардыорындауымыз керек :

  1. ҚР “Білім беру” Заңы бойынша мұғалім – тәрбиеші сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушыларға тәрбие беудің қосымша дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруы тиіс.
  2. Мектепте және мектептен тыс тәрбиенің ұйымдастыру мазмұнын бүгінгі нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес келтіру.
  3. Жасөспірім тұлғасының рухани мүмкіндігінің өсуі мен баюын қамтамасыз ету, ұлттық рухани мәдениетті біздің еліміздегі басқа халықтардың тарихынан, мәдениетінің кірігуі өзара байланысы негізінде іске асырылуы.
  4. Үздіксіз білім беру және білім жетілдіру институттарында мұғалімдерге сыныпта және сыныптан тыс жастарды отбасылық өмірге дайындау тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде арнайы курстарды өткізу керек.
  5. Мұғалімдер, ғалымдар бірлесе отырып жастарды отбасылық өмір құруға дайындау жөнінде оқу — әдістемелік құралдарды жасау керек.
  6. Телеарналар мен бұқаралық ақпараттар құралдарынан отбасын құру, жастар, жасөспірімдер қарым – қатынасы туралы жаңа хабарлар, мерзімдік басылымдардажастарға арналған мақалалардыкөптеп ұйымдастыру — бүгінгі күннің талабы.

Резюме

В статье речь идёт о подготовке молодёжи к будущей семейной жизни.

Summary

In the article, there is conzidered a training of the young generation to the future family — life.