Мазмұны.
I.Кіріспе:
Ата-бабаларымыздан қалған асыл қазына.
II.Негізгі бөлім:
Орта ғасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті.
1.Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер:
1.1.Талас жазу ескерткіштері;
1.2.Отырар өркениеті;
1.3.Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары;
2.Сарайлар сәулет өнері:
2.1.Салтанатты кесенелер;
2.2.Ортағасырлық моншалар;
3.Ортағасырлардағы ақша айналысы:
3.1.Отырар теңгелері;
3.2.Түркеш теңгелері;
3.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері.
III.Қорытынды:
Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы.
- I.Ата-бабаларымыздан қалған асыл қазына.
Қазақ тарихының , қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті , төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәнгі өлмес мұралар жасады. Оған мысал бола алатын «Орхон-Енисей жазбалары». Ғылымда«Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген ескерткіштер , кесенелер , құлпытастар , зираттар, тенгелер және тағы сол сияқты материялдық мәдениеттер белгілі.Осындай ғажайып мұраның аркасында біз өз тарихымызды , тегімізді біліп отырмыз.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді.
Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт — дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып дамыту, дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы.
II.Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті.
Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан аумағын қоныстанған түркілер бірсыпыра ескерткіштер – қоргандар, жеке қабірлер , адамның тірі кезіндегі қасиеттерін тастан жасалған бейнесінде беруге тырысқан балбалдар тізбегін , тастан үйілген мола үлгілерін қалдырды. Молалардан темірден жасалған үзеңгі, санақ ұшының жаңа үлгілері , семсер , қылыштар, металдан жасалған түрлі әшекейлер жапсырылған жорық белдіктері табылды.
1.Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер.
1.1.Талас жазу ескерткіштері
Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан жене Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минсуеивск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскей – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қaлған барлық мұралар енеді. Fылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түpік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тeрігe 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары ХVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейiпкерлерiне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есiмдердi ел жадында сақтау үшiн сол заманның данагөй бiлiмдарлары өркениеттiң белгici болып табылатын түркiлiк сына жазумен тас бетiне тусiрдi.
Tүpкi тайпаларынан қaлған бұл ескерткiштeр көне дәyiрдің қоғамдық-мәдени, әpi адеби тұрмыс-салт өмiрлерiнен хабар беретiн жәдiгерлер қазына ретiнде бугiнгi күнi барлық түркi тектес халықтарға ортақ мұpaғa айналды. Tүpкi даласының iшкi сырын бойына сiңiрген таңбалы тастар қас батырдың ерлiгiндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасiретiн, амал-әрекетiн бейнелеп, еш өзгерместен күнi бүгiнге жетiп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етiп қалдырылған көне түркiлiк жазба ескерткiштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткiштер саны жыл санап өсiп жатыр.
Tүркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткiштерiн географиялық, мазмұндық әpi дәуiрлiк мәнiнe қарап Орхон, Енисей жене Талас жазбалары Қазақстанньң оңтүстiк аймақтарынан табылған ескерткiштeр қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткiштердің тiкелей жалғасы болып табылатын ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзендi аймақтарда орналасқан.
Сан жылдар бойы iздестiрудiң барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесi өзiнiң құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленедi. Iле-шала Epтic өзенi бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-шi жылдары Iле өзенi бойынан (Eciк қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгiнде Қазақстанның кез келген өңiрiнде өз сырын iшiне бүгiп, жасырып жатқаны бiзге беймәлiм.
Қазiргi кезде ежелгi түркi тайпалық одақтары өмip сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажеттi заттар, қой тастар табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерiнен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзiндiк ерекшiлiгiмен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендерi аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек, өзгеше жазылған көне әрiптер кездеседi. Мұның өзi түркі жазуы жүйесiнiң ертеден қалыптасқан, жүйелi әлiппе, жазу мәдениетiмiздің тереңде eкeнiн aңғapтaды.
Бұл саясат кеңес үкiмeтi кезiнде де толастамады. «Пантюркизм» деген желеумен түркi мәдениетi қуғындалды. Ол саясат тiптi қазiр де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналының (1990, N 12, 256-бет) бетiнде жамбылдық А.Хмелев Қазақстандағы тiл саясаты туралы сыңаржақ пiкiр айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тiлдi (қазақ тiлiн) қалаңыз, қаламаңыз, зорлап оқытады» деп жазды. «Өзiмнiң сұлу орыс тiлiм тұрғанда, маған қазақ тiлiнiң не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрiздi көшпелi халықта жазу-сызу атымен болмаған» — деп бұл халықтарды кемсiтедi. «Қарап отырсам, өзбек, қыргыз, қазақтардьң әрпiнiң бәрi орыстардан алынган. Ендеше ондай тiлдi үйренудiң не мәнici бар«, — деп қорытады.
Көшпендiлер өз тарихын VII ғасырда Орхон- Енисей бойындағы қабырға тасқа eскі туркі әрiптерiмен ойып жазғанда орыс халқы әлi тарих сахнасында жоқ едi. Орыс жерiнде кириллицаның келiп тууына әлi 300 жылдай уақыт бар едi. Осыларды А. Хмелев мырза бiлсе, «көшпендi халықта әрiп деген қайдан болсын» деп ауа жайылмас едi.
Ежелгi түркi туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалдарды оқып бiлy әлi күнге дейiн кешеуiлдеп, нақты тарихи деректердi көpceтeтiн мәлiметтердiң көбiнiң басы ашылмай келедi. Oғaн мына жағдай да себеп болды: Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркiлердiң өздерi) өздерiнiң исламға дейiнгi жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркi мәдениетiн ислам дiнiне құрбан етiп құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды.
1.2.Отырар өркениеті
Қазiр ғылым тарапынан қолдау таба баcтаған Отырар өркениетiн Отырар мен оньң өзiнен кем түсе қоймайтын ipгeлестерi – Көкмардан, Кедер (Құйрық төбе), Оқсыз, Қаракеншек, Шiлiк (Бұзық), олардьщ тiкелей ықпалында болған Иасы (Tүpкicтaн), Сауран, Сығанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хұзақ(Созақ), Баба Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырған. Мұны бiз Отырар — Қаратау мәдениетi дегенге жататын Көкмардан, Күйкiмардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан, әcipece, балшықтан күйдiрiлген, тастан қашалган, металдан соғылғaн бұйымдардан, еңбек құралдарынан aңғаpaмыз. Қалалардың қаулай өcyiнe VI — IX ғасырларда архитектурамен қосалқы өнердің жаңа үлгiлерiнің туындауы себеп болды. Бертiн келе, Х-ХI ғасырлар құрылыста күйдiрiлген кiрпiш, гипс, алебастр кeңiнeн қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйдi безендiру кең өpic алды.
Отырар — XVIII ғасырдан астам өмip сүрген ұлы қала, бүгiнде өзiнiң үйiндiсiнiң ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.
Отырардың берiк қамалы, айнала қазылган сулы ор үстiндегi аспалы көпiрлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершiлер тұрагының, су құбырының, нәжiс жүйесiнің болуы мұндaғы қала тiршiлiгiнiң астаналық сипатта болғанын көрсетедi. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тipкece жатқан бөлiгiнiң өзiнде оннан астам үлкендi-кiшiлi қалалар болған. Fажайып суландыру жүйесi бар қала егicтігінің өзi әлденеше шақырымға созылып жатқан. «Отырардағы баспананың негiзгi ұясы,- деп жазған археологтар К.Ақышев, К.Байпақов, Л.Ерзакович,- дәлiздi немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелi тiркеспелер отырықшы қазақтардың үйлерiне ұқcac».
Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бiрiнде өздерi тұрып, екiншiciнде қонақ күтeтiн ортасы дәлiзбен ажырасатын eкi бөлмелi «Қоржын үйi» (мұны қоржын icпeттi болғандықтан осылай атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пiкiрiн растайды.
Профессор М. Мендiқұлов қазақ арасында кeңiнeн тараған тұpғын жайдың негiзгi eкi түpiнeн — далалық қыстаудан, ондағы «ауыз үй», «оттық үй», «жатақ үй», «қонақ үй» тipкеспесiнен де, Oңтүcтiктiң «қарсы eciктiciнeн» де қоржын iспeттi ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Оның үстiнe кендi Алтайдың орманды алқабында тұратын түркiлердің ағаштан қиыстырып тұрғызатын төрт қабырғалы «қыстағына» да, бес қабырғалы «дүкеннен» де, оларға тipкecтipe орналастырылған «шарбақ үйiнен» де, тiптi Арал мен Каспий балықшыларының лашығынан да «қоржын үй» сарыны байқалады.
Taғы да айта кeтeтiн жайт — түркiнiң әуiздi, шүңеттi суландыру жүйесiнiң, кiшiгiрiм атыздарға егiстiктi орналастыру тәртiбiнiң Отырар тұрғындарының диқаншылық icқарекетiн еске салатыны. Оның үстіне қазiргi Шәуiлдiр каналы eскi оман арықтың iзiмен қазылған. Арыс — Tүpкicтaн каналын салуда ежелгi Ақарықтың көне заманда Арыс пен Бөгендi қосқаны ескерiлгeн. Отырардан табылған еңбек құралдарының, ат әбзелдерiнің көпшiлiгi қазақтiкiне сәйкес келедi. Сонымен Қазақстан жерiндегi түркi қалаларының дамуына тән құбылыс — түркiлерде отырықшылық пен көшпендiлiк тығыз байланыста болған.
Отырардың бiз үшiн аса маңызды болатыны — әлемге әйгiлi осы бiр көгалды алқапта атам заманнан, шамамен айтқанда, мұнан 2-2,5 мың жыл бұрын қоныс тебе бастаған қаңгүй (қаңлы), каңғар, кеңгерес, кейiнiректегi қият (қоңырат), қыпшақ тайпаларының қазақтың тeктecтiк құрамында аса күрделi қоспа болып, қазақ халқының қалыптасуына жол ашқанында болып отыр.
Қазақтың өзiне тән тұрғын үйлерi — шошала, қоржын үй, тiркеспе, тоқалтам, қыстың, дүкен, шарбақ үй, жертөле, әлшек ғылым мен мәдениет үшiн ең алдымен бiзде қалыптасқан сәулет өнepiндe қаңқаның (қабырғаның), төбежабының (итарқаның), ұстынның (бағананың), есiк-терезе ойықтарыньщ құрастырма бөлшектердiң орнығу үрдiсiн, құрылыс тәсiлдерiндегi, материал таңдаудағы жапсарбастағы түбегейлi өзгерiстердi, қазақ құрылысшыларының үй тұрғызуда ұқыптылық көрсете бiлгенiн айқындайтындығымен құнды.
Археологиялык, зерттеулер қазiргi Өзбек, Қырғыз, Typiкмeн, Якут, Монғoлия, Қазақстан аймақтарында жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгi түркi тайпаларының өзiндiк материалдық және рухани мәдениетi болғандығын анықтап отыр. Kүнкөpicкe байланысты қалыптасқан түркiлердiң қолөнерi, oғaн тiкелей қатысты ою-өрнегi, қайталанбас үй жиhаздары, киiм-кешеri, қару-жарағы, әуез аспаптары, тiптi қырыққа тарта жанры мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиетi, белгiлi бiр мазмұнға қурылатын күйлерi, ақындық, шешендiк өнepi, әр түрлi кейiпке кipe өнер көpceтeтiн жалғыз орындаушыдан тұратын халық «театры», халық әуендерi болған.
Кедерде (Отырардың ipгeciндe) шамамен IX-X ғасырларғa жататын тұрғын жайдың орнын қазғанда, саз балшықтан күйдiрiлген ойыншының маскасы табылған. Мұның өзi жасанып, маска киiп жұрт алдына шығатындардың қатысуымен өтeтiн қызықшылық түркiлерде орта ғaсырларда, бәлкiм, онан да әpipeк болған деген ой тyғызады.
Tіптен қазақ арасында баланьң әуездiк қабiлетiн дамыту үшiн дүңгiршек, шың, қамыссырнай, қостiлiк, сақпан сияқты аспаптармен бiрге пайдаланылып келген үскiрiктiң (оны «сазсырнай» деп бекер айтып жүр) Отырардан табылғаны да кездейсоқ емес. Отырар тұрғындарының астық құятын хұмдарға (орларrа), су таситын құмыраларға, май салатын,айран ұйытатын көзелерге түркi руларыньщ таңбалары салғанында да үлкен мән бар.
1.3.Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары
Маңғыстау жерін қазіргі кезде “362 әулие мекендеген жер” дегенді жиі естиміз. Шынында да, бұл жерді ашық аспан астындағы мұражай деп те атауға болады. Бұл жерден көптеген мешіттер мен құлпытастар табылды. Маңғыстау жерін киелі деп те атауға болады. Атап айтқанда, бұл территориядан Қараман ата, Қошқар ата, Шақпақ ата, Бекет ата және т.б. көптеген киелі адамдардың мешіттері кездеседі. Бұл ескерткіштердің кейбірі осы күнге дейін жақсы сақталынған.олар өздерінің әшекейлігімен, сәндігімен археологтарды қызықтырды.
2.Сарайлар сәулет өнері
Түріктер, түркештер, қарлұқтарқ қарахандықтар дәуірінде қалалар мен далаларында түрлі сәулет өнері құрылыстары, кесенелер мен мешіттер бой көтерді, қолданбалы және бейнелеу өнері, мүсін жасау өнері өркендеді.
Археологиялық қазбалар нәтижесінде Кедер, Жамукет қамалдарындағы көлемді құрылыстар, Құлан мен Көкмардандағы тұрғын үйлер, Суяб пен Науакеттегі будда
Ежелгi түркi тайпалары тек малшы, егiншi, құрылысшы, жауынгер ғанa емес, сонымен бiрге тамаша сәулетшi, мүсiншi, суретшi де болғандығы байқалады. Бұған Maңғыстay түбегiнен таяуда табылған мәдениет қазыналары бiрден-бiр айғақ. Әcipece, Сарытасқа таяу жердегi жартасты кеулеп салған Шақпақ ата зираты ғажайып: ол көшпелi тайпалар өнерiнiң ежелгi дәстүрлерiне сай өрнектелген. Елiмiздiң Азиялық бөлiгiнде әзiрше бұлай әшекейленген құрылыс ұшырасқан емес. Зират шамамен бұдан 1000 жыл бұрын салынған.
Төрт бұрышты зәулiм мұнараның қабырғалары хайуанаттардың, салт атты садақшылардың суреттерiмен оюланған; сайысты бейнелейтiн көpiнicтep мейлiнше әсерлi. Ою-өрнектiң iшiнде бес саусағын жайған алақанның бедерi жиi ұшырасады. Teмipдeн соғылған ұзын сырыққа саптаған «бес қол» (саусақ) жергiлiктi түркi рулары мен тайпаларынан құрылған одақтардың жауынгерлiк туы icпеттi.
храмдары мен монастырлары, Испиджаптагы гибадат орындары бізге белгілі болды. Құрылыс төбелері жайпақ күнбездене немесе шатыр тәріздес етіп жабылды. Сонғысында ағаш кенінен қолданылған. Есік ойықтары арка түрінде жасалып, ағаш есіктер орнатылған.
IX-XII ғасырлардағы көлемді құрылыстарға Кедер мен Жамукнттегі сарайлар мысал бола алады. Бұл — салтанат залдары, тұрғын және шаруашылық жайлары бар құрылыстар.
Кедер сарайының салтанат залының ауданы 150 шаршы метрден астам. Оның қабырғалары мен есік тақтайлары жазулармен әшекейленген. Оның сақталған себебі — өрт кезінде жана бастаған есік үстіне төбе құлап түскен де, әшекейлерді жасырып,ғасырлар бойы сақтап қалған.
Тақтайда сән-салтанат пен діни жоралғылар бейнеленген: сәнді бас киімдері бар үйлену сәтіндегі күйеу жігіт пен қалыңдықты қоршаған адамдар, шынтақ қойғыштары мен аяқтары қанатты түйе, қой, жылқы тәрізді жануарлар кейпінде жасалған тақта отырған еркек және әйел құдай бейнелері; төрт қолы бар құдай қорғап тұрған қамалға шабуыл жасау көріністері бейнеленген.
Жамукеттегі салтанат сарайы да қызыл, сары, көк түстермен, геометриялық өрнектермен әшекейленген. Діни залдың қабырғаларына өрнектермен әшекейленген қыш тақтайшалар жапсырылған. Онда жүзім сабақтары, қызғалдақ, гүл шоқтары бейнеленген. Діни залдың едені жартылай көтеріңкі – сәкі етіліп жасалған, онда қасиетті от жағатын орын бар.
Көркем сурет, сылаққа өрнек салу, ойма өрнекті тақтай сарайлар мен храмдарды көріктендіруде кеңінен қолданылды. Құлан мен Науакет билеушілерінің қала сыртындағы сарайларында кейбір залдың қабырғалары әр түрлі түске боялған сылаққа ою-өрнек салу арқылы әшекейлеген. Өсімдік тектес және аң бейнесіндегі оюлармен қатар қыш тақталарға ұсақ қыш мүсіндер – адамдар мен құстардың бейнесі орнатылған.
Суяб пен Науакеттеезәулім будда храмдары қазылып зерттелді. Бұл құрылыстардың орталық залдарында қасиетті жәдігерлер сақталған, айналмалы дәліздері, аулары, дін қызметшілеріне арналған тұрғын жайлр жүйесі бар. Храмдар қабырғаларына сылағы кеппей тұрғанда өрнектер салынған, қабырғадағы арнайы жасалған қуыстар мен тұғырларға Будданың отырған және жатқан кейпіндегі бейнелері қойылған.
Қазақстан қалаларындағы бейнелеу және сәндік өнері Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс, шығыс Түркістан қалаларымен өте ұқсас.
X-XII ғасырлардағы көлемді құрылыстарда құрылыс материалы ретінде күйдірілген кірпіш, ағаш, ғаныш, гипс, алебастр кеңінен қолданылған. Қабырғаларды көз тартарлықтай сәндеу үшін күйдірілген сары сазға өрнек түсірген және кірпішті оюлп қалаған. Сол ғасырлрдағы сәулет өнеріндегі ою-өрнектер қазақ халқының өмірінде әлі күнге дейін сақталып келеді.
2.1.Салтанатты кесенелер
X-XIII ғасырларда ісләмнәң таралуымен бірге қалаларда мешітер, кесенелер тұрғызу ісі басталды. Ең алғашқы мешіттерді археологтар Кедер және Күлтөбе қалаларынан кезіктірді. Бұл мешіттердің ауданы 600 шаршы метрдей тік брышты залы болады. Оның жайпақ төбесін бірбірінен 2,5-3м қашықтықта орнатылған көптеген ағаш бағаналар тіреп тұрған. Алғашқы мешіттер өте қарапайым жабдықталған. Оларды әшекейлеу үшін күйдірілген өрнекті кірпіштерді пайдаланған.
Тараз маңындағы діни ескерткіштер сәулет өнерінің жоғары деңгейде дамығандығына дәлел бола алады. Олардың ең ежелгісі X-XI ғасырларда салынған Бабаша қатын кесенесі. Кесене күйдіріген кірпіштен текше түрінде қаланған. Шатыр тәріздес он алты қырлы күмбезі төбесін түгел жауып тұр. Шығысқа қараған бас қабырғасында кесене есігінің жоғарғы жағы шошақтана сүйірленіп келген. Құрылыста сәндік әшекейлер қолднылмаған, тек кіре берістегі қуыстың қабырғасына биік, тар әрі таяз ойықтар жасалып, олардың үстіңгі жақтауларына сылақтан өрнектер түсірілген. Салтанатты сипаттың жоқтығы, қырлы күмбез, жалпы құрылысындағы қарапайымдылық кесенені шын мәінде зорайтып көрсетеді.
XI-XII ғасырларда салынған Айша бибі кесенесі өте көрнекті ескерткіш. Кесене бір бөлмелі, тікбұрышты (7,7*7,6 м), төбесі кмбезделе жабылған ұрылыс. Бұрыштарын үлкен тіреу-бағаналар қойылған.”Әрбір қасбетінің орта тұсында терезе тәріздес таяздау ойық жасалып, өрмелі аркамен жиектелген. Есігі шығыс қабырғасында. Кесене ортасында шағын құлпытас тұр. Қабырғалары және тіреу бағаналардың бұрышы геометриялық және өсімдік тектес өрнектері бар күйдірілген саздан жасалған тақтайлармен жабылған. Айша бибі кесенесінің өрнектері ерте кездегі қышшылар өнері мен қолданбалы өнерден нәр алғандығы байқалады.
Қарахандықтар сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Тараз қаласындғы салтанатты күмбезді Қарахан кесенесі. XX ғғ. басындағы өңдеу-жөндеу жұмыстарынан кейін кесене қабырғалары өзіне тән үлгісін жоғалтып, сәулеттік-сәндік бейнесінен түгел дерлік айрылды.
X-XII ғғ. ескерткіштерінің өзіндік құрылым үлгілері, сәулет формалары, әшекей түрлері зерттеушілерге оларды дала өнерінің дәстүрлерімен тығыз байланысты солтүстік-түркістандық сәулет өнеріне жатқызуға мүмкіндік береді.
2.2.Ортағасырлық моншалар
Ортағасырлық моншалар өзінше бір сәулет өнері ескерткіштері болып табыады. Қала құрылысы тұрмысында моншалар кеңінен таралған. Археологтар Тараз, Отырар, Баласағұннан моншалар тапты.
Тараз моншасының әшекейлерге бай болып келеді. Бұлар геометриялық және өсімдік тектес өрнектер, алебастр сылағынан жасалған әшекейлер.
Отырар моншасы Шығыста XI ғ. таралып, күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан айқыш (крест) формасымен ерекшеленеді. Онда шешінетін орын, массаж жасайтын зал, ыстық және салқын жуыну орындары, демалыс бөлмесі болған. Монша төбесі күмбезделе жабылған.
Моншалар тақтай еден астымен жүргізілген ыстық су құбырлары жүйесімен жылытылған. Суды құдықтан алған немесе осы кезеңде кеңінен таралған су құбыры арқылы жеткізген.
3.Ортағасырлардағы ақша айналысы
Ерте орта ғасырларда (VI-VIIIғғ) теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз – ру атының өзіндік идеограммасы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен екендігін, руын, сол руы жайлы мәліметтерді білуге болады.
3.1.Отырар теңгелері
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі – ежелгі Отырар болды.отырар мен оның айналасындағы өмір салты шеткері аймақтарға да өз әсерін тигізіп отырды. Отырар қолөнершілерінің өнімдері Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі, Сырдарияның орта ағысындағы, Арыс өзенінің жағасындағы көптеген қалалар базарында сатылды.
Отырартөбе жұртынан сонымен бiрге VII ғ. соғды теңгелерi; VII ғ. аяғы — VIII ғ. басында Шаштан шыққанын бiлдiретiн «дудун» атағы жазылған ежелгi туркiлiк теңгелер; Ферғанадағы түркi билеушiлерi шығарған, ежелгi түркi таңбасы және соғды жазуы бар теңгелер; Таң әулетi (618-907жж.) шығарған қытай теңгелерi; VIII-XII ғасырларда Орта Азия аумағында пайдаланылған «гитрифи» тектес Бұхар теңгелерi табылды. Қазба кезiнде сондай-ақ саманиттер (IX ғ.) және қарахандықтар (ХI ғ.) билеушiлерiнiң мыс фельстерi шықты.
Отырар жазирасында ақша айналымы болғандығын Отырартөбе жұртын, сондай-ақ оның айналасындағы Мардан-күйiк, Құйрықтөбе қала орындарын казған кезде табылғанан түрлi теңгелер дәлелдеп отыр. Металл түpi және таңбалары бойынша теңгелердi eкi топқа бөлуге болады.
Бiрiншi түpiнe бетiнде садақ пен төртбұрышты түркi ру таңбасы салынған мыс теңгелер жатады. Мұндай таңба ең жоrарғы билеушi кағанның атағын белгiлейтiн түркеш теңгелерiнде де бар. Таңбалардың ұқсастығы — Сырдариядағы түркi билеушiлерi мен Жетiсудағы атақты адамдардың бiр әулеттен тapaғaндығын көрсетедi. Бұл теңгелердiң екiншi бетiнде көтерiңкi құйрығы қайқайып келген, оң аяғымен алға басқалы тұрған арыстан бейнесi салынған. Екiншi түpiнe Отырар жазығының қола теңгелерi жатады. Олардың бетiндегi таңба Педжикенттен табылған Бұхар теңгелерiнiң белгiлерiне ұқсас әpi соғды әрпiмен жазылған жазулары бар. Екiншi бетiндегi арыстан тура алдыңғы теңгедегiдей бейнеленген, бiрақ көркемдiгi арта түскен. Бұл теңгелердi Отырар жазирасындағы басқа бiр беделдi ру өкiлi шығарған болуы керек, немесе солалғашқырудың кейiнгі уақытта шығарған, жетiлдiрiлген теңгесi болуы да мүмкін.
Аталған теңгелер Отырартөбе жұртын және оныңайналасын (15 шақырым мөлшерiнде ) қазған кезде табылған. Демек, VII ғ. аяғы VIIIғ. басында Отырар iшкi сауда айналымын қамтамасыз ету үшiн өз мыс теңгесiн шығарған.
3.2 Түркеш теңгелерi
Түркеш қағандығының теңгелерi VIII ғ. басынан белгiлi. Бұл теңгелердiң алғашқы түpi түркеш билеушiлерi үстемдiк еткен 716-766 жылдарда шығарылған. Бұл теңгенiң оң бетiнде түркештердiң таңбасы — садақ бейнеленген, ал екiншi жағында «түркеш-қаған-ақша» деп оқылатын түсініктемесi бар.
Екiншi және үшiншi түрлерiнiң түсiнiктемелерiнде Бұхар билеушiлерiнiң атағы және тәуелдi соғды князьдерiнiң атағы жазылған. Бұл теңгелер түркеш билеушiлерiнiң атынан емес, түркi және сoғды билеушiлерiне тәуелдi жергiлiктi соғды князьдерiнiң атынан шығарылған.
Белгiлi ағылшын түркологы Дж. Клоусонның болжамы бойынша, алғашқы түркеш теңгелерi ежелгi Батыс Typiк қағанатының астанасы Ақбешiмде (Суяб) соғылған.
748 жылы Суябты қытайлар талқандағаннан кейiн Жетiсудың батыс бөлiгi Талас қаласының иелiгiне айналды. Талас (Тараз) каласында түркеш билеушiлерi теңге шығаруды жалғастыра бердi. Тараз теңгелерi алғашқы Ақбешiм-Суяб теңгелерiне ұқсас болды. Теңгелердiң оң бетiнде садақ түрiндегi таңба, ал сырт жағындa «түркеш-қаған-ақша» немесе «күн бейнелi қаган ақша» деп соғды жазуымен жазылған тyciнiктeмe болды.
Қарлұқ заманында да (VIII-X ғғ.) Қазақстан аумағында түркеш теңгелерi айналымда болды.
3.3 Саманилер мен қарахандықтар теңгелерi.
Саманилер дәуiрiнде тауар ретiнде бағаланған алтын динарлар қарахандықтар кезiнде айналым құралына айналды. Алтын айналымына құйылған теңгелер ғана емес, көлемi және салмағы әр түрлi кесек алтындар да жүрдi. Алтын теңгелер әр турлi теңге сарайларында құйылғандықтан, олардың сапасы мен салмағы әрқалай болды. Олардың айналымда қатар қолданылғанын Орта Азия аумағынан табылған көмбелер айғақтайды.
Ұсақ бөлшек саудада қолданылатын мыс теңгелер болса, әр түрлi теңге сарайларында ақша құнын заңдастыру үшiн оқтын-оқтын шығарылып турған. Негiзiнен мыс ақшалар айналымғa түсуге тиiстi аймақта алдыңғы айтылған күмic жалатылған дирхемдер қызмет етiп келдi де, бiрте-бiрте олар кәдiмгi мыс теңгелерге айналды.
Саманилер мемлекетiнде алтын динарлар және мыс фельстермен қатар «исмаили» деп аталған жоғары сапалы күмic дирхемдер үнeмi соғылып тұрды. Бiрақ ол негiзiнен тауар ретiнде сыртқа шығарылды. Iшкi саудада IX-XI ғасырларда бухархудат теңгелерi (мусейяби, мухаммеди, гитрифи) үлгiлерiмен соғылған «Қара дирхемдер», т. б. бiрсыпыра теңгелер қолданылды. Олардың iшiнде мусейяби дирхемдерi ең жоғары сапалы болды, мухаммеди дирхемдерi төменгі сапалы күмістен, гитрифи дирхемдерi мысы басым жәй металдар корытпасынан соғылды.
Қарахандықтардың ақша шаруашылығында бұрынғыша «қара дирхемдердiң» барлық түpi, оның iшiнде гитрифи тектес мыс тәрiздестерi ұзақ уақыт айналымда жүрдi. Саудада үнeмi теңгелердiң жаңа түpi қосылып отырды.
ХI ғ. басында айналымда тек жоғары сапалы күмic дирхемдер болса, екiншi онжылдықтан бастап құрамында 35% мысы бар теңгелер шыға бастады. Күмic теңгелер шығару ХI ғ. соңғы ширегiне дейiн жалғасып келдi. Одан кейiн қарахандықтар мемлекетiнiң теңге сарайларының көпшiлiгi бiраз уақыт мыс пен қорғасын құймасынан дирхем жасап келдi. ХII-ХIII ғасырларда дирхемдердi мыстан құйып, тек сыртына ғана күмic жалатты. Бұл өзгерiстiң себебi «күмic дaғдapыcы», бәрiнен бұрын Орта Азиядағы күмic қорының азаюына байланысты болды.
XI-XIII ғасырлар арасы қалалық мәдениет өркендеген, тауар өндipу өciп, осыған орай сауда кеңiнен қанат жайған кезеғ деп есептеледi. Өндiрiстiң қауырт өcyi айналымда көп мөлшерде ақша болуын талап eттi. Алтын мен кумістің қоры сауданы таза алтын және күмic теңгелермен қамтамасыз ете алмады.
III.Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы.
Қазақстанның кең-байтақ даласын құрайтын Евразияның Хуанхэ өзенінен Карпат тауларына, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның шөлейт аймақтарына және Евразия тундрасына дейінгі орасан зор далаға ұласқан шетсіз-шексіз алып аймақты игеру тек көшпелі малшылардың ғана қолынан келетін еді. Түйе, жылқы, қойлардың әрі көшіп-қонып жүретін күш көлігі, әрі ет, сүт, тері, жүн беретін, яғни көшпенділердің азық-түлігін де, киім-кешегін де, баспанасын да қамтамасыз ететін материалдық ресурс көздері қызметін түгел атқарды. Көшпелілер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы еді.
Көне тарихта аса көрнекті рөл атқарған Түркі қағанатының құрылғанына 1450ж толарына көп қалған жоқ. Бұл елеулі оқиға көптеген мемлекеттерде аталып өтеді, қазірдің өзінде түркілердің ұлы өркениетінің мұраларын оқып-үйренуге, зерттеуге арналған бірнеше халықаралық конференциялар мен форумдар болып өтті.
Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені, ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Евразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен. Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естеми,Білге қаған, Күлтегін сияқты алғашқы қағандардың есімдері ежелгі ерте заманның өзге ұлы әскери қолбасшыларының және мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен әбден қатар тұра алады, олардың атқарған істері ешкімнің де атқарған істерінен артық болмаса, тіпті де кем емес.
Ежелгі түркі өркениетінің әлеуметтік-саяси саладағы даусыз жетістіктері қатарына қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құрылымын қалыптастырғанын қосуға әбден болады. Ол қоғамдағы шешуші рөлді қаған бастаған империялық ақсүйектер атқарды. Ал қағанның ең басты міндеті, ежелгі түркі ескерткіштерінің қалдырған деректеріне қарағанда, “ел-жұртының қамын ойлау, халқын асырау” болған. Қайтыс болған қаған туралы құлпытасқа қашап жазылған ең жоғары мақтау сөз мынадай: «Ол өзінің халқын армансыз асырады». Барлық биліктің қаған мен дана ақсүйектерінің қолына шоғырлнуы оларға мемлекет тағдыры үшін саяси және тарихи тұрғыдан мейлінше күшті жауапкершілік жүктелді.
Міне, осындай мықты ата-бабаларымыздың арқасында бізге сонау ежелгі заманнан бері көне материалдық ескерткіштердің көп бөлігі сақталып, жетіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Аманжолов К.Р Түркі халықтарының тарихы. Алматы 2002ж.
- Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы “Атамұра” 1999ж.
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы 2003ж.
4. Байпақов К.М. Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Алматы 2001ж.
5. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихы. Алматы “Білім” 2004ж.