Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлының өмірі

Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы (25.03.1866, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-а-27.09.1937, Мәскеу) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметтің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед — Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. Ол осы жылы «Халық бостандығы» (коститутциялық – демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 жылы оның округі құрамына енді. Бөкейханов конститутциялық – демократиялық партияның Қазақстанда бөлімшесін ашуға ынта білдірді. 1906 жылы маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов бірінші мемлекеттік думаға Семей облысының қазақтары атынын депутат болып сайланды. Бірақ, ол бірінші мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмаы. Өйткені Бөкейханов думада өз жұмысын бастаған кезде дала генерал – губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып, Санкт – Петербуергке жеткенде дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Бөкейхановта солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт – Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен үш айға Семей түрмесіне жабылды.1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газетінде 1908 жылы Петербургте жарық көрген меншевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттеріде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909-1917 ж Дон егішілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912-1917 ж кадеттер партиясы ОК-нің мүшесі болды. XX-ғ басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірін де «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда мемлекеттік думадағы мұсылман Фракциясының ұйымдастырылуымен шақырылған бүкіл Ресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциысы бюросының тұрақты мүшесі болды.Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынған қазақ, қырғыз, өзбек, т.б ел азаматтарына қажетті түрлі көмек көрсету ісіне башылық жасады. Осы мақсатта 1917 жылы 15 ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан ашылған брантаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917 жылы 20 наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы камиссары және Түркістан к-тінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкеханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ болатын. Ұлттық мемлекет құру Бөкейхановтың түпкі мақсаты болды. Ол Уақытша үкіметке, сондай-ақ кадет партиясына үлкен үмітпен қарады. Бірақ оның бұл үмітінің негізсіз екндігін көп ұзамай уақыттың өзі көрсетіп береді. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді. Оның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде бірінші жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы құрылды. Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. Г.Н.Потанин бастаған Сібір автономияшыларымен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиіленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Міне осындай жағдайда Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен ұйымдастыру бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе- кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ қазақтары мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерінің роталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918-1919 жылдары Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысты, кеңес билігін қолдаған қазақтарды жазалады. Кеңес өкіметі 1919-1920 жылдарындағы Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешіріммен кейігі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 жылы Қазақ АКСР-ы Егіншілік халық комиссиярияты коллегиясының мүшесі, 1922 жылы ұлттар істері жөніндегі халық комиссиярияты(Мәскеу) жанындағы Орт. Баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 жылдары Ресей ҒА –ның ғылыми қызметкері болды. Өкінішке орай Сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ зиалыларына, оның ішінде Бөкейхановқа Сенімсіздік тантты, қоғамдық қызметін теріс бағалап, шектеп отырды. 1925 жылы Қазақстандағы саяси билікке Ф.Галощекин келгеннен кейін жүргізілген оның қоныс аударушыларға кең жол ашу саясатына жол бермеу үшін қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО ҒА жанынан профессор С.П.Швецов бастаған экспедицияны құру ісіне белсене араласып,оның құрамына өзі де енді. Қазақстанда қонысаударушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдарымен ұсыныстары Ф.Галощекинге және орталық мемлекеттерге ұнай қойған жоқ. 1926 жылы Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы орындардың рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алдыда, кейін қайтарып, Бутырка абақтысына жабылды. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болды. Зорлықшыл биліктің бұл қоқан – лоқысы күресте қайраткерлердің жүрегін шайлықтыра алған жоқ еді. Келесі 1927 жылғы одақтың Егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді әшкерелеп сынға алды. Бөкейханов 1927 жылдың 1- ші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс боды. Үкімет орындарының, жеке адамдардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 және 1930 жылдары екі мәрте Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Бөкейхановты бір-ақ рет шақырып түсінік алумен шектелді. ОГПУ орындарының Бөкейхановты да қамап қоймай, сырт қалдырып қойуын шамалылап түсінуге болады. Өйткені Бөкейхановты тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтап алудан қаймықты. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО жоғарғы соты әскери коллегиясының негізгі үкімі бойынша ату жазасына кесілген. Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақты сөзінде « Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді.

1989 жылы 14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.

Қазақстан ұлттық

Энциклопедиясынан

алынған(1999ж.)