Дүниежүзiн қайта бөлiске салу жолында “Үштiк одақ” (Австро-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан түындаған соғыс. ХIХ ғасырдың аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшiн бәсеке күшейе түстi. 1879 жылы Германия Австро-Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 жылы Италия қосылып, “Үштiк одақ” құрды. Алайда, 1914 жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейiн өзiнiң бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. “Үштiк одаққа” Осман империясы мен Болгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция және Ресейдiң соғыс коалициясы – Антанта құрылды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румыния, Португалия, АҚШ, Грекия, Қытай және Латын Америкасының бiрқатар елдерi Антанта елдерiмен одақтасты. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австро-венгр әскерлерiнiң жаттығуларына келген австрия тағының мұрагерi эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтiрiлуi сылтау болды.
Террористiк актiнi iске асырушы “Млада босна” ұлтшылдық ұйымының мүшесi Гаврило Принциптiң ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия Өкiметi Германияның мақұлдауымен мұны Сербияға ультиматум қоюға негiз бар деп шештi. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiндей дәрежеде едi. Бүкiл бiр ай бойына Еуропаның ұлы державалары эрцгерцогтың өлiмiнiң салдары қалай болады екендiгiн талқылаумен болды. Герман императоры Вильгельм II австриялықтарды “сербтердi құртуға” айдап салды. Ресей, Франция және Ұлыбритания австро-германдықтардың бұл әрекеттерiне тойтарыс беру керек деп есептедi. Серб үкiметi Ресейдiң кеңесi бойынша ультиматумның барлық талаптарына келiстi. Бiрақ бұл есепке алынбады.
28 шiлдеде Австро-Венгрия армиясы Сербияға басып кiрдi. Еуропа ерiксiз соғыс өртiне шарпылды. 29 шiлдеде Ресей iшiнара мобили зация жариялады. 1914 жылдың 1тамызында Гермния Ресейге, ал 3 тамызда Францияға соғыс жариялады.Келесi күнi соғысқа Ұлыбританияның доминиондары – Австралия, Канада, Жаңа Зеландия және Оңтүстiк Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық құрлықтың 38 мемлекетi тартылды. Тамызда Германияға Жапония соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның отарларын: Қытайдағы иелiктерi мен Тынық мұхиттағы аралдарды басып алуi едi. Германия өз жағында соғысқа Түркияны, соңынан Болгарияны тартты. Закавказьеде, Таяу Шығыста, Балқанда және Африкадағы герман отарларында жаңа майдандар ашылды. Осылай Бiрiншi Дүниежүжiлiк соғыс басталды.
Соғыстың себептерi және оған қатысушылардың мақсаттары. Соғыстың себебi Еуропаның ұлы мемлекеттерiнiң арасындағы терең қайшылықтар, олардың құрлықта үстемдiк орнату үшiн өзара таластары, отарларын қорғау немесе оларды қайта бөлiсу мүдделерi және монархтар мен мемлекет саясаткерлерiнiң кеудемсоқтары болды.
Франция 1871 жылы айырылған территорияларын қайтаруды, тiптi мүмкiндiк болса, Рейн жағалауын қосып алуды көздедi. Ұлыбританияның мақсаты мен арманы Германияны құрлықтарды басты бәсекелесi есебiнде күйрету болды. Ал Германия Еуропада үстемдiк алу мақсатымен басты бәсекелесi Англияны талқандап, оны отарларынан айыруға, Францияны, Белгияны және Голландияны жеңiп, отарларын өзi басып алуға ұмтылды, ал Ресейден Польшаны, Украинаны және Балтық жағалауын тартып алып, оны әлсiретудi көздедi. Австро-Венгрия Сербияны қиратып, Балқандағы панславяндық қозғалысқа және оның тiрегi Ресейге соққы берудi мақсат еттi. Германия Франция мен Ұлыбританияны талқандап қана қоймай, олардың отарларын және отарға айналдыру үшiн Ресей территориясының бiр бөлiгiн басып алуғак ұмтылды.Ресей Галицияны, Түркияның бiр бөлiгiн, Константинопль мен Қара теңiз бұғаздарын иемденуге тырысты. Қос әскери-саяси одақ мүшелерiнiң кейбiр пиғылдары құпия келiссөздер барысында келiсiмдермен тұжырымдалған болатын. Қалғандары ашық айтылып, өз елдерiнiң халықтарының ұлттық сезiмдерiмен мүдделерiне түрткi салды.
Бiрiншi Дүниежүжiлiк соғысты соғысқа қатысушы әрбiр мемлекет қайткенде өз пайдасына шешуге жанталасып, өз елдерiндегi жұмысшы табының революциялық қозғалыс және отар елдердегi халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарын тұншықтыруды көздедi.
“Ұлттық тұтастыққа”, “отан қорғауға” шақырған шовинистiк ұрандар алғашқы кезде барлық соғысушы елдерде едәуiр кең қолдау тапты. Германия-Австрия блогы құрамында 3,5 миллионнан астам адамы бар әскер бөлiмдерiн (барлығы 193 дивизия), ал Антанта елдерi 6 миллионнан астам адамды (барлығы 287 дивизия) соғысқа қарсы қойды. Барлығы екi жақтан тиiсiнше 7 миллионнан астамжәне 11 миллионға жуық адам мобилизацияланды. 4 жыл 3ай 10 күнге созылған соғыс Германия мен оның одақтастарының күйрей жеңiлуiмен аяқталды.
Бiрiншi Дүниежүжiлiк соғыстытың аса маңызды саяси қорытындысы – капитализмнiң жалпы дағдарысы онан сайын тереңдеп, дүниежүзi қарама-қайшы екi жүйеге – социалистiк және капиталистiк жүйеге бөлiндi. Отарлар мен тәуелдегi ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдықтың құлдырай бастауына жол ашты.
Өткен кездегi соғыстармен салыстырғанда бiрiншi дүниежүжiлiк соғыстың техника-экономикалық жағынан жаңа, жетiлдiрiлген негiзде өттi. бiрiншi дүниежүжiлiк соғыстың тәжiрбиесi әскери өнердi онан әрi дамытуға зор ықпал жасады. Соғыстың сипаты туралы аяқталғаннан кейiн ұзақ уақыт бойында пiкiр таластар жүрдi. Үкiметтер “түстi кiтаптар” шығарып, оларда қарсы жақтарын соғыстын шығуына кiнәлiлер деп айыптады. Шын мәнiнде жалпы бүкiл капиталистiк жүйенiң және әрбiр соғысқа қатысушы елдiң бұл күнәде өз үлесi болды. Жұмысшы қозғалысындағы солшылдар соғысты империалистiк деп жариялап, оны буржуазияға қарсы азамат соғысына айналдыруға шақырды. Соғыстың бастау және кiнәсiз кейбiр Еуропа елдерiне (Сербия, Бельгия, Люксембург) агрессия жасау бастамасы австро-германдық одақтың жағынан болды. Соғыс тек Сербия мен Бельгия тараптарынан ғана әдiлеттi едi.
Шлиффен жоспарының сәтсiздiкке ұшырауы. Францияға бейтарап Бельгия арқылы басып келген герман әскербасшылығы француз-герман шекарасында шоғырланған француз армиясын қоршауға алып, оны күзге дейiн талқандап, Францияны тiзе бүгуге мәжбүр етудi көздеген болатын. “Блицкриг” жоспарын соғыс басталудан бiраз уақыт бұрын генерал Шлиффен түзген едi. Бiрақ жоспар толық iске аспай, қыркүйекте герман әскерi тек Верден түбiне дейiн жеттi. Парижге басып алу қаупi төндi, дегенмен “қас қаққанша аяқталатын” соғыс жоспары iске аспай қалды.
Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс қимылдарын жасау туралы өтiнiш бiлдiрдi. Орыс әскерлерiнiң Шығыс Пруссияда және оңтүстiк бағытта австро-венгрия әскерлерiне қарсы шабуылы соғыс қимылдарының француз театрларынан Германияның бiраз күштерiн бұруға себеп болды. Шығыс майдандағы соғыс қимылдары Францияға қарсы шабуылға шығу үшiн күш жинауға мүмкiндiк бердi. Марнадағы шайқас нәтижесiнде Парижге тiкелей қауiп жойылды. Соғыс қимылдары позициялық сипат алды. Германия екi майданда ұзақ соғыс қимылдарын жүргiзуге көнуге мәжбүр болды.
1915 жылғы соғыс қимылдары. 1915 жылы Германия мен Австро-Венгия Ресйдi талқандап, соғыстан шығару мақсатымен стратегиялық белсендiктi Шығыс майданға ауыстырды. Ресейге қарсы австро-герман Қарулы күштерiнiң жартысынан көбi аттандырылды. Орыс әскерлерi Шығыс Пруссия мен Польшадан ығыстырылып шығарылды, бiрақ австро- герман әскерлерi шабуылды өрiстете алмады.
Осы кезде Германия Ұлыбританияны қоршаумен тұншықтырмақ болып, жаңа қару – сүңгуiр қайықтар қолданды. Аз ғана уақыттың iшiнде бiнеше жүздеген кемелер суға батырылды. Бiрақ бұл күткендей нәтиже бермедi. Немiс сүңгуiр қайығының шабуылы нәтижесiнде жолаушы таситын “Лузитания” лайнерiнiң суға батуы бейтарап елдерде, әсiресе АҚШ-та, күштi наразылық туғызды. Осы кезде Германия Гаага конвенциясын қылмыстық жолмен бұзып, Ипра маңында химиялық қару – газ қолданды, ал кейiн “иприт” деп аталып кеттi.
Соғысушы одақтастардың өз жақтарына жаңа одақтастар тарту жөнiндегi күресi жалғаса түстi. Италия Антантаның билеушi топтарының соғыстан кейiн Балқаннан территориясын кеңейту жөнiнде берген уәдесiне сенiп, Антантаға қосылуды дұрыс деп тапты. Германия Сербия мен Греция территорияларының бiр бөлiгiн берудi уәде етiп, Болгарияны өз жағына соғысқа тартты.
Верден қырғыны және 1916 жылғы соғыс қимылдары. Верден майданында бүкiл 1916 жылдың барысында (ақпаннан желтоқсанға дейiн) орасан зор шайқас жүрiп жатты. Француздар бас қолбасшысы Ж.Ж.Жоффрдың “Қасық қаның қалғанша шайқас!” деген бұйрығын орындады. Бiр жылда “верден қырғынында” 1 миллионнан аса солдат қаза тапты.
Герман армиясының Верденге қысымын мақсатымен француздар немiстердiң Сомма өзенiнiң жағалауындағы қорғаныс шебiн бұзуға әрекет жасады. Соммадағы шайқас бүкiл күз бойына созылды. Бұл жерде ағылшындар алғаш рет танкiлер қолданды. Бұл болат әзiрейiлдер немiс солдаттарына психологиялық әсер етiп, шабуылдың табыстығын қамтамассыз еткенмен, жалпы стратегиялық жағдай өзгермедi.
1916 жылдың жазында Шығыс майдандағы шабуыл табыстырақ болды. Генерал А.А.Брусиловтың армиясы Галицияда австрия майданының шебiн бұзып өттi. Брусилов шабуылы Австро-Венгрияны әскери талқандамағанмен, ағылшын-француз әскерлерiне Верден түбi мен Соммада табан тiреп тұруға көмектестi.
1916 жылдың соңында Еуропада соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама Антантаға көштi.
Таяу Шығыста ағылшын-француз әскерлерi Түркияға қарсы шабулды өрiстеттi. Германия Африка мен Тынық мұхиттағы барлық отарларынан айырылды. Оларды Ұлыбритания, Франция және Жапония басып алды. Германияның Ұлыбританияға беттеген кез-келген кемелерге шексiз су асты соғысын жариялау туралы торыққанна шыққан шешiмiн осы сәтсiздектермен ғана түсiндiруге болады. 1917 жылы герман сүңгуiр қайықтары 2700-ден астам кеменi суға батырды. Бiрақ шексiз су асты соғысының басталуы Герменияға тағы да бiр жау шығуына алып келдi – 1917 жылдың сәуiрiнде АҚШ Германияға соғыс жариялады.
Соғысушы елдердiң iшкi жағдайлары. Барлық соғысушы елдерде соғыс бүкiл материалдық және адам қорларын жұмылдыруды талап еттi. Үкiметтер халыққа “Барлығы да жеңiс үшiн!” “Барлығы да майдан үшiн!” деген ұран тастады. Соғыс әрекеттерiне жаппай қолдау табу және ұлттық бiрлiкке жету үшiн билеушi топтар коалициялық үкiметтер құрды.
Бiрақ соғысушы елдердiң iшкi саясатының басты белгiсi өндiрiске, тұтынуға, жалпы қоғамға мемлекет тарапынан бақылау мен реттеудi бұрын болып көрмеген жағдайда күшейту болды. Үкiметтер мен өнеркәсiптiк буржуазияның әрекеттерiнiң арасында әскери-мемлекеттiк корпоративтiк капитализм қалыптасты. Шикi затты, материалдарды, адам ресурстарын жұмылдыру мен бөлудi, әскери-техника, қару-жарақтың өндiрiлуiн басқаратын арнайы комитеттер құрылды. Азық-түлiк өндiрiсi төмендедi. Барлық жерлерде азық-түлiк бөлудiң карточкалық жүйесi енгiзiлдi.
Жұмыс күнiн 12 сағатқа, тiптi одан да көп уақытқа ұзартылуы, қанаудың күшеюi және еңбекшiлердiң тұрмыс жағдайларының нашарлауы; екiншi жағынан, корпорациялардың пайдасы мен әскери алып-сатарлардың табысының артуы, коррупция және демогогия соғысушы екi одаққа кiретiн барлық елдерге тән ортақ құбылыстар едi. “Жау бейнесiн” жасай отырып, үкiметтер “жау” елдерден шыққандарды лагерге қамады. Саяси бостандықтар мен құқықтар қатаң шектелдi немесе соғыс кезеңдерiнң заңдары негiзiнде мүлдем жойылды.
Соғыстың бастапқы кезеңiнде көптеген елдердiң үкiметi отанды қорғау ұранымен халықтың көпшiлiгiн соғыс әрекеттерiне қолдау көрсетуiне жетiстi. Соғыстың созылуы мен өмiр сүрудiң қиындығына байланысты халықтың наразылығы күшейiп, олар көптеген ереуiлдер мен соғысқа қарсы шығу әрекеттерiнен көрiнiс тапты. Азаматтық бiтiмге қандай әрекет жасағанымен де қол жетiспедi. Бұл жөнiнен 1917 жыл шешушi болды.
Антантамен Төрттiк одақтың барлық елдерiнде наразылық ереуiлдерi мен соғысқа қарсы толқуларға ұласты, ол армияны да шалды.
Ресейдегi 1917 жылғы революция және Брест бiтiмi. “Жоғарыдағылар” мен патшалық тәртiптiң дағдарысы, бейбiт халық бұқарасы мен солдаттардың жаппай көтерiлiсi 1917 жылы ақпанда патшаның тақтан бас тартуына әкеп соқты. Билiктi қолға алған Уақытша үкiмет соғысты жалғастыра бердi. Елде саяси бостандықтар берiлгенмен, жұмысшылар мен шаруалардың өмiр сүру жағдайын жақсарту мен реформалар жургiзу жөнiндегi талаптар қанағаттандырылмады. Ресейдiң алдында екi жолдың не реформалар жасау мен соғыстан шығу, не революцияны таңдау тұрды.
Уақытша үкiмет ұйымдастырған жазғы шабуыл ойлағандай нәтиже бермедi, керiсiнше, жағдайды шиеленiстiре түстi. Жаңа, 1917 жылы қазандағы болған, революция уақытша үкiметтi құлатты. Билiк Ленин бастаған большевиктердiң қолына көштi. Кеңес үкiметi соғысушы елдердi соғысты тоқтатып, бiтiмге келуге шақырды. Бiрақ бұл олар қабылдамай тастады. Кеңестiк Ресейдi дүниежүзiлiк революцияның тiрегi деп есептеген большевиктер армияның қожырап,
1918 жылдың 3 наурызында кеңес үкiметi әдiлетсiз, тонаушы Брест бiтiмiне қол қойды. Оның шарттарына сәйкес Ресей жерiнiң бiразынан айырылды, ол жер Германияға өттi, орасан көп мөлшерде контрибуция төлендi. Бiрақ бiтiм үшiн кеткен шығын күткендей қорытынды бермедi. Антанта елдерi Кеңестiк Ресейге қарсы интервенция ұымдастырды. Елде азамат соғысы басталды.
Батыс майдандағы 1918 жылғы соғыс қимылдары. Батыс майданда соғыс қимылдары жалғаса бердi. Қантөгiс шайқастар позициялық ұрыстармен алмасып тұрды. 1917 жылдың сәуiрiнде француз қолбасшысы Нивель Аррас пен Рейн маңында 100 аса дивизия, артиллерия, танктер, самолеттер қатысқан күшпен күштi шабуыл ұйымдастырды. Ұрысқа үстi-үстi жаңа дивизиялар салынғанмен, бұл шабуыл немiстердiң шебiн бұза алмады. Бұл көп адам құрбан болған сәтсiз шабуылда француздар “нивель қырғыны” деп атады.
Камбр маңындағы 1917 жылдың қазаңында болған шайқаста ағылшындар тұңғыш рет жаппай танк шабуылын қолданды. Немiстерде соғыс жаңалығын қолданды. Бiрiншi рет жаяу әскер соғысқа жаңа қару миномет оғының астымен кiрiстi. Италия әскерлерi тағы да сәтсiздiкке ұшырады. 1917 жылдың қазаңындағы итальян әскерлерiнiң Капоретта түбiндегi жеңiлiсi Италияда осы уақытқа дейiн Италия тарихындағы “жазылмас жара” және орны толмас апат деп есептелiнедi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетiстiктерi мен жаппай қырып жоюдың құралдары – тез атылған құралдар, пулиметтер, артиллерия, танктер, самолеттер, дережабльдер, бомбалар, тоатқыштар, газар мен уландырушы заттар қолданылады. Сол себептi соғыс барысындағы құрбандардың саны бiрнеше ондаған миллиондап есептеледi.
Төрттiк одақтың жеңiлуi. Революциялар. Уақытша бiтiм. Германияның әскери басшылығының 1918 жылдың көктемi мен жазында Марна өзенiнде күштi шабуыл операциясын жасау арқылы тiкелей Парижге шығу, сөйтiп соғыс барысында өзiне пайдалы өзгерiстер жасауды көздеген жанталасқан әрекеттерi және Амьен түбiндегi сәтсiз шабуыл елдiң материалдық және адам резервтерiн түпкiлiктi сарықты. Германияда бұл шайқастарда 800 мыңнан астам солдаттарынан айырылды. Антанта күштерi АҚШ соғысқа кiрiскеннен кейiн Германия мен оның одақтастарының күштерiнен әлдеқайда артық болды. АҚШ соғыс қимылдарының Еуропа таетрларына бiнеше жүз мың әскер жiбердi, бұл күштер соғыстан шыққан Ресей күштерiнiң орнын жапты.
Германия және онымен одақтағы әрiптестерiнiң жеңiлетiндiгi айдан анық болды. Қыркүйекте Антанта әскерлерiнiң шабуылы басталды. Герман майданы бұзылды. Одақтастары да соғыстан шықты. Қыркүйекте Болгария, қазанда Осман империясы уақытша бiтiмге қол қойды.
1918 жылдың 5 қазаңында Германия үкiметi американ президентi Вудро Вильсонға 1918 жылдың қаңтарында бейбiтшiлiк бағдарламасы ретiнде Вильсон ұсынған “14 пунктың” негiзiнде уақытша келiсiмге қол қоюға өтiнiш бiлдiрдi.
Вильсонның бағдарламасы Кеңестiк Ресейде қабылданған бiтiм туралы декретке және көптеген елдердегi соғысты тоқтату туралы талаптарға жауап ретiнде жариялаған болатын. Ол большевиктердiң империалистiк соғысты азаматтық соғысқа айналдыру туралы үндеулерiне қарсы бағытталды. Бұл бағдарламада бiтiм туралы ашық келiссөздер жүргiзу, суда жүзу мен сауда жүргiзу еркiндiгi, қару-жарақты қысқарту, Германияның барлық басып алған жерлерiн азат етуi, қираған империяның қарамақтарында болып келген кейбiр елдерге тәуелсiздiк беру, бейбiтшiлiктi сақтап тұратын халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құру көзделген болатын.
1918 жылы қарашада Германияда революция басталды. Монархия құлатылды, Вильгельм II елден қашты. 9 қарашада Германия Республика болып жарияланды.
Революциялық дағдарыс Австро-Венгрияны да қамтыды, небәрi санаулы күндердiң iшiнде империя құлады. Революцияның барысында екi елде де монархия құлатылды. Тас-талқаны шыққан империя көлемiнде бiнеше мемлекет шаңырақ көтердi: Чехословакия (бұрын жарияланған Чехия мен Словакия республикалары бiрiктi. Себтердiң, хорваттардың және словендердiң корольдiгi). Осман империясының ыдырауы тездедi, Түркияда революция басталды.
1918 жылдың 11 қарашасында таңертеңгi сағат 11-де Компьен орманында Ретонд станциясында тұрған француз маршалы Форштың штабтық соғыс вагонында Германияның жаңа республикалық үкiметiнiң өкiлдерi тiзе бүгу туралы құжатқа қол қойды. 1918 жылдың қарашасында кеңес үкiметi Брест бiтiмiн жаратпай тастады.Германияның тiзе бүгуi туралы құжаттан:”…6 сағат iшiнде құрлықта және әуеде соғыс қимылдарын тоқтату … басып алған елдерден: Бельгиядан, Франциядан, Люксенбургтан және
Эльзас-Лотарингиядан 15 күн кешiкпей кету, соғыс қимылдарын тапсыру, соғыс кемелерiн тұтқындау және т.б.
Бiрiншi дүниежүжiлiк соғыстың қорытындалары. Бiрiншi дүниежүжiлiк соғыс Еуропа өркениетiнiң терең дағдарысқа ұшырағандығының көрiнiсi болды. Ресей, Германия, Австро-Венгрия және Осман империясының күйреулерi; революциялар барысында жаңа мемлекеттердiң құрылуы, көптеген елдердегi әлеуметтiк сiлкiнiстер – мiне, адамзаттың бұрын көрмеген қайғы-қасiретке, аштық пен жалаңаштыққа душар еттi, барлық елдiң экономикасын күйзелттi. Бiрiншi дүниежүжiлiк соғыс көлемi жағынан бұрынғы соғыстардың бәрiнен де асып түстi. Алғаш ол 732 миллион халқы бар еуропалық 8 мемлекеттiң арасында басталса, соғыстың аяғына таман 1,5 милиардтан астам халқы бар (жер шары халқының 87 %) 38 мемлекетi қамтыды. Майданның жалпы шебi 3000 километрге жеттi. Соғысыушы мемлекеттердiң тек соғыс шығыны 208 милиард доллар болды. Соғыс кезiнде мобилизацияланған 73,515 мың адамның (Антанта 48,355 мың, герман коалициясы -–25,160 мың) 10 мыңға жуығы опат болды. 20 миллионнан астам жараланды, 10 миллионға жуығы iндет пен аштықтан өлдi. Теңiздерде 6 мыңдай сауда кемесi, 630-ға жуық әскери корабль, 1 мыңнан астам көмекшi кемелер жойылды. Мыңдаған қалалармен селолар, тұрғын үйлер мен мәдениет, оқу, денсаулық ошақтары, кәсiпорындар мен мекемелер қиратылып, көптеген ауыл шаруашылық жерлер қаңырап бос қалды, миллиондаған адамдар баспанасынан, мал-мүлкiнен айырылып, азаматтықтарын және кәсiби мамандықтарын жоғалтып, жұмыссыз қалды, азутозғынға ұшырады. Соғыстың моральдiк және әлеуметтiк зардаптарын ешбiр өлшеп, мөлшерлеу мүлдам мүмкiн емес.
1919 жылы 28 маусымда Версальда бiрiншi дүниежүжiлiк соғыстың аяқталғаны жөнiнде Германиямен Версаль бiтiм шартына қол қойылды. Германиядан едәуiр жер бөлiнiп алынып, көршi мемлекеттерге берiлдi. Германияның барлық отарын жеңiскер iрi мемлекеттер өзара бөлiсiп алды. Кеiн әр мезгiлде соғысқа қатысушы басқа да мемлекеттермен бiтiм шартына қол қойылды. Жеңiлген елдер, әсiресе
Түркия едәуiр жерiнен айырылды. Авсро-Венгриядан Австрия, Венгрия, Чехословакия сияқты дербес мемлекеттер бөлiнiп шықты. Авсро-Венгрия жерiнiң бiр бөлiгi қайта құралған Польша мен Югославия мемлекеттерiнiң құрамына кiрдi.