Антарктида туралы реферат

ЖОСПАР

  1. Антарктида
  2. Физикалық-географиялық орны.
  3. Антарктиданы кеңес ғалымдарының зерттеуі.
  4. Мұз жамылғысы.
  5. Мұз астындағы жер бедері.
  6. Климаты.
  7. Өсімдіктер және жануарлар дүниесі.
  8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

АНТАРКТИДА

Антарктиданы ашу

Антарктика мен Антарктида. Антарктиданың табиғаты Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының оңтүстік бөліктерінің табиғатымен тығыз байланысты және олармен бірге бір-тұтас материк болып жатады! Теңіздердің құрлыққа аздап еніп жатқан кең алақаптарды қайраңды мұздықтар жапқан. Бұл мұздықтар материктік мұз құрсауының жалғасы болып табылады.

Антарктика — бұл Антарктиданы жанасып жатқан аралдарымен бірге және мұхиттардың шамамен 50—60 о. е. дейінгі бөліктерін қамтитын оңтүстік поляр аймағы. «Антарктика» деген атау гректің «анти»— қарсы, яғни жер шарының солтүстік поляр аймағы — Арктикаға қарама-қарсы жатқан деген сөзінен шыққан.

Физикалық-географиялық орны. Материк түгелдей дерлік Оңтүстік поляр шеңберінің шегінде орналасқан. Антарктиданы басқа материктерден орасан зор мұхит айдыны бөліп тұрады. Материктің полюс ауданындағы географиялық орны орташа қалыңдығы 2000 м болатын қалың мұз жамылғысының түзілуіне әкеп соққан. Мұз қабатының қалыңдығына байланысты Антарктида Жер шарындағы ең биік материк болып отыр. Материктің жағасы негізінен биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік мұзды жар болып келеді. Географиялық орны мен мұз құрсауына қарай дүние жүзіндегі суық полюс Антарктидада орналасқан.

Антарктиданы ашу. Алғашқы зерттеулер — Антарктида басқа материктерден әлдеқайда кейін атылған. Оңтүстік жарты шардың биік ендіктерінде материк бар деген ойды ертедегі ғалымдар айтқан болатын. Бірақ алтыншы материктің болуы жөніндегі мәселе әлдеқайда кейін біржолата шешілді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік материкті іздеуге ағылшынның белгілі теңізде жүзушісі Джеймс Кук бастаған ағылшын экспедициясы аттанды.

Дж. Кук Оңтүстік поляр шеңберін әлденеше рет кесіп өтті, бірақ қалың мұзды бұзып, материкке жете алмады. Ол «оңтүстікте жатқан жерлер болса, олар ешқашан да зерттелмейді… табиғат бұл елге мәңгі суық болуды жазған» деген көңілсіз қорытындыға келді. Дж. Кук экспедициясының нәтижелері материкті іздеу жөніндегі қауіпті жүзу сапарына аттану тілегін ұзақ уақытқа кейінге қалдырды.

Тек 1819ж. Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен мен Михаил Петрович Лазаревтіңбасшылығымен «Восток» және «Мирный» кемелерімен орыстың Бірінші антарктикалық экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедиция белгісіз материкті айналып өтіп, оның жағаларына өте жақын келді, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция Антарктиданың жағалауына тұңғыш рет жақын келген. 1820 жылды оның ашылу жылы деп есептеу қабылданған. Бұл жыл Оңтүстік континенттің жағалық зоналарын жедел зерттеуге бастама болды.

  1911 ж. желтоқсанның 14-інде норвег Руаль Амундсен, одан бір ай өткен соң —1912 ж. 18 қаңтарында — ағылшын Роберт Скотт Оңтүстік полюске жетті. Бұл ең үлкен географиялық ашу болды. Ғалымдар материктің ішкі аудандары туралы алғашқы мәліметтер алды. Бірақ олар оңайға түскен жоқ. Р. Скоттың тобы азық-түлік пен отын сақталған ңоймаларға бірнеше километр жете алмай, қайтар жолда қаза тапты.

  1912 ж. қарашада құтқарушы отряд шатырды және оның ішінде қатып қалған адамдардың денесін тапты. Шатырдың қасында салмағы екі пұттан асатын геологиялық коллекциясы бар шаналар тұрған еді.

Антарктиданы кеңес ғалымдарының зерттеуі. XX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Норвегия және басқа мемлекеттер Антарктиданы зерттеу жөнінде арнайы экспедициялар ұйымдастырды. Әрбір ел өзінің мақсатын көздеп жеке әрекет етті. Зерттеулер негізінен жағалауда жүргізілді, ал материктің ішкі аймақтары еміс-еміс белгілі күйінде қала берді.

Тек Халықаралық геофизикалық жылдың(МГГ, 1957—1958 жж.) өткізілуіне байланысты дүние жүзінің он екі мемлекеті материкті бірлесе зерттеу және өзара хабарлар алысу қажет депшешті.КенесОдағыбұлжұмыстажетекшіорындардың бірін алды.Кеңестік экспедициялар жоғарығылымижәне техникалықдеңгейлердеұйымдастырылды.Олардыұйымдастыру үшін Арктиканызерттеуменигерудежинақталғанбайпрактикалықтәжірибепайдаланылды.  Халықаралық геофизикалық жылдыңбасталуықарсанындаКеңесОдағыныңАнтарктидада ғылыми станцияларымен жұмыстәжірибесіболмағанына қарамастан, біздің зерттеушілеріміз континенттің ішкері як; ғына батыл саяхаттар жасады. Олар ауыр климат жағдайларына аз уақыттың ішінде Антарктиданың жағалауында ғана  емес, сонымен қатар оның бұған дейін адам аяғы баспаған жетуге қиын ішкі бөліктерінде (Аяқжетпес полюс) де бірнеше ғылыми станциялар (Мирный, Пионерская, Восток және басқаларды) салды. Қазіргі кездегі негізгі және ең ірі стаңция — Молодежная станциясы. Мұнда Антарктиканың аэрометерологиялық орталығы бар.

Кеңес мамандары Антарктидада отыз жылдан астам уақыт бойы ойдағыдай жұмыс істеп келді, зор ғылыми материал жиналды, коптеген еңбектер жазылды. Антарктиданың тұңғыш Атласы жасалды. Атластан Антарктиканың барлық табиғат компоненттері жөнінде мәліметтер алуға болады. Жүздеген орыс және кеңес зерттеушілерінің есімі Антарктиканын картасына мәңгілікке жазылған.

Антарктиданың басқа материктерден өзгешелігі: мұнда тұрақты халық жоқ және оның құқықтык жағдайы мүлде басқаша. Ол бірде-бір мемлекеттің қарамағына жатпайды. Халықаралық келісім бойынша оның территориясында әскери сипаттағы кез келген шараларды өткізуге, қарулар мен ядролық жарылыстарды сынауға тыйым салынған. Антарктиданың табиғатын қорғау заңда баянды етілген.

Антарктиданың ғылым мен бейбітшілік континенті деп аталуы кездейсоқ жағдай емес. Нақты ұйымдастырылған халықаралық ынтымаңтастық пен ғалымдардың қажырлы еңбегінің арқасында Антарктиданың көптеген құпиялары қазіргі кезде құпия болудан қалды.

Мұз жамылғысы. Антарктидада қанша мұз бар? Қалың мұз жамылғысының астында не жатыр? Бұдан 30—35 жыл бұрын бұл сұрақтарға сенімді жауап беруге болмайтын еді. Ғалымдар материктің көп бөлігінің негізінде — оның шығыс бөлігінде Антарктика платформасы жатқанын анықтады. Материкті түгелдей дерлік мұз қалқаны жауып жатыр, оның орташа қалыңдығы 2000 м шамасында, ал шығыс бөлігінде ең қалың жері — 4500 м-ге жетеді. Мұз жамылғысын қоса есептегенде материктің орташа биіктігі 2040 м болады. Бұл басқа материктердің орташа биіктігінен 3 есе дерлік биік. Антарктиданың мұз жамылғысында Жер шарындағы барлық тұщы судың 80%-тейі сақталған. Мұз қалқаны материктің орталық бөлігінде көтеріңкі, ал жағалауға қарай төмендеп, шет жақ-тары біртіндеп жайдақтана беретін күмбезге ұқсайды (65-сурет).

Мұз астындағы жер бедері. Қазіргі заманғы зерттеу әдістеріматериктің мұз астындағыжер бедері туралынақты

түсінік алуға мүмкіндік берді. Оның бетінің 1/3 -іне жуығы мұхит деңгейінен төмен жатыр. Сонымен бірге, мұз құрсаудың астынан тау тізбектері мен сілемдері табылған. Уэддел теңізінен Росс теңізіне дейінгі жарықтар зонасын бойлай Транс-антарктикалық таулар созылып жатыр. Бұл таулар Батыс Антарктиданы жер бедері мүлде өзгеше, Шығыс Антарктидадан бөліп тұрады.

Батыс Антарктида өте күшті тілімденген. Антарктика түбегі мен материктің батыс шетінде Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының жалғасы болып табылатын таулар созылып жатыр. Материктегі ең биік тау сілемі (5140 м) мен ең терең ойыс (—2555 м) осында орналасқан. Таулардың көп бөлігін материктік мұздық жауып жатады, кейбір жерлерде ғана олардың ең биік шыңдары мұз құрсанған шөл үстінде таңқаларлықтай болып көтеріліп тұрады. Жарықтардың сызықтарын бойлай жоғары көтерілетін лавалар таулардың құрылысында едәуір роль атқарады.

Шығыс Антарктидадағы тұтас мұз жамылғысының астында оның бетінің тегіс учаскелері биіктігі 3000—4000 м болатын тау сілемдерімен кезектесіп келіп отырады. Олар ертедегі Гондвана материгінің құрамына енген басқа материктердің жыныстарына ұқсайтын өте ежелгі шөгінділерден құралған.

67-сурет. Мирный — Аяқжетпес полюс және Мирный — Оңтүстік полюс маршруттары бойынша мұздық жамылғысының профилі және мұздық шарасы

Шығыс Антарктиданың мұздық жер бедері мен мұз астындағы жер бедерінің ерекшеліктері материк бетінің профилінен жақсы көрінеді. Оны Мирный — Аяқжетпес полюс, Мирный — Оңтүстікполюсмаршруттарыбойыншашынжыр табандышанапоезыэкспедициясыкезіндекеңесполяршылары кұрастырғанболатын.Материктіңшетінде,Росс теңізіндегі жағалық аралдардың бірінде сөнбеген Эребус вулканы анық көрініп тұрады, ол — осы аудандағы күшті тау түзілу процестерінің айғағы.

Климаты. Антарктида түгелдей дерлік антарктикалық климат белдеуіне орналасқан. Бұл — Жер шарындағы ең суық материк.Материктіңішкіаймаңтарыныңклиматыерекше қатаң. Онда тіпті жаздың өзінде тәуліктік орташа температура — 30° С-ден жоғары көтерілмейді, ал қыста — 70° С-ден төмен болады.

АнтарктиданыЖершарының»тоңазытқышы»депатайды.

Оның әсер етуінен оңтүстік жарты шар солтүстік жарты шарға карағандаедәуірсуықболады.Кенесполяршылары»Восток» станциясында Жер бетіндегі ең төмен температураны (—89,2° С)тіркеді.Сондықтан«Восток» станциясынЖердіңСуықтық полюсі деп атайды. Мұндай өте төмен температурада металл опырылғыш болады және соғып қалса, шыны секілді сынады, ал керосин — қоймалжың тартады да,оныкесуге болады. Күшті аяздан адамдардың өкпесі мен көзінің мөлдір қабығы үсіген жағдайлар болған. Сондықтан мұндай жағдайларда жұмыс істеу үшін арнаулы киімдер киюге тура келеді. Антарктиканың ауасы өте мөлдір әрі құрғақ болады.

Жаз кезінде Антарктидаға Жердің экваторлық аймағына қарағанда, күн жылуы көп түседі. Бірақ бұл жылудың 90%-ің қар мен мұз кейін қайтарады (77-суретті қараңдар). Оның үстіне жаз өте қысқа. Материктің жағалауында едәуір жылырақ болады, жазда ауаның температурасы 0° С-ге дейін көтеріледі, ал қыста орташа аяздар болып тұрады. Жазда мұз жамылғысы болмайтын аудандарда жартастар күн жылуының 85%-ке дейінгі мөлшерін сіңіріп, өздері де жылынады, айналадағы ортаны да жылытады. Мұнда оазистер пайда болады. Айналадағы мұздықтардың бетіндегі температураға қарағанда, оазистерде жазда температура едәуір жоғары. Оларды нағыз жылу ошағы деуге болады.

Үш мұхиттың Антарктидаға жанасып жатқан оңтүстік бөліктері субантарктикалық белдеуде орналасқан. Мұндағы температура материктің үстіндегі температурадан жоғары болады. Антарктиданың ішкі аймақтары мен материкке ұласып жатқан мұхиттардың үстіндегі температура мен атмосфералық қысым айырмашылығының көптігі салдарынан жағалық алапта ұдайы материк жақтан жел соғып тұрады. Жағаға жақындаған сайын олар күшейіп, кейде дүлей дауылға айналады. Бұл желдер материктен мұхитқа орасан мол қарды ұшырып әкетеді.

Қыста теңіздерді тұтасқан мұз басады. Жазда оның жиегі жағаға дейін дерлік шегінеді. Суға сырғып түскен материктік мұз сынады да, орасан зор мұзтаулар — айсбергтер түзеді. Ағыстар айсбергтерді алыстағы мұхитқа ағызып әкетеді.

Температураның таралуындағы сияқты, жауын-шашынның таралуында да зоналылық жақсы байқалады. Материктің орталық бөлігіне, Сахарадағыдай, жылына 40—50-ден 100 мм-ге дейін жауьш-шашын жауады. Жағалауда жылына 500— 600 мм жауын-шашын түседі.

Өсімдіктер және жануарлар дүниесі. Антарктиданың көп бөлігі өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінен жұрдай. Бұл — антарктикалық шөл. Антарктидада қазір заманғы организмдерден мүктер, қыналар, өте ұсақ саңырауқұлақтар мен балдырлар және т. б. таралған.

68-сурет. Қатаң материктің тұрақты жануарлары

Мұздық жамылғысы жоқ учаскелерде, тіпті полюске жақын маңда өсімдіктер өседі. Антарктида оазистерін мұзды шөлдегі тіршілік ошағы ретінде қарастыруға болады. Оазистердегі көлдер әр түрлі балдырларға бай. Суықтық полюсі ауданындағы қар бетінен бактериялар табылған.

Жануарлар дүниесі материкке ұласып жатқан мұхиттарға байланысты. Антарктиданың суы киттер, итбалықтар, балықтар мен құстар үшін азық көзі болып табылатын планктонға бай. Мұнда кит тәрізділердің бірнеше түрлері тіршілік етеді, олардың ішінде біздің планетадағы ең ірі жануарлар — көк киттер, сондай-ақ кашалоттар бар. Ескекаяқтылар да кең таралған.

Жазда жағалауға құстардың ондаған түрлері ұя салады. Антарктиданың өзіне тән жануарлары — пингвиндер. Олар Ұша алмайды, бірақ жақсы жүзеді, балық, моллюска және Шаяндарды қорек етеді. Пингвиндердің бірнеше түрлері бар. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны — Адели дейтін шағын пингвин. Салмағы 50 кг-ға дейін жететін, ал бойы 1 м-ден асатын император пингвиндері өте көрікті. Олар ұя жасамайды, омыртқасын бауырындағы жылы мамығына аяғымен қысып, балапандарын қатаң қыс жағдайында басып шығарады.

Биік тауда антарктикалық және қар дауылпаздары ұя салады. Жазда жағалаудан суқұзғынды, теңіз шағаласын кездестіруге болады. Теңіз шағаласы адамға үйір келеді; олар поляршылардың маңынан шықпай, тамақтың қалдықтарын қорек етіп санитарлардың ролін атқарады.

Оның қойнауынан тас көмір, темір рудасы, түсті металдар секілді алуан түрлі пайдалы қазбалар табылған. Мұнайдың, табиғи газдың белгісі анықталған. Ғалымдар онда алтын, алмаз, уран бар деп жорамалдайды. Антарктиканың мұхит суы ірі теңіз аңдарына, балыққа, шаян тәрізділерге бай. Киттер, әсіресе ең ірі — көк киттер едәуір қырылып кеткен және 1967 ж. бастап қорғауға алынған Антарктикада тұщы судың орасан зор қоры шоғырланған. Қазір тұщы су тапшылығына душар болып отырған елдерге айсбергтерді сүйреп жеткізу жобалары бар.

Антарктиканы зерттеудің практикалық қана емес, сонымен бірге ғылыми маңызы бар. Антарктикада өтіп жатқан процестер бүкіл Жер бетінің табиғатына сөзсіз әсер етеді. Мысалы, Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өзгеруі көп ретте материк мұзында өтіп жататын процестерге (мұздың жиналуы, қозғалыс жылдамдығының өзгеруі, еруі) байланысты. Антарктида үстіндегі атмосфера бүкіл планетадағы ауа массаларының қозғалысына әсер етеді.

Бұдан 20 млн. жыл бұрын пайда болған мұздық жамылғысынан климаттың ғасырлық ауытқуы, сондай-ақ Жер бетіндегі табиғат комплекстерінің даму тарихы жөнінде бай деректер табуға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Материктер мен мұхиттар географиясы В.А.Коринская, В.А.Щенев, И.В.Душина

ЖОСПАР

  1. ТАБИҒАТЫ
  2. Материктің физикалық-географиялық орны.
  3. Материкке ұласып жатқан мұхиттар.
  4. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
  5. Анд. Бұл жер бетіндегі ең ұзын тау тізбегі.
  6. Климаты
  7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

ТАБИҒАТЫ

 Америка немесе Жаңа Дүние дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды, бірақ ұзын әрі енсіз Панама мойнағы арқылы жалғасқан екі ірі материктен тұрады. Оның ең енсіз және төменгі бөлігінде XX ғасырдың басында Панама каналы қазылған болатын. Бір кезде материктер өзара байланыспаған және олардың табиғаты дербес дамыған. Литосфералық плиталар шекарасында Кордилвер таулары түзілген кезде құрлықпен байланыс пайда болған.

Материктің физикалық-географиялық орны. Өзінің пішіні жөнінен Оңтүстік Америка оңтүстікке қарай енсіздене түсетін үлкен үшбұрышқа ұңсайды. Материктің көлемі 18 млн. км-ге жуық.

Жағаларының пішіні. Материкке ұласып жатқан мұхиттар.

Материктің жағалары аз тілімденгендіктен, порттар салуға қолайсыз. Материктің шалғай оңтүстігінде ғана аралдар мен шығанақтар көп. Мұнда Отты Жер архипелагы бар. Тік жартасты жағалар, судың күшті тасуы, жел мен жиі түсетін тұман — бұл ауданды теңізде жүзушілер үшін қауіпті етеді.

Американы ашу және зерттеу тарихынан

Ескі Дүние халықтарының Жаңа Дүниені ашқан уақыты әзірге нақтылы анықталған жоқ. Ғалымдар Америка жағаларына Европа тұрғындары да, Африка тұрғындары да жүзіп бара алды деп пайымдайдың мың жыл бұрын викингтер — Скандинавияның тұрғындары теңізді кезген кездерінде белгісіз жағаларға талай тоқтаған (қосарбетті қараңдар).

Викингтердің жарықтарынан кейін 500 жылдан соң европалық теңізде жүзушілер мұхиттың ар жағындағы материкті қайтадан ашты. Бұл кезде викингтердің ұлы ашулары мүлдем ұмыт болған, өйткені викингтер өз жаңалықтарын тіпті сезбеген де еді.

XV ғасырдың аяғында — XVI ғасырдың басында ғылым мен теңізде жүзудің дамуы Ұлы географиялық ашуларға жеткізді. Сауда мүдделері европалықтардың шығысқа, Азияға баратын теңіз жолын іздеуге мәжбүр етті. Кейбір саяхатшылар Африканы айналып өтіп, Үндістанға жол таппақ болды. Басқалар, мысалы X. Колумб, Жердің шар екенін негізге алып, мұхитта жүзіп, батысқа бет алды. X. Колумб өзінің ұлы болжамын дәлелдеу үшін ұзақ уақыт деректер жинады:көп оқып, карталарды зерттеді. Ол тәжірибелі теңізші, талантты ұйымдастырушы болатын.

Ержүректеңіздежүзушілер1492ж.батысқаҮндістан жағаларына бет алған кезде Колумб кемелерінің жолында орасан зор континент бой көрсетті. Атлант мұхиты арқылы жүзу кезінде Колумб Солтүстік Пассат ағысын, Саргасс теңізінашты.ОлАмериканыңжағаларынатөртретжүзіп барды, көптеген аралдарды ашып, материкке аяқ басты. Жаңа, европалықтарға белгісіз жерлердің ашылғаны айқын болды. Бірақ оның бар екені туралы ойды жаңа жерлерге жасалған екі экспедицияға қатысқан Америго Веспуччи айтқан еді. Білуге құштар әрі аңғарымпаз адам, ол жаңа жерлердің алгашқы сипаттамасын жасады, кейіннен ол оның есімімен аталатын болады.

Материкті шетел және орыс географтарының зерттеуі. Саяхатшылардан кейін Америкаға испан және португал шапқыншылары ағылды. Оларды жаңа жерлердің ғажайып байлығы туралы аңыздар қызықтырды. От пен семсердің күшімен бүтіндей мемлекеттер құртылып, талан-таражға түсті. Материктегі көптеген географиялық ашулар отар басып алудың осы кезеңімен байланысты.

Алайда географиялық ғылым үшін материктің табигаты үш ғасырдай белгісіз болып қала берді. Испан және португал отаршылары өз иеліктеріне ғылыми экспедицияларды жібермеуге тырысты.

Оңтүстік Американы зерттеуші алғашқы ғалымдардың ішінде неміс географы әрі саяхатшысы Александр Гумбольдт болды.XVIII—XIXғасырлардың аралығындаолфранцуз ботанигі Э. Бонпланмен бірге Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу жөнінде экспедицияны қолға алды.1 Гумбольдт материктің алгашқы геологиялық картасын жасады, батыс жағалары тұсындағы ағыстарды сипаттады, жағалауға таяу аудандардың климаты үшін оның маңызын түсіндірді. Анд табиғатынзерттейкеле,олбиіктікбелдеуидеясыннегіздеп берді.

Юңтүстік Американы зерттеуге орыс саяхатшылары да үлес қосты. XIX ғасырдың басында Бразилияда Н. Г. Рубцов пен Г. И. Лангсдорф басқарған орыстың крмплексті экспедициясы жұмыс істеді, ол Бра_зилия таулы үстіртінің ішкі ауданда-рының табитаты мен байырғы халқын зерттеді.

Совет ботанигі Н. И. Вавилов 1932—1933 жж. өзінің материкке экспедициялары кезінде егіншіліктің ежелгі ошақтарының орталықтарын және өзінің отаны Оңтүстік Америка болып табылатын кейбір екпе өсімдіктердің шығу тегін айқындады.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Жазықты-таулы үстіртті шыгыс бөлігі платформаға орналасқан. Литосфераның екі плитасының өзара әсер етуінің нәтижесінде материктің батыс бөлігі қалыптасады. Мұнда мұхиттық плита континенттік плитаның астына қарай жылжып, науа жасай отырып, мантияға бойлай түседі. Континенттік плитаның шеті мұнда жиналған барлық шөгінді жыныстармен сығылып, қатпарларға айналады. Анд осылай пайда болған және солай қалыптасып келеді. Олармен қатар мұхитта терең су асты науасы созылып жатыр. Мұнда осы күнге дейін тау түзілу процестері өтуде. Жиі жер сілкінулермен, вулкан атқылаулармен қоса Анд тауы көтеріліп келеді. Ең қуатты қозғалыстар әрбір 10—15 жылда болып тұрады. Соңғы күшті жер сілкіну Андта 1960, 1970 және 1985 жылдары болды.

Материктің шығыс бөлігі. Оның жер бедерінде биіктіктің күрт ауытқуы мүлдем дерлік болмайды, жер сілкіну сирек, сөнбеген вулкандар жоқ. Платформаның ұзақ уақыт бұзылуы және тік қозғалыстар Бразилия мен Гвиана таулы үстірттерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Жер қыртысының тік крзғалыстары кезінде жарықтар пайда болып, тау жыныстарының қабаттарына магма ене бастайды, ал кей тұстарда лава жер бетіне ағып шығады. Жарықтар тау үстірттерін жекелеген сілемдерге бөледі. Көтерілген учаскелер бұзылуға ұшырайды, ал бұзылған заттар кең-байтақ ойпатты жазықтарға жетіп, шөгінді жыныстарға айналады. Сондықтан таулы үстірттің жер бедері алуан түрлі, төрткүлді таулардың ғажайып пішіндері төбелі жерлермен кезектесіп отырады, ал олар шатқалдар тілімдеген аласа таулы сілемдерге ауысады.

Платформаның иілген жерлерінде Амазонка, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары жатыр. Таулы үстірттерге қара-ганда олардың жер бедері біркелкі. Бұл тегіс, көбінесе батпақты, шөгінді жыныстардан түзілген кеңістік. Материктің жазықтары мен таулы үстірттердің учаскелері егіншілік, жол салу, қала тұрғызу үшін қолайлы.

Анд. Бұл жер бетіндегі ең ұзын тау тізбегі. Оның жоталары бірде алыстап, бірде жақындай түседі де, аса биік шыңдары бар тау торабын құрайды. Бұл шыңдардың ішінде сөнген және сөнбеген вулкандар көп. Тау шыңдарын мәңгілік қар мен мұздықтар жауып жатыр. Анд пен бүкіл батыс жарты шардың биік нүктееі — Аконкагуа тауы 6960 м-ге дейін көтеріліп жатыр. Анд таулы жоталарының арасында таулы үстірттер орналасқан. Ішкі және сыртқы күштер таулардың алуан түрлі бейнелерін туғызған. Жарықтардың арқасында тік беткейлер пайда болған. Жарықтарда вулкандар шоғырланған. Олардың атқылауы да таудың сыртқы бейнесіне әсер етеді, олар кейде көз алдыңда өзгеріп сала береді. Вулкан атқылауын байқаған А. Гумбольдт өз күнделігіне былай деп Жазған: «…бір түннің ішінде таудың қалың қар жамылғысы ғайып болды, сөйтіп таудың қара қоңыр пішіні көз алдымызда жалаңаш күйінде қалды; шлак жауынын туғызған отты бағанның қошқыл қызыл жалыны шарықтап биікке көтеріліп кетті».

Пайдалы қазбалары. Материк пайдалы қазбаларға бай. Шығыста және Андта олар әр түрлі. Шығыстың таулы үстірттерінде темір, марганец рудасы, никель кен орындары ежелгі кристалл жыныстарының шығуымен байланысты. Алюминийлі боксит кені бар. Платформаның ойыстары мен иіндеріңде мұнай, табиғи газ, көмір табылды.

Анд түсті және сирек металдарға ерекше бай. Магманың шөгінді жыныстарға енуі дүние жүзінегі ең ірі мыс рудасының, сондай-ақ молибден, қалайы, күміс және басқа да кен орындарының пайда болуына жағдай жасады. Таудың аты «анта» сөзінен шыққан, бұл инктер тілінде «мыс» деген сөз.

Көптеген пайдалы қазбаларды өндіру АҚШ капиталистерінің қолында. Мұнай кәсіпшілігі, кеніштердің бір бөлігі солардың иелігінде. Соңғы жылдарда Оңтүстік Америка мемлекеттері жаңа кен орындарын барлауға көп көңіл бөліп келеді. Жекелеген елдерде пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу жөніндегі мемлекеттік кәсіпорындар құрылуда.

 Климаты

Материк климатының жалпы сипаттамасы. Оңтүстік Америка климатының Африка климатына көптеген ұқсастықтары бар. Материктің басым бөлігі Африка орналасқан климат белдеулерінде жатыр. Африка секілді, Оңтүстік Америка да негізінен күн жылуын көп алады, мұның өзі жогары температураның (әсіресе материктің солтүстігінде) басым болуына жағдай жасайды. Тек оңтүстікте ауаның температурасы қыста +30 С-ден төмендейді, кейде 0° С-ден де төмендеп кетеді. Бі-рақ олардың климатында елеулі айырмашылықтар да бар.

Оңтүстік Америка — Жердегі ең ылғалды материк және Африка сияқты ыстық емес. Онда Африкадағыдай кең-байтаққуаңшылықты территориялар жоқ. Оңтүстік Американың бір бөлігі қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Африкадан айырмашылығы, субэкваторлық белдеуден басқа, барлың климат белдеулері оңтүстіктен экваторға қарай қозғалған кезде ғана бірін-бірі ауыстырады. Материкте таудағы биіктік климаттың белдеу айқын көрінеді. Жалпы Африканың климатынан гөрі Оңтүстік Американың климаты алуан түрлі болып келеді.

Ылғалдану жағдайында мейлінше көп айырмашылыңтар байқалады. Материкте жауын-шашынның таралуыәркелкі.

Оңтүстік Американың көп бөлігіндегі жылу мен судың молшылығы өсімдіктердің жыл бойы өсіп-өнуі үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Материкте барлық тропиктік дақылдарды өсіруге, жылына бірнеше түсім жинауға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Материктер мен мұхиттар географиясы В.А.Коринская, В.А.Щенев, И.В.Душина