Ақша айналысы заңы
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаныңсаны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс таурлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшінқажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісінбір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым жылдамдығына) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырысқандаөтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан.Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,төлемеушіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп,айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар менқызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
– несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несие сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
– қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма – қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктық айналымдағыақша түрі, яғни банктегі шоттарғ, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма – қол ақшаның монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма –қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесінде шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен – бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақшажиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақшаның айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақшаның жиынының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер ( ақша агрегаттары ) қолданылады.
Ақша агрегаттары
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М – айналыстағы қолма – қол ақша ( банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер ) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;
М – оған М агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М – оған М агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
- L – оған М агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша жиыны
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ – та ақша жиынын анықтау үшін төрт, Швейцария мен Германия – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша агрегаттары кіреді:
М– айналыстағы қолма – қол ақша;
М – құрамына М агрегатын және шаруашылық субъектілерін есепшоттары мен басқа депозиттерінің, аңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
– банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
– орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
–мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметкенесие беруімен;
– орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
– чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз берумен ( депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару ) .
Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне , экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша жиыны айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың ( коньюктура ) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинақтауға ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін жайт, “ақша айналысының жылдамдығы” және “төлемдердің жүру жылдамдығы” деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесі дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканыжәне электронды ақша жүйесін енгізу жатады.
Орталық банктің ақша айналысын басқару
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма – қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жаалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма – қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма – қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық банктерге ақша жинақтауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма – қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгереді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма – қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар операциялық кассадағы қолма – қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.
Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.