Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады.
Қоздырушысы — Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А — 32, С — 5, САТ-1 — жеті, САТ-2 — үш, САТ-3 — төрт, Азия-1 — екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.
Төзімділігі. Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі мен 75° этил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығында вирустың төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі
қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері
бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формаль-
дегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы — ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.
Аусылмен ауырған сиырдың ауызынан сілекей ағуы.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады
да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі
байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. Аусыл қатерлі өрбігенде
7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп, өлім 70-100%-ға жетеді. Аусылдың
қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы
көтеріліп, қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек
параличі байқалады. Ауырған бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің
әсерінен өліп кетеді.
Аусылмен ауырған сиырдың тіліндегі күлдіреуік.
Қойда аусыл сиырға қарағанда біршама бәсең өтеді. Негізгі белгісі — дене ыстығының көтерілуі. Ауызда пайда болатын, тез басылып қалатын тарыдай ұсақ афталар (күлдіреуік жара) әдетте байқалмай қалуы мүмкін. Тұяқтың өкшесінің жоғарғы жағында, тұяқ көбесі мен тұяқ аралығында аурудың бесінші күнінде афта пайда болады. Мұндай жағдайда мал ақсайды. Аусыл сақман кезінде байқалса қозылар жүрек еті мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлар аусыл вирусына сезімталдығының төмен болуынан отардағы барлық малдардың ауруға шалдығуы ұзақ уақытқа созылады. Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, тұяқ көбесінде афта пайда болады. Ауырған хайуан ұзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана, тізерлеп қозғалады. Экссудативтік процестер өрбігенде, ауру сирағына аз-маз зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. Торайларда аусыл сепсис түрінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар қырылып қалады.
Патологоалатомиялық өзгерістер. Ірі қарада аусылға тән патологиялық өзгерістердің ең бастысы — ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында қездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты «тарлан» жүрек). Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершек ағзаларда дегеяеративтік өзгерістер байқалады.
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады. Аусыл ең алғаш байқалғанда міндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оның типі мен вариантын анықтайды, Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған таза глицерин мен рН 7,4-7,6 фосфат буферінің қосьшдысынан даярланған консервантқа салып зертханаға жібереді. Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), диффузиялық преципитация реакциясы (ДГІР), қосалқы гемаглютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды тежеу реакциясы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) қолданылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері мен варианттарының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық қасиеті жок антигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гипериммунды қан сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік диагностикум) қолданылады. Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама да қолданылады. Қазіргі уақытта бүл мақсатта ірі қара өте сирек пайдаланылады да, әдетте 4-6 күндік бала тышқандарды, салмағы 500 г кем емес теңіз тышқанын немесе ұлпа өсіндерін жұқтырады. Жұқтырған кезде тәжірибе екі бағытта жүргізіледі: бірінде вируспен қатар өзіне тән қан сарысуын жіберіп, екіншісінде қан сарысуы жіберілмейді. Қан сарысуымен қорғау деп аталатын бұл әдіс вирусты айқындау және вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу үшін қолданылады.
Ажыратып балау. Сиырда жұқпайтын стоматиттен, шешектен, зілді катарлы қызбадан, обадан, везикулярлық стоматиттен, вирустық диареядан, қойда некробактериоздан (сарып), шошқада везикулярлық аурудан ажырату керек. Кей елдерде кездесетін везикулярлық стоматит аусылға өте ұқсас, ауырған малдың сирағы зақымдалады. Бұл аурумен сиырмен қатар жылқы мен есек те ауырады. Оның вирусына ересек тышқан сезімтал, ал аусылдың вирусына жаңа туған тышқан сезімтал келеді. Шошқаның везикулярлық ауруы кезінде басқа мал түліктері ауырмайды. Жұқпайтын везикулярлық стоматит бұзылған жем-шөптен болады да, ауырған малдан сау малға тарамайды, Шешек кезінде күлдіреуік желінде ғана болады, ал вирустық диарея, зілді қатарлы қызба мен сиырдың обасы кезінде тұлқтың көбесі мен тұлқ ашасы зақымданбайды.
Емі. Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды, жұмсақ жемшөп береді. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Ауызын 2% сірке қышқылының, 1% бор қышқылының, 1:1000 калий перманганатының, 1:5000 фурацилин ерітінділерінің бірі-мен оқтын-оқтын шаяды. Күлдіреуіктің орнына 2,5 новакаин, 2,5 г. анестезин, 5 г тотыяйын, 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа жағады. Болмаса ол үшін йод глицерин, 2% алюминий ашудасын (квасцы) пайдаланады. Тұлқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10% креолин, 5-10% ихтиол майларын жағады, 10-20% формалин ерітіндісімен күйдіруге де болады. Егер аяғы ақсаған мал көп болса оларды 1% тотыяйын, 5% формалин, 2% хлорамин ерітінділерінің бірінен даярланған аяқ ваннасы арқылы жүргізіп өткізеді. Ауру сепсис болып асқынса вена ішіне 0,5% новокаин ерітіндісін, 0,5 мл/кг есебінен жібереді, антибиотиктер тағайындайды. Сауын сиырлардың желінін мұқият күтіп, зақымданған терісіне синтомицин эмульсиясын, новокаинді май жағады. Қатты ауырған малды, әсіресе бұзауларды реконвалесценттердің (аусылмен ауырып жазылған) қаны не қан сарысуымен емдеу жақсы нэтиже береді. Бұл мақсатпен ауырып жазылған немесе иммунденген сиырдың сүтінен даярланған иммунолактон қолданылады. Дұрыс күту, күлдіреуікпен зақымданған жерлерін дезинфекциялаушы ерітінділер мен майлар арқылы домдау, бүкіл организмнің қуатын арттыру үшін иммундік және басқа да дәрмектерді қолдану ауырған малдың сауығуына кепіл бола алады.
Иммунитет. Аусыл вирусы жұққаннан кейін екі күн өткен соң орны шектелген торшалық иммунитет пайда болады да, ол бойды жайлаған күлдіреуіктер шыққан сәтте әбден күшейеді. Ауру жұққан соң 5 күн өткенде гуморалдық антиденелер пайда болады, олардың қорғаныс қасиеті бар. Иммунитеттің ұзақтығы 1 жылдан 4-5 жылға дейін, ол бейтараптаушы антиденелер жойылғаннан кейін де сақталады. Иммунитет жұққан вирустың қасиеттеріне және мал организмінің иммунологиялық икемділігіне байланысты. Ол әрқашан да себепкер вирустың нақтылы типіне қарсы бағытталады, ал бір типтің әр түрлі варианттарына қарсы айқын иммунитет пайда болады, Бір типке қарсы қалыптасқан иммунитет вирустың басқа типтерінен қорғай алмайды, тек иммунитет өте күшті болса ғана вирустың басқа типтерінен қорғай алады. Бірақ, іс жүзінде мұндай иммунитеттің практикалық маңызы шамалы. Уыз арқылы берілетін колостральдік иммунитет жақсы дамыған. Жас бұзауларда мұндай иммунитет 2-3 аптадан кейін әлсірей бастайды да, 2-3 айлық кезеңге дейін сақталады. Реконвалесцентердің қаны мен қан сарысуы арқылы қалыптасқан енжарт иммунитеттің ұзақтығы 10-12 күннен аспайды. Қазіргі уақытта аусылға қарсы лапинденген моновалентті алюминий су тотықты формалвакцинасы қолданылады. Оны вирусты 2-3 күндік көжектің денесінде өсіру арқылы даярлайды. Сонымен қатар үш валентті ірі қара тілінің эпителийінде Френкельдің әдісімен өсірілген А, О, С типтерінің вакцинасы пайдаланылады, Қой мен сиырдың аусылын дауалау үшін екі валентті өсімдік вирустан даярланған вакцина, шошқа үшін — лапинденген вирустан май қосып даярланған вакцина бар. Егілген малда иммунитет 2-3 апта өткен соң қалыптасып, бір рет еккенде 4-6 ай, екі рет еккенде 6 айдан артық уақыт сақталады. Дауалау және күресу шаралары, Аусылға қарсы шараларды үнемі жетілдіріп, жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде үлкен территориялардың бүл аурудан тұрақты түрде сау болуы қамтамасыз етіледі. Бұған қарамастан кейбір өлкелерде аусылдың індет ошақтары сақталып, тиісті шаралар қолданылмаса аурудың тарап кету қаупі орын алуда. Аусылмен күрес бұл аурудан таза, ветеринариялық қызмет жоғары дәрежеде қойылған елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, Австралия) аусылмен ауырған немесе ауру жүдты деп күдіктенген сау емес ферма сондай-ақ шаруашылықтағы барлық ауруға бейім малдарды сойып (стемпингаут), мұқият дезинфекция жүргізіп, індет ошағын толық зарарсыздандыру арқылы іске асырылады. Басқа елдерде, негізінен Еуропада, бұл шаралармен қоса ауруға бейім жануарларды вакциналау қолданылады. Азия, Африка, Оңтүстік Американың бірқатар елдерінде ауруға бейім жануарларды егіп, шектеу-карантин, ветеринариялық-санитариялық шаралар іске асырылады да, ауырған және ауырып жазылған малды сою сирек қолданылады. Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларына шекаралас бұл аурудан сау емес мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталған. Ол үшін әкелінетін мал, мал өнімдері мен шикізатқа қатаң бақылау жүргізіп, айнала иммунді аймақ қалыптастырылады. Аусылдың мүмкін болатын табиғи қорламалары (мысалы, киіктер арасында) есепке алынып, одан ауруды үй жануарларына жұқтырмау шаралары қарастырылады. Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа не елді мекенге карантин енгізіліп, қатер төнген территорияны анықтайды. Ауданның, облыстың шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу бойынша малды, мал өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды дайындау мен пайдаланудың ерекше тәртібін белгілеп, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша тиым салынуы мүмкін. Індет ошағын шектеп, оған тэулік бойы кезекшілік тағайындайды. Жолдарды жауып, шлагбаум орнатады. Барлық ауырған малдарды оқшаулап, емдейді. Ауру мал тұрған қораны күн сайын, басқаларын үш күнде бір рет 2% күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекциялайды. Аусылдан сау өлкеде ең алғаш ауруға шалдыққан малдарды сол жердің өзінде тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып сояды. Етті шаруашылықтың өзінде пайдаланады, оны шикідей шетке әкетуге тиым салынады. Сүтті қайнатқан немесе пастерлеген соң ғана әкетуге болады. Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе сойылған соң 26 күн өткенде алынады. Карантин аларда барлық қораларды, аулаларды, саймандар мен көлікті мұқият қорытынды дезинфекциялайды. Карантин алынған соң да шектеу сақталынады. Шектеу шаралары бойынша бір жылға дейін ауырып жазылған малды шетке шығаруға болмайды. Ауырып жазылған бүданың шәуетін үш айға дейін пайдалануға болмайды. Ауырған мал жайылған жайылым бір жылға дейін пайдаланылмайды. Шаруашылыққа аусылға қарсы егілген малды ғана, егілген соң 23 күн өткенде экелуге рұқсат етіледі.