Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1.1 Жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс
1.2 Мүгедектік әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде
1.3 Қараусыз қалған балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
1.4 Жастар арасындағы девианттық мінез құлықтың ең қауіпті нысаны
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоғамда қандай да бір объектіні зерттеу қажеттілігі туғанда ол белгілі бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке жеке зерттеуді қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдына қоятын әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік жұмыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу пәні болып қалыптасуы қарқынды жүріп жатқан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзқарастар бар. Бірақ барлық авторлар (шет елдік те, отандық та) әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әр түрлі адамдар тобын жатқызады.
«Әлеуметтік жұмыстар» адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылығы мен алдындағы борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет ететін бұл әлеуметтік жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар сонымен бірге, адамның қоғам қолайсыздықтарына икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып баратын іс шаралар бірлігі.
Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстар ыкелесі салаларға бөлінген: ортасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір, есі ауысқандармен жұмыс, кәсіптік дайындық, кәрілер мен жетімдерге қамқорлық, сауат ашу мен білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері
1.1 Жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс
Қазіргі кезең әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтер үшін жаңа посткеңістікте пайда болған адамдардың санаты адамдарға ерекше назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік жұмыстың бұл бағытының көкейкестілігі бірнеше жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден, барлық ТМД елдері сияқты Қазақстан үшін жұмыссыздық құбылысының жаңа әлеуметтік экономикалық феномен екендігі. Екіншіден, адамдардың нарығындағы жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Үшіншіден, жұмыссыздық жағдайында қалған адамдардың әлеуметтік экономикалық сезінулерінің ерекшеліктері.
Жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде бұл еңбекке қабілетті және еңбек еткісі келетін халықтың қоғамдық өндіріске тартылмауы. Бұл ең алдымен нарық экономикасының феномені, бірақ мәні жағынан сол қоғамның экономикасының, саясаттың, идеологиясының, моралінің өзіндік қосындысы.
Жұмыссыздық, оның ауқымы, ұзақтығы қоғам дамуының өзіндік белгісі. Оған деген әлеуметтік экономикалық құбылыс ретіндегі қатынас уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. 20-асырдың басында жұмыссыздықтың әлемдік аумағы аса жоғары болғанда, оны ұзақ уақыт бойы әлеуметтік кесір деп есептеп, онымен барлық күшті әдістерді қолдану арқылы, соның ішінде мемлекеттік реттеу әдістерін қолдану арқылы күресу керек делініп келді. 20 ортасында әлеуметтік еңбек қатынастары мен қоғамды әлеуметтік бағдардағы нарық экономикасы жағдайындағы құрудың әрі қарай дамуына байланысты, жұмыссыздыққа деген жаңа көзқарас қалыптасты. 20 ол уақытша сипаттағы мемлекет үшін еш қауіпті проблема туғызбайтын әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылды. Қазіргі уақытта көптегне экономистердің пікірінше, жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық санат бола отырып, қысқа уақытты, ұзақ уақытты және тоқыраулы болады екен.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі жұмыссыздық еліміздің дамуының өтпелі кезеңіндегі нарықтық қатынастардың қалыптасуы процесінде, жоспарлы экономика жағдайында жұмыс күшінің дәстүрлі тапшылығын алмастырумен байланысты еңбек нарығындағы нормалардың өзгеруінен пайда болатын құбылыс. Республикадағы жұмыссыздықтың объективтік себептеріне:
- өндірістердің қысқаруы мен жабылуына байланысты туындаған экономикалық дағдарыс;
- бұрынғы мамандандырылған жұмыс күшінің нарықтық талаптарға сәйкес келмеуі.
Республикадағы тіркелген жұмыссыздықтың динамикасы туралы мәліметтерді мынадан көруге болады:
1991-1999 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
Жылдар | 1991 | 1992 | 1993 | 1994 | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 |
Тіркелген жұмыссыздардың саны, жүз адамға шаққанда | 4,0 | 33,7 | 0,5 | 70,1 | 39,6 | 282,4 | 257,5 | 259,0 | 251,4 |
Жұмыссыздық деңгейі | 0,05 | 0,4 | 0,6 | 1,1 | 2,1 | 4,2 | 3,8 | 3,8 | 3,6 |
Бұл мәліметтер мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтеріне жұмыс іздеп және жұмыссыз ретінде тіркелуге келгендерді ғана қамтиды. Жұмыссыздықтың негізгі деңгейі әлдеқайда жоғары. Кейбір эксперттердің ойынша, ол 20 пайызды құрайды екен. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының мәліметтеріне қарағанда, жұмыссыздар саны 1 млн. адамға жуық екен.
Біздің еліміздегі жұмыссыздық проблемасына шынайы баға беру, біріншіден, циклдық жұмыссыздықтың жоғары деңгейде, ал жартылай құрылымдық жұмыссыздықтың бар екенін мойындауды қажет етсе, екіншіден, оны реттеу үшін және оны азайту үшін арнаулы шаралар қолдану керектігін сезінуді қажет етеді. Мұндағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың қағидасы жұмыссыздық кезіндегі оларды материалдық жағынан қамтамасыз етуді ғана емес, ең бастысы жаңа жұмыс орындары мен қолданыстағы жұмыс орындарын жаңарту, жұмысынан айырылған тұлғалардың кәсіптік жарамдығын қамтамасыз ету, олардың жұмыс күшін еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік тудыра алатын сұранысқа жеткізу процестерін белсендіру үшін экономикалық жағдайлар қалыптастырудан тұруы керек.
1.2 Мүгедектік әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде
Мүгедектер проблемасы қазіргі заманның аса өткір әлеуметтік проблемаларының бірі. Оның ауқымын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері былайша келтіреді: 500 милионнан астам адам, яғни Жер жүзіндегі халықтардың 10 пайызы қандай да бір мүгедектіктің нысанына ие екен, көптеген елдерде ең аз дегенде он адамның біреуі физикалық, ақыл ой немесе сенсорлық кемшілікпен азап шегеді екен. Қазақстанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері бойынша 2001 жылы 370 мың мүгедек тіркелген, оның 50 мыңы жасы 16-ға толмаған балалар болса, 60 мың мүгедек туа біткен мүгедектер екен. Ал республикалық медико-әлеуметтік эксперттік комиссияның мамандарының пікірінше мүгедектердің шынайы санй бұдан да көп. Қазақстандағы жыл сайынғы мүгедектер санының өсуі пайызынан да асып кетеді: жыл сайын 50 мыңнан астам адам мүгедек болса, олардың еңбекке қабілетті жастағылары 30 мыңнан астам. Жалпы еліміздің халқының мүгедектерінің жасару процесі байқалып отыр: 1995 жылы 1994 жылмен салыстырғанда 40 жасқа дейінгі жұмысқа жарамды мүгедектерінің саны 1,1 пайызға өскен.
Мүгедектер халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған санатына жатады. Олардың табыстары орташа есептен әлдеқайда төмен де, медициналық және әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктері әлдеқайда жоғары. Мүгедектерге еңбек нарығында дене дамуы жағынан толыққанды адамдармен теңбе тең бәсекеге түсуі мүмкін емес, жұмыссыздық өсіп тұрған кезде олардың қоғамдық өндіріске қатысу барынша қысқарады. Қамқорлығында мүгедегі бар отбасылары мен туыстары әдетте барынша материалдық және психологиялық қиындықтарды бастан кешіреді.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 21 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңында мүгедек немесе ақыл ойының кемшіліктері негізінде тіршілік әрекеттерін орындауға шектелген тұлға ретінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет етеді делінген. Тұлғаның тіршілік әрекетінің шектелуі оның толықтай немесе жартылай өзіне қызмет көрсетуге, қозғалуға, бағдарлауына, қарым қатынасына, өз мінез құлқына бақылау жасауға, сондай ақ еңбекпен айналысуға қабілеттерін немесе мүмкіндіктерін жоғалтудан көрінеді. Тұлғаны мүгедек деп мойындау заңда көрсетілген, оны соған өкілетті мемлекеттік органдар бекітілген ережеде жүзеге асырады.
Мүгедектердің құқығын қорғау, мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерге оларды әрекеттіктің кез келген салаларында қабілеттіктерін дамытуға көмек көрсету, қоғамдық өмірге қатысуына көмектесу салаларының жалпы негізі мен басшылық етуіне БҰҰ мүгедектер құқығы туралы Декларациясы жатады, сонда көрсетілгендей мүгедектер шыққан тегіне, мінезі мен зақымдылығының күрделілігіне немесе кемістіктеріне қарамастан, сол жастағы азаматтар сияқты адамдық абыройының құрметтелуіне құқығы бар, яғни бірінші кезекте қалыпты және толыққанды болуға тиіс өз өмірін қанағаттандыруға құқығы бар.
Мүгедектердің қоғамдағы жағдайын сипаттайтын негізгі әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік демографиялық көрсеткіштерге мыналар жатады: еңбек әрекетіне және қоғамдық өмірге қатысу, еңбек ақысы мен зейнет ақысының мөлшері, тұрған үй жағдайы, отбасылық мәртебесі, білімі.
1.3 Қараусыз қалған балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық- кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар- педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлерді денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп- ата анасынан (немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүрумен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік экономикалық әл ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.
Қараусыздық пен қаңғыбастық баланың, жасөспірімдердің, жас адамдардың жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:
- алғашқы қоғамдық ырғақтан (оқу, еңбек) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды: себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, «бомждардың» көпшілігінің білімі орта және арнаулы орта.
- қылмыс үшін және қосымша криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85 пайызы қараусыз қалғандар мен 35 пайызы «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, ауыр қылмыстардың қатысушылары.
- әлеуметтік түпте жатқан өкілдердің антисанитариялық жағдайларда өмір сүруінен олар көбіне әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және қаңғыбас жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды үш кезеңге бөлуге болады:
- баланы қаңғыбастық жолға итермелейтін отбасындағы әлауқатсыздық белгілері байқалған кезден бастап отбасымен жұмыс.
- қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жұмыс.
- бұрынғы қараусыз қалғандармен оллардың қайтадан бейімделуімен жұмыс.
Әлеуметтік қызметтердің бірінші кезеңде табысты жұмыс жүргізуі одан кейінгі екі кезеңде жүргізетін әлеуметтік жұмыстар ауқымын азайтып, бұл құбылыстың көлемін азайтатыны сөзсіз.
Қоғамдағы жалпы әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлауы кейбір отбасыларына өз балаларына толықтай жағдай жасауды қамтамасыз етуге кедергі жасайды. әсіресе өз балалары үшін жауапкершілікті ала алмайтын немесе алудан бас тарқан отбасыларда жағдай мүлдем күрделі.
Сонымен әлеуметтік жағынан қараусыз қалған балалардың қиын кезінде реабилитациялық мекеменің онымен байланысқа түсіп, жаңа ортаға, жаңа қатынастар жүйесіне бейімделуі үшін мыналар қажет: жақсы тұрмысты қамтамасыз ететін, білім алуға және еңбек етуге тартуға қайтадан оралуға мүмкіндік жасаудың жағдайлар кешені, медико психологиялық тексеруден және қалпына келтіруден өткізу, жеке патронаж.
1.4 Жастар арасындағы девианттық мінез құлықтың ең қауіпті нысаны
Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез – құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі.
Нашақорландыру – есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті заттарды қолдануға тарту. Нашақорландыру салдары нашақорлыққа әкеліп соғады. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының анықтауынша – бұл организмге есіркіні, яғни өсімдік тектес немесе синтетикалық заттарды бірнеше рет енгізу арқылы ауық – ауық немесе созылмалы түрде уландыру жағдайы, ол организмнің қалыпты қызметін өзгертеді, ал көп қолданған жағдайда оны психикалық немесе физикалық тәуелділікке әкеп соғады. Есірткілікке тәуелділіктің белгілері:
- Ерік күшін жеңе алмай, әрі қарайғы қабылдау қажеттілігі (тәуелділіктің дағдыланудан айырмашылығы);
- Жақсы эмоцияларды есірткісіз бастан өткізудің мүмкін еместігі;
- Абстиненттік синдром («ломка»), яғни организмнің есірткі физиологиялық тәуелділігі (барлық есірткі заттарына тән емес);
Шынайы өмірде нашақорландыру мен нашақорлық бір – бірімен өзара байланысты және жинақтала келіп жеке адамға және бүтіндей қоғамға үлкен зиян келтіреді.
Нашақорландыру-есірткілерді тарату прцесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті (есіркілік, таксикоманиялық) заттарды қолдануға тарату. Нашақорландырудың әлеуметтік салдары өте ауыр. Нашақорлар қоғамдық өмірден – еңбектен, саясаттан, отбасынан және т.б алшақтайды, ол жеке бастың дене, әлеуметтік декларациясы кесірінен болады. Есірткілерге құлша тәуелді болу оларды аморальдық қылықтарды, қылмыстардыжасауға итермелейді. Есірткілерді шектен тыс қабылдау өлімнің өсуіне , соматикалық және психикалық аурулардың дамуына әкеп соғады. Нашақорлық жас ұрпаққа кері әсер етеді: балалар күрделі дене және психикалық ауытқуларымен туады, ол өз кезегінде отбасының айырылысып, елдің генофондына қауіп төндіреді.
Қазіргі уақыттағы нашакорландыру ұлттық қауіпсіздікке келтірілетін қауіп ретінде қарастырылып отыруы тегін емес, ал есірткіні қабылдау деңгейі, егер оны халықтың 5 % қабылдай бастаса, ол ұлттың генофонына келетін зардап болып есептеледі
Жастардың девиаттық мінез – құлығының осы түрімен кәсіби түрде айналысатын әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагог үшін нашақорландыру мен нашақорлық туралы жалпы біліп қана қою жеткіліксіз. Жастарды есірткіге апаратын ерекше себептерді де білу өте маңызды.
Есірткіге әуестіктің себебіне әр алуан жағдайларға: тұрмыстың жоқтығы; осы жағдайларды өзін көрсете алмау (жұмыстағы, оқудағы, шығармашылық немесе жеке өмірдегі келеңсіздіктер); жастарға бос уақытты өткізуде ең қажетті мүмкіндіктерді беретін әлеуметтік – мәдени салалардағы кемшіліктер; әлеуметтік әділетсіздіктер; адамдардан көңіл қалуға байланысты өмірге қанағаттанбау жатады.
Жастарды нашақорландырудың өзіне тән ерекшелігіне нашақорлардың тобын, бірлестігін қалыптастыру болып табылады. Олардың пайда болуы есірткілерді табу және қолданудың ерекше жағдайларына байланысты. Есірткілерді табу қиындығы мен оған төлейтін қаржыны табу қиындығына ұшыраған нашақор өзін алғаш бұған еліктіргендердің қасында жүруге және оған өз қоршағандарын да тәуелдеуге мәжбүр болады. Қазақстанда жүргізген зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай «Сені кім алғаш рет есірткі қабылдауды ұсынды, кімнен ең бірінші порцияны алдыңыз?» деген сұраққа сұранған нашақорлардың 53% өз достарын, жолдастарын, жақындары мен таныстарын көрсеткен, 26% -өзінің сыныптастарын және курстастарын көрсеткен, 11% ғана кездейсоқ адамдарды көрсеткен; сұранған нашақорлардың 57% оны жолдастарының. Таныстарының үйлерінде қабылдағанды жөн көреді екен.
Есірткі заттарды қолданатын жасөспірімдер мен жастар біраз уақыттан кейін белгілі-бір әлеуметтік топтарға айналады да, криминалдық мінез-құлықты ортаны толтырады. Олар есірткіні сақтау және өткізу, оларды дайындауға байланысты қылмыстарға қатысушылар болды.
Өскелең ұрпақты нашақорландыру процесі қоғам мен мемлекет тарапынан, соның ішінде әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік педагогтардың адекватты жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Нашақорлыққа қарсы шараларды келесідей бөлуге болады:
- Алдын –алу, ескерту;
- Емдік – реабилитациялық;
- Ұйымдастырушылық – басқарушылық;
- Заңды.
Нашақорлықтың алдын – алу бүгіндері тереңінен бойлап кеткен бірқатар теріс ұғымдармен кездесіп отыр.
Олардың біріншісі: егер баланы есірткінің зияны туралы қатты қорқытып тастаса, ол оны пайдалануға батылы бармайды. Мұндай қорқыту тиімсіздеу, тіпті бос сөз. Өйткені балаларда әлі де болса болашақты болжау туралы қалыптаспаған, дені сау немесе аз ауырған балалар аурудың не екенін білмейді және одан қорықпайды. Ауру мен өлім туралы қорқытуға жасөспірімнің қорғаныш механизмі бар: «менімен бұл ешқашан болмайды», «бұл менімен бүгін, не ертең болайын деп жатқан жоқ, әрі қарай не болатынын көрерміз», «әдетте үлкендер өсіріп айтады» және т.б.
Екіншісі теріс ұғым: балармен және жасөспірімдермен жұмыс істегенде есірткі туралы үндемеген дұрыс, өйткені ол турал білу олардың тартып көруге, эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын оятады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай үндемей қалу ешқашан да проблеманы шешпейді, ол тек жауапкершілікті баланың өзіне артады да, оңтайлы жағдай туғанда оған өз бетімен әрекет етуге бостандық береді.
Үшінші теріс ұғым есіркі жеңуге келмейтін, қатерлі күш, ол кез – келгенді тәуелдеп алады деген. Бұл пікір аурудан шығудың жолы жоқ, ешкім көмектесе алмайды деген душар болу сезімін бетіте түседі.
Нашақорлықтың алдын – алу және нашақорлықтан емдеу салаларындағы әлеуметтік педагог пен әлеуметтік педагогтың әрекеттері қатал заң шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
Бұл саладағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына 1998 жылы шілдеде қабылданған «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымға түсуі мен шектен тыс қолданылуына қарсы шаралар туралы» Заңы мен басқа да нормативтік, құқықтық актілер, сондай – ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім – шарттар жатады.
Ұйымдастыра отырып басқаруды қамтамасыз ету жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы әлеуметтік жұмыстың бағыты ретінде мыналар тұрады:
- Жастардың салауатты өмір салтының бағдарламаларын құру және енгізу, оның негізіне жастардың сеніміне ие болудың нашақорландырудың зияндығы туралы ақпараттар беру жатса, мақсатына жастар арыснда әлеуметтік тиімді және жас адамның өзін-өзі көрсетте алу мүмкіндігін туғызатын өмір салтының стильдері мен модельдерін қалыптастыру болып табылады;
- Жастарды нашақорландыру проблемаларын зерттеуде және шешуде кешенді тәртіп аралық тәсілді жүзеге асыру. Жастарды нашақорландырудың алдын алу мен оны жеңуге қатысы бар барлық: құқық қорғау, психологиялық, медициналық құрылымдарының күштерін біріктіру;
- Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықпен күресудің профилактикалық және реабилитациялық кезеңдерінде әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құрылымдардың, жастарды әлеуметтік қолдау
Қорытынды
Сонымен, әлеуметтік жұмыстың мәнінің өзі қайғыға ұшыраған, әлеуметтік, психологиялық, адамгершілік сияқты әртүрлі проблемалары бар адамдарға қолдау көрсетіп, қорғауды талап етуден тұрады.
Мұндай адамдармен жұмыс істей отырып, әлеуметтік педагог жеке басының ғана емес, кәсіптікке айналатын: жанашырлық, бірге күйзелу, қайғыра білу сияқты белгілі – бір қасиеттерге ие болуы керек.
Бірақ, біз әлеуметтік педагогтың тағы бір қасиетіне – оптимизмге назар аударуымыз керек, себебі, өз қарамағындағыны тауқіметінен “ шығарып алып”, қалыпты өмірге “алып келе” алмаса, бұл мамандықтың мәні жоқ.
Жастармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагог үшін бұл қасиет өте маңызды, себебі ол болашаққа ұмтылған, жас ұрпақтың өкілдерімен жұмыс істейді ғой.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің бір еңбегінде былай деген еді: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп, өркендеп келеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз де онымен бірге өсіп келеді. Олар жақсы білімді, тамаша денсаулықтары бар, өз ұрпағының жауапты және қажырлы өкілдері болады. Олар аталар мұрасын сақтай отырып, нарық экономикасы жағдайында жұмыс істеуге дайын болады. Олар қазақ тілін де, орыс тілін де, ағылшын тілін де бірдей білетін болады. Олар өздерінің бейбіт өмір сүрген, гүлденген, жедел дамыған, бүкіл әлемге белгілі және құрметті елдің болашақ патриоттары болады”
Қазақстандық осындай жастардың қалыптасуы үшін республиканың әлеуметтік педагогтарының еңбектері маңызды рөл атқарады.
Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекте тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі мен біріздіглігі, талаптар бірлігі, бала тұлғасына ілтипат пен құрмет-бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтың жетекші бастамалары жүйесін құрайды. Бұл принциптердің қадағалануы баланы табиғи жағдайға қояды, яғни оның дағдылары ортада өсіп жетілуін, туған тілінде оқып, мәдени, тарихи, рухани ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптар арқылы тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. Бұл халықтық тәрбиеніңжәне оның құрамды бөлігі-отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсаты, мазмұнын және ұйымдастыру әдістемесін анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев “ Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар” – Астана 2005 ж.
- А.Н.Агафонов, К.Н. Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная. Социальная работа:теория и технологии.
- В.И.Курбатов. Социальная работа: учебное пособие. Москва-2007