Жоспар
Кіріспе
Әкімшілік—құқықтың негіздері
- Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
- Әкімшілік құқықтың дербес салаларының бірі-атқарушы билік
- Әкімшілік құқықтың нормалары
- Олардың түрлері мен қайнар көздері
Қортынды
Кіріспе.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда ″Әкімшілік – құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық – тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты – басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздікте ″Әкімшілік – құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала ретінде қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық дегеніміз – басқару саласында қоғамдық қарым – қатынастарды реттейтін әкімшілік – құқықтық нормаларын жиынтығы. Ал басқару саласы дегеніміз – атқарушы билікті жүзеге асыратын орган.
Әкімшілік-құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда болады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік – құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік – құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған ″Әкімшілік – құқық бұзушылық″ кодексі және басқа да құқықтық – нормативтік келісімдер жасайды.
Жалпы алғанда әкімшілік-құқық дегеніміз – мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы – жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығын айтамыз.
Яғни, әкімшілік – құқық саласына толығырақ тоқталатын болсақ, онда мыналарды қарастырамыз:
- Әкімшілік – құқықтың жалпы ұғымын (яғни, рөлі мен маңызы, пәні мен атқарушы билігі, нормаларының түрлері мен қайнар көздерін).
- Әкімшілік – құқықтың қатынастары (ұғымы мен ерекшеліктері және түрлері).
- Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы.
Құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі — әкімшілік— құқық. Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз етеді. Мемлекет әкімшілік – құқықтың нормалар арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік – мәдениеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мен мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдірі үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыру жөнінде әкімшілі – құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік – құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай – ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез – құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтың мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік – құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
- Әкімшілік—құқықтың дербес салаларының бірі – атқарушы билік.
Құқықтың әрбір саласының пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясы болып табылады, оларды реттеу тиісті саланың нормаларымен жүзеге асырылады. Әкімшілік-құқық – атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқықтың дербес салаларының бірі. Сондықтан құқықтың бұл саласының пәнін оқып үйрену кезінде ең алдымен атқарушы билік деген не екенін, оның мәні мен әлеуметтік міндетінің неден тұратынын білу қажет.
Атқарушы билік тармағын алатын болсақ, ол ұйымдастыру басқарушылық, атқару — өкім ету сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Іс жүзінде оларды мемлекеттің арнаулы органдары – атқарушы билік органдары орындайды, олардың қызметі заңдардың негізінде және соларды орындау үшін мемлекет пен оның аппаратының күнделікті жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Атқарушы билікті жүзеге асыру өкілеттіктері мен мүмкіндіктері Үкіметке, министрліктерге, агенттіктерге, комитеттерге және басқа Республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарына, сондай – ақ бірқатар лауазымды адамдарға берілген.
Мемлекеттердің мақсаттарын, функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған атқарушы билік органдардың қызметі заңнамаларда, ең алдымен Конституцияларда белгіленген.
Атқарушы билік органдарының функциясы – Заңдарды орындау және олардың орындалуын бақылап отыру, бұл осы органдардың атауында көрініс тапқан. Заң шығарушы орган заңдарды дайындап қабылдайды, атқарушы билік органдары оларды орындайды, іске асырады.
Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
— Болжау. Қолда бір ақпараттың, оның ішінде ғылым негізінде қандай болса да оқиғалардың немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала болжайды.
— Жоспарлау — әлде бір басқарылатын қызметтің бағыттарын, мақсаттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді, пропорцияларды, қарқындар мен нақты сандық және саналық көрсеткіштерді анықтау; басқарушы және басқарылушы кіші жүйелерді ұйымдастыру.
— Құқықтық реттеу— қандай да болмасын бір қызметтің және тиісті құрылымдардың жұмыс істеуінің құқықтық тәртібін белгілеу.
— Жалпы басшылық жасау және жедел үкім етушілік жұмыс — әртүрлі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, ұйымдардың іс – қимылдарын алдын ала және күнделікті үйлестіру.
— Бақылау – заңдарды, жоспарларды, бағдарламаларды орындаудағы бұзушылықтарды табу және жою және шаралар, оның ішінде белгіленген тәртіпті бұзушыларға, қолдану үшін істің нақты жағдайын тексеру.
— Атқарушы — өкім етуші қызметті және, оның ішінде түрлі нәтижелерін жүзеге асыру үшін адам, материалдық, қаражаттық және өзге де құралдарды ескеру; әдістемелік басшылық жасау.
Атқарушы билік органдары шешім дайындап, қабылдаудан, оны орындаудан, орындалуына бақылау жасаудан және қортындысын жасаудан тұратын басқару процесін жүзеге асырады.
Сонымен, атқарушы билік органдарының мазмұнындағы маңыздысы – бұл ұйымдық басқарушылық және атқару — өкім етушілік сипаты бар мемлекеттік функцияларды іске асыру жөніндегі өкіметтіктер мен шынайы мүмкіндіктердің болуы; осы қызметті іске асыру кезінде мемлекет мүддені білдіретін басқарудың құқықтық актілерін пайдалану.
- Әкімшілік құқықтың нормалары.
Әкімшілік құқықтың нормада атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез – құлықтың ережесі блады. Әкімшілік құқықтың нормасы өзімен реттелетін қоғамдық қатынастың мәнін білдіреді, нақты әкімшілік құқықтық актінің ″кірпіші″ болып табылады.
Әкімшілік құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүесінде маңызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен тобын реттейді.
Әкімшіліқ құқықтың нормалары мен басқару мен жергілікті өзін — өзі басқару субъектілерінің өзара қарым – қатынастарының құқықтық режимін белгілейді, азаматтардың атқарушы билік аясындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындайды. Әкімшілік, тәртіптілік және материалдық жауапкершілік туралы, сондай – ақ атқарушы билік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері жөніндегі нормалар айтарлықтай орын алады.
Әкімшілік құқықтың нормалары нарықтық экономикаға көшу және оны кеңейту, нығайту жағдайында пайда болатын тек жаңа қоғамдық қатынастардыф ғана реттеп, бекітіп және қорғап қана қоймайды, сонымен бірге қазіргі кезеңдегі жағдайларға тура келмейтінқоғамдық қатынастарды атқарушы билік аясынан ығыстырып шығарады. Оның көптеген нормаларында заңдарды орындау, жүзеге асыру, олардың талаптарын нақты жағдайлар мен басқару объектілеріне қолдану механизмі айқындалады.
Заңнамаларды орындау мен қолдану мақсаттарына атқарушы биліктің өз органдарының құқық шығару жұмысы да қызмет етеді. Заңдық нормалардың тікелей күші болмайтын жағдайларда, бұл рөлді Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы билік органдары шығаратын заңға тәуелді актілер орындайды. Конституциялық және заңнамалық топтамаларды заңға тәуелді актілер әбден талдап, нақтылай отырып, оларды шынайы жұмыс істейтін етеді.
- Әкімшілік құқытық нормаларының түрлері мен қайнар көздері.
Экономика, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік саяси аяларда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындайтын нормалар түрлеріне бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін айқындайтын нормалар тобын материалдық деп атауға алынған. Мысалы: мемлекеттік басқару субъектілері туралы көптеген ережелердің баптары.
Материалдық құқық нормаларын жүзеге асырудың тәртібін айқындайтын әкімшілік құқық нормалар процесуалдық деп аталады. Мысалы: істердің тиісті сыныптары бойынша іс жүргізуді реттейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің бөлімдері.
Әкімшілік – құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша: міндеттейтін, тиым салатын, уәкілеттік беретін, ынталандыратын және ұсынылатын болып бөлінеді.
Міндеттейтін нормаға, яғни тиісті түрде іс — әрекет жасау жөнінде нұсқама қаралған Су кодексінің 42 бабы мысал болып табылады. Ол бойынша су пайдаланушылар суды үнемді жұмсауға міндетті. Мұнда тиым салуда: табиғи ортаға және шаруашылық объектілеріне зиян келтірмеу; басқа су пайдаланушы құқыларының бұзылуына жол бермеу қаралған.
Уәкілеттік беретін нормаларға мысал ретінде: ″Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы″ 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңның ІІІ тарауын алуға болады. Онда ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындау кезіндегі рұқсат берілген іс — әрекеттердің түрлері, атыс – қаруын, арнайы құралдар мен күш қолданудың шарттары мен шектері толығынан айқындалған.
Ынталандыратын нормалар реттелінетін басқарушылық қатынастарға қатысушыларға олардың қажетті мінез – құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық және моральдық ықпал ету құралдарын қарастырады. Мысалы: белгілі бір жеңілдіктер береді.
Құқықтың кез келген өзге нормасы сияқты, әкімшілік құқықтық норма да гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады.
Гипотеза норманы жүзеге асырудың шынайы шарттарын, мән – жжайларын көрсетеді, солар болған жағдайда тиісті түрде іс — әрекет жасау керек немесе жасауға болады. Әкімшілік – құқық нормасының гипотезасымен қаралатын жағдайлар әкімшілік – құқық қатынастарын туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заңдық айғақтар болып табылады.
Диспозиция — әкімшілік – құқықтық норманың негізгі бөлігі – құқықтың осы нормасымен нұсқама жасалынатын, рұқсат берілетін немесе ұсынылатын мінез – құлық ережесініңөзін айқындайды.
Әкімшілік – құқықтың норманың санкциясында осы нормамен белгіленген ережені бұзушылар үшін туындайтын жағымсыз салдар көрсетіледі.
Атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік – құқықтық нормалар бар болатын заң шығарушы және атқарушы билік органдарының актілері әкімшілік – құқықтың қайнар көздері деп аталады.
Қазақстанның әкімшілік – құқығының қайнар көздері мыналар:
а) Конституция;
б) әкімшілік – құқықтық нормалар болатын заңдар;
в) тиісті кодекстер;
г) Президенттің, Үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері;
д) әкімшілік – құқықтық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының нормативтік актілері болып табылады.
Әкімшілік – құқықтық актілер жариялайтын аса маңызды ресми баспалар мыналар ға тоқталатын болсақ, олар: ″Парламенттің жаршысы″, ″Президент пен Үкіметтің актілер жинағы″, ″Егемен Қазақстан″, ″Казакстанская правда″, ″Заң″, ″Юридическая″ газеттері.
Қортынды
Яғни, әкімшілік – құқық ұғымын қортындылай кетсек – ол атқарушы билікті және қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы екенін білдік.
Әкімшілік – құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай – ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез – құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтың мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік – құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік – құқықта біз қарастырдық оның жалпы ұғымын, нормаларының түрлерін және қайнар көздерін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Баянов Қ.Р. Әкімшілік құқығы. А лматы, 2003жыл
- Таранов Қ.Р. Әкімшілік құқығы. Алматы, 2003 жыл.
- Бекіш Сейдешұлы Әкімшілік құқық дәрістемесі. Алматы, 2003 жыл.
- Баянов Әкімшілік құқық бойынша анықтамалар. Алматы, 2003 жыл