Ақау көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды мәселелердің бірі әрі ол басқарушылық жоспарлау мен шығынды бақылаудың ең өткір проблемасы болып табылады.
Шоттардың Типтік жоспарын енгізумен бірге және 52 «Өндірістегі ақау» шотының ішкі бөлімшесін жоюда көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды болып қалатын бухгалтерлік есеп шотында оның көріну проблемасы пайда болды. Компанияны басқару үшін әлде қайда экономикалық өндірістік процесс және осыған сәйкес бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде өндірілетің өнімде аққау жібермеуді бақылау аса қажет. Ақау белгіленген шектен аспауы керек. Ұйым өнімнің сапасын жақсартуға барынша күш салуы керек, бұл өз кезегінде жалпы шығындарды азайтып, өнімнің өткізілуін жоғарылатады.
Ақау әдетте өнім өндірісіаяқталғаннан кейін көзге түседі (байқалады), оған да сапалы өнімді жасауға кеткен еңбекпен бірдей еңбек күші шығындалады. Алайда, тиімді еңбек өндірісінде жұмысшы материалдарының сапасыздығынан, аспаптардың тозуынан өндірістің қордалы проблемасын құрайтын ақауы бар өнімдерді шығарады.
Ақауға стандартпен белгіленген сапаға, техникалық жағдайға немесе жобалық шешіммен сәйкес келмейтін, нақты (тікелей) тағайындауы бойынша пайдалануға жарамайтын, пайдаланса да оны түзеткеннен кейін ғана жарамды бұйым жатады.
Әлдеқайда экономикалық өндірістік процестің өнімділігін тудырған соң ұйым басшылығы қалыпты деп аталатын ақау нормасын белгілеу керек, яғни ақау нормасын кондициялық (сапалық) өндірістегі шығынның бір бөлігі ретінде қабылдауға басшылық келісті болуы қажет. Бұл ақау өндірістік технологиядан пайда болады. әрі оны болдырмау мүмкін емес, өйткені ол есептік кезенде бақылауға көнбейді.
Ақау – кондициялық емес, яғни ақау деп танылатын сапасыз өнім бірлігі және мүмкін баға бойынша сатылып кетуі де ықтимал. Өңделуі аяқталғаннан кейін ақау деп бөлек немесе толық танылуы мүмкін. Ақау деп танылған бұйымның таза құны бөлінген шығындардың жалпы сомасына (өңдеу сәтіне дейінгі қосу (плюс) істен шығу алу (минус) өткізудің мүмкін құны бойынша шығын) тең.
Ақау – бұл өндірісте пайда болатын өндірілмейтін шығындар. Ол өнімнің шығарылымын кемітіп, оның өзіндік құның артырады.
Ақаудан басқа өндірісте ысырап та болуы мүмкін. Мысалы, бастапқы материалдар шығын кезінде (на выходе) өнімнің бір бөлігі болмайды, жоғалады, буланады, құрғаққа ұрынады немесе экономикалық құны жоқ тұнбаға (шөгіндіге) айналады. (1)
Қалдық – бұл өнімнің бір бөлігі болып табылмаса да белгілі бір құны бар материалдар.Оларды сатуға немесе қайталап пайдалануға болады (яғни өңдеу өнеркәсібіндегі жаңқалар (жоңқа) мен ағаш тақтайлары; металл өңдеу саласындағы құймалар мен болат балқыту).
Ақау, әдетте оның сапасын тексеру кезінде өнім өндірісі аяқталған кезенде пайда болады.
Бұл мәселемен шұғылданатын көптеген авторлар ақау, ысырапқа арнлған эквиваленттік (баламалы өнім) бірліктің қорытынды есебін елемеуге болады дейді. Бұл бұлай түсіндіріледі: қалыпты ақаудың шығынында – осы әдісте эквиваленттік бірліктердің әлдеқайда жоғары шығындарын қолдану жолымен сапалы өнімдерге автоматты түрде бөлінеді. Алайда мұндай «жылдамдатылған» әдіс нақты нәтижені толық бермейді.
Ақауды кемістік (дефект) сипаттарына қарай мына белгілермен жіктеуге болады:
- Қалыпты – ол тиімді өндіріс процесінде пайда болмайды және іріктелген технологиялық прцеске тән болып табылмайды. Мұндай ақауды көптеген жағдайларда бақылауға болады (сапасыз материалды пайдаланудағы станоктың сынуы, апат).
- Қалыпты емес (сапасыз өнім) — шығындар белгілі болған уақыттағы кезеңде залал ретінде есептен шығарылуы керек және кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке бап ретінде көрініс табуы керек әрі өндірілген өнімнің өзіндік құнында көрінбеуі керек.
- Техникалық бақылау бөлімі белгіленген кемістіктердің сипатына қарай – түзілетін және түзілмейтін болып бөлінеді.
Түзілетін ақау – бұл оның түзетілуіне қосымша шығын жұмсалғаннан кейін (техникалық жағынан мүмкін және экономикалық мақсатқа лайықты) пайдалануға жарамды өнім. Алайда, мынаны да есте ұстау қажет, ақауды түзету тек мына жағдайда – егер шығындардың өсуінен табыстардың өсуі басым болғанда ғана, оған кірісуге, яғни ақауды түзетуге болады.
Түзілмейтің ақау (түпкілікті) – бұл түзетілуі мүмкін емес және экономикалық мақсатқа лайықты емес бұйым;
- Ақау көзге түскен, яғни табылған орны бойынша дайындау барысында кәсіпорында анықталатын ішкі және жинау, монтаж және басқа пайдалану процесінде сатып алушымен анықталатын сыртқы деп бөлінеді.
Өнімді техникалық қабылдау процесінде анықталған кемістік тізімдемеде немесе ақау актісінде рәсімделуі керек. Түпкілікті ақау өндірістен алынып, изоляторға тапсырылады. Актіде ақау деп танылған өнімдердің саны, атауы, ақау түрі, оның себептері мен оған кінәлілер, өзіндік құны және кінәліден өндіріп алудың сомасы, ақау деп танылған өнімді қабылдап алғаны туралы қойманың белгілеуі көрсетілуі керек.
Жабдықтанушыдан келіп түсетін сапасыз материалдар, дайындау кезіндегі немесе өткен операцияда өңдеу барысындағы жасырын кемістік, жөндеуге келмейтін жабдықтар мен аспаптар, өндіріс технологиясының бұзылуы, жобалық және технологиялық құжаттамалардағы дәлсіздіктер (неточность) ақаудың негізгі себептері болуы мүмкін.
Актіде, сондай-ақ, шығын баптары бойынша ақаудың өзіндік құнын калькуляциялауға қажетті мағлұматтар көрсетіледі.
Акт техникалық бақылау қызметкерімен, мастермен немесе цех бастығымен екі данадан жасалады.
Ақаудың себептері мен оған кінәлілер анықталып, кінәліден түсініктеме алынған соң және өндірістік бөлім қорытынды шығарғаннан кейін акт бухгалтерияға тапсырылады. әрбір акт бойынша ақау деп танылған өнімнің құрамы мен көлеміне сәйкес нормативті белгілеу бойынша мөлшері анықталып, ақаудан болатын ысыраптың және ішінара ақауларды түзетуге кеткен шығындардың есебі жасалуы керек (қосымша шығынға жұмсалған материалдың құны, кемістікті жою, тазалауға байланысты жүргізілетін басқа да қосымша жұмыстар мен жөндеу, монтаждау үшін есептелетін жұмыстардың еңбекақысы және бұрын өткізілетін өнім бойынша анықталған кемістіктер кепілдеме берілген мерзім ішінде жөнделуге байланысты шығындар шоты арқылы тапсырыс берушілер және сатып алушылармен зиянның өтелуін қосқандағы үстеме шығындардың бір бөлігі). Актіде, сонымен қатар, сапасыз материалдармен жабдықтағаны үшін жабдықтаушылардың есебінен ұсталатын (егер олар өз кінәсін мойындаса) шығын сомасы, ақауды жіберушілердің зиянды өтеу сомасы, сондай-ақ пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша ақау деп танылған бұйымды бөлшектеу мен жөндеуде кірістірелген материалдардың құны көрсетіледі. Ақауды түзету мен зиянды өтеу шығын сомаларының арасындағы айырмашылық ақаудан болатын ысырапты білдіреді әрі шығын баптары мен экономикалық элементтреге сәйкес өнімнің өзіндік құнына қосылады. Актіні ақаудан болатын ысырапты кінәлінің есебінен немесе шаруашылық қызметтің нәтижесінің есебінен есептен шығару туралы шешімді қабылдайтын субъект басшысы бекітеді. Акт ақауды жою туралы бастапқы құжаттарға сәйкес келетін рәсімдеудің негізі болады. Ақауды түзетуге төленетін жұмыстың ақысы ақаудың дабылдамалық жүктеліміне (сигнальный наряд на брак) жазылады, ал ақауды түзету үшін пайдаланылатын материалдарды босатуға, өзгертіп жасауға – дабылдамалық талап етуге жазылады.
Түзелетін ішкі ақаудың өзіндік құны шикізат пен ақаудың түзетуге кететін материал құндарынан, аауды түзету жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың еңбекақыларынан, осы жұмысшылардың еңбекақы қорынан аударымдардан (яғни еңбекақы қорының аударымдарынан) тұрады. Ал, ақауды түзетуден болатын ысыраптар оның өзіндік құнынан кінәліден ұсталған соманы шегеру арқылы анықталады. Аса үлкен емес номенклатурадағы кәсіпорындарда ақау белгіленген калькуляция баптары бойынша бағаланады (материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, аударым, үстеме шығындар). Егер субъект үлкен бұйым номенклатурасына е болса, ақау жоспарлы немесе нормативті өзіндік құндарымен бағаланады.
Сыртқы ақаудың өзіндік құны ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан және оны сатып алушыға жөнелту шығынынан, сондай-ақ ақау деп танылған өнімдерді ауыстыру барысындағы көліктік шығындардан немесе ақауды түзету үшін сатып алушыға берілетін шығындардан тұрады. Өнімді тұтынушылар төлеген аыйппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемі ақаудың өзіндік құнына қосылмайды, субъект қызметінің нәтижесіне есептен шығарылады.
Ақаудан болатын ысыраптың синтетикалық есебі 93 «Үстеме шығындары» бөлімше шотында, 3 «Ақауды түзету шығындары» қосалқы шотында жүргізіледі. Әрбір айдың аяғында ақаудан болатын ысырап өндіріс шығындарының есебіне есептен шығарылады және дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Өнім ақауның түрлері бойынша мына шоттардың корреспонденттерін ұсынуға болады.