Әл – Фараби «Бабыр – наме» прозалық шығармасы

Жоспар

  1. Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
  2. Астрономия және геометрия саласында ашқан жаңалықтары.
  3. Философиядағы орны.
  4. Қайырлы қала.

Сыр бойы әдебиеті

Әл-Фараби

Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. «Мұсылман мәдениеті» феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Сол өркениетті, сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар.

Мұсылман мәдениеті көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық оянушылықтың негізін жасады. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді.

Орта ғасырда ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты.

Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, әл-Сығанақи т.б.

Мұсылман мәдениеті VІІ –ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жеткен. Аса үлкен мәдени орталықтары: Бағдад, Дамаск, Куфа, Басра қалалары болды. Осы кезде Сыр бойындағы Отырар қаласынан болашақта бүкіл шығыс қаласынан Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, кейін әлемге Әбунасыр әл-Фараби болып танылған 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдадқа аттанды. әл-Фараби шыққан Сыр бойы епжелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птоломей жазып кеткен. Ал әл-Фарабидің туған қаласы Түркістан маңындағы Отырар екенін ғалым-географ Ибн Хаукал әл-Фарабидің замандасы жазған болатын.

Әл-Фараби Бағдадқа келген соң Александрия, Византия ғалымдарынна оқыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс тіл біледі деп айтады. Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Содан кейін Сайф ад-Даула деген әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылықтарын зерттеп, оны екі тараудан тұратын «Музыканың үлкен кітабы» атты күрделі еңбек жазған. Бұл кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті, жеке дауыстан көп дауысқа айналу құбылысын талдаған. Дыбыстың нотаға бөліну заңын және тоғыз шекті музыка аспабының құрылысы, күйшінің шеберлігі жайында ғылыми тұжырымдар айтқан. Әл-Фарабидің осы еңбегі көп заман Еуропа елдерінде музыка тарихынан оқытылып келген. Оны зерттеген батыс ғалымдары Әл-Фараби ғылымның бар саласында екінші ұстаз болғанымен, музыкаға келгенде, бірінші ұстаз деген баға берген. Ол музыка теориясында түбірлі өзгерістер жасаған.

Осы кітабын арабшадан француз тіліне Барон де Ерланже аударып бастырған. Америка ғалымы Г.Фармер «Араб музыкасының тарихы» деген еңбегінде зор баға берген.

Әл-Фараби қарапайым ғана өмір сүрген. Бос уақытын түгелдей ғылымға арнаған. Фараби «Көзге көрікті зат – құлаққа жағымды дыбыс береді. Табиғат көркі – аспан шырақтары, жердегі көрік — музыка, дыбыс» — деген. Әл-Фараби тоғыз шекті музыка аспабын сипаттап жазған. Ол туралы Мағжанның өлеңі бар.

Тұранның кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын.

Күңірентіп тоқсан тоғыз күй тартқанда,

Тебірентіп кім төкпеген көзден жасын.

Әл-Фарабидің музыкамен қатар айналысып, аса зор нәтижеге жеткен ғалымдары – астрономия мен геометрия.

Ол оптикалық астаптар жасаған. Оның ішінде ойыс-парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағаты бар. Осы ойыс парабола айна (арабша: «Мухарак», оны еуропалықтар «фокус» деп аударған) Еуропаға, Әл-Фарабидің шәкірті Ибн –Хайтам арқылы, кеплерге жеткен екен. Әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін қолданылады. Ғылымда көлеңке өлшеу әдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фараби әдісі деп саналады, сондай-ақ сфералық тригонометрияға негіз салған. Әл-Фараби еңбектерінің көрсеткішінде жүз алпыс шығарма тізімделген.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид,Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан адам.

Грек ойшылдарының еңбегін кейінгі шығыс ғалымдары Әл-Фарабидің түсініктеме аудармалары арқылы оқыған. Грек ойшылдарын түсіну үшін Әл-Фарабидің өзі қаншалықты тер төккені туралы дерек Гегель шығармаларында бар. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын жүз рет, «Табиғат үйлесімін» — 40, «Шешендік» кітабын – 200 рет оқыпты. Сөйтіп осы ғылымдарды өзі үйреніп қана қоймай, әрі қарай дамытты. Сондықтан, бірінші ұстаз Аристотель болса, Әл-Фараби «Екінші ұстаз» деген атақ алды.

Әл-Фараби әлемге дүние, жаратылыс туралы өзіндік көзқарас әкелген ұлы ойшыл, философ болып табылады. Әсіресе, «Жоғарғы табиғатты тану негізі» еңбегі бүкіл шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбек еді. Фарабидің осы еңбегін түсіну арқылы шығыс әдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-таразылауға болады.

Фарабидің жаратылыс жайлы ойларын Фарабитанушы ғалым А.Машанов былай түсіндіреді: «Дүние затының бөлшектері дүркін-дүркін араласудан және ажырасудан ғаламның бірнеше дүркін бөлімдері пайда болған. Мысалы, бір араластан соңғы ажырасуда жұлдыздар пайда болса, екінші сол ген сияқты дүркінде жеті қат көк пайда болған. Сол сияқты тағы бір дүркінде жер пайда болған, оның бетінде тіршілік пайда болған, адам өмірге келген» Әл-Фараби айтқан түрлі күштер – қазіргі ғылымда анықталған тартылыс күші.

Әл-Фарабидің ойшылдық келбеті «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы» атты трактатынан көрінеді. Ғалымның осы еңбегі Гомос Мордың «Утопиясына» негіз болған деседі. Ең жетілген, адам арманындағы ел қандай болмақ? Ондай бақытты елдің әкімі кісілікті, әділетті, инабатты, батыл, жомарт, өнерді сүйеді. Әл-Фараби бұл шығармасын мамыражай, құт-берекелі елді аңсай жазған. Әл-Фарабидің осы арман қаласы өзінен кейінгі шығыс-батыс ойшылдарына ой түрті болған. Оның іздері Фирдоусиден – Томас Морға, одан біздің Сұлтанмахмұтқа дейін жалғасты.

Ұлы Абайдың көзқарасында Әл-Фарабимен ұқсастықтары бар. Әл-Фараби мен Абай ойының ортақ болуы. Шиһабуддин Маржаниге байланысты. Маржанидің «Бұлғар мемлекеті мен Қазан хандығының тарихынан» деген кітабын В.Радлов аударып, орыс тілінде басып шығарған. Жеті томдық «Өткен бабалар өмірінен» деген кітабы араб тілінде жарық көрген. Онда Әл-Фарабиді терең зерттеген. Қазақтың белгілі қайраткер, жазушылары оқыған медресе «Ғалияны» ұйымдастырған кісі. Содан тәлім алған молдалар Қарқаралы, Семей медреселерінде сабақ берген. Міне, Әл-Фарабидің Абайға жету жолы.

Он сегіз мың ғаламды жаратушы – жалғыз ие, оның сырын түгел ұғуға адамның миы жетпейтінін бүкіл шығыс ғалымдары және Әл-Фараби де айтқан. Осы ізбен Абай: «Жер жүзін безендірген тәңірім шебер» -, — дейді. Адам неғұрлым ізденіп, көп білген сайын өзінің түк білмейтінін сезініп, пұшайман болады ғой. Сократтың «Менің білетінім – түк білмейтінім» дегені көп ізденуден туған ой. «Наданның ең басты белгісі – бәрін білу»… Оның білмейтіні жоқ. Ол барлық дүниені өз пайдасына қарай бейімдеп шешуге тырысады. Ал оның пайдасының көлемі ішу, жеу, ұйықтау, көбею, мақтану… Әл-Фараби мен Абайдың кездескен тұсы осындай ойлар төңірегінде.

М.Әуезов айтқандай, Абайдың сусындаға үш бұлағының бірі – шығыс мәдениеті десек, ол мәдениеттің төркіні Әл-Фараби болуға керек. Өйткені Абай Әл-Фарабиді тікелей оқымағанмен, үлгі алған мепктебінің негізі сонда жатыр. Бұл арна енді ғана жол салынған, болашақ түбегейлі зерттеуін күткен арна.

      Әл-Фарабидің ғалымдар саласында ғажайып жаңалықтар ашуының негізгі бір себебі өмірге ақын көзімен, қиял көкірекпен қарай алғандығында болар деп ойлаймыз. Әл-Фараби, шынында, ақын еді. Әл-Фарабимен бірге Сайф ад-Дауле сарайында болған атақты ақын Әбу-Фирастың мынандай сөзі бар: «Поэзия – алтын түйе болса, оның басы Әбунасыр Мұхаммедке (Әл-Фарабидің толық аты- жөні: Әбунасыр Мұхаммед бин Тархан бин Ұзлақ Әл-Фараби), өркеші — Әбу Нувасқа, иығы Омар ибн Әбу Рабиоға, кеудесі — Әбу Тальмамға тиеді, қалғаны – ішек қарын, оны екеуміз бөлісіп отырмыз», — депті сарай жыршысына. Мұндағы ақындардың қай-қайсысы да осал адамдар емес. «Сонда да ақынның бар таңдамасы» дегендей, жерлесімізді өз тұстастарының, ақындардың-ақыны» деп бағалауы оның айрықша талантын танытса керек.

Ақынның бізге жеткен біраз өлеңдері арабша кітаптардан қазіргі тілімізге аударылып басылған. Енді туған жерін сағынып жазған бір өлеңіне назар аударайық:

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен,

Қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен…

..Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,

Екіншіде – шарап бар, жайы мәлім,

Даналықты сиямен молықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.

Бұл өлеңдегі ақынның аңсары – туған жерге деген сағыныш, өмірдің өкпелілігіне өкініш. Фараби туған жеріне бір оралып, келіп-кетіпті. Бұхара өкілі Нұх Самани шақыртып, жалпы ғалымдардың негізі жөнінде кітап жазып беруін өтінген. Әл-Фараби сонда «Екінші оқулық» («Тағылым — әс-Сәни») атты еңбек жазыпты. Әл-Фараби өзі ақын болумен бірге өлең өнерінің сыры туралы зерттеу жазған.

«Өлең өнерінің қағидалары туралы» трактатында Аристотельдің поэзия саласындағы ойларын дамытқан. Онда ақындарды үш топқа бөледі.

  1. Табиғи дарыны бар, бірақ өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады.
  2. Өлең өнерін меңгерген, бейнелеу құралының қайсысына болсын жетік келеді. Бұлар нағыз ақындар қатарына жатады.
  3. Алғашқы екі топтағы ақындарға еліктейтіндер. Поэзияның сыр-сипатына қанық емес. Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады. Әл-Фараби нағыз ақындықтың жолына түсу үшін еңбектену керек екендігін айтқан. Әр ақынның өзі төселген, білетін нәрсесін жазуы керектігін, оны зорлауға болмайтынын жазады. «Ғажап поэзия еркіндікте тумақ», — дейді. Сонымен бірге өлең мен сурет өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек, ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына әсер етеді», — деген. Әл-Фарабидің білімі, айналысқан ғылымы ұшан-теңіз. Біз талдап әңгіме етіп отырған еңбектері дарияның тамшысындайы ғана деуге болады. Жалпы саны жүз алпыстай еңбектерінің ішінде «Заң кітабы», «Субстанция туралы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Ақыл мен сананың мәні», «Ғылымдардың тілі мен түрі», «өлең сөз және шешендік туралы» тағы басқалары бар.

Фарабидің ізін басқан шәкірттерінің бірі – Ибн Сина да ұстаздың ғылымдағы жолын тапқан. Философия, геология, медицина, жаратылыстану, математика, поэзия туралы да еңбек жазды. Птоломей шығармалары арқылы геометрия, астрономияны оқып, грек дәрігерлері Гиппократ, галендерден медицина сырына үңілді.

Әл-Фараби Сирияның әмірі Сайф ад –Дауланың сарайында болып, 950 жылы 80 жасында қайтыс болды. әмір өз қолымен «Б ас-Сағир» атты зиратқа қойған.

Әл-Фараби бүкіл өмірін бағдад пен Мысырда өткізіп, еңбектерін арабша жазғандықтан, бұрын қазақ жерінде аса көп тарай қоймаса да, оқыған қазақтар жақсы білген.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Алма Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет»
  2. Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті»