Мақта өнімділігін жоғарылату жолдарының бірі ол, нақты топырақ-климат жағдайында, өсімдіктің дамуына, яғни өнім элеметтерін жинақтауға және оны сақтауға қолайлы жағдайлар жасау. Бұл мақсатқа, қатараралықтардың қолайлы ені мен өсімдіктің тиімді орналасу жиілігін анықтау арқылы қол жеткізілуі мүмкін.
Егіс алқабында өсімдіктер бір қалыпты орналаспаған жағдайда, қоректік заттар мен топырақ ылғалдылығы бірқалыпты шығын болмай, нәтижесінде өнімділік төмендейді. Демек, өсімдіктің орналасу жиілігін шектен тыс төмендету, сонымен қатар оны қалыптымен салыстырғанда негізсіз жоғарылату жоспарланған өнімге қол жеткізе алмай қалуға алып барады.
Мұның барлығы, әсіресе қазіргі таңдағы мақта шаруашылығын әртараптандыру және инновациялық технологияларды ендіру кезеңінде, нақты топырақ-климат жағдайында егістіктегі өсімдіктерді тиімді арақатынаста орналастыру, жоғары маңыздылыққа ие екендігін көрсетеді.
Мақтаның қатараралықтың ені мен тиімді орналасу жиілігін жасап шығару, қозаның орташа биіктігінде ерте пісетін көсектерді алуға бағытталуы тиіс. Ал, егу кестесі мен қатараралықтардың ені, нақты топырақ-климат жағдайына сай келуі тиістігі анықталынған.
Бұрын анықталғандай, кең қатараралықтарда қозаны баптау, мақта шикізатының ерте пісіп-жетіліп одан жоғары өнім алуға жағдай жасайды. Қатар аралықтары кең егу үлгісінің, жиі қатараралықтарға қарағанда экономикалық жағынан тиімдірек және еңбек шығын да төмендеу. Сондықтан да мақта егілетін аймақтарының барлығында дерлік кең қатарлы мақта егу қолға алынған. Соған қарамастан, мақтаның жаңа отандық аудандастырылған сорттарының егу үлгісі мен орналасу тығыздығы, Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы мақта егістігі жағдайында толық зерттелмеген.
Орналасу жиілігі өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал ететін елеулі факторлардың бірі. Ол топырақтың құнарлылығы мен дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Орналасу жиілігінің артуымен қозаның басты (негізгі) сабағының биіктігі де кеми береді.
Біздің зеттеулерде, қозаны егудің үлгісін өзгертудің дақылдың өсіп-өнуіне әсерін зерттеу мақсатында ай сайын фенологиялық бақылаулар жүргізілді. Бас сабақтың биіктігінің өлшемдері маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларының бірінші жұлдызында алынды. Өлшемдер жердің беткі қабатынан бастап, бас сабақтың өсу нүктесіне дейін он сантиметрлік дәлдікте, әрбір мөлдектердегі 25 өсімдікте жүргізілді. Фенологиялық бақылаулардың нәтижелері 1-ші және 2-ші кестелерде келтірілген.
Маусым айында, негізгі сабақтың биіктігі мен нағыз жапырақшаларының саны бойынша өсімдіктерде қатараралық ендік пен орналасу жиілігіне байланысты айтарлықтай айырмашылқтары болмағандығы анықталды. Дегенмен де, кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, фенологиялық бақылаулар бойынша ПА-3044 астарында негізгі сабақтың орташа биіктігі бақылаумен салыстырғанда 0,4-0,6 см биік және нағыз жапырақтардың саны бойынша 0,1-0,6 данаға көп болды.
Зерттелініп отырған М-4005 астарында маусым айында негізгі сабақтың биіктігі 0,2-0,8 см биік, нағыз жапырақтарының саны бойынша бақылаумен салыстырғанда 0,5-1,5 данаға көп. ПА-3044 және М-4005 астарлары аралығындағы барлық нұсқаларды салыстыру кезінде сабақтың биіктігі мен нағыз жапырақтардың санының көрсеткіштері мақтаны егудің кестесіне байланысты, бақылау нұсқасынан басқа бірдей болды.
Сондықтан маусым айында қозаның ПА–3044 астарындағы өсуі мен дамуының ең қолайлы нұсқасы 90 х 12 – 1 орналасу тізбегі болып табылады. Мұнда бір өсімдіктегі сабақтың биіктігі 16,5 см-ді, ал нағыз жапырақшалардың орташа саны 7,0 дананы құрады.
М-4005 мақта сортының астары бойынша өсу мен дамудың қарқындылығын 90 х 10 – 1 орналасу тізбегі көрсетті. Мұнда бір өсімдіктегі негізгі сабақтың биіктігі 16,8 см-ді, ал нағыз жапырақшалардың орташа саны бір өсімдікте 6,5 дананы құрады.
Біздің бақылауларымыз бойынша, бастапқы кезеңде басты (негізгі) сабақтың өсуінде жиілігі әртүрлі тұқым себу арасында елеулі ерекшелік байқалмады. Мақта қозасының жаппай гүлденуінен бастап, әсіресе жемістердің қалыптасуынан бастап орналасудың шынайы жиілігінің артуымен басты сабақтың бойының биіктігі кеми берді.
Бірдей агротехникалық жағдайлардағы екі сорттың да (ПА-3044, М-4005) бір гектардағы өсімдіктері қаншама көп болса, басты сабақтың биіктігі де соншама төмен болатындығы анықталды. Мұндай заңдылық әрине, өсімдіктердің орналасу жиілігі артқан сайын, олардың қоректену алаңының тарылып, жарықтың жетіспеуінен түсіндіріледі.
Міне осылайша, мақтаның өсу қарқындылығы өсімдіктің орналасу жиілігіне байланысты болатындығы белгілі болды, сонымен бірге топырақтың құнарлығына, оның мелиоративтік жағдайы мен тыңайтқыштарға да байланысты болады.
Өнім бұтақтарының саны, қоза бұтасының морфологиясының көрсеткіші. Біздің тәжірибемізде өнім бұтақтарының саны 1 шілдеде және 1-ші тамызда есептелді. Барлық нұсқалар бойынша өнім бұтақтарының санын есептеген кезде М – 4005 астарында 1-ші шілдеге қарай өнім бұтақтарының саны 3,3 – 3,7 дана болса, 1-ші тамызға қарай — 11,0 – 11,8 дана болды, яғни анықтаудың алғашқы мерзімінен екінші мерзімге қарай жеміс бұталарының саны бірте – бірте арта берген. Бұл фонда жеміс бұтақтарының барынша көп саны егістің 90х10-1 тізбегінде байқалды. Ал ПА – 3044 астарында жеміс бұтақтарының саны 1шілдеге қарай 3,4 – 3,9 дана шегінді болса, 1-ші тамызға қарай 11,0 – 12,4 дана болды. Бұл астарда жеміс бұтақтарының ең көп саны егістің 90 х 12 — 1 тізбегінде байқалды. 1-ші тамыз бен 1-ші қыркүйекте біз орташа есеппен бір өсімдікке шаққанда қалыптасқан көсектердің санын есептедік.
Екі сорттық фонда да көсектердің ең көп саны, егістің орналасу жиілігі 74,0 мың/га болатын 90 х 15 — 1 тізбегінде байқалды. Егістің бұл тізбегінде бірінші қыркүйекке қарай қауашақтардың М – 4005 сорты астардағы саны бір өсімдікке – 9,8 дана болса, ал ПА – 3044 сортының фонында бір өсімдікте – 12,0 дананы құрады. Міне, осылайша орналасу жиілігінің гектарына 74,0 мың данадан 139,2 мыңға дейін артуымен орташа есеппен бір өсімдікке шаққандағы қауашақтардың саны кеми береді. Демек орналасу жиілігі төмен болғанда бір өсімдікке шаққандағы қауашақтардың орташа саны көбірек болса, орналасу жиілігі артқан сайын қауашақтардың да саны кеми береді, әйтсе де бір гектарға есептегенде қауашақтардың бүкіл жиынтығы орналасудың белгілі бір жиілігіне дейін арта береді.
Кесте 1 – М-4005 астарындағы мақтаның өсіп-өну қарқындылығы
Нұсқалар | 1.06.10 ж. | 1.07.10 ж. | 1.08.10 ж. | 1.09.10 ж. | ||||||
Нағыз жапырақтар саны, дана | Негізгі сабақтың биіктігі, см | Негізгі сабақтың биіктігі, см | Өнім бұтақтар саны, дана | Негізгі сабақтың биіктігі,
см |
Өнім бұтақтар саны, дана | Көсектер саны, дана | Негізгі сабақтың биіктігі, см | Көсектер саны, дана | Ашылған көсектер саны, дана | |
90 х 15 — 1 | 5,9 | 16,1 | 28,2 | 3,5 | 85,4 | 11,8 | 6,3 | 110,4 | 9,8 | 0,80 |
90 х 12 — 1 | 6,0 | 16,7 | 28,7 | 3,7 | 86,0 | 11,6 | 6,0 | 112,1 | 9,2 | 0,77 |
90 х 10 -1 | 6,5 | 16,8 | 30,4 | 3,6 | 87,8 | 11,7 | 5,8 | 114,5 | 9,0 | 0,79 |
70 х 8 — 1 | 6,0 | 16,5 | 29,5 | 3,3 | 85,8 | 11,0 | 5,5 | 111,7 | 7,7 | 0,51 |
Кесте 2 – ПА-3044 астарындағы мақтаның өсіп-өну қарқындылығы
Нұсқалар | 1.06.10 ж. | 1.07.10 ж. | 1.08.10 ж. | 1.09.10 ж. | ||||||
Нағыз жапырақтар саны, дана | Негізгі сабақ-тың биіктігі, см | Негізгі сабақ-тың биіктігі, см | Өнім бұтақта-рының саны, дана | Негізгі сабақ-тың биіктігі, см |
Өнім бұтақта-рының саны, дана |
Көсектер саны, дана | Негізгі сабақтың биіктігі, см | Көсектер саны, дана | Ашылған көсектер саны, дана | |
90 х 15 — 1 | 5,5 | 15,7 | 27,5 | 3,9 | 87,9 | 12,4 | 6,5 | 111,8 | 12,0 | 0,78 |
90 х 12 — 1 | 7,0 | 16,5 | 28,5 | 3,7 | 86,3 | 12,0 | 6,1 | 109,9 | 11,2 | 0,80 |
90 х 10 -1 | 6,5 | 16,5 | 28,8 | 3,5 | 87,1 | 12,2 | 5,9 | 109,5 | 10,2 | 0,70 |
70 х 8 — 1 | 6,0 | 15,9 | 28,9 | 3,4 | 83,4 | 11,0 | 5,7 | 106,1 | 9,1 | 0,62 |
Қоза бұтасының құрылымы тұқым қуалаушылықтан басқа күн сәулелерінің, температураның әсеріне орналасу тізбегі мен орналасу жиілігіне байланысты болады. Бұта оншалықты биік емес, ықшам, жатын қалмайтын, қысқа жеміс бұтақша болуы тиіс. Біздің зерттеулерде анықталғандай, орналасудың шынайы жиілігі артқан сайын өсімдіктегі өнім бұтақтардың саны, сондай-ақ басты сабақтың биіктігі кеми береді.
Тұқым себудің, М-4005 астарында орналасуының шынайы жиілігі гектарына 74,5 мың, 90 х 15 -1 сызбасы бойынша 1-ші қыркүйекке қарай -11,8 дана өнім бұтақ болып, жиілігі гектарына – 139,2 мың 70 х 8 -1 тізбегі жағдайында – 11 дана болған болса, ПА-3044 фонында орналасуының шынайы жиілігі гектарына 74,0 мың 90 х 15 -1 тізбегі бойынша 1-ші қыркүйекке қарай -12,4 дана өнім бұтақ болды, жиілігі гектарына – 138,7 мың, 70 х 8 -1 тізбегі жағдайында да – 11 дана өнім бұтағы болған. Міне осылайша, орналасу жиілігі артқан сайын басты сабақтың биіктігі, өнім бұтақтарының саны мен оның орташа ұзындығы кеми береді. Сондай-ақ мақта қозасының құрылымындағы өзгерістер мыналармен анықталды: жиі егілген егістерде орташа есеппен алғанда бір өсімдікке қорек алаңы қысқарады, жарықтың түсуі нашарлайды, ал жемістердің пайда бола бастауымен жүйектердегі ауаның температурасы біршама төмендейді. Осы факторлардың бәрі мақта қозасының құрылымына әсер етеді.