Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы

Жоспары:

  1. Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы.
  2. Интернеттегі қауіпсіздік пен құпиялылық
  3. Мәліметтерді, файлдарды шифрлау

Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы.

Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.

Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.

Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.

Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе жаңғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау) ықтималдығын азайту үшін қажет.

Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.

Жүйені қорғау. Жұмыста да, үйде де – компьютеріңізге пайдаланушылардың қолы жетуін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда да болмасын шектеңіз. Бұл үшін компьютерді заттай орналастыру және парольмен қорғау сияқты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус программасы немесе Троян аты (алдау, көз бояушылық) болуы мүмкін.

Ақпаратты жасыру. Егер сіздің ақпараттарыңыздың қайда сақталғандығын өзіңізден басқа ешкім білмесе, ақпараттың құпиялығының бұзылуы немесе ақпараттың бүліну қаупі едәуір азаяды. Бұл үшін файлдардың жалған аттары немесе файлдар немесе каталогтардың “көрінбейтін” аттары сияқты айла-шарғыны қолдануға болады. Мәліметтеріңіздің барлық іздерін өшірген жөн, бұл бәрінен бұрын ашық файлдар мәзірін және Windows құжаттарын тазалауды меңзейді.

Ақпараттың тұтастығын қолдау. Бүлдіруден қорғау. Негізгі мақсаты – ақпараттарыңыздың жойылудан, өзгеруден, нұқсан келуден сақтау. Бұл үшін мәліметтерді архивтеу, файлдарды бұғаттау (блокирование) парольдерді қорғау сияқты тактикалық әдістер қолданылады.

Ақпараттық қол жетерлік ауқымнан қашықтату. Ең осал ақпарат жағдайында файлдарды жасыру мен бұғаттау жеткіліксіз шара болып шығады. Мұндайда сіз жұмыс файлдарын қатты дискіге сақтау тактикасына немесе тек басылып шыққан құжат түрінде ғана сақтауға иек артуға болады. Сонымен қатар жүйе құрған мәліметтердің резервтік көшірмелерін жоя аласыз.

Компьютеріңізді тұзақтан алыңыз. Белгілі бір сорттағы ақпаратты сізге жасау мен сақтау шын мәнінде қажет пе, соны ойлаңыз.

Із жасыру. Windows және кейбір қосымшалар сіздің алда болып өткен жұмысыңыз жайлы ақпараттың іздерін сақтауға құмар болады. Олардың көпшілігін параметрлерді қоюмен өшіруге болады, қалғандарын қолмен жоюға болады.

Интернеттегі қауіпсіздік пен құпиялылық. Интернетте жұмыс істеу кезінде Бүкіләлемдік желі ресурстары әрбір клиентке қаншалықты ашық болса, оның компьютерлік жүйесінің ресурстары қажетті құралдары барлардың барлығына ашық болады.

Жеке пайдаланушы үшін бұл факт ерекше рөл атқармайды, бірақ аумағында Интернет серверлері орналасқан елдердің заң-намаларын бұзатын іс-қимылдарды болдырмау үшін ол жайлы білген жөн. Мұндай іс-қимылдарға компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілеттігін ерікті немесе еріксіз түрде бұзу әрекеттері, қорғалған жүйелерді бұзуға әрекет жасау, компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілеттігін бұзатын бағдарламаны пайдалану мен тарату (көбінесе, компьютерлік вирустар) жатады.

Бүкіләлемдік жүйеде жұмыс істегенде барлық іс-қимылдар толықтай белгіленетінін және арнайы программалық құралдармен хатталатынын, заңды, заңсыз іс-әрекеттер туралы ақпарат міндетті түрде бір жерлерде жинақталатынын есте сақтаған жөн.

Осылайша Интернетте ақпарат алмасуға почта маркаларын қолданатын кәдімгі хат жазысу сияқты қараған жөн. Ақпарат екі жаққа да еркін жайылып, таралады, бірақ ол жалпы жағдайда ақпараттық процестің барлық қатысушылары қол жетерліктей. Бұл көпшіліктің жаппай қолдануға ашық Интернеттің барлық қызметтеріне қатысты.

Алайда әдеттегі почталық байланыста да ашық хаттармен қатар почталық конверттер болады ғой. Хат жазысқанда почталық конверттерді қолдану серіктестердің жасырары бар дегенді білдірмейді. Оларды қолдану бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүр мен моральдік-этникалық қатынас нормаларына сай келеді. Осындай “конверттердің” қажеттілігі ақпаратты қорғау үшін Интернетте де бар. Бүгінде Интернет тек қатынас құралы және әмбебап анықтамалық жүйе ғана болып қоймай, келісімшарттық және қаржылық міндеттемелер жойылып, таралады, қарап шығудан да, бұрмалаудан да қорғау қажеттілігі айдан анық. 1999 жылдан бастап Интернет бөлшектік сауда айналымын қамтамасыз етудің қуатты құралына айналды, ал бұл несиелік карталар мен басқа электронды төлем құралдарын қорғауды талап етеді.

Интернеттегі ақпаратты қорғау принциптері мынадай анықтамаға сүйенеді: ақпарат – мәліметтер мен оларға барабар тәсілдердің өзара іс-қимылының туындысы. Егер коммуникациялық процесс барысында мәліметтер жүйе арқылы берілсе (ал Интернет нақ осындайға жатады), онда оларға бөгде адамдардың кіруін, тіпті, теориялық жағынан болдырмау мүмкін емес. Соған сәйкес қорғау жүйелері ақпараттың екінші компонентінде әдістерде шоғырланған. Олардың іс-әрекеттерінің принциптері, тым болмаса мәліметтердің ақпаратқа айналуы үшін барабар әдісті таңдау мүмкіндігін қиындатып, тіпті болдырмауға негізделген. Мұндай қорғау тәсілдерінің бірі – мәліметтерді шифрлеу.

Шифрлау – хабарды немесе басқа құжаттың өңін айналдырып, өзгертетін тәсіл.

Шартты белгілеу — әдеттегі, түсінікті мәтіннің шартты белгіге ауысып, өзгеруі.

Мәтіннің таңбалары (символдары) (мәліметтер, сандар, сөздер) мен шартты белгі – символдарды арасындағы өзара бір мағыналы сәйкестік бар екендігі меңзеледі – шартты белгілеу мен шифрлаудан негізгі айырмашылығы осында. Көбінесе шартты белгілеу мен шифр беруді бір нәрсе деп санайды және шартты белгілеуін жоғалтқан хабарды қалпына келтіру үшін ауыстыру ережесін білу жеткілікті екендігін естен шығарады. Шифрланған хабарды қалпына келтіру үшін шифрлау ережелерінен басқа, шифрға тиісті кілтті білу талап етіледі. Тек мәтінді ғана емес, әр түрлі компьютерлік файлдарды – мәліметтер базасы файлдарынан, мәтіндік процессорлардан бастап кескіндеу файлдарына дейін шифрлауға болады.

Шифрлау идеясы – хабардың (мәтіннің, файлдың және т.б.) шын мәнісіндегі барын шифрды ашу құралдары жоқтардың қарап шығуын болдырмауда. Файлды шифрды ашуға мүмкіндігі барлар ғана оқи алады. Шифрды ашу (қалпына келтіру) – шифрлау ережелері мен шифрдың кілтін білуге негізделген шифрланған хабардан мәліметтер алу процесі.

Компьютер мәліметтерін шифрлаудың жаңаша тәсілі – ашық және жабық кілттерді шифрлау әдісі, мұндайда хабарды шифрлауды ашуға арналған кілт берілетін хабарда болады.

Ашық кілтті шифрлаудың компьютерлік жүйесі алушының ашық кілтін қолданып, мәліметтерді шифрлайтын программаны қолданады. Ашық кілт – алушы қол жетерліктей қылып жасайтын шифр және ол хабарды шифрлау жөніндегі нұсқаулық (басшылық) ретінде қызмет етеді. Ашық кілт шифрлау программасымен жасалады және әрбір пайдаланушының өзінікі болады.

Хабар шифрланған соң оны алушы өзінің жеке, жабық кілтінің көмегімен аша алады. Жеке кілтті пайдаланушы программа орнатқанда жасайды және оған бастапқы ақпарат ретінде беріледі. Онымен бірге кілт жасалады.

Екі корреспондент үшін де шифрлау шифрдан арылту прграммасы талап етіледі. Егер А шифрланған хабарды В-ға жібергісі келсе, ол ең алдымен В-дан кілт алуы тиіс. Ашық кілт ашық кілттердің сервері арқылы ұсынылады. В бұл серверне өзінің ашық кілттерін (немесе бір кілтін) қаншалықты қажет болса, соншалықты орналастырады. А бұл кілтті алады, сосын оны хабарды шифрлау программасына “кірістіреді” және В-ға жіберілетін хабарды дайындайды. В хабардың шифрдан арылту үшін өзінің жабық кілтін қолданады. Шифрлау программасы ашық кілтті салыстырып, тексеріп шығады, бұл орайда ол жабық кілтпен шифрдан арылту үшін хабарды қалайша шифрлау керектігін хабарлайтын нұсқау болып табылады. Сонымен бірге мұндай хабардың шифрын ашу үшін ашық кілтті пайдалануға болмайды. Бұл А жолдаған хабарды оқи алатын алушының жалғыз екендігін білдіреді.

Осылайша жабық кілт шифрлау программасымен үйлесіп, хабардың шифрын арылтуға қолданады, ал шифрлдаудың дәл осындай программасының және алушының ашық кілті көмегімен шифрланған болатын.

Жабық кілтті білмей тұрып шифрланған файлды қайта шифрынан арылту мүмкін емес.

Бұл тәсіл көптеген корреспонденттерден электрондық почта арқылы берілетін, шифрланған хабарлар қабылдауды талап ететіндер үшін қолайлы. Олардың барлығы хабарды шифрлауға арналған шифрлау программасымен ашық кілтті қолдана алады, бірақ оны шифрлық алушы ғана тек жабық кілттің көмегімен аша алады.

Ашық кілтті жүйелер хабарларды шифрлаудан басқа алушылардан келетін хабарларды немесе басқадай мәліметтерді аутектификацияландыру құралдары ретінде қолданылуы мүмкін. Ашық кілтті Web-те тиісті серверлердің кез келген мөлшерінде орналастыруға болады. Бұл сайттар ашық кілттерді тегін сақтайды және мәліметтер базасы түрінде ұйымдастырылған. Мұндай серверлерді іздеу үшін ізденіс программасынаpublic key servers (ашық кілттер серверлер) түйінді сөз тіркесін енгізу жеткілікті.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Алексеев А.П. Информатика 2001 ж.
  2. Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы” заңы. – Астана, 8 мамыр 2003 ж.
  3. Қазақстан Республикасының “Электрондық құжаттар мен электронды-цифрлы қолтаңба туралы” заңы. – Астана, 7 қаңтар 2003 ж.
  4. Берлинер Э.М., Глазырина И.Б., Глазырин Б.Э. Office 2000.
  5. Ахметов К. Жалпы информатика. Астана, 2001 ж.
  6. Габбасов Ю. Internet 2000.
  7. Гаевский А.Ю. Microsoft Office: Word 97/2000. Excel 97/2000.
  8. Долженков В., Колесников Ю.Р. Microsoft Excel 2000.
  9. 9. Симонович С., Евсеев Г. Практикалық информатика. 1998 ж.
  10. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Жалпы информатика. 1998 ж.