Аристотель (б.з.б 384-322)- ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғалымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Қ. Маркс Аристотельді ерте заманның ұлы ойшылы грек философиясының Александр Македонскииі деп атады. Аристотель Фракиядағы Стагүр қаласында туған. Афины қаласында оқып білім жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін (20 жыл бойы) сонда ғылыммен шұғылданады. Б.з.б. 343 жыл Македония патшасы- Филипп Аристотельдің баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады.Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл- Афиныға оралады. Мұнда келгеннен кейін өзінің мектебін- ликей ашады. Бұл мектеп сол кездегі философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады. Александр өлгенннен кейін Аристотель Афиныдан кетіп, б.з.б. 332 ж. дүние салды. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әр түрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен. Арестотельдің философиялық көзқарасы “Метофизика”, “Жан туралы”, Категориялар” және “Аналитика” деген шығармаларында жете бағаланған. Философияның негізгі мәселесін шешуде Аристотель материализм мен идеолизмнің екі арасында ауытқып отырды. Арестотель ғылым классификациясында философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана,зерттеумен шұғылданса,философия бастаманың жалпы табиғатын зерттейді.
Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45).
Арестотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. “Метафизикада” Арестотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән. Арестотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар еді” деген пікіріне байланысты, В.И. Ленин былай дейді: “ Тамаша! Сыртқы дүниенің реалдығында күмән жоқ. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында шатасады”. Шынында да Арестотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап, заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады. Арестотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. “Метафизикада” және басқа да еңбектерінде Арестотель заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Арестотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді. Осыдан келіп: — Мүсіннің мүсін болуы неліктен? – деген сұраққа Арестотель: — формадан, — деп жауап берді. Арестотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Арестотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Арестотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол – материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Арестотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет)белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Арестотельдің идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді. Арестотель философиясының елеуліи бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Арестотель 10 категорияны жатқызады. “Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы – деп жазады ол, — бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді”. Арестотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.
“Егер де бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Арестотель – онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді”. Арестотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Арестотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Арестотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындағана күмән келтірмейді. В.И. Ленин атап көрсеткендей, “Арестотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.
Танымның обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену”.
Арестотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. В.И. Ленин осы қарапайым эмпирик емес, ойшыл эмпирик деп бағалайды. Арестотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының “Политика”, “Никомаха этикасы” т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Мркске дейінгі барлық философтар сияқтыАрестотель де қоғамның дамуын идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық – тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені арестотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель “Политикада” мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни арестотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, — дейді.
Аристотель адамды саяси жануар деп қарауын К.Маркс жоғары бағалай отырып, оның адам мемлекет жөніндегі мәселерді шешудегі идеолистік қателіктерін атап көрсетеді. Бірақ Арестотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден ондағы тап қайшылықтарынан іздемей, адамның табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатынмонархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.
“Политикада” ол былай деп жазады: “Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты. Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі буржуазиялық философияда бұрмалауға түсті, түсіп те отыр, тек Маркс, Энгельс және Ленин ғана ұлы энциклопедистің еңбегіне дұрыс баға бере білді.
Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Арестогтельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.