Жоспар
1.Кіріспе бөлім
2.Негізгі бөлім
а)Географиялық анықтама
ә)Тарихи деректеме
б)Жер бедері
в)Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
г)Теңіздің тартылу себептері
д)Барсакелмес қорығы
н)Возрождение аралы
л)Арал теңізінің келешегі және жасалынып жатқан шаралар
е)Асылымызды ардақтайық
3.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Арал теңізі – құмды,құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан теңіз.Ол – ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі,дүниедегі ең үлкен тұйық теңіздердің бірі.Көлемі жағынан Каспий теңізі,Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл, Африкадағы Виктория – Ньян көлінен соңғы төртінші орында тұрады.Көлемі 66458 шаршы км, су көлемі 1022,6 текше км. Орташа тереңдігі 16 метр ,ең терең жері 68 метр .Суының тұздылығы-10-11 процент. Жаздағы температурасы +24…+26 ,қыста -7…-13,5 градус. Теңізде 300 ден астам атау бар.
Теңіздің 96 процентін су,4 процентін құрғақ жер құрайды.Арал жер шарының 60 градустық ендігінде орналасқан.Теңіз суы сағат секілді оңнан солға қарай оралып ағады.
Кайнозой дәуірінің орта шенінде,яғни бұдан 21 миллион 1200 жыл бұрын,Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан.Бұл байланыс 1573 жылға дейін созылған.
Бұрын Амудария (Оксус) Үзбой арнасы арқылы Каспий теңізіне, ал Торғай өзені Аралға құйған .
Арал теңізі Гринвич бойынша солтүстік ендіктің 43 30 пен 46 51 және оңтүстік бойлықтың 58 13 пен 61 56 – ті аралығында жатыр.Солтүстік ендіктің 45-с Николай аралының (Возрождение аралы) оңтүстік шетін басып өтіп ,теңіздің дәл ортасымен түйіседі.
1874 жылы Тиллонның дәл деңгейлік өлшеуі бойынша Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен,демек Арал теңізінің айдын беті мұхит деңгейінен 48 метр биік.Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20м төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.
Тарихи деректер.
Арал теңізі жөніндегі алғашқы мәліметтер 10 – ғасырда өмір сүрген Араб жазушылары Истахридің және 12- ғасырда өмір сүрген Эризидің шығармаларынан көрінеді.Олар Арал теңізін Ховарезм (яғни Хиуа) көлі деп атаған.
Арал теңізі Тұран ойпатында бұдан 35000 жыл бұрын пайда болған.Оны Арал теңізі деп тұңғыш атаған араб жазушысы Ибн-Рустен (920)еді.
Анағұрлым нақты деректер 14- ғасырда өмір сүрген авторлар Абдульфеды мен Казвини еңбектерінде келтірілген.Абдульфеды былай деп жазады:« Ховарезм көлінің дәл ортасы 90 градус бойлықта және 42 градус ендікте жатыр.Мұнда Жайхуи( Амудария) құяды ».Бұл мәліметті Казвини Ховарезм көлінің аумағы 100 Фарсахқа(800 шақырым ) жуық деп толықтырады.Келесі деректер 16-ғасырда жазылған «Үлкен Сызу Кітабында » келтірілген.Онда:« Хвалинмен(Каспий ) Көк теңізге ( Арал) дейін жазғы күннің шығысы тура 250 шақырым.Ал Көк теңізден Сырдың сағасына дейін 280 шақырым .Көгілдір теңізінің көлденеңі 60 шақырым . Көк теңіздің суы тұзды ». Тарихшы Шахрух Хафиз – и Абрудың 1417жылы жазған жылнамасында:«Хорезм (Арал) көлі жоқ ,Жейхун (Әмудария )суы жаңа арна тауып,Хазар (Каспий)теңізіне құя бастады » делінген.Жылнамада сондай-ақ Сырдария «Хорезм даласында Жейхунмен (Әмудариямен) қосылып,Хазар теңізіне құятындығы » айтылған.
Бұл деректер 18- ғасырға дейін бірден-бір дерек ретінде болды.1741 жылы геодезист Муравин Арал теңізінің тұңғыш картасын жасады.Жүз жылдан астам уақыттан кейін ( 1848-1849) Бутаков пен Поспелов Арал теңізін аса дәлдікпен картаға түсірді.Олар теңіз ортасынан бір топ аралдарды ашты,оларды Патша аралдары деп атады,олардың ішіндегі ең үлкенін Николай аралы( Возрождение) деп атады .Сонымен қатар Бутаков теңіз тереңдігін де өлшеді,ол теңіздің ең терең жері 32 сажын ,яғни 37 теңіз сажынына тең екенін анықтады.
Бутаков бастаған экспедиция 1 ай бойы Райм қорғанында екі кеме жасаған.Алғашқы кеменің капитаны Қаратеңіз морягіМертового болды.Ал, екіншісінің құрамындағы 27 кісінің бірі- Тарас Шевченко .Осы зерттеу барысында 1848 жылы Бутаков экспедициясы Возрождение аралын тауып ,тұңғыш географиялық картаға түсіреді. Дәл осы жылы Сырдарияның аяқ құйылысына Қосарал порты генерал- губернатор Обручевтің ұсынысымен салынды.
Жер бедері.
Паскевич,Перовский және Үлкен Сарышығанақ жағалауларының құмды жайпақ бөлігі қолтықты жағалаулар түріне жатады.Мұнда ағыстардан және теңіз деңгейі көтерілген кезде толқын мүжуінен пайда болған ,доғалана тұйықталып біткен немесе сопақша бассейіндер пайда болады,олар теңізбен тар бұғаздар арқылы,мысалы,Петровский шығанағының батыс жағалауындағы Шөмішкөл,Кіші Сарышығанақ ,Паскевич шығанағындағы Терістүбек шығанағы тағы да басқа шығанақтармен байланысып жатады.Теңіз деңгейі төмен түскен кезде мұндай шығанақтар теңізден бөлінеді де ащы көлдерге айналады.Ақжұлпас станциясынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде( Үлкен Сарышығанақтың шығыс жағалауы) көлдер немесе дәлірек айтқанда,Шөмішкөл деп аталатын теңіз шығанақтары жатыр,олар ұзындығы Ақжұлпас станциясынан есептегенде 16 шақырым,ені 20-30 сажын өте тар арнамен теңізге қосылған ,1895 жылдың өзінде бұл арна құрғап ,аталған көлдер ащы көлдерге айналған,ол айналасындағы барлық балық аулайтын кәсіпшіліктерді тұзбен қамтамасыз етіп тұрды,ал қазір арна қайта пайда болды,тұз алу да тоқталды.
Тегінде,теңіз жағалауынан 25 шақырым қашық жатқан Қамыстыбас көлі де кезінде дәл осындай қолтық болса керек.Оның ені 7 шақырым ,ұзындығы 21 шақырым және қазіргі кезде Сырдария жүйесіне кіреді,одан бірнеше арналар тарап ,шөлге құйып жатыр.Бірақ,Қамыстыбастың суы сәл тұзды.
Жарлауытты батыс жағалауы бірнеше шақырымға созылып жатыр,мұнда бірде бір арал да немесе шығанақ та жоқ.Тілім-тілім болып бұзылған шығыс жағалау бұған мүлдем қарама-қарсы,ол үлкен бір тасқынның тоқтаған шегі секілді
Теңіздің солтүстік бөлігінде жағалау бірде жазық,бірде жарлауытты болып келеді,бұл жерде теңіз толқыны мен ағынынан жағалаудың мүжіліп құлауы әлдеқайда аз болады.Изенді мүйісі жанындағы жағалаудан жарты шақырым жерде тұрған Тоқпақ ата жотасы осылай пайда болған.Оның биіктігі 6 сажын ,ал ұзындығы 20 сажынға жуық ,ол нуммулитті әкті жыныстан құралған.
Теңіздің солтүстік – батыс жағалауында ( Байкөбек мүйісі ) 3-4 метрлік құмнан пайда болған жағалау жолдарын белгілейді,олар теңіздің бұрын анағұрлым жоғары деңгейде болғанын көрсетеді.Бір кездегі Теңіз деңгейін көрсететін қатар жатқан қайыр қатарлары Көкаралды оңтүстік және 1 Николай (Возрождение)аралының солтүстік жағалауында байқалады.
Арал маңын зерттеушілер бұл маңнан елеулі биік жақпарларды кездестіргенін көрсетпейді.Тек берілген мәліметтерге сүйенсек , ең биік бір ғана жері- Үшшоқы тауы( Көктырнақ түбегінде ) бар екенін айтады.Оның мұхит деңгейінен биіктігі 180 метр.
Енді жағалаудан кездесетін жер бедерінің кейбір формаларына тоқталайық. Ең алдымен көлдер жөнінде сөз етпекпіз .Мұнда жер бедерінің мынадай түрлері кездеседі.
1)Толқын шарпуынан пайда болған қолтықтар (лагундар).Олар барлық жазық жағалауларда кездеседі.Сырт бедері қисық біткен мұндай қолтықтар көбінесе күзде пайда болады, бар күшімен жағалауға ұмтылған еспе толқындар,кей кезде үлкен ойпаттарды суға толтырып кетеді.Кейбір жағалаулар, мысалы, Көкарал аралының шығыс және оңтүстік шығыс бөлігі , ұзыннан ұзақ созылып жатқан жіңішке жағалаулармен қолтықтармен көмкерілген.Мұнда, жағалау бойында, ені 3-4 сажын шығанақтар,онша терең емес бөлініп қалған қамыс өскен өзектер (арналар,каналдар) созылып жатыр.Бұларда өте ұсақ жәндіктер өседі,Qammarus aralensis (Pontoqammarus aralensis)және Qasteterosteus platyqaster (punqitius platyqaster aralensis)көп.Басқа типі теңіз құрғаған кезінде көлге айналатын Кіші Сарышығанақ ,Шөмішкөл (Перовский бұғазындағы) және басқалар сияқты дөңгелек қолтықтар болып табылады.
2)Эолды көлдер.Дәл осы текті аса ерекше көлдер Тәуір мекенінде (Сырдарияның оң жақ жағасында )кездеседі.Бұл жердің топырағы құмдаутсазды, тым борпылдақ келеді және жел үрлеп,оны тез-ақ шұңқырлап тастайды.Еспе су бұл жерде өте жақын,жер бетінен не бәрі 1-2 метр тереңдікте ғана жатыр.Жел топырақ қабаттарын суырып әкетіп,еспе суға жеткен кезде,ол шұңқырды толтырып көл пайда болады.Еспе суға жетпеген осындай шұңқырларды,осылайша желдің өзі-ақ жартылай аршып берген,қазақтар қазған құдықтарды жиі көруге болады.
Сонымен шым құмдардың арасында жел үрлеп қазып тастаған Эолдық шұңқырларға жауын суы жиналып ,уақытша көлдер пайда болады.
3)Сыр мен Аму дариялар атырауларындағы әр түрлі көлдер өзен суларының бірдей бөлінбеуінің нәтижелері,атыраудың жылжып кеңейуі нәтижесінде бөлініп қалған теңіздің бір бөлігі,т.с.с соңғылардың ішінен Қарашалаң бұғазы жағалауынан бір шақырым жерде жатқан(Сырдария сағасы )Шаланды көлін айтуға болады.Бутаковтың 1847жылғы жасаған картасында Шаланды көлінің туған жері теңіз бұғазы ретінде көрсетілген,қазір бұл бұғаз Сырдарияның аллювольд шөгінділерімен бөгеліп ,көлге айналған.
Арал жағалауынан нендей бір елеулі биік жақпарларды кездеспейді .Ең бір биік деген жері-Үшшоқы тауы(Көктырнақ түбегінде),оның мұхит деңгейінен биіктігі 180м.
Биік жақпарлардың төмендегідей түрлері кездеседі:
1)Тектоникалық жақпарлар,бұлар шын мәнінде Құланды түбегі жағалауын алып жатқан жоталар,мұнда нуммулитті әктің жылжыған қабаттары ашылып жатыр.Бұл Арал жағалауындағы жер қыртысы қабаттары бұзылған бірден-бір жер осы.
2)Эрозиандық жақпарларға,мысалы,Перовский бұғазының солтүстік жағалауындағы бірегей текшеленіп біткен Қарасандық тауы жатады.Ол көлбеу қабатты темір түстес қиыршық құмнан және осы жыныстан тұратын саз қабаттарынан,сондай-ақ жағалауды қоршап жатқан жатаған құм жоталары да осындай жыныстан тұрады,ол қар еріген кезде жоталардың екі жағындағы терең құлама – сайлар арқылы аққан судың әсерінен жік-жік болып бөлініп кеткен .Жалпы тау текшелерінің жасалуына белгілі дәрежеде күшті соққан желдің де әсері болған.Қарасандықтың биіктігі Арал теңізі деңгейінен 129метрге (мұхит деңгейінен 204м )тең.
3)Ақырында сырт бедерінің қалыптасуна жел елеулі әсер еткен биік шыңдар бар,мысалы,бетін өте майда тозаң тәрізді саз жапқан,үш күнбезден тұратын Үшшоқы тауы.Күшті жел кезінде аталған тозаң көтеріліп,тауларды жауып кететіні сондай оларды жақыннан көрудің өзі қиын.
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы. Егер су бассейінінің үстіңгі бетінен нендей бір себептермен өзінің қалпынан шықса,толқындар тік бағытта күшейіп көтерілсе,басқаша айтқанда ,тыныш күйде жатқан теңіз беті бір сәт бірде биік ,бірде аласа өркеш-өркеш толқындарға айналса,мұндай өзгерістерді денивеляция деп атайды.
Ал егер көлдің беті тынық қалпында болып,бірақ барлық жерде бір уақытта көтерілсе немесе төмендесе,мұндай өзгеріс көл деңгейінің ауытқуы деп аталады.
Денивеляция мынандай жағдайлардан пайда болуы мүмкін:1)Судың үлес салмағындағы айырмашылықтардан;2)Су массасымен көл жағалауын құрайтын массаның тарту дәрежесіндегі айырмашылықтардан;3)желдің әсерінен;4)Сейштен және атмосфералық қысымның өзгеруінен;5)тасу мен қайтудан.Енді осы себептердің әсерін Арал теңізі тұрғысынан қарайық.
1)Теңіздің орталық бөлігінің тұздылығы оның Сырдария мен Амударияның тұщы суы келетін оңтүстік және солтүстік шығыс бөліктеріне қарағанда жоғары;сондықтан теңіздің аталған өңірлеріндегі судың деңгейі физиканың бізге белгілі заңы бойынша орталық бөлігіне қарағанда жоғары болу тиіс.Сонымен қатар тұздылық үлес салмағындағы айырмашылық температурадағы айырмашылықтардан да болады,бірақ осының нәтижесінде пайда болған денивеляцияны ағындар мен конвекцианды токтар бәсеңсітеді.
2)Теңіздің батыс жағалауы тік ,құлама жар және ол тығыз жыныстан тұрады,ал оның шығыс және оңтүстік шығыс жағалаулары тайыз,жазық және құмдауытты болып келеді.Сонымен қатар Үстірт құлама жары бойын аса терең белдеу алып жатыр.Осының нәтижесинде батыс жағалауға оңтүстік және шығыс жағалауларға қарағанда су массасын өзінеи анағұрлым күшті тартып тұрады,сондықтан Үстірт маңындағы судың деңгейі жоғары болуға тиіс.Бірінші және екінші себептердің нәтижесінде Арал теңізінің деңгейі оның ортасынан жағалауға қарай көтеріледі.
3)Теңіздің тайыз және жағалаулардың жазық болуына байланысты жел аса күшті денивеляциялар туғызады.Әсіресе олар ұсақ шығанақтарға бөлінген солтүстік жағалауларда күштірек болады.Күз айларында теңізден соққан аса күшті дүлей жел су деңгейін 2-3 метрге дейін көтеріп,жүздеген сажынға дейін жағалауды су басады.
Соңғы жылдары Арал теңізінің проблемаларына байланысты туып отырған міндеттерді шешуге 30-дан астам ғылыми және жобалау мекемелері мен ұйымдары қатынасты.
21-ғасырдың орта шенінде ғана А.И.Бутаков экспедициясынан кейін теңізге қызығушылық қайта басталды.Миллиондаған жылдар бұрын бүгінде Арал мен Каспий маңайындағы ел жайлаған кең алқапта ежелгі Тетис мұхитының суы шүпілдеп жатқан болатын.Мың-мыңдаған жылдар өтіп ,аса қуатты тектоникалық жарылымдар дүниенің дидарын бірте-бірте өзгерте берді,сондай бір катаклизмдердің тұсында ақыры Тетис мұхиты жоғалып тынды.Оның орнына екі тұзды көл –Арал және Каспий көлдері пайда болды.Бұл көлдердің үлкендігі соншалық ,оларды теңіз деп атау баяғыдан-ақ орнығып кеткен.
Жыл сайын Аралдың көгілдір айдынынан қалыңдығыбір метрдей су буға айналып ұшып кетеді.Амудария мен Сырдарияның теңіздің жоғалтқанының орнын толтыруға асыға ағатыны сондықтан.Үш мың жылдан астам уақыттан бері солай болып келеді.Табиғатқа адам қол салуы мұң екен ,теңіз тартылып жүре берді.
Су балансы 1950- жылдарда қазылған Ферғана,Бетпақдала және басқа да арналар мен су тораптарына қарай тартқылайтын болды.Әрине, мақтаны суару да енді Аралға артылды.
Орта Азияға су баратын жердің бәріне мақта еге берді. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыш ,ондағы килограмм улы химикаттар төгіледі.Әр гектардан 23 центнер мақта алу үшін мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалады.Аралдың табаны жалаңаштана бастады …..Жағалау теңіз портынан оншақты шақырымға ұзап кетті…Ауа райы өзгерген,жан-жануар дүниесі құрып бітуге айналған:178 түрлі жануардың арасынан қалғаны 38 …Тоғайлар тозып барады…Судың жетіспеуінен адамдардың тыныс- тіршілігінен де тамыры тартылып , семіп барады…
Су тартқылардың бей-берекет іске қосылуы ,су өлшегіш құралдардың жоқтығы ,суару нормаларының тым көтеріңкілігі (оның үстіне жылдар бойы ғылыми тұрғыдан дәлелденіп,түзетілмеген)суды оңды-солды ысырап етуге әкеліп соқтырады.Ақыр аяғында су жерді құнарландырудың орнына тоздыруға айналды.Мысалы,Ферғана алқабында 100 мыңдаған гектар егістіктер бірнеше метрлік судың астында қалып қойды.
Айналасы жиырма жылдың ішінде Арал теңізі 640 текше километр суынан айырылды.Теңіз өз көлемінің де,аумағының да 3/2 бөлігін жоғалтты,заманында ол ұшы-қиырына көз жетпейтін көгілдір алып айдын болатын.Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі-қарсылы жүзіп жататын.Енді болса теңіз деңгеці 13 метрге төмен түсіп кетті.Аралдың айтақырланған табаны (бұл дегеніміз 2,6 миллион гектарлық жер)қолдан жасалған шөлге айналып шыға келді,оған Аралқұм деген ат та беріліп үлгерді.Аралқұмда ұлы тұздың миллиардтаған тонналары шөгіп жатыр.Теңіздің шөлейтке айналған табанынан аспанға тұзды- улы шаң-тозаңның миллиондаған тонналары көтеріліп,оны дала желі алыс аймақтарға алып кетуде.Теңіз тартылған соң шаң бораны жиілей түсті.Шаңдыбұлттар Памирдің,Алтайдың ,Тянь- Шяньның мұздықтарына барып түсіп бастауын сол жақтан алатын өзендердің режимін де білдіретін болды
Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның солымы
( вилт) деген ауруына қарсы ДДТ химикаты қолданылатын.Оның құрандысы адам үшін өте қауіпті,өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейтін.Сол ДДТ және басқа да улы химикаттар көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып,теңізге келіп тоғытыла берген.Қазір содан улы бұлттар аспанға көтеріледі.
Кейінгі жылдарда Арал өңірінің малға ,балыққа,құсқа қорек болып адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдері тартылып тынды.Сырдың қамысы жайқалған жағалаулар жалаңаштануға айналды.
1988 жылдың мамыр айында бұрынғы Көк аралы оңтүстіктен құрлықпен қосылып кетті(солтүстік жағынан 1977 жылдың өзінде қосылған болатын),сөйтіп Арал Үлкен және Кіші теңізгі бөлінді.Суы тайыз,тартылуы да қарқынды Кіші теңіз Қазақстан жағында, Үлкен теңіз Өзбекстан жағында қалды.Сол кезде–ақ әр республика өздерінің бөгеттерін тұрғызып,«өз Аралын »сумен толтыру қамына кірісті. Дегенмен,көптеген ғылыми мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр.
1.Жоғарыда келтірілген ұзақ уақытты қамтитын тарихи-географиялық зерттеулерде Арал теңізінің қалыптасуы жайлы,табиғаты жайлы нақтылы материалдар келтірілген.Осы материалдар Орта Азия табиғатының тұтастығын дәлелдейді. Сондықтан шөл зонасында орналасқан ,сол территорияның ерекшеліктерін анықтайтын Арал теңізінің бүкіл Орта Азия табиғатын қалыптастырудағы маңызы ерекше .
- Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағын 6 миллион гектарға созылған,тереңдігі 69 метр теңіздің жоғалып кетуі адам сенбестей жағдай.Суды пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе ,2010 жылы теңіз толық құриды деген ғылыми болжам бар.
Арал теңізі жағалаудан 70-80 километр шегініп кетті ,деңгейі 13 метрге төмендеді,1962 жылы Аралдың көлемі 66 мың километр квадрат болса ,қазіргі кезде 40 мың километр квадрат ғана .Жағалауда құм көшкіндерінен құрғап тұрған 800 мың гектардан астам тоғай жойылып кетті.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай жағалаудың 2 миллион гектар жері бұл күнде тіршіліксіз құмды сортаңды шөлге айналды.Сөйтіп адамзат өз қолынан сулы өңірді құмды өңірге айналдырды.
Арал маңындағы Қарақұмның тұсынан Аққұм деп аталатын тұзды ,сортаңды ,қауіпті аймақ пайда болды.Оның көлемі күн сайын ұлғаюда. Аққұмнан ұшқан қиыршық құм мен тұз берісі Торғай,Павлодар ,Көкшетау облыстарына жетсе ,арғысы Грузия шайплантанциясына зиянын тигізуде.Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жеткен Арал тұзы Сибирьдің жасыл ормандарына әсер етуде.Көршілес территориялардағы мақта плантанцияларын тұз бен құм басуда.Арал апаты қоршаған орта мен шаруашылыққа зиянын тигізумен қатар ,адам денсаулығына қауіп төндіруде. Баспасөз хабарына қарағанда,Қарақалпақстанның Аралмен көршілес Мойнақ ауданында балалар өлімі көбеюде.Өйткені,ана сүтінің құрамында тұз мөлшері нормадан бірнеше есе жоғары.
3.Арал апатына не себеп болды деген заңды сұрақтар туады.Бұл,біріншіден,Аралға құятын Амудария мен Сырдария суларының теңізге жетпей ысырап болуынан.Бұл өзендердің сулары Орта Азия мен Қазақстанның суармалы егін плантанцияларына қарай бұрылған.Екіншіден,теңізге құяр су азайғандықтан ,онда булану күшті қарқынымен жүруде.Үшіншіден,теңіздің тарихи дамуы барысында судың деңгейі біресе төмендеп,біресе жоғарылап отырған.Соңғы жиырма жыл – осы циклға сәйкес,теңіз деңгейінің төмендеген мезгілі.Бірақ бұл анықтаушы фактор емес.Бұл жерде басты рөлді адамның шаруашылық әрекетінің зиянды жақтары атқарып отыр.Оған дәлел – биылғы жылғы теңізге құятын өзендердің суы молайғанымен ,теңіз суының деңгейі көтерілген жоқ.Өйткені ол өзендердің суы суармалы егістіктерге тарап жатыр.
4.Қазіргі кезде тұздың ұшуына байланысты тосқауыл боларлық шаралар іздестірілуде.Шөлді игерудің белгелі маманы А.Г.Бабаев Аралдың құрғақ табанында сексеуіл егуді ұсынған.Ал, кей зерттеушілер жақын арада суды ысырап етіп жатқан каналдардың жабылатындығын айтады.
5.Арал тағдыры теңізде орналасқан Барсакелмес қорығымен тығыз байланысты.
6.Арал теңізінің деңгейі Амудария мен Сырдария гидротехникалық құрылыстарының салынуына байланысты төмендеуі мүмкін екенін зерттеуші В.И.Лымарев болжаған болатын.Қазіргі кезде бұл болжам расқа айналды.Сырдарияда Шардара су қоймасы мен ГЭС-інің салынып ,Сырдария мен Амудария атырауының антропогендік шөлденуі салдарынан жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі күрт төмендеді .Мұның өзі көршілес аудандардың мал шаруашылығының даму қақынын бәсеңдетті. Ғалымдардың болжауына қарағанда ,құрғаған теңіз табынының көп бөлігі 2000 жылдарға қарай құмды сортаңды шөлге айналды. Ал табиғи өсімдік жамылғысының өсуіне топырақтың күшті тұздануы кері әсер етеді.
Барсакелмес қорығы
Бір кездері ақ шулан толқынды Арал теңізінің теріскей беткейіне жақын орналасқан атақты Барсакелмес аралының шығыс жағадағы құрлықпен шектесіп кеткеніне де бірнеше жылдың жүзі толды.Ертеректе ата-бабаларымыз қара жерден тым қашық болғандықтан ,барған адам қайтып келе алмайды деген түсінікпен ат берген оқшау арал ғасырлардың тоғысқан шамасында өзінің сол географиялық ұғымынан айырылған.Бұрынғы арал барса келе беретін жарты аралға ,яғни түбекке айналды.
Барсакелместің арал болғаны – қазір таяу арадағы тарих .Енді сол шежіреге тоқталып көрейік.«Қазақ совет энциклопедиясында » бұл туралы кезінде мынадай анықтама берілген екен:« …Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі ұзынша келген арал.Ұзындығы 30 километр,ені 8 километр,ауданы 133 километр квадрат шамасында.Барсакелмес аралы неогеннің горизонталь бағытта жатқан шөгінділерінен ,сазды тақта тас,мергель жыныстарынан түзілген.Жағалауы аз тілімделгендіктен ,қолтық-қойнау ,шығанағы көп емес.Арал- сазды,сортаңды.Үстіртті келген (100 м) оңтүстігі теңізге тікқабақ болып тіреледі,ал солтүстік батысы ойпаң. Жері көбіне белесті, әредік төбелер де кездеседі. Аралдағы құм төбелерде өсімдік бар.Төбелердің биіктігі 6-7 метрге жетеді.Климаты қоңыржай шөлдік ,қаңтардың орташа температурасы-12 градус,шілдеде + 20-26 С градус. Жауын-шашын 100-200 мм мөлшерінде түседі.Топырағы сортаң.Өсімдіктен шөлде өсетін бұталар кездеседі.Жер асты суы ащы…»( 2-том,Алматы ,1973,173-бет)
Табиғатты құрметтеу ананы құрметтеумен пара-пар.Өйткені бәріміз де сол табиғаттан жаралып,содан нәр алып,өмір сүріп келеміз.Сондықтан оның тамаша келбетін ,байлығын сақтап келешек ұрпаққа аздырмай-тоздырмай тарту ету – біздің басты борышымыз.Осындай табиғат тартуының бірі- Барсакелмес мемлекттік табиғи қорығы.Соңғы жылдары экономикалық қиыншылықтардан ба,әлде біздің нарықтық қатынасқа көшудегі өз ісіміздегі оралымсыздықтан ба ,туған табиғатымыздың азып,жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің аясы тарылып келе жатқаны белгілі.Соның бірі –Барсакелмес қорығы.
Еліміздің су байлығы саналатын Арал теңізін қолдан құрбан еткен адамзат баласына «Барсакелмес» сияқты табиғат аясындағы ғажайып байлығымыздан көз жазып қалмау үлкен борыш.Тіпті бұл бүгінгі ұрпаққа сын, келешек ұрпаққа аманат.
Бұл аумақты аң –құстың, өсімдіктер мен бұталардың мекені ретінде пайдалану алғаш 1929 жылы қолға алынды.Сол жылы құрып бара жатқан жануарларды сақтап қалу барысында ..осы құмды аралға құлан,ақбөкен әкелінді.Арада 10 жыл өткен соң,1939 жылы ,Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысы бойынша арал қорыққа айналдырылды.Көлемі 185 километр квадрат.Аралдың флорасында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 160 түрі бар.Барсакелместің жануарлар дүниесі түрге кедей.Мұнда қосмекенділердің 1,бауырымен жорғалаушылардың 8,құстардың 211,сүт қоректілердің -12түрі мекендейді.Онда бұйырғын,жусан,адыраспан,татар рауғашы,итсигек,сексеуіл,т.б сортаң шөптер өседі.Жануарлардан құлан,ақбөкен,қарақұйрық,саршұнақ,ор қоян т.б бар.
Ұзақ уақыт қорық өсіп,өркендеді.Бірақ қорықтың қазіргі жағдайына келсек ,көңілге кірбің оралады.Арал теңізі қайтқалы бері оның суының тұздылығы нормадан көп асып кетті .Тұщы судың жоқтығы осындағы жан-жануарлардың өмір сүруіне қиындықтар туғызды.Содан барып 1982-91 жылдары осы аралдан 260-қа жуық жарамды жас құландар еліміздің басқа аймақтарына көшірілді.Қазір республикадағы есептегі барлық құландарды Барсакелмес құландарының ұрпақтары десе болады.1991 жылы қорық басында өсуге жарамсыз деп қалдырылған 50 бас құлан соңғы санақ бойынша 137 басқа жеткен.Бұл бүгінгі жағдайға қарағанда осы өңір үшін жақсы көрсеткіш.Бұндай жетістікке жетуіміздің басты себебі Қасқақұлан аймағы маңынан жақсы жайылым ,тұщы су көздерінің табылуы.Қазіргі күні сол өңірге қарасты Теректібас деген жерде бір үйір құландар өмір сүруде.Негізінен бұл құландар аралға Бадхыздан (Түркмения) әкелінген.
Ұзынқайыр,Тоқпан өңірлерінен 100-150 мың гектар жерді қосып ,25 мың гектар сексеуіл тоғайларын ,ондағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін бір-бірінен бөлмей қорғау бүгінгі күнгі басты міндет.
Тұяқты аңдардың алаңсыз эволюциялық өніп-өсуі үшін тұщы су қажет.Қорық басындағы 1983 жылы қазылған скважинаның суы бүгінде тартылып істен шыққан.Демек ,қорық басынан бірнеше скважиналар қазу бүгінгі таңдағы кезек күттірмес іс.
Барсакелмес құрлықпен шектесіп кетуіне орай жаздың аптап ыстығында тұщы су іздеп аңдар мен жануарлар қорық территориясынан шығып ,Қасқақұлан өңірінде жайылады.Жануарлар жайылымының осылайша кеңейуі оларды қорғауда қиындықтар туғызуда.Себебі оның көлемі теңіз табанымен есептегенде 550,0 мың гектарға жетеді екен.
Возрождение аралы.
Арал апат ошақтарының бірі- Возрождение аралында орналасқан далалық ғылыми – сынақ лабораториясы.Жалпы аумағы 216 шаршы шақырым болатын осы арал мен ондағы лаборатория соңғы кезге дейін құпия ұсталып ,ол жерде не болып ,не қойып жатқанын ешкім білмей келді.Әлемнің ешбір географиялық картасынан орын алмаған,Байқоңыр қаласынан 200 шақырым жердегі Арал теңізінің ортасындағы Возрождение аралының құпиясы ,соңғы күндері дүниені дүр сілкіндіріп отыр.Оны әуелі ашқан орыс флотының контр-адмиралы А.И.Бутаков «Николай 1 аралы» деп айдарласа ,кейінірек жергілікті жұрт «Возрождение» деп атап кеткен.Арал тұңғыш рет 1848 жылы географиялық картаға түсірілген.Ал апат аралы ретінде 1949 жылы Возрождениеге әскери-жүк ұшақтары еркін ұшып-қонуға арналған алаң салынып , одан бірнеше шақырым қашықтықта «Қантүбек» деген картада жоқ,көп қабатты үйлері бар құпия поселкенің бой көтеруінен басталады.Онда ғылыми қызметкерлер мен химиялық әскери бөлімнің жеке құрамы орналасқан.Елді мекеннің ортасында әскери бөлім штабы орын тепкен.Ал поселкенің ең шеткі аймағында арнайы әскери автомобиль техникалық паркі орналасқан.Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО-ның қуатты химиялық және бактериологиялық қару-жарақ жасауға кіріскен алғашқы қадамдары болса керек. Алғашында « Возрождение – ядролық қару жасайтын құпия сынақ аралы»деп балағатталғанымен,кейіннен «ядролық қару жасайтын құпия сынақ » емес,«бактериологиялық» болса керек еді.
Кезінде аралды әскери қайықтар күзеткен,ал құрлықта патрульдер жүрген.Лабораториялық корпус біренше тікенек сым темірмен қоршалған.
«Қырғи қабақ» соғыстың қызығына түскен кеңестік машиналар Возрождениеде бақа-шаяндар мен жануарларға ғана емес ,адамдарға да сынақ жүргізген.Және өз қылмыстарын құпия ұстау мақсатында олардың ешқайсысын тірі жібермеген.1948 жылы осында орын тепкен Далалық ғылыми-сынақ лабораториясы 4 жыл қажырлы еңбек еткен.1992 жылдан бері мұнда тіршілік иесі қалмаған,жергілікті тұрғындар үй-жайларын тастап безіп кеткен.
Аралда брюцеллез,оба,шешек және безгек ауруларын қоздырғыш бактериялар сыналған.Осыған орай 1948-58 жылдары теңіздің солтүстік-батыс беикейінде орналасқан «Ауан» деп аталатын елді мекенде оба ауруы «бұрқ» ете түскен.Соның салдарынан кейбір үй –іші мүшелері түгелдей қырылып,шаңырағы ортасына түскендері бар.
Одан басқа да сол төңіректің балықтары түгелдей қырылып қалған жайлары белгілі. Қазір бұл төңіректегі оба ауруының ошақтарының әр жерден шығып тұруы сол ауырып өлген балықтардан , басқа да су жәндіктерінен ,суы қайтқан теңіз ұлтанындағы олардың қаңқасынан болып отырған сияқты.Сол аралдағы қауіпті қарудың қалдықтарынан да,желмен ауаға ұшқан жағымсыз микробтардың әсерінен болуы да мүмкін.Қазірде сонымен қатар Арал теңізінің күрт тартылуының ең басты себебі де атом бомбасының бірінші рет Аралдың астында жарылуы деген ойлар бар.Өйткені,ол жер қабатын тас-талқан етіп,суды ұстап тұратын көрперлердің тілім-тілімін шығарған.
Ғалымдар мен мамандар «Возрождение» аралы-әлемдегі аса қауіпті аурулардың ошағы деген ортақ пікірде.Онда оба мен Сібір індетінің микробтары сақтаулы.Кеңес Одағының әскери лабораторияларында әзірленіп ,кейін аталмыш аралды саналған індет таяқшалары кез келген уақытта жер бетіндегі тірі дүниенің ажалына айналуы мүмкін.Әсіресе,теңіз маңында тұрып жатқан халықтың өміріне қауіпті. Тіпті ұмытыла бастаған оба мен Сібір індеттерінің соңғы кезде жиі бас көтере бастауының себебі – «Возрождениенің» қараусыз қалғандығында деген болжам да бар.
Қазір белгілі болып отырғандай АҚШ-тың мамандары Возрождение аралында тағы да болып ,аралда дүниежүзіндегі ірі көмбенің бар екендіктеріне көздерін жіткізді.Сонда американдықтар аралда бактериологиялық қауіптің боларын күні ілгері қалай білген?1980 жылдың соңында «Сібір күйдіргісі» белгісімен көмілген болат бөшкелкер дәл осы жерлерде екнін АҚШ зерттеушілері айтқан.
Возрождение аралының 30 пайызы Өзбекстанның еншісінде де,қалғаны Қазақстан аумағында жатыр.Соңғы мәліметтерге сүйенсек , аралдың өзбек жағына 6 миллион АҚШ долларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.Теңіз төңірегіндігі халықтың денсаулығы мен өмірі саудаға түсіп тұрған кезде,қаржы тапшылығын алға тарту ақылға сыймайды.Возрождение аралын түгел залалсыздандыру – адам денесіндегі қатерлі ісікті сылып алып тастағанмен бірдей.Қазір арал мен құрлық арасы жақындап келеді.Егер ол қосылып кететін болса ,адамдарға төнер қауіптің қаншалықты ауыр болатындығын болжау қиын.Әзірге бір ғана нәрсе анық: Мутациядан өткен ,денесінде бактериологиялардың айтуынша,бұл сапар – аралды қалыптасқан жағдайда зерттеп,одан әрі нақты залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудің бастамасы ғана.Қазір Қазақстан Үкіметі де аталмыш аралды зерттеу жұмыстарын жүргізу және ондағы биологиялық қарулардың тарап кетуін болдыртпау жөніндегі ведмоствоаралық комиссия құру мәселесін қарастыру үстінде.Тіпті осы мақсатқа алдағы уақытта республикалық бюжеттен үлкен көлемде қаржы бөлінеді деген де үміт бар.Ал әзірге арал аймағы мен ондағы халық аранын ашқан ажал аузында тұр
Қорытынды.
Бұған дейін Аралдың тартылуына кеңес құрылысы , шөл далада мақта өсіруді қолға алғандар кінәлі деп айтылып келсе, енді міне , ғалымдар өлкенің экологиялық тепе-теңдігін бұзушылардың қатарынан 13 ғасырда Үргеніш бөгетін бұзған Шыңғыс хан әскерлерін кіргізіп отыр. Бөгеттің бұзылуы салдарынан Әмудария өз ағысын өзгертіп , Сары қамыс ойпатына аға бастады да ,Үзбой бойымен Каспийге жетті.Мол судың Аралға жетпей , өзен арналарының өзгеру кезеңі табиғи факторлардың мерзімдік өзгеріп тұруымен сәйкес келген болуы мүмкін. Осының барлығы жиналып келіп 13 – 14 ғасырдаболған тарихи дағдарыстардың бірінің себебі болған сыңайлы. Бұл жорамалға археологтардың жақында Аралдың кеуіп қалған табанынан қираған қалаларды табуы дәлел.
Тарихи деректер Арал теңізі арнасының өзгеруі – одан ежелгі замандарда да өтіп тұрғанын дәйектейді. Мәселен , біздің жыл қайыруымызға дейінгі бірінші мың жылдықтың бас кезінде де — Әмудария толығымен Арал теңізіне құйған , теңізге сондай-ақ , Сырдария өзені де құйған, Шу өзені де Аралға жететін болған.Теңіз деңгейі кемеріліп тұрған.Бірақ, одан кейінгі ғасырларда Әмудария арнасы бірнеше рет батысқа , Сарықамыс ойпатына бұрылып кетіп отырған.
Ғалымдардың айтуынша , бұл өзгерістерге табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың да себебі тиген. Яки,осы аймақта көктемгі тасқындар, ауық-ауық тұтанып тұрған соғыстар кезінде Әмудария бойындағы бөгеттер,егістіктерді суару жүйелері қиратылып, өзен суы Үзбой бойымен Каспийге құйып отыратын болған. Атап айтқанда, біздің дәуіріміздің 4-6 ғасырларында осындай жағдай туындаған.7-13 ғасырлар аралығында Әмудария қайтадан Аралға құя бастап, Арал арнасы қайта толған. Бірақ , 13 – ғасырдың бас кезіндегі монғол жорығы кезінде Әмударияның арнасы қайта Сарқамыс ойпатына бұрылып кеткен. Оның себебін біз жоғарыда айттық.Аралдың тартылған табанындағы қалалар да сол кезден кейін салына бастаған. Кейінгі ғасырлардағы бір жойқын тасқын кезінде Әмудария қайтадан Аралға аунап ,бір кездегі теңіз табанына салынған қалаларды басып қалған сыңайлы.
Алайда ,ғалымдар сол көне замандарда Аралдың деңгейінің өзгеруіне тек адам факторы ғана шешуші әсер етті деп түйіп айтуға болмайтынын да ескертеді.Арал суының тартылуына сол кезеңдерде бір-бірімен сәйкес келіп қалған адами және климаттық фактор (құрғақшылық жылдар) қатар әсер етуі мүмкін. Осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын Мәскеудің пәрменімен мақта өсіру көлемін ерекше ұлғайту жоспарланған уақытта да алда тағы бір құрғақшылық кезеңнің келе жатқаны ескерілмегені анық.
Климатогтар мен гидрологтардың бақылаулары соңғы жылдары Орталық Азия аймағында ылғалды кезеңнен басталуы туралы пайымдауды растап отыр.Кейінгі кездері өзендердің арнасынан асып ,тасқын қауіпінің көбейіп отырғаны да осы болжамды қуаттауда. Бұл алдағы уақыттарда Аралдың қайта толуы мүмкін деген үміттерге де жетемелейді. Егер ,қоғам осы үрдісті жеделдеткісі келсе,адам да табиғатқа көмектесуі керек, арналарды бегітуге , қазіргі заманғы суару жүйелерін құруға қаржыны да ,күшті де аямау керек, дейді ғалымдар.
Қәзіргі кезде Арал тағдыры — адам тағдыры деген қанатты сөз кең тарауда.Бұл сөзде үлкен экономикалық,әлуеметтік мән жатыр.Мұның өзі Аралды құтқару үшін зерттеу жұмыстарын өрістету нәтижесінде тығырықтан шығар жолдар іздеу мәселесін алға қойып отыр.
Табиғаттан керекті алғаннан кейін,оған да керегін беру әр біреуіміздің парызымыз.Оны аялау,қадірлеу,құрметтеу ,сонымен қатар сүю де әр бірдің парызы.Сондықтан да қоршаған ортаның бергенін бағалай білейік!!!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Әбдіраш Ә. «Арал тағдыры- әлем назарында»,Егемен Қазақстан-1997-20 тамыз.
2.Әділ Қ. «Аралға араша бар ма?»Қазақ елі-1996-7 тамыз
3.Аралдың тартылуы,Егемен Қазақстан-2002-1 ақпан(23-24)
4.С.Н.Ақатаев «Ащы шындық:Арал тағдыры жайында»,Қазақ әдебиеті-1988-17 маусым.
- Арал теңізінің тартылу себебі неде?,Атырау-2005-11 маусым-9 б
6.Ө.Ақжігіт «Сыр суының сыры көп»,Жас қазақ үні-2005-4-10 қараша
- Арал ортақ қасіретіміз,ортақ қам-қарекетіміз,Егемен Қазақстан-1994-14 қаңтар.
- Аралды апаттан құтқаруға болады: Арал теңізінің экологиясы,Нұр- Астана-2004-21 қазан.
- Ә.Сейдаев « Арал тағдыры – адам тағдыры»,Зерде-2002-2-14-15 бет.
- Б.Алтынбай «Возрождениедегі ажал қоймасы»,Нұр –Астана-2004-23 желтоқсан.
- Ж.Т.Есжанов,Г.А.Ахметова «Арал қасіреті- халық қасіреті»,Өскемен-2005,1-бөлім.
- С.Пірназар«Барсакелмес»,Егемен Қазақстан
13.М.Тұрсынбаев «Барсакелмес қорығына көмек керек»,Атамекен-2001-12 қыркүйек.
- Ж.Кемал «Барсакелместің болашағы бұлыңғыр»,Экология*Табиғат
15.Аральское море,интернет желісінен
16.«Арал тағдыры»……………