Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А) Әз-Тәуке хан
Б) Жеті жарғы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әз — Тәуке хан (1680 -1718)
Тәуке — қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер — сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке бас билермен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. «Жеті жарғы» орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылыстық үшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытырыңқы күйінде қалды. Тәуке енді сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Росиядан әскери көмек сұрады. Өйткені, 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды.
Әкесі Жәңгір ханнан соң қырық жыл уақыт хандық құрған әз-Тәуке Қазақ мемлекетінің күш-қуатын нығайтып, халық тұрмысын көтерді, сыртқы елдермен байланыс күшейді, басқарудың неғұрлым демократиялық жолдары қолданысқа енді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған «Жеті жарғыда» атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді.
Жеті жарғы
«Қазақтардың күрсініп еске алып, аңсап жүрген заманы сонау әйгілі Тәуке ханның патшалық құрған алтын дәуірі болатын». Расында да, аңыздарға сүйенсек әз Тәуке Данышпан болған екен. Қазақ жылнамасында оның алатын орыны Солон, Ликургтармен теңдес, қатар тұруы тиіс. Ол талайдан бері дүрбелеңге түсіп келген елдерді тыныштандырып, тәртіп орнатты, көптеген заңдарды шығарды.
Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары біздің заңдарынан ертерек шыққан, дейді.
Қырғыз — қазақ заңдарын алғаш кім шығарған екен деген мәселеге тоқталмай-ақ олардың қысқа жиынтығын баян етейік
— Оның ішіндегі ең бастысы — қанға -қан алу.
— Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.
— Осы жарғы бойынша өлген адамның ағайындары қылмескерді өлтіруге хұқылы; ал қол, аяқ, құлақ кесушінің сол мүшесін кесуге тиісті. Егер де ағайындары кешірім жасаса немесе сот тиісті шешімін қабылдаса құн төлеумен шектеледі. Жазаны эр қылмыстың түріне қарай құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады. Ер адамға 1000 қой, әйелге 500 қой берілуі тиіс. Денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленуі қажет. Бас бармақ құны 100 қой, шынашақ — 20 қой.
— Сұлтан мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді. Сұлтан немесе қожаға тіл тигізгені үшін тоғыз мал, ұрғаны үшін 27 мал төленуі тиіс.
— Егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі. Алайда ағайындары кешірім жасаса құн төлеумен құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса босатылады. Бірақ ол қарабет саналып, ойы ел қатарына жолатпайды. Егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
— Ата-ана өз баласын өлтіргені үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы басқадан тапқан баласын ұялғаннан өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.
— Өзін-өзі өлтіргендей бөлек жерленеді.
— Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп,одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін — бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға — әр айына 1 түйеден құн төленеді.
— Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуі тиіс. Егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады.
— Егер ері әйелінің бөгде еркекпен ойнас жасап жатқан үстінен түссе, әйелін өлтіруге хұқылы және сол сәтте өлтірсе жазаланбайды. Әйелім көзіме шөп салды деп айыптап, зайыбы мен көңілдесін өлім жазасына кесуді соттан сұрауға күйеуі хұқылы. Егер де 4 сенімді адам еркектің сөзін теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылады.
— Біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге кесіледі немесе ердің құнын төлейді. Егер де ол әйелді оның келісімімен әкеткен болса, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруі тиіс.
— Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс, сұрамаған жағдайда арсыздығы үшін айып салынады.
— Жақын туыстарымен некелесу өлім жазасына кесіледі. Мұндай істерді бөтен адамдардың шешуге хұқы болмағандықтан өз ағайындары арасында белгіленген жазаға тартылады.
— Құдайға тіл тигізгендерді, егер де оны жеті адам куә болып дәлелдесе таспен атып өлтіреді.
— Христиан дінін қабылдаған адам мал-мүлкінен айрылады.
— Құл өмірі құнсыз, ол қожайынының билігінде. Құлдың қожайынын қаралаған шағымы еш жерде қаралмайды.
— Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі.
— Ұрлық жасаған адам ұрланған мүлікті үш тоғызымен 27 қайтарады. Жазаның бұл түрін айбана дейді. Ал егер де мал ұрланса, кінәлі адам ұрланған түйеге бір құл қосып беруі тиіс. Сол сияқты атқа бір түйе, қойларға бір ат қосып беруі тиіс. Жүз түйе, 300 ат пен 1000 қойға тең.
— Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.
— Ерінің ұрлығын біле түра хабарламаған әйел мен оның балалары жазаға тартылмайды. Өйткені үлкеннің үстімен шағым жасау үлкен әбестік болып саналады.
— Егер де енші алған ұлы перзентсіз дүниеден өтсе, оның бар мал-мүлкі әкесіне беріледі. Жас балаларын жақын туыстары қамқорлыққа алуы тиіс. Ондай жақындары болмаса басқа сенімді адамдарға тапсырылады.
— Өсиет ағайындар мен молданың қатысумен жасалады.
— Барымтадан басқа жағдайда бөтен қолда бағуда болған мал, жылқы, сиыр мен қойлар иелеріне төлімен қайтарылады. Мал ұстаған адам оның түгелдігіне кепілдік беруі тиіс.
— Дауды шешу және кінәлі адамға үкім шығару ханның өзі болмаған талапкер не жауапкер тұратын ауыл — билеушілерінің немесе ақсақалдарының қолында, істі қарауға екі жақтан сайланған арада жүрушілер , яғни екі адам шақырылуы тиіс.
— Айыпкер күдіктенсе, ол төрешіні ауыстыруға хұқылы.
— Егер де айыпкер соғысқа келмесе немесе құн төлейтіндей шамасы болмаса, онда оның ақысын туысқандары немесе ауылдастары көтеруі тиіс. Олар өздеріне тиісті ақыны айыпкерден өндіріп алуға хүқылы.
— Куәлікке екі немесе үш адам жүреді. Куәләр болмаған жағдайда ант — су ішу керек, алайда талапкер де, жауапкер де емес, өзінің адалдығымен белгілі адам ант — су ішуі тиіс. Жауапкер үшін ант — су ішетін адам табылмаса, ол кінэлі деп саналады. Әйелдер, қызметшілер және құлдар сотқа куә бола алмайды.
— Билерге төрелік жүргізгені үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі.
— Егер айыпталған адам сот үкімін орындамаса немесе ауылдың басшысы істі қараудан әдейі жалтаратын болса, сөйтіп қылмысты адамды қорғаштаса, онда талапкер өз ақсақалының рұқсаты бойынша барымта алуға, яғни өзінің туыстарымен немесе ең жақын көршілерімен бірге жауапкердің ауылына барып, оның малын жасырын түрде айдап әкетуге хұқылы: бірақ ауылына қайтып келгеннен соң, ол бұл жөнінде барымталанған малдың саны талапқа мөлшерлестігін қадағалайтын өз басшысына айтуға тиіс.
Осы заңдармен қоса Тәуке хан төмендегі жарлықтарды шығарды:
— Халық істері жөнінде пікірлесу үшін ханның өзі, сондай-ақ барлық сұлтандар, ру ақсақалдарымен билеушілері күзде даланың ортасында жиналатын болсын.
Бірден-бір қазақ құрылтайға қарусыз келсін. Қарусыз келген адам дауыс беруге хұқы жоқ және жасы кішілер оған орын бермей отыра беруіне болады.
— Сұлтандардан басқа әрбір қару асына алатын кісі ханға және халыққа билеушілеріне жыл сайын өзінің мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеп отыруы ьтиіс.
— Барлық ру тайпалардың төл таңбасы болуы тиіс. Мал-мүліктің кімдікі екенін ажырату үшін ен таратылып басылсын.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Жамбыл Омарұлы Артықбаев. Жеті Жарғы.