Ас қорыту туралы жалпы түсінік

I Кіріспе
Ас қорыту туралы жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
Ащы ішекте ас қорыту ерекшелігі
  а) он екі елі ішек
  б) Ащы ішек
  в) Мықын ішек
ІІІ Қорытынды
Ащы ішектегі ас қорыту маңызы
Ас қорыту туралы жалпы түсінік

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректі заттардың күрделі қысылыстарының денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын, айналуын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы.

  Организм әр түрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік әрекетін сақтау үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отыруы керек. Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар (белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректі заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп қарапайым қосылыс түріне айналу керек. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, суда жеңіл еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады.

Ас қорыту мәні осында.

Жоғарғы сатыдағы жануарлапрдың ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепті тіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғаты байланысты ас қорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан.

  1. Торшалық ас қорыту

Ол түрлі тығыз немесе сұйық заттарды торша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестеріне негізделген. Демек, фагоцитоз және пиноцитоз құбылыстары осы торшалық ас қорытудың көрінісі. Ас қорытудың бұл түрі бір торшалы қарапайым жануарларға тән.

  1. Торшадан тыс ас қорыту.

Көптеген қоректік заттар молекуласының мөлшері торшалар мөлшерінен әлдеқайда үлкен келеді. сондықтан оларды ыдырату процестері маманданған торшалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі қуыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді.

Қуыстық ас қорыту қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің әрекетімен атқарылады.

Мембраналық ас қорыту торшалардың сыртқы бетінде, олардың қабығына (мембранасына) тұтылған, немесе сол мембрананың құрамына енген ферменттердің әсерімен жүреді. Аталған ферменттер тек қана торша бетімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер ететін. Сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы, беткейлік ас қорыту деп те атайды.

  1. Сыртта ас қорыту қоректік заттардың органитзмнен тыс ыдырауымен сиптталады. Ас қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер торына түскен жәндіктерге өздерінің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де, құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қоректенеді.
  2. Ұжымдық ас қорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларды ас қорыту процесі бірнеше индивидтің қатысуымен жүреді, сондықтан олардың илеуінен бөлініп алынған жеке өкілдері ұзақ тіршілік ете алмайды.

Ас қорыту органдарының негізгі қызметі – қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларға ішектің қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы азық құрамындағы белоктар – амин қышқылдарына, майлар – глицерин май қышқылдарына, ал көмірсулар – жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ған денеге қан арқылы тарап, сіңе алады.

Ащы ішек

Ащы ішек (тонкая кишка) – intestinum tenue – қарын мен бүйеннің аралығында орналасуқан азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі. Ащы шекте қорында жартылай қорытылған жын құрамындағы қоректік заттар (белоктар майлар, көмірсулар) қабырғалық жалпыішектің бездің, ұйқы безінің сөлдері құрамын – ферменттердің әсері мен және бауырдан келген өттің қатысуымен өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, химиялық өңдеуден өтіп қорытлып, қорытылған қоректік заттар ащы шек бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға және лимфаға сіңіріледі. Сондықтан, ащы ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жергілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ащы ішектің ішкі бетіндегі көптеген қатпарлар мен ащы шек бүрлері ішектің ішкі беті ауданының көлемін арттырады.

Қабылданатын азықтың түрлеріне байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті азықпен азықтанатын жануардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді.

Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек

Он екі елі ішек – intestinum duodenum – жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см – 120 см дейінгі, қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның қақпақша бөлігінен басталған бойда, S әрпі тәрізді иілім жасай бауырға бағытталып, одан әрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға және қарай бұрылып, шекарасыз ас ішекке өтеді. S әрпі тәрізді иілім аумағында он екі елі ішек қуысына бауыр мен ұйқы безі өзектері (сиыр мен шошқада бөлек, ал жылқы, ұсақ мал мен итте бірге) ашылады. Он екі елі ішектің кілегейліасты негізінде, өзектері ішек қуысына ашылатын арнайы дуаденальды безі болады.

Он екі елі ішек үй жануарларында негізінен құрса қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр мен ұйқы безінің негізгі өзектері он екі елі қуысының алдыңғы бөліктеріне бірге ашылып, он екі елі ішектің кіші бүртігін (papilla duodeni minor) жасауға қатысады .

Ерекшеліктері.

Күйіс қайыратын жануарларда он екі елі ішек ұлтабар ұшы деп аталады. Оның ұзындығы 70-120 см болады. Ол ұлтабардан 9-11 қабырғалар тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде он екі елі ішектің краниальды иілімін (flexura duodeni cranialis) түзеді. Бұдан соң, ол бауырдан каудальды бағытта оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады да медгеальды бағытта бұрылып, ұлтабар ұшының каудальды иілімін (flexura duodeni cranialis) жасайды. Бұдан кейін, ол бел бұлшықеттерімен жанаса қайтадан бауырға қарай бағытталып оның маңында он екі елі – аш ішек иілімін (flexura duodenojejunalis) түзіп, аш ішекте өтеді. Бауыр өзегі он екі елі ішекке сиырда пилорустан 50-70 см-дей ұсақ малдарда 25-40 см қашықтықта ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен 30-40 см-дей кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.

Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, ол қозғалмалы келеді. Ішек негізінен төмендеген және өрлеме бөліктерден тұрады. Ол қарыннанан шыққаннан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған төменгі бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырғаастылық және оң бүйірлік аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан қарынға қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын маңында ішекке өтеді.Өт пен ұйқы безі өзектері бірігіп, пилорустан 3-8 см-дей қашықтықтағы бүртікке ашылады.

Ащы ішек – intestinum jefunum – ащы ішектің ең ұзын бөлігі ( сиырда – 40м, қойда – 30-35м, жылқыда — 30м және итте – 2-7м ). Ол ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansal intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.

Ерекшеліктері: Жылқыда аш ішектің ұзындығы орта есеппен 19-30 м, диаметрі 6-7 см-дей болады. Ішек бүйеннің алдыңғы жағында ұзын шажырқайға ілініп тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жарытысының жоғарғы және ортаңғы бөлігін алып жатады.

Шошқада аш ішектің ұзындығы 15-20 м болады, ішек ілмектері ұзын шажырқайға ілінген.

Ит аш ішегінің ұзындығы 2-7 м ішектің ішкі бетінде қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіншелері көптен кездеседі.

Мықын ішек – intestinum ilium – аш ішектің ең қысқа бөлігі (сиырда 50см, қойда 20-25 см, итте 10-20см). Ол аш ішектен түзуленіп шығып, жылқыда бүйенге, қалған жануарларда бүйен мен тоқ ішектің шекарасына ашылады. Оның тоқ ішекке ашылар тесігінің қабырғасында, мықын ішек бүртігінің негізін құрайтын қысқыш ет болады.

Ерекшеліктері: Күйіс қайтаратын жануарларда мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасына 4 – бел омыртқа ашылады.

Итте де мықын ішек бүйін мен тоқ шекарасындағы ішек бір түріне, 1-2 –ші бел омыртқалар тұсында ашылады.

Ащы ішектің гистологиялық құрылысы.

Ащы ішектің қабырғасы да, басқа түтікше сияқты үш қабаттан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Бірақ қызметіне байланысты ащы ішектің қабырғасы құрылысында біраз ерекшеліктер болады. Атап айтқанда, ащы ішек кілегейлі қабығы құрылысында қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіруге арналған болады. Оларға аш ішек кілегейлі қабығындағы қатпарлар, пішіні саусақ тәрізді ұзын кілегейлі қабыққа терең еніп жатқан кірмелер және эпителиоциттердің апикальді ұшындағы микробүрлер жатады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы төрт қабаттан тұрады. Олар: ішектің эпителий қабаты, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейліасты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі бүрлер мен крипталар бір қабатты призма тәрізді жиекті эпителиймен қапталған. Эпителийдің астында қан мен лимфа тамырларымен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа жатады. Ішек бүрлері эпителий қабаты мен өзіндік тақташадан құралған. Бүрлердің ішіндегі борпылдақ дәнекер ұлпасында бүрлердің жиырылуын қамтамасыз ететін жекеленген миоциттер болады. эпителий қабаты өзіндік тақташаға бойлай еніп, крипталарды құрайды. Бір қабатты призма тәрізді эпителийді жолақты жиекті пішіні призма тәрізді энтероциттер құрайды. Олардың апикальді үшында ішек кілегейлі қабығының сору ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Бұлар энтероциттердің жолақты жиегін түзеді. Микробүрлер плазмолеммасының ішкі бетін гликопротеидтен тұратын жұқа үлдір тәрізді гликокаликс қаптап жатады. Ол жын құрамындағы заттарды жабыстырып, ферменттердің көмегімен жарғақтық қорыту процесін іс жүзіне асыруға қатысады. Энтроциттердің сопақ келген ядролы бір қатарда, негіздік жарыққа жақын орналасады. Микробүрлер астындағы цитоплазма центросома, оның астында Гольдж кешені, цитоплазманың базальды жағында рибосомалар мен митохондриялар, эндоплазмалық тор шашыла орналасады. Эпителийдің ішкі бетіндегі көрші энтроцитер апикальді аймақтарының плазмолеммалары бір-бірімен тығыз жанасу арқылы байланысады. Кілегейлі қабықтың эпители қабатында, нетроциттер аралықтарында кілегей бөлетін бірторшалы бездер-құтыша (бокал тәрізді) торшалар және биологиялық белсенді заттар бөлетін эндокринді торшалар кездеседі. Бірқабатты призма тәрізді эпители торшалары негіздік жарғақта орналасады. Зақымдалган эпителий торшаларының орның крипта қабырғаларындағы дінгекті торшалардан дамыған жас эпителиоциттер алмастырады. Өзіндік тақташадағы пішіні түтік тәрізді крипталардың қабырғаларыда бірқабатты призма тәрізді эпителиймен қапталған. Крипталар да ішектің сору ауданың ұлғайтады крипталар эпителий қабаты жиекті (микробүрлерден тұрады) энтроциттерден, жиексіз энтроциттерден, панет торшаларынан, құпша және эндокринді торшалардан құралған. Жиексіз энтроциттер митоз арқылы бөлініп көбейіп діңгекті торшалар қызметін атқарады. Панет торшалары – крипта түбіндегі секрет бөлетін ірі эпителиоциттер. Олар құрамында ферментер болатын ішек сөлін бөліп, қарыннан келген жындағы тұз қышқылын бейтараптандырады.

Малдың ащы ішегі ас қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі. Ащы ішекте негізгі ас қорыту бездерінің ферменттік жүйелерінің өзара үйлесімді әрекеттерінің арқасында қоректік заттардың соңғы ыдырау өнімдер пайда болады. Мысалы: пепсин қышқылдық ортада белоктарды, тіпті түрлі ферменттерді де тез ыдыратады. Оның әрекеті қарын сөлінің ішекте бейтараптануы арқылы тоқтайды. Трипсиннің өздігінен активтеніп, өздігінен жойлатын қабілеті бар. Ол бөгде белоктарға күшті әсер етеді. Трипсин мен химотрипсин ферменттерінің белсенділігі бүкіл ащы ішек бойына сақталады. Олардың көп мөлшері бүйенге де жатады. Ащы ішек химусының еркін амин қышқылдық құрамы тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жалпы ішек қуысына тәулігіне ірі қара 180-200 л, қой мен ешеі 15-40 л жылқы 190-200 л, шошқа 48-50л, әртүрлі ас қорыту бездері сөлдерін бөледі.

Сол құрамында ішекке бөлінген заттардың көп мөлшері организмге қайта сініп, ас қорыту жолы мен қан айналым жүйесінің арасында пәрменді алмасу процесі жүреді. Әр түрлі салдармен ішек қуысында негізінен қан плазмасы құрамындағы заттар өтеді де, қалыпты жағдайда оларды қайта сінірудің арқасында плазма құрамы жаңарып отырады. Осыған байланысты ас қорыту органдары қан плазмасын түзуде маңызды рөл атқарады.