Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы ролін көрсетеді. О.Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама адамзаттың ақыл ойының дамуы жатыр.
О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал бақылаушы өзіне тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі-ол эксперимент. О.Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жасанды жағдайда әлеуметтік процестердің, құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша, әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі-салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстыруда қолданады.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Оның әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) әлеуметтік эволюция идеясы.
Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің , игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкелді. Олар: 1) Қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу болды.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала , СПБ, 1897; Основание социологий, СПБ1906 г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.
Спенсердің әлеуметтік көзқарасы. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері» , «Биология негіздері», «Психологиялық негіздері» , «Әлеуметтану негіздері» деген еңбектерінде баяндады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы «Әмбебап эволюция заңы» деп аталды. Бұл заң бойынша Спенсер қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жан-жақты білу қажет екендігін атап көрсетті. Еркін және ішкі себептердің пайда болуы әлеуметтік эволюциялық жетістігінне жетуінің бірден-бір шартты мелекетік қызметіне қатаң шек қою болып табылады деп көрсетті. Мемлекеттің негізгі міндеті деп қоғамда құқықтың жүзеге асырылуы және еркіндік тиімділігі заңының сақталуын қамтамасыз ету. Ал Спенсердің қоғамды организм ретінде түсінуі әлеуметтік дамуда туындаған. Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің ойын шектеуді тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру туралы қамқорлығынанда бас тартуды ұсынды. Спенсердің пікірінше кез-келген қоғам дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде баталып жүреді деді.
1)жүйе : сүйемелдеуші жүйе (материалдық жағынан қамтамасыз ету).
2)жүйе: бөлуші жүйе-еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеметтік органнан, әртүрлі бөлімдерінің байланысын қамтамасыз етеді.
3)жүйе : реттеуші жүйе-бұл қоғамның құрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып мемлекет тарапынан оның дамуын реттеп отырады.
Спенсер қоғам ерекше бөлімдерден, яғни «органдардан» тұрады дейді. Бұл бөлімдер немесе мекмелер болып табылады. Мекемелердің алты түрі бар: салт-дәсүр, саясат, мешіт, кәсіби-мамандық, өнеркәсіп және үй іші жабдықтары.
Әлеуметтаудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж. ж.). Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі-әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырады, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген.
Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті — әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э.Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам дамуының ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э.Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығы төмен, аномия (яғни қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиетін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Дюркгеймнің пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыда басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың іс әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен ол әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің төрт типін анықтап берді, олар: эгоисттік, альтуристтік, экономикалық және фатолисттік. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды.
Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып ол діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің , қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
Маркс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы.Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады.Оның әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды.Ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып,адам іс-әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.
М.Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік –тарихи құбылыстарының субьективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек.Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.
Вебер әлеуметтануының тағы бір әдіснамалық ерекшелігі жасаған идеал типтер тұжырымдамасы болып табылады.
Әлеуметтік танымдағы ортақ нәрсені логикалық бөлшектеумен және обьективизмді ұстанушылармен пікірталасқа түсе отырып, Вебер дәлме-дәл ұғымдық пайымдау адамдардың іс-әрекетіне жауап бермейді және мәдениет туралы ғылым ұғымдарының қажетінше идеалді-типтік табиғаты болады деп тұжырымдады.Идеалды типтер ортақ, түр қасиетін білдіретін қарапайым ұғымдардан, ең алдымен өзінің құрылу әдісі бойынша ерекшелінеді: олар өмірдегі бір нәрсені мадақтап, сол арқылы белгілі процестер мен құбылыстардың керемет ой болжамына айналады.
Идеалды типтер бір жағынан шындықтың іс-жүзіндегі сан алуандығын жеңілдетеді.Мұның себебі – олар тікелей бақыланып отырған шындықтың сараптауға құнды болып есептелінетін элементтерін ажырату және оларды логикалық байланысты, идеалды ойша бейнеге біріктіру арқылы қалыптасады.
Вебердің пікірінше, бірдей тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі идеалды типтер қалыптасуы мүмкін.Идеалды типтік жобаның дұрыстығының бірден-бір өлшемі оның ішкі логикплық қайшылықсыздығы болып табылыды.
Идеалды тип дегеніміз, ол обьективтік эмпирикалық шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой-пікірінің жемісінің теориялық құрылымы. Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі.Идеаоды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдар. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.
М.Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның «түсіну әлеуметтану» ілімінің негізі болып есептеледі.Ол іс-әрекеттің, қимылдың басқа басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету дейді.Мұнсыз қандай да болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды.М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады,ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға әкеледі.Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдылығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.
« Протестанттық этика және капитализм рухы » деген еңбегінде М.Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс-әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты.
М.Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне,қадіріне және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді,олардың арасындағы дау-дамайды, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол сонымен қатар Маркстің пролетариат диктатурусы туралы ілімін өткір сынға алды.
Оның пікірінше, еуропалық өркениеттің даму процесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда) күшеюі байқалады.Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылыктың ықпалын зерттеу оның «Протестантская этика и дух капитализма» атты еңбегінде негізгі тақырып ретінде қаралған.Бұл еңбегінде М.Вебер капитализмнің пайда болуына тек экономика алғышарттары емес, сонымен бірге әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестанттық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыптылықпен қарауды, ықыластылықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді.Мұның өзі капиталистік кәсіпкерліктердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыптасуының қажетті алғышарттары да болды.
М.Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға да үлкен үлес қосты.Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті 3 түрге бөлді: 1)харизматикалық ; 2)дәстүрлік; 3)бюрократтық. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал, бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы.Осыдан барып «бюрократизм» деген ұнамсыз ұғым пайда болды.Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу.Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтық кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.
Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылыгы тілге тиек етіп отыр.Легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындау болып табылады.Мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет.Екіншіден, билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің 3 түрін көрсетті: 1) харизматикалық легитимдік;
2) әдет-ғұрып легитимдік;
3) ақыл-парасат, құқық легитимдік.
М.Вебер әлеуметтік стратификация теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана емес, сонымен бірге оған саяси және статус, престиж, өлшемдері қолданылады.Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.