Жоспар.
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Ауа туралы жалпы түсінік.
- Ауаның ластануы.
- Ауа тазалығын сақтау.
- Қоршаған ортаға судың және жердің әсері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп — жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.
Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді. Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін шығын мөлшері артады.
Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді. Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала береді.
Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір де, болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар дүниелерінің жойылып кетпей,табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі сақталуы шарт. Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының азаюы және көптеген кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені айрықша назарда ұстауды талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму тұжырымын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мойндап, оны тікелей ұстануы, айналасындағылырды осыған көндіре білуі қажет.
Техника-экономика тұрғыда өндірісті жүргізудің ұтымды технологиялары мен құралдарын дұрыс талдап, табиғатты сақтау шараларын жүзеге асырудың арзан және пәрменді жолдарын табуды талап ету.
Адам әрекеттерінің зиянды әсері атмосфера қабатарының бірі стратосфераға да тиіп жатыр. Атмосфераның бұл бөлігінде жердегі барлық тіршілікті радияциялық ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерден қорғайтын озон қабаты орналасқан. Соңғы кезде осы дұрыс озон қабатының бұзыла бастағаны туралы жиі айтылып жүр. Оның бұзылуына тропосфера мен стратосфера шекарасында ұшатын түрлі ұшақтар санының көбеюі себепкер болып отыр. Олардан бөлінетін газдар озон қабатының бұзылуына әсер етеді. Қазақстан териториясында озон қабаттарының бұзылуы космос ғарыш аймағы орналасқан Орталық Қазақстанда байқалған. Сол маңайдағы жайылымдар шөбінің құрамының өзгеруі, сол жерді мекендейтін қарақұйрық етіндегі радиациялық элементтер мөлшерінің шамадан тыс көбеюі осының салдары.
- Ауа туралы жалпы түсінік.
Ауа. Әуелде жер ғаламшарының газ қабығы, яғни газды қауырсыны болмаған. Ауаның пайда болуы – жанартаулардың тынымсыз атқылап, жер кідігінен азот пен көміртектің қос тотығы шығарылуы салдарынан жүрген геологиялық, геохимиялық әрекеттесулер нәтижесі. Жер үстінде өмір іздері пайда болғанға дейінгі кезеңде ауа метан мен аммиактан және су буынан тұрған. Шамамен 1,8 млрд. жыл бұрын бактериялардың тіршілік әрекеттері, онан соң өсімдіктердің өсуі нәтижесінде ауа құрамы өзгеріп, ондағы еркін күйдегі оттек мөлшері арта бастады. Оттек қорының артуы әуе құрамының бірте-бірте азотты оттектікке ауысуына алып келді. Сөтіп тотығу әрекеттері тән «екіншілік» ауа пайда болды.
Жердің ауа қабығының салмағы астрономиялық санмен есептелінеді және ол 5,2*10,15 т. Әринежер қабығының аса мол көлемі және оның газдық құраушының табиғи айналым арқасында үнемі теңгеріліп, орны толтырылып отыруы жайына байланысты әуеде ешқашан таусылмайтын болып көрінуі мүмкін. Алайда, мәселеге оның табиғаттағы бастапқы қалпы сақталып, құрамының өзгеруі тез арада сейіліп шыға келеді.
Ауа қабаты бес қабаттан тұрады. Олар тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экосфера деп аталады. Ауның негізгі (90 % дейін) бөлігі жермен жанасып тұрған және 8-18 шақырымға дейін биіктікке созылатын тропосфера қабатының аумағында тараған.
Ауа химиялық қосылыс емес, өзін құраушы газдардың жай араласып жүрген қоспасы болып табылады және оның теңіз деңгейіндегі орташа құрамы 78,08% азоттан, 20,95% оттектен, 0,03% көмірқышқыл газынан, барлығы бірігіп 0,94% құрайтын енжар газдардан, озоннан, радонна, сутектің асқын тотығынан, аммиактан және йодтан тұрады. Жер әесінің көбірегі азот пен оттектен тұруы – оның басқа ғаламшарлар әуесінен басты айырмашылығы болып табылады.
Ауа үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл оның ең маңызды физикалық қасиеті болып табылады. Ол жерге тік және қапталдас бағыттарда қозғалады. Бұл қозғалыстардың бәрі де ауаның әр тұсындағы қызу айналыстан туады. Ау адамның және бүкіл жер үстіндегі жан-жануарлары мен өсімдіктерінің өмір сүру ортасын құрайды. Олардың ауасыз тіршілік етуі мүмкін болмас еді. Ауаның басым бөлігін құраушы азот – жер үстінде тіршіліктің пайда болып, дамуының негізі болып табылатынбасқада тіршілік туғзушы қосылыстар құрамындағы басты элемент. Сондықтан азотты қазақша өміртегі немесе тіршіліктегі деп атаса болады.
Табиғатта оттек пен азот тоқтаусыз айналымда болады және сол арқылы ауа құрамының тұрақтылығы сақталады. Барлық ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де оттек пен демалады.
Әуедегі оттек мөлшерінің өзгерісі аса көп те емес әрі ірі өндіріс орындарының маңында болмаса, ауа құрамының айтарлықтай нашарлай жайы да тіркеле қойған жоқ. Дегенмен, бүгінгі таңда әр түрлі отындардың жануына жұмсалатын оттек шығыны, оның табиғи түрде пайда болуына әлде қайда жоғары екені және ол шығынның орны қандайда басқа жолдармен толтырылыпотырмағаны да белгілі жайт. Мысалы,есептеу бойынша әуедегі оттектің жалпы мөлшері жыл сайын 10 млрд. тоннаға азайып отырады және бір жыл ішіндегі әр түрлі отындардың жануына жұмсалатын оттек мөлшері, жарық құрау барысында түзелетін оттектің 23% құрайтыны да есептелген. Оттектің табиғат жағдайында өндірілуі мен қарқынды түрде шығындалуының тағы бір мысалы: кәдімгі реактивтік ұшақ бір құрлықтан екінші құрлыққа дейін 8 сағаттай ұша отырып, 50-75 т. оттек пайдаланады, ал осынша уақытта мұндай мөлшерді оттек шығарылуы үшін аумағы 25-50 мың гектардай орман қажет.
Қалыпты жағдайда қалыпты жағдайда әуеде әрқашан мөлшері 0,4-1,0% дейін ауытқып тұратын су буы және шаң мен түтін түрінде біраз мөлшерде механикалық ермелер болады. Әуеде мұндай ермелердің пайда болуының екі, яғни табиғи және жасанды көздері бар.
- Ауаның ластануы.
Ауа құрамындағы қатты ермелерді шаң дейміз. Тау кен үйектік аймақтық ауаларында шаң жаққа жақын да дала және құмды жерлер ауасында ол өте көп болады.
Әуенің адам әрекеті негізінде былғау көздеріне қатты, сұйық және газдық отындарды пайдаланушы жылу электрлік орталықтардан, тұрмыстық отжағулардан, темір көліктерден, темір өңдеуші және химиялық кәсіпорындардын бөлінетін шаңдарды жатқызуға болады және бұлар тіршілік аясы былғануының басты себепкерлері болып табылады.
Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243 тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС, Қзмырыш Текелі қуатты кешені, «Талдықорған жылу қызмет», Қарасай; Іле аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып табылады. Мысалы: бір ғана Текелі қуаттық кешені 2001ж 2077,8 тонна, яғни облыстағы барлық тұрғылықты көздерден шыққан ұшындының 7/1-ін шығарған.
Соңғы жылдары жүргізілген әлемдегі шаң шығарушы басты салалар әрекетін бақылау нәтижесінде ауқымы 20мкм төмен тозаңдардың бір жыл ішінде әуеге көтерілетін мөлшері 1-ден 6 млн. т. дейін жететінін көрсетті.
Әуедегі газ құрамының ойдымдық өзгеруі оның қандай да бір құрауыштарының азаюы немесе көбеюі салдарынан ғана тумайды, оған табиғатта өздігінен пада болмайтын, тек адам қолымен ғана жасала алынатын «бөгде» газ тәрізді ермелік қосылыстардың , мысалы: хлор,фтор,метан сияқты газдардың қосылып, араласып кетуінен туады. Газдық былғануға қоса әуедегі тозаң мөлшері де болып табылатын тозаңдар ластаушы есбінен әуенің көмескіленуі соңғы 30 жылда он есеге артыпты. әрине, адам әрекеті белсенділік сипаттағы аймақтардың үстіндегі әуе әлдеқайда тозаңдылығымен және бұл қалыптың көп уақыт бойы сақталатын тұрақтылығы мен ерекшеленеді.
Адам әрекеттік былғауыштар қоюлығы мен ғана емес, құрамының алуан түрлілігімен де айрықшаланады. Мысалы: өткен ғасыр басында өндірісте 19 химиялық элемен қолданылған болса, ғасырдың ортасына қарай 50 элемент, ал оның 70 жылдарына таман Менделеев кестесіндегі элементтер түгелдей қолданылатын болды. Бұл жай өндіріс ұшындыларының құрамын бұрынғыдан да күрделендіріп, зияндылық салдарынан ондаған есе ұшындырып, ұшындырып жібереді. Енді оның құрамы ауыр және сирек темірлер тозаңдарымен, табиғатта кездеспейтін күрделі құрамдық, радиобелсенді, рак тудырушы, бактериялық және басқа да заттармен, осылардың сан-алуан жаңа әрі күрделі қосындыларымен толықты.
Ау құраушылар – азоттық оттектің және көміртек қос тотығының мөлшерік қатынастары әзірге көп өзгере қойған жоқ, бірақ соңғысының үлесі көп уақыттан бері тұрақты түрде арту үстінде екенін ұмытуға болмайды. Егер жаңадан қосылатын бөгде газдар мөлшері онша көбейе қоймаса, яғни оның салыстырмалы түрде аз болуы қамтамасыз етілсе ауаның әр қабатында жүріп жататын өздігінен тазару, еру, тотығу, ыдырау, бактериалардың жуытуы, құбылысының арқасында-ақ әуе құрамының табиғи тепе-теңдігі сақтала берер еді.
Алайда адам ауа әрекетімен пайда болатын шаң тозаңдар мен улы газдар негізінен ауа белгілі бір қабатында, тропосферада ғана таралып, соның ішінде өндіріс орындары тұрған жерлерде айрықша шоғырланады. Сөйтіп ауаның ең төменгі қатарында жинақталған бұл ластауыш көздірінің тіршілік аясына тікелей әсер еті мүмкіншілігі артып, еселене түседі.
- Ауа тазалығын сақтау.
Ауаның зиянды өнеркәсіп ұшындыларымен былғануымен алдын-алу жолындағы әрекеттер бірнеше бағытта жүргізіледі. Бұған өндіріске қалдықсыз технологияларды енгізу, технологиялық процестерді өз ортасында тұмшаландыра жүргізу, зиянды қалдықтарды іске жарата білу жолдары т.б. жатады. Технологиялық тұрғыда газ тазалау, шаң тұтыну құралдарын орнату, зиянды заттарды биік моржалар арқылы тропосферадан жоғары шығарып шашырату, зиянды заттарды зиянсызға алмастыру, шикізатты ылғалдандыра өндеу тәсілдерін қолдану сияқты амалдар бар. Битум өндірісінің ұшындылары 700-750 С-та толық жағылып жіберілсе, тыңайтқыш өндірісінде ол газдарды қайта пайдалану технологиясы енгізілген. Бояу өндірісінде хлорланған көмірсутектерді хлорға айналдырады.
Жалпы тау кен кәсіпорындарынан шығатын зиянды ұшындылар салдарын экономика – экологиялық тұрғыдан бағалағанда:
- Олардың қоршаған ортаға тікелей тигізітін зиянды әсерлерін
- Ол жерден туатын экономикалық зиянды
- Қоршаған ортаны жақсартуға, қалпына кететіруге кететін шығын мөлшерін
- Қалдықтарды ұтымды пайдалану, іске жарату технологияларын жасауға кететін шығын мөлшерін есептеу керек болады.
Яғни бұл ретте болатын шығындар, ластанған ауа ортасының тіршілік иелеріне зиянды әсерін жоюға жұмсалған және осы әсерден туатын шығындарға бөлінеді. Мұның біріншісінде тіршілік иелерін былғаныш әуе ортасынан көшіру, тазалық қорғаныш аймағын көгалдандыру, тұрған үйлерге берілетін ауаны тазалау жүйесін салу және пайдалану істері жатады. Екінші топқа қатысты шығындарға былғаныш ауа салдарынан ауруға ұшыраған адамдарға емдік қызмет көрсету, олардың кейбіреулеріне еңбекке жарамсыздығына ақы төлеу, ғимараттарды, құрылыс орындары мен құрал-жабдықтарды қалпына келтіру шығындары жатады.
Өнеркәсіп ұшындыларын азайту үшін төмендегідей шараларды жүзеге асыру керек:
- Кәсіпорындарды электр және ұшындылары мен пайдаланатын жанғыш заттарды құрамындағы зиянды заттарды тазалаушы және алдын-ала аластаушы технологиялары бар ірі электр станциялардың маңында шоғырландыру.
- Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азпйтушы немесе бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату.
- Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру.
Ауа тазалығын сақтаудың бұл келтірілген шараларына қоса, айналаны мейлінше көкалдандыру, ормандарды қалпына келтіру және көбейту, өсімдіктер дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді мекендер мен жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстары кең қанатжаюы тиіс.
Алайда әуе шектен тыс былғану жағдайында бұл шараларда жеткіліксіз болады. Әрі мұндай аса былғаныш әуеге тұншыққан жасыл желектер ортаны одан ары ластай түсуі де мүмкін. Мысалы: күкірт қостотығын көп жұтуға мәжбүр болған өсімдіктер оны әеге күкіртті сутек және рак қоздырғыш күкіртті көміртек ретінде кері бөліп шығарады. Әуедегі аммиак мөлшері артып кету жағдайында өсімдіктер оны азот тотықтарына айналдырып тағыда кері қайтарады, олай болса әуе тазалығын сақтаудың ең дұрыс жолы оны ластамау болып табылады.
Зиянды заттарды бөліп алу әдістері. өндіріс ұшындылары құрамындағы органикалық заттарды әсіресе ылғалды күйіндегілерін қойырлықтары жоғары жағдайда қыздыра жағу арқылы, қойырлығы төмендеу жағдайда – аптай отырып, жағу арқылы бөліп алады. Аптауыш ретінде белсенді көмір, белсенді кокс, алюминидің белсенді тотығы т.б. қолданылады. Ұшындыларды тазалаудың өзінің бірнеше деңгейі болады. Мысалы: бір жағдайда ұшынды құрамындағы зиянды затты бөліп алу немесе зиянсыз күйге айналдыру мақсаты қойылса, екінші бір жағдайда – ұшындыны тазалай отырып, зиянсыздандырылған өнімді басқа нәрсеге айналдыру немесе сол өндірістің өзінде қайта қолдануға жіберу, үшінші жағдайда – ұшынды құрамындағы зиянды заттың қалдықтық бөлігінен арылу мақсаттары қойылады.
- Қоршаған ортаға судың және жердің әсері.
Су ең жақсы еріткіш болып табылатынымен өзінің жай заттарға ыдырауы қиын, химиялық енжар зат. Ол барлық табиғат ортасында: су буы және қар, жаңбыр, шық түрінде әуеде сығынды сулар түрінде жер қыртысының үстінгі қабатында, тіршілік шарасында, яғни тірі заттар құрамында болады. Сондай-ақ су шарасын, яғни жердің айрықша сулық белдеуін құрайды.
Күн қуатының әсерінен табиғатта тоқтаусыз ылғал айналымы, яғни әрқалай қалыптық күйдегі су айналымы жүріп жатады. Жер үстімен буланып шығып, аспанға көтерілген су әуенің төменгі қабаттарын ылғалдандырады және жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түсіп, су тоғандарында жиналады немесе жыныс қабаттарына өтіп, жер асты су қорына қосылады. Ал жер асты суы өз кезегінде жүрісті су тоғандарына көтеріліп отырады.
Табиғаттың қай жерінде кездеспесін су ортасы қашан да ағза тектілерге толы орта болып табылады. Шөп сабағына түскен шықта да, аяқ астындағы көлшік су да, үлкен су тоғандарында да қайнаған өмірді кездестірмеу мүмкін емес. Су өзінің түзілуіне ықпал етуші физика химиялық қасиетінің арқасында қазіргі кездегі көптеген жан-жануарлар мен өсімдіктер пайда болған орта ғана емес, ғаламшарымыздағы тіршілік атаулының алғашқы бесігі болып табылады. Барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің құрлыққа шыққанға дейінгі туып даму тарихының басым бөлігі басқа емес, нақ суда өтті.
Сондай-ақ су өмір ортасы, яғни барлық ағзатектілер тіршілік ететін сыртқы орта ғана емес, ол тірі нәрселердің ішкі дүниесін де құрайды. Су құрлықтағы да, судағы да ағзалардың қаны мен қанды сұйықтары мен денесіндегі басқа да сөлдерінің құрамына кіреді. Ал бұл сұйықтар жиыны ағзаның ішкі ортасын құрайды. Орта есеппен әрбір тіршілік иесі салмағының жартысы теңізде пайда болған.
Сондай-ақ су өмір ортасы, яғни барлық ағзатектілер тіршілік ететін сыртқы орта ғана емес, ол тірі нәрселердің ішкі дүниесін де құрайды. Су құрлықтағы да, судағы да ағзалардың қаны мен қанды сұйықтары мен денесіндегі басқа да сөлдерінің құрамына кіреді. Ал бұл сұйықтар жиыны ағзаның ішкі ортасын құрайды. Орта есеппен әрбір тіршілік иесі салмағының жартысы, тірі өсімдік салмағының 4/3 су үлесіне тиеді. Адам денесінде де 60 % су бар.
Су тазалау тәсілдері. Өндіріс және тұрмыс қалдықтарымен былғанған төгін суларды тазалаудың механикалық, химиялық,
физика – химиялық, биохимиялық тәсілдері бар.
- Механикалық тазалау ерімеген заттарды тұндыру, сүзгілеу, сүзу және үйіру арқылы бөлуге бағытталады.
- Физика-химиялық әдістер кезінде төгін судағы еріген және кілегейлік былғауыштарды бөлуге арналған.
- Биохимиялық тазалау минералдық және ерімеген органикалық заттардан тазаланған төгін судағы кілегейлік немесе еріген күйдегі кейбір микроағзатектілердің органикалық былғауыштарды тұтыну және түрледіру қабілеттілігі пайдаланылады.
Жер. Жер бетінің едәуір бөлігін дүние жүзі мұхиттары, қалған бөлігін 39%-ын оңтүстік жарты шарының 19%-ы жуығын таулы, 64%-ы жазық өңір және 33,1%-ы ауыл шаруашылығыүлесінде, 30,1%-ы орманда, 36,8%-ы басқа жерлер.
Техника жетілген сайын адам неғұрлым құралдарды қолданып, жер бетін өзгерте береді. Оның кен және арықтар қазуға, құнарлы топырақтар орнын ауыстыруға, су бөгендерін салуға қатысты әрекеттері барған сайын кеңейе түседі. Мысалы: 1960-1970 жылдары ғана жер қонынан қазып алынатын әртүрлі жыныс – топырақтардың бір адамға шаққандағы мөлшері 200 тонна болса, бүгінде ол көрсеткіш 30 тоннадан асып отыр. Ал қазылып алынып жатқан шикізаттың тек 2%-ы ғана пайдаға жарап, қалғаны табиғатқа тастанды түрінде кері қайтарылып жатыр. Қзіргі кезде адам еркімен жыл сайын 10-15 мың текше шақырым тау жынысы жер үстінде ары-бері тасымалданады екен. Адам жер қойнына кіріп, онда жүріп жатқан процестерге араласады, оларды жылдамдатады не баяулатады, ал кейде тіпті бағытын да өзгертеді. Ашық кендік, жабық кендік қазу жағдайларының екеуінде де жер беті елеулі және негізінен екі түрлі өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, кені алынып іші босап, үңгірленіп қалған жер жарылып, үсті ойылып, опырылып немесе төмен түсіп, жер қаттарының орны ауысады, топырақ құрылысы бұзылады. Екіншіден, кен қазылған төңіректе жұтаң кен үйінділері мен өндіріс тастандылары пайда болады. Мұнан кейін болатын зиянды салдардың бәрі осы екеуінде бастау алады. Ол зиянды салдардың өзі физикалық қыртыстарының орын ауыстыруы, механикалық және химиялық бұзылуларға бөлінеді. кен және өндіріс қалдықтарын көмудің де бүгінде қолданылып отырған амалдары, қоршаған орта күйіне елеулі өзгеріс енгізеді және бұл кезде жер бедері ғана өзгеріп қоймайды. Бұкіл өңірдің геохимиялық тепе-теңдігі ауысады. өндіріс орындары орналасқан аймақтардағы су мен топырақ құрамы өзгеріп, олардың биологиялық сипатына, өнімдік қуатына нұқсан келеді. Аршылып қалған, тастап кетілген жер қыртысының үгіліп-мүжілуі салдарынан ауаның құрамы өзгереді. Мысалы: ауаға құрамында күкірт, азот, көміртек тотықтары мен көмірсутектер бар өндіріс тозаңдары тарайды. Топырақ қабатына күл-қоқыстар, құрамында түрлі қышқылдар мен ауыр темірлер бар өндіріс қалдықтары мен қождары төгіледі.
Қорытынды.
Қорыта келсек нәтижеде адамзаттың үлесінен күрт нашарлаған биологиялық жүйелер тиіп, жекелеген жануарлар мен өсімдіктердің популяцияларыныңкемуі мен жойылуы, адамзат қоғамы үшін болжанбаған терісқұбылыстарғаәкелктін биосферадағы қайтымзыз өзгерістердің қауіпі туып отыр.
Табиғатымызды мәңгілік таза, көркем, бай қалпындасақтап қалу үшін экология мен табиғат қорғау мәселесін біріктіре отырып оқып, үйреніп, іске асыру, адам тағдыры мен тұтас байланыста екенін ұғыну керек. Біз дүниеге эколог көзқарасымен қарап, ең бірінші адам денсаулығын ойлауымыз керек. Терезе алдында өсіп тұрған зәулім ағаш терезеге күн түсірмей, үйдегі ауадағы микроб өлмейді, одан адам тұмау тағы басқа жұқпалы аурулармен ауырады. Ал ағаш шаңды, улы заттарды бойына көп жинайды.ол желмен терезеден үйге кіреді десек, табиғат қорғау көзқарасымен оның бірден кесіліп отырғызылуы керек. Сонда тез жеміс береді, оқушы жемісінің балбырап піскенің, оның қандай екенін көруі тиіс. Енді біріміз «жоқ, ол әсемдік үшін аулаға отырғызылады, оны сұлулық, көркемділікті сақтау үшін біркелкі әдемі қылып кесіп, қырқып отыруымыз керек, екпе көшетке агротехникалық шаралар жасалу керек» дейміз. Енді біріміз «терек ағашы түр ретінде міндетті түрде сақталуы, көбейтілуі керек» десек, енді біріміз» терек ағашы үлпесі, түбіті аллергия ауруына ұшыратады, ол шаң мен улы заттарды бойына өте көп, тез жинап, оны үй маңына, көшеге отырғызбауы керек» дейміз.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып, табиғат – анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Жұмалиева Б. Экологиялық сақтандыру туралы заң керек. Бірақ, сақтауды ойлап жатқан ешкім жоқ. Алтын Орда. 2004 ж. 5-7 тамыз 7-бет.
- Әбенбаева С. Табиғат та сұлулықтың кәусарбұлағы. Ұлт тағлымы. 2003 ж.
- Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б.
- Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы ғылым 1997 -192 б.
- Әлімбаев Т. Адам мен қоршаған орта. Қазақ тарихы 2003 ж. №3.
- Экология : Г.С. Оспанов , Г.Т. Бозшагаева.
- Табиғатты қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 ж.