Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) “Арыстанбаб” — орталық мешіт.
б) Арыстанбаб кесенесінде кітапхана.
в) Арыстанбаб кесенесі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
АРЫСТАНБАБ
Діни туризм — діни аңыздар бойынша Ахмет Ясауидің алғашқы ұстазы, әулие есімі Отырар, Сайрам, Яссы өңіріндегі сопылардың және сонымен қатар Отырар өңіріндегі әулиеге Орта Азиялық елдерден және тағы басқа ұлттардан саяхатқа, мәдени орындарға келеді. Бұл әулиеге келушілер зиярат етушілер бейсенбі сайын Арыстанбаб қонақ үйіне түнеп ғибадат етеді.
Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: «Бабтардың бабы Қорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, бабтардың бас-баба Арыслан» деп жырлаған.
Қазақ бақсылары да: «Түркістан түмен баб, сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, ең үлкені — Арыстанбаб, сіздерден медет тілеймін» деп әулиелерден демеу сұраған.
«Арыстанбаб» — орталық мешіт болған. Мұсылмандардың аллаға ғибадат етуіне арналған ғимарат. Бұл ғимаратқа басқа да ұлт өкілдері және Орта Азия елдерінен саяхаттауға туризм орталығын дамытуға зиярет етуге келеді. «Арыстанбаб» мешітінде намаз оқитын зал, ислам тарихы мен өнегесінен дәріс беретін және арабша хат танитын бөлмелер бар. Онда сонымен қатар сүндетке отырғызу, неке қиғызу рәсімдері тағы басқа діни дәстүрлер орындалады.
Арыстанбабтың қазіргі ғимараты М. Әлиевтің демеушілігімен салынды. Құрылысын «Ел — Нұр» компаниясы жүргізген. Оның кесенесі де мұсылман сунниттердің зиярет ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің «Аманат» деген ман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданың (Мадаина) қазынасынан қаражат (уақыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстанбабтың тегі — араб («Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз», 90-хикмет). Яғни Арыстанбаб пен Салман Фарс екі заманада өмір сүрген екі бөлек тұлғалар.
Шығыстанушының пікірінше, бұл Отырардың бас әулиесіне Мұхаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила). Арыстанбаб есімі Қожа Ахметтің «Диуани хикметінде» жиі аталады. «Арыстанбабам айтты», «Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк» деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстанбаб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Бұл хикметтерден байқайтынымыз. Арыстанбаб адамдарды инсаниат жолына шақырып, алдына иншалла есіткендерді хақтан тілеп атармыз.
Арыстанбаб тек Отырар өңіріне ғана емес, түркі әлемінің және туризмге септігін тигізген ірі түлға болған. Отырар ауданында қазір Арыстанбаб атындағы мешіт, қонақ үй, т.б. мәдени мекемелер бар. Оның қабірі де сонда.
Рухани ілім қайнарынан ғұлама ғалым Әбу-Нәсір әл-Фараби де сусындаған. Арыстан бабамыздың ислам дінінен басқа 33 дін негіздерін білгені жөніндегі аңыз-дерек оның терең энциклопедиялық білім иесі болғанын аңғартады. Молда Мұса Сайрамидің «Тарих — и аминийа» еңбегінде XVI ғасырда өмір сүрген Әбілғазы Ұбайдолла хан куәландырған Арыстанбабты Әзірет Әліден тарататын шежіре бар. Арыстанбаб есімі Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметінде» жиі аталады. Бірінші хикметте «Жеті жаста Арыстан бабама бердім сәлем» деп ұстазымен алғаш кезіккен уақытын көрсетеді. Бұл кездесудің ақын өмірінде шешуші бетбұрыс болғанын екінші хикметтен мына жолдар байқатады: Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп таптым, Көре сала пердемен бүркеп жаптым. Ұлы баб тәлім-тәрбиесінің тереңдігін «Арыстан бабам ислам дінін баян қылды» (екінші хикмет), «Мың бір зікір үйретіп, мейірбандық жасады» (тоқсаныншы хикмет) деген сөздер танытады. «Арыстан бабам айтты», «Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк» деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет тұтастай Арыстанбаб өсиеттерінен түзілген десе де болады.
«Диуани хикмет» бізге Арыстанбаб пен Қожа Ахмет бабалар өмір-өнегесінің мазмұны — сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды.
Діни туризмнің — қасиетті қазыналары
«Арыстанбаб» — мемлекетік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. 1999 жылы құрылған. Негізгі міндеті — Арыстанбаб кесенесі төңірегін көркейту, көгалдандыру, сондай-ақ демалауға, саяхат жасауға туризм орталығын қасиетті қазыналарын, діни бағыттарына зиярат жасаушыларға мәдени, рухани, қызмет көрсету. Кәсіпорында «Арыстанбаб» қонақ үйі, 10 мың дана кітап қоры бар «Арыстанбаб» кітапханасы, зияратшыларға арналған дәмхана, түрлі сыйлықтар сататын дүкендер және салт-дәстүр жайлары бар.
Арыстанбаб кесене мешітіндегі кітапхана — ағарту мекемесі болып табылады. Кітапхананың ескі қоры 20-ғ-дың 30-жылдары «қызылдар қырғыны» кезінде аяусыз талқандалып, 60-жылдары «Қызыл бұрыш» болып қайта ашылып, маркстік-лениндік әдебиеттермен толықтырылған.
Кітапхана қорында 18—20 ғасырларда Дели, Мысыр, Стамбул, Қазан, Ташкент, т.б. қалаларда басылып шыққан, көшірілген «Тафсир әл-Қүран», «Құран Кәрім», «Кәлөм Шариф», ибн Ахмад Замиди аударған «Шариғат ұлағаты», ғұлама Фазалдың«Шариғат сақтаушысы», «Ралдул Мұхтардың» 2, 3, 4-томдары. «Шариғат кітабы», «Пайғамбарлар тарихы», «Мың бір хадис», «Араб тілінің грамматикасы», «Қайырымдылық дәлелдері», «Диуани Физули», «Диуани Хафиз», сопы Аллаярдың «Өлеңдері», Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі», Шәді төренің «Алты тармағы», т.б. араб, парсы, түркі, татар, қазақ тілдеріндегі жүздеген қолжазба кітаптар болған. Көпшілігіне «Арыстанбабқа» деп атап жазылып, мұсылман әлеміне белгілі жиырма қаридың тарихын жазған.
Садықұлы Молда Фахрудиннің мөрімен куәландырылған. Көне қолжазба кітаптардың бір парасын Бұхара медресесінің түлегі Әбусейіт Оңғарбайұлы сақтаған. Ал қалған бөлігі Арыстанбаб кесене-мешітін 1907—09 ж. қайта қалаған ұста Қалмырза Мүсәпірұлының қабіріне қоса көмілген көрінеді. Әбусейіт Оңғарбайұлы сақтаған кітаптар Отырар руханияты музей-кітапханасының қорына берілген.
Арыстанбаб кесенесі — сәулет өнері ескерткіші Шәуілдір ауданынан солтүстік батысқа қарай 8 км жерде орналасқан. Кесене Қожа Ахмет Ясауидың ұстазы болған Арыстанбаб қабірінің басына салынған. Бұған басқа елдерден зиярет етуге діни туризмді басқа елдерге таныстыруға және көрсетуге халықаралық діни туризмді дамытқан.
АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ
Арыстан баб кесенесі — Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Йасауидің устазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған ескерткіш. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешен XII ғасырда салынған. Арыстан баб кесенесі XX ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып қайта жөнделді. Кесене мемлекет қорғауына алынған. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында орналасқан. Арыстан бабқа зиарат етушілер, соның басына барып түнейді.
А.Йасауидің рухани ұстазы Арыстан баб кесенесі орналасқан. Арыстан баб кесенесі ежелден келе жатқан қасиетті де киелі орындардың бірі саналады.
Арыстан баб- әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауиге алғашқы ұстаз болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Йасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.
Арыстан баб Отырарда мубайидийа ілімін ұстаушылар қауымыныңрухани жетекшісі болған. Ал мубайидийа бағыты сол кездегі алдыңғы қатарлы ілімдердің бірі еді. Оның негіздерінен ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби де рухани азық алған.
Молла Мұса Сайрамидің “Тарих -и аминийа” атты еңбегінде келтірілген XVI ғасырда өмір сүрген.
Әбілғазы Ұбайдаллах хан куәландырған шежіре бойынша, Арыстан бабтың арғы тегі Әзірет Әліден таратылады: Әлі имам Мұхаммед Ханафийа -Абд әл-Фаттах Баб — Абд әл-Жаббар Баб — Абд әр-Рахман Баб — Абд әр-Ра-хим Баб — Абд әл-Жалил Баб — Абд әл-Карим Баб
— Ысқақ Баб — Исмаил Баб — Омар Баб — Осман Баб — Ифтихар Баб -Махмуд Баб — Илйас Баб
— Арыстан Баб. Арыстан баб есімі Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірінші хикметте «жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем» деп ұстазыменалғаш кезіккен уақытын көрсетеді.
Тәрбие, оқудың кейбір қырларын «Арыстан бабам ислам дінін баян қылды» (екінші хикмет), «мың бір зікір үйретіп, мейірбандық жасады» (тоқсаныншы хикмет) деген сөздерден танығандай боламыз.
«Арыстан бабам айтты», «Арыстан бабам сөздері естіңіз, тәбәррәк» деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстан баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Оның бірінші бөлігі құдай жолына түскен шәкірттердің қандай болуы тиіс деген сауалға ұстаздың берген жауабына ұқсайды. Онда дүние мен мансап үшін істелетін жамандық пен қиянат атаулының бәрінен қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма деген үндеу орын алған. Хикметте «кісі малын жейтіндерді», «айла қылатындарды», «иманын, дінін бергендерді» әшкерелейді, нысапшылдық, қанағат-рахым дәріптеледі.
«Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында.
— Менің боданым ба?
— Арабтар тайпасының елшісі.
— Иә.
Содан соң, қаған мені шатыр ішіне алып баруға бұйрық берді. Онда ет көп екен, бірақ нан аз. Аз уақыттан соң, қаған мені өзіне шақыртты.
— Саған не керек? — деп сұрады ол. Менің оған өтірік айтуыма тура келді. Мен қағанға өз әміршім оның ислам дінін қабылдауға кеңес бергенін жұқалап жеткіздім.
Алғаш ғылыми әдебиетте 1898 ж. И.Т.Пославскийдің «Развалины города Отрара» мақаласында аталады. 1903 ж. Отырарды зерттеген А.Черкасов есебінде аталып өтіледі. Оның жазбаларында Арыстанбаб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғандығы жазылады. Бұл жоба 14 ғасырдың құрылысына сәйкес келеді. Ол құрылыстан бүгінгі күнге дәліздің ағаштан жасалған оюлы тіреулері жеткен. Ел аузында Арыстанбаб дүниеден қайткан соң, оның денесін бураға артып, түйені еркіне жіберіп, халық соңынан ілесіп отырған. Сол ақ бура шөккен жерге Арыстанбаб жерленген екен деген сөз бар.
18 ғ. жер сілкінісінен қираған көне мазардың орнына екі күмбезді құрылыс бой көтерді. Оның екі тіреуге сүйенген дәлізі болған. Арыстанбаб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен жасалған. Бұлардың барлығын саяхатқа барған халық көріп тамсанған.
35×12 м, биіктігі 12 м болып, алғашында Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сүлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Кесененің сол қанатында мешіт бар. Араларын дәліз жалғап түр. Дәліз-қақпа мандайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Мешітті қайта жөндеуден өткізу құрылысын Қалмырза Мүсәпірұлы басқарған. Алайда О.Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық» атты кітабында кесененің сәулетшісі ташкенттік Ескендір қажы болған деген де пікір бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ж.Н. Әлиева, Туризмология негіздері -Алматы-2004
- Ердавлетова С.Р., География туризма-Алматы, 2000.
- Ердавлетова С.Р., История туризма , Алматы-2003
- Алиева Ж.Н., Экологический туризм.- Алматы, 2002
- Энциклопедия туриста.- М, 1993.
- Александрова А.Ю., Международный туризм.