Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беруұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2007 жылғы 25 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 638 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгіережесі
- Жалпы ережелер
- Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі — жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
- Жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бірдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі — ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
- Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі — ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі — ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
- ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері,сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
- Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
- Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау1-қосымшағасәйкес кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
- Екі немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келісімдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде белгіленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
- Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің2-қосымшасынасәйкес белгіленеді.
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
- Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай — шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай — шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
- Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтініштерді қабылдау мерзімін тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.
- Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу.
Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны — 25.
Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
- Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезінде өтініштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.
- Кешенді тестілеуді өткізу
- Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.
- Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрі — мемлекеттік комиссия).
Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.
- Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажетті ақыны төлегені туралы түбіртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
- Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
- Кешенді тестілеуге келген талапкер куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.
- Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
- Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және дүниежүзі тарихы.
- Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
- Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
- Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін бірден дұрыс жауаптар коды ілінеді.
- Сертификаттарды алу үшін өткізілген тест нәтижелерін мемлекеттік комиссия тест сынағы өткізілген күні жариялайды.
- Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш күнтізбелік ішінде береді.
- Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.
Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.06. № 271 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
- Жоғары оқу орындарына қабылдау
- Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткізеді.
Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.
- Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі барлар өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.
- Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.
- 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткіштерін ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.
- Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысанда және белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін 10 күннің ішінде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) береді.
- Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 638 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне
1-қосымша
Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты
жоғары оқу орындарының тізбесі
№ | Жоғары оқу орнының атауы | Орналасқан жері |
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлі-
гінің академиясы |
Алматы қ. |
2. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қарағанды заң институты |
Қарағанды қ. |
3. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясы | Қостанай қ. |
4. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Құрлықтағы әскерлердің әскери институты |
Алматық. |
5. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің»Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы» Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты |
Ақтөбе қ. |
6. | Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін-
дегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы |
Ақмола облысы |
7. | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты | Көкшетау қ. |
8. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Әскери институты |
Алматы қ. |
9. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі әскерлердің Әскери институты |
Петропавл қ. |
10. | ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.06. № 271 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) | |
11. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Ұлттық қорғаныс университеті |
Көкшетау қ. |
12. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы | Алматы қ. |
13. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты | Алматы қ. |
14. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Радиоэлектроника мен байланыс әскери- инженерлік институты |
Алматы қ. |
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
ережелеріне 2-қосымша
Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы білім
және бакалавриат мамандықтарының тізбесi
Код | Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы |
Бакалавриат мамандықтары | |
1. Білім | |
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
5В010200 | Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
5В010300 | Педагогика және психология |
5В010400 | Бастапқы әскери дайындық |
5В010500 | Дефектология |
5В010600 | Музыкалық білім |
5В010700 | Бейнелеу өнері және сызу |
5В010800 | Денешынықтыру және спорт |
5В010900 | Математика |
5В011000 | Физика |
5В011100 | Информатика |
5В011200 | Химия |
5В011300 | Биология |
5В011400 | Тарих |
5В011500 | Құқық және экономика негіздері |
5В011600 | География |
5В011700 | Қазақ тілі мен әдебиеті |
5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті |
5В011900 | Шетел тілі: екі шетел тілі |
5В012000 | Кәсіптік оқыту |
5В012100 | Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті |
5В012200 | Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
5В012300 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
2. Гуманитарлықғылымдар | |
5В020300 | Тарих |
5В020400 | Мәдениеттану |
5В020600 | Дінтану |
5В020800 | Археология және этнология |
3. Өнер | |
5В040400 | Дәстүрлі музыка өнері |
5В041900 | Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау |
4. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес | |
5В050400 | Журналистика |
5В050500 | Аймақтану |
5В050600 | Экономика |
5В050700 | Менеджмент |
5В050800 | Есеп және аудит |
5В051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару |
5В051100 | Маркетинг |
5В051200 | Статистика |
5В051500 | Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету |
5В051900 | Еңбекті ұйымдастыру және нормалау |
5. Жаратылыстану ғылымдары | |
5В060100 | Математика |
5В060200 | Информатика |
5В060400 | Физика |
5В060600 | Химия |
5В060700 | Биология |
5В060800 | Экология |
5В060900 | География |
5В061000 | Гидрология |
5В061200 | Метеорология |
6. Техникалықғылымдар және технологиялар | |
5В070100 | Биотехнология |
5В070300 | Ақпараттық жүйелер |
5В070600 | Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау |
5В070800 | Мұнай газ ісі |
5В071100 | Геодезия және картография |
5В071300 | Көлік, көліктік техника және технологиялар |
5B071500 | Теңіз техникасы мен технологиялар |
5В071700 | Жылу энергетикасы |
5В071800 | Электр энергетикасы |
5В071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар |
5В072400 | Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) |
5В072500 | Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) |
5В072600 | Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы |
5В072700 | Азық–түлік өнімдерінің технологиясы |
5В072800 | Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) |
5В072900 | Құрылыс |
5В073100 | Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
5В073200 | Стандарттау, сертификаттау және метрология |
5В073700 | Пайдалы қазбаларды байыту |
5В074500 | Көлік құрылысы |
7. Ауылшаруашылықғылымдары | |
5В080100 | Агрономия |
5В080200 | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы |
5В080300 | Аңшылықтану және аң шаруашылығы |
5В080400 | Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау |
5В080500 | Су ресурстары және суды пайдалану |
5В080600 | Аграрлық техника және технология |
5В080700 | Орман ресурстары және орман шаруашылығы |
5В080800 | Топырақтану және агрохимия |
5В080900 | Жеміс-көкөніс шаруашылығы |
5В081000 | Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау |
5В081100 | Өсімдік қорғау және карантин |
5В081200 | Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету |
8. Қызмет көрсету | |
5В090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру |
5В090300 | Жерге орналастыру |
5В090400 | Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету |
5В090500 | Әлеуметтік жұмыс |
5В090600 | Мәдени–тынығу жұмысы |
5В090900 | Логистика (сала бойынша) |
5В091000 | Кітапхана ісі |
5В091200 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі |
9. Әскери іс және қауіпсіздік | |
5В100100 | Өрт қауіпсіздігі |
10. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) | |
5В110100 | Мейірбикелік ісі |
5В110200 | Қоғамдық денсаулық сақтау |
5В110300 | Фармация |
5В110400 | Дәрігерлік емдеу ісі |
Жоғары арнайы білім мамандықтары | |
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) | |
5B130100 | Жалпы медицина |
5B130200 | Стоматология |
2. Ветеринария | |
5B120100 | Ветеринарлық медицина |
5B120200 | Ветеринарлық санитария |
Жоғары білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
ережелеріне 3-қосымша
ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі
Код | Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы | Таңдау бойынша пәндер | Бейіндік пән |
Бакалавриат мамандықтары | |||
1. Білім | |||
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Биология | Математика |
5В010200 | Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | Биология | Математика |
5В010300 | Педагогика және психология | Биология | Биология |
5В010400 | Бастапқы әскери дайындық | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В010500 | Дефектология | Биология | Биология |
5В010600 | Музыкалық білім | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В010700 | Бейнелеу өнері және сызу | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В010800 | Денешынықтыру және спорт | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В010900 | Математика | Физика | Математика |
5В011000 | Физика | Физика | Физика |
5В011100 | Информатика | Физика | Математика |
5В011200 | Химия | Химия | Химия |
5В011300 | Биология | Биология | Биология |
5В011400 | Тарих | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В011500 | Құқық және экономика негіздері | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В011600 | География | География | География |
5В011700 | Қазақ тілі мен әдебиеті | Қазақ әдебиеті | Қазақ тілі |
5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті | Орыс әдебиеті | Орыс тілі |
5В011900 | Шетел тілі: екі шетел тілі | Шет тілі | Шет тілі |
5В012000 | Кәсіптік оқыту | Физика | Математика |
5В012100 | Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті | Қазақ әдебиеті | Қазақ тілі |
5В012200 | Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті | Орыс әдебиеті | Орыс тілі |
5В012300 | Әлеуметтік педагогика жәнеөзін-өзі тану | Биология | Биология |
2. Гуманитарлықғылымдар | |||
5В020100 | Философия | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В020200 | Халықаралыққатынастыр | Шет тілі | Шет тілі |
5В020300 | Тарих | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В020400 | Мәдениеттану | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В020500 | Филология | Әдебиет | Ана тілі |
5В020600 | Дінтану | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В020700 | Аударма ісі | Шет тілі | Шет тілі |
5В020800 | Археология және этнология | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В020900 | Шығыстану | Шет тілі | Шет тілі |
5В021000 | Шетел филологиясы | Шет тілі | Шет тілі |
5В021100 | Теология | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В021200 | Тюркология | Шет тілі | Ана тілі |
3. Құқық | |||
5В030100 | Құқықтану | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В030200 | Халықаралық құқық | Шет тілі | Шет тілі |
5В030300 | Құқық қорғау қызметі | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
5В030400 | Кеден ісі | Дүниежүзі тарихы | Дүниежүзі тарихы |
4. Өнер | |||
5В040100 | Музыкатану | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040200 | Аспаптық орындаушылық | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040300 | Вокалдық өнер | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040400 | Дәстүрлі музыка өнері | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040500 | Дирижерлеу | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040600 | Режиссура | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040700 | Актерлік өнер | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040800 | Эстрада өнері | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В040900 | Хореография | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041000 | Сценография | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041100 | Композиция | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041200 | Операторлық өнер | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041300 | Кескіндеме | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041400 | Графика | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041500 | Мүсін | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041600 | Өнертану | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041700 | Сән өнері | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В041900 | Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В042000 | Сәулет | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В042100 | Дизайн | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В042200 | Баспа ісі | Әдебиет | Әдебиет |
5В042300 | Арт-менеджмент | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес | |||
5В050100 | Әлеуметтану | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В050200 | Саясаттану | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В050300 | Психология | Биология | Биология |
5В050400 | Журналистика | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В050500 | Аймақтану | Шет тілі | Шет тілі |
5В050600 | Экономика | География | Математика |
5В050700 | Менеджмент | География | Математика |
5В050800 | Есеп және аудит | География | Математика |
5В050900 | Қаржы | География | Математика |
5В051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | География | Математика |
5В051100 | Маркетинг | География | Математика |
5В051200 | Статистика | География | Математика |
5В051300 | Әлемдік экономика | География | Математика |
5В051400 | Қоғамдық байланыс | География | География |
5В051500 | Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалыққамтамасыз ету | Дүниежүзі тарихы | Қазақстан тарихы |
5В051900 | Еңбекті ұйымдастыру және нормалау | География | Математика |
6. Жаратылыстану ғылымдары | |||
5В060100 | Математика | Физика | Математика |
5В060200 | Информатика | Физика | Математика |
5В060300 | Механика | Физика | Математика |
5В060400 | Физика | Физика | Физика |
5В060500 | Ядролық физика | Физика | Физика |
5В060600 | Химия | Химия | Химия |
5В060700 | Биология | Биология | Биология |
5В060800 | Экология | Биология | Биология |
5В060900 | География | География | География |
5В061000 | Гидрология | География | Математика |
5В061100 | Астрономия | Физика | Физика |
5В061200 | Метеорология | География | Математика |
7. Техникалықғылымдар және технологиялар | |||
5В070100 | Биотехнология | Биология | Биология |
5В070200 | Автоматтандыру және басқару | Физика | Математика |
5В070300 | Ақпараттық жүйелер | Физика | Математика |
5В070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалыққамтамасыз ету | Физика | Математика |
5В070500 | Математикалық және компьютерлік модельдеу | Физика | Математика |
5В070600 | Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау | Физика | Математика |
5В070700 | Тау-кен ісі | Физика | Математика |
5В070800 | Мұнай газ ісі | Физика | Математика |
5В070900 | Металлургия | Физика | Математика |
5В071000 | Материал тану және жаңа материалдар технологиясы | Физика | Физика |
5В071100 | Геодезия және картография | География | Математика |
5В071200 | Машина жасау | Физика | Математика |
5В071300 | Көлік, көліктік техника және технологиялар | Физика | Математика |
5В071400 | Авиациялық техника және технологиялар | Физика | Физика |
5B071500 | Теңіз техникасы мен технологиялар | Физика | Математика |
5В071600 | Аспап жасау | Физика | Математика |
5В071700 | Жылу энергетикасы | Физика | Математика |
5В071800 | Электр энергетикасы | Физика | Математика |
5В071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | Физика | Математика |
5В072000 | Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы | Химия | Химия |
5В072100 | Органикалық заттардың химиялық технологиясы | Химия | Химия |
5В072200 | Полиграфия | Физика | Физика |
5В072300 | Техникалық физика | Физика | Физика |
5В072400 | Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) | Физика | Физика |
5В072500 | Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) | Физика | Математика |
5В072600 | Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы | Физика | Физика |
5В072700 | Азық–түлік өнімдерінің технологиясы | Химия | Химия |
5В072800 | Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) | Химия | Химия |
5В072900 | Құрылыс | Физика | Математика |
5В073000 | Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру | Физика | Математика |
5В073100 | Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі | Физика | Математика |
5В073200 | Стандарттау, сертификаттау және метрология | Физика | Математика |
5В073300 | Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы | Физика | Математика |
5В073700 | Пайдалы қазбаларды байыту | Химия | Химия |
5В073800 | Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы | Физика | Математика |
5B074300 | Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану | Физика | Математика |
5В074500 | Көлік құрылысы | Физика | Математика |
5В074600 | Ғарыш техникасы және технологиялары | Физика | Физика |
5В074800 | Фармацевтикалықөндіріс технологиясы | Химия | Химия |
8. Ауылшаруашылықғылымдары | |||
5В080100 | Агрономия | Биология | Биология |
5В080200 | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы | Биология | Биология |
5В080300 | Аңшылықтану және аң шаруашылығы | Биология | Биология |
5В080400 | Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау | Биология | Биология |
5В080500 | Су ресурстары және суды пайдалану | География | География |
5В080600 | Аграрлық техника және технология | Физика | Физика |
5В080700 | Орман ресурстары және орман шаруашылығы | География | География |
5В080800 | Топырақтану және агрохимия | Биология | Биология |
5В080900 | Жеміс-көкөніс шаруашылығы | Биология | Биология |
5В081000 | Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау | Биология | Математика |
5В081100 | Өсімдік қорғау және карантин | Биология | Биология |
5В081200 | Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету | Физика | Физика |
9. Қызмет көрсету | |||
5В090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру | Физика | Математика |
5В090200 | Туризм | География | География |
5В090300 | Жерге орналастыру | География | Математика |
5В090400 | Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету | География | География |
5В090500 | Әлеуметтік жұмыс | География | География |
5В090600 | Мәдени–тынығу жұмысы | 2-шығармашылық емтихан | 1-ші шығармашылық емтихан |
5В090700 | Кадастр | География | География |
5В090800 | Бағалау | География | Математика |
5В090900 | Логистика (сала бойынша) | География | Математика |
5В091000 | Кітапхана ісі | Әдебиет | Әдебиет |
5В091200 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі | География | География |
10. Әскери іс және қауіпсіздік | |||
5В100100 | Өрт қауіпсіздігі | Физика | Математика |
5В100200 | Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері | Физика | Математика |
11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) | |||
5В110100 | Мейірбикелік ісі | Биология | Биология |
5В110200 | Қоғамдық денсаулық сақтау | Биология | Биология |
5В110300 | Фармация | Химия | Химия |
5В110400 | Дәрігерлік емдеу ісі | Биология | Биология |
12. Ветеринария | |||
5B120100 | Ветеринарлық медицина | Биология | Биология |
5B120200 | Ветеринарлық санитария | Биология | Биология |
Жоғары арнайы білім мамандықтары | |||
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) | |||
5B130100 | Жалпы медицина | Биология | Биология |
5B130200 | Стоматология | Биология | Биология |