Жаратылысында өнерге бай, әдебиеті мен мәдениетін тең өрбіткен қазақ халқы сонау VІІ-VІII ғасырлардағы Қорқыт атаның қобыз үндерінен өмір нәрін танып, өркендеп, қаншама қиын замандарда да өшпей, өзгермей сақталып, қайта заман ағымымен астасып өсіп келеді.
Қазақ тарихындағы ұлы ойшыл тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) әйгілі шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегінің мәдениет өркениетіне айқын жол салғанын аңғарамыз. Ғұлама ғалым бұл еңбегінде математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыканың дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Нәсыр әл-Фараби десек, біз қателеслейміз. Күні бүгін Отырар музейінде осы домбыраның жұрнағы сақтаулы. Ал, бұған дейін қазақ халқында домбыраға ұқсаған екі ішекті аспап болуы мүмкін. Толық музыкалық дыбыс беретін домбыра әл-Фараби қолымен жасалған Әл-Фараби бұл кітабында музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған.
Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде әл-Фараби музыканың емдік қасиетің жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Әл-Фәрабидің бұл еңбек ХҮ ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық — үшеуінің бірлігінде.
Фарабидің гуманистік бұл идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан дүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп атады.
Ал ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен белгілі болған қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Яассауи еді. Оның дүниетанымында этикалық ойлар басым.
Адамгершілік тазалығы мен моральдық жағынан жетілгендікті Яссауи оппазициялық суфизм позициясы тұрғысынан шешеді. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік, алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады.
Яссауи іліміндегі адамгершілік ойлары да дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс-әрекеттері сияқты моральдық сипаттағы оның құдайға сенуіне байланысты болады. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады», — дейді.
Ахмет Иүгінеки (XII ғ.) адамдарды мейірімді, иманды, білімді, әдепті сөйлейтін жомарт, әділ болуға шақырады. Ұлы ғұлама дүниенің, әлемнің сырық құпиясын ашатын кілт — көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған білімді адамдардың қолында деген тамаша пікірлер айтқан.
А.Иүгенеки адамдарды мағыналы, мазмұнды, әділ сөйлей білуге, адамгершілік, әдептілік ілімін ұстануға шақырады.
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар,
Әдептіге «үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,
Жеңсіз шыққан тілден тісің қағылар.
Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі.
Мәдениеттің өзекті бөліп — өнер.
Адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның өсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.
Осындай тарихи тұлғалар мен ғұламалардың тамаша туындылары мен өсиетнамалары — қазақ мәдениетіне үлкен арқау, ұлы тірей бастамасы.
Өнер — мәдениет дамуындағы негізгі ұйытқы.
Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйесін жасаған Жүсіпбек Аймауытов «Атам заманда табылған өнер, білімінің бәрі сөз арқылы бұл күнге жетіп, піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласына сыйлап отыр», -дей келе, өнерді беске бөледі.
- 1. Сөз (словесность);
- Суретшілік (живопись);
- 3. Мүсіншілік (скульптура);
- Үй ішілік (архитектура);
- 5. Ән-күй (музыка) т.б.
Мұның бәрін де қазақ халқы ертеден-ақ меңгерген. Сөз шеберлігі мен мақал-мәтелдері, шешендік сөздері белгілі болса, суретшілігі сонау Орхон-Енесей таңбаларында бастау алып жатыр.
Мүсіншілік ертеден қола, тас дәуірінен бергі белгілерімен есте қалса, кешегі Шоқанның замандастары оны бүгінгі таңмен жалғастыруда. Қазақ халқының ертеден-ақ күмбездері мен қазақы киіз үйлерінде үлкен өнердің ізі, яғни философиялық көрегенділік жатады. Ал ән мен күйге келсек, ал — өз алдына бөлек жаратылыс. Яғни, қазақ халқы жаратылысында ән мен күйдің егіз сыңарындай.
Қазақтың тағы бір мақтана айтатын ғұламалары, ағартушы-демократтары — Шоқан Уәлиханов. Ыбырай Алтынсарин Абай Құнанбаев халқымыздың рухани дамуына үлкен үлес қосты.
Шоқан мәдени мұралар жөнінде тек пікір айтып қана қойған жоқ, ол ғылыми зерттеулер, құнды мұралар қалдырды. Мысалы, ертедегі мәдени мұралардың адам сезіміне қалай әсер ететіні жөнінде былай деген: «Мен Аякөзді сүйемін және оны таң-тамаша көремін. Бәлкім, бұған бір кезде осы өзеннің бойында болған сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы-Көрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да әсері аз емес шығар.
Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей түсті.
Ыбырай қазақ халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді мақсат етіп, бірнеше мектептер ашты. Оның бірі Торғай қаласында ашылған қолөнер училищесі болатын. Мұнда балалар жалпы пәндер өтумен қатар, түрлі қолөнер мамандықтарына үйретілетін болған. И.И.Ильминскийге жолдаған хатында Ыбырай: «Онда оқытатын қолөнерлік сабағымыз, көбінесе ағаш ұсталық жұмыстары балада және егер мектепке тарта алсақ, қыздарға кесте тігу, тағы басқа қолөнер жұмыстары үйретіледі», — деп жазды.
Абай да Шоқан мен Ыбырай сияқты қазақ елі тек орыс халқының ұлы мәдениеті мен әсемдік қазынасынан тәлім-тәрбие алса ғана, ойлаған арманына — оқып, білім алуға, мәдениетті болуға мүмкіндік алатынын білген.
Абай шығармаларының кейбірінің мазмұны орыс классиктерінің шығармаларына ұқсас болғанымен, ұлттық колориті сақталынып, Абайдың өзіне тән шеберлікпен берілген Абай өлеңдерін оқып отырғанда, қазақ оқушысы нағыз көшпелі ауылдың суретін көреді.
Абай халқының көзін ашып, мәдениетін арттыру үшін жазған өлеңінде:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін — деп, әдемілік пен әсемдікке, білімділікке үндейді.
Қай халық болса да өз өмірін, күнделікті тұрмысын сөндендіруге көңіл бөліп отырған. Өздері тұтынатын бұйымдары нен күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандарын әшекейлеп ұстауға тырысқақ. Бұл жағдай адамдардың сезімін баулып, көзге ілінген заттардың оғашынан жирендіріп, сұлуды сүйсіндіретін, адам жанын рахатқа бөлейтін дәрежеге көтерілген Осылайша, біртіндеп әдемілікке, әсемдікке жол салынды. Біздің халқымыздың мәдениеті мен өнері бұрынғы замандарда туып, өсіп-жетіліп, толықтырылып, дамып, ұлттық ерекшелігін сақтап, бізге келіп жеткен.
Ендеше, біздер бүгінгі таңда бар мүмкіндігімізді салып, жастарға білім-тәрбие беруде олардың әдепті, әдемі, сұлу, білімді, мәдениетті болып өсуіне мүмкіндік жасауымыз қажет.
Тоқырау жылдарында мектеп оқушылары мен жастарға музыкалы-эстетикалық тәрбие мен оқудың қол жеткен табыстары одан әрі дамудың орнына осы дәрежесін ұстап тұрмай, дамыған елдердің, оның ішінде шығыс халықтарының педагогика, психология, эстетика тәрбиесінен мүлдем тыс қалғанын қоғамымыз сезініп отыр.
Егеменді еліміздің қарқынды Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілген жетістіктеріне жол салу басталып кетті. Соның бірі мен негізгісі — Мәдениетті өркениет. Осы өркениетке жету үшін Қазақ елі ешкімге ұқсамайтын дәстүрі мен мәдениеті дамыған халқының әдебі мен әдемілігі ерекше көзге ұратын заманның туғанын білдірегін ерекше ел болуы — заман талабы.
Осынау Қазақстан мемлекетінің ерекшелігі халқының сұлулықты сүйетінімен аңғарылуы тиіс.
Ал қазақ халқының қасиетті ұлдарының бірі, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев: «Музыкалық егіс қандай болса, эстетикалық өніс сондай», — деген екен.
Яғни өзіміз не үйретсек, соның жемісін көреміз, сол үшін де береріміздің мәні мен маңызы зор болуға тиіс.