ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Аймақтық даму
- Аймақтық саясат: негізгі ұғымдар, мақсат-міндеттер.
- Аймақтық саясаттың түрлері
- Қортынды
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу әр елде қолданылды. Осы тарауда аймақтардың орнықты дамуын басқару жөнінегі мемлекеттікөкімет органдары мақсаттарының міндеттерінің және іс-әрекеттерінің жүйесі ретіндегіаймақтық саясаттың негіздеріне шолу жасалады.
Тарауда аймақтық саясаттың негізгі ұйымдары, оның түрлері келтірілді, аймақтық дамуың жаңа заманғы теориялары мен идеялары қаралынады; әр түрлі мемлекеттік құрлымдағы елдердің жағдайларындағы аймақтық саясаттың нысандары, әдістері мен құралдыры көрсетіледі. Тараудың үлкен бөлігі менаймақтық даму мәселелеріне қатыст нақты материал аймақтық саясаттыңқазіргі заманғы Қазқстанның реформалар стратегиясындағы ролі мен мәніне ерекше көңіл бөледі. Аймақтық экономикалық, әлуметтік және демографиялық саясаттың мәселелеріне жеке назар аударылады, Қазақстандағы аймақтық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдылықтары белгіленеді.
Аймақтар дамуының әлуметтік-экономикалықжағдайларын теңестіру үшін орталық үкімет пен жергілікті өкіметтер пайдаланатын қаражыттар әркелкі: тікелей мемлекеттік реттеу, қызметтер секторын ынталандыру, шағын және орта ша кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік пен технопарктердің айрықша аймақтарын құру, инновациялық технологияларды ендіру және т.б. Қаражаттарды таңдау елдіңәлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік құрылымның үлесіне, ел ішіндегіпроблемаларға, партияның билігіндегі мақсаттарға және т.с.с. байланыты болады.Аймақтық саясат тек экономикалық қана емес, сонымен бірге аймақтың әр түрлі қосалқы жүйелеріне мемлекет араласуының нысанында көрінеді.
Аймақтық даму
Дамыған жергілікті экономика мен жергілікті өзін-өзі құруға мүмкіндік туғызатын оңтайлы аймақтық параметрлері бар елдерден айырмашылығы,Қазақстанның аймақтары ұлан-байтақ аумақтарымен, халықтың сирек орналасуымен, қатты бөлшектенген өндіріс әлеуметімен және ішкі рыноктың төменсыйымдылығымен сипатталады. Дүниежүзілік банктің 1997 жылғы«Өзгермелі дүниедегімемлекет» баяндамасында жақсы пайымдалған және нысаналы ұзақмерзімді көре білу мемлекеттің ойдағыдай дамуы үшін негіз болып табылтыны атап көрсетіледі.
Экономикалық және әлуметтік жүйелерді өзгерту кезінде аумақтардың дамуында мемлекеттің реттеуші ролі едәуір әлсіреді, ол ең алдымен аймақтық дамуға арналған мемлекеттікинвестициялардың қысқаруымен көрінді. Бұл жекеленген аймақтардың экономикасына теріс ықпалын тигізді, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі, өндірістік және көлік инфрақұрылымының дамуы бойыншааймақтар арасындағы айырмашылықтар ұлғайды. Республиканың бұрынғы жоғары білікті кадрлары бар, халық тығыз орналасқан дамыған аймақтары өндірістің терең құлдырауы мен демографиялық дағдарысты бастан кешірді. Тоқыраған ауыл аудандары мен шағын қалалардың пайда болуы проблемаға айналды. Қазақстандағы экономикалық кеңестіктің әртектілігінен, аймақтардың нарықтық жағдайларға бейімделумүмкіндіктерінің елеулі айырмашылықтарынан өтпелі үдеріс созыла түсті.Аймақтық проблемалардың өсуі мен түрлілігіне келесі үдерістер елеулі ықпалын тигізді:
- Жаңа геосаяаттық және экономикалық кеңістікті қалыптастыру;
- әкімшілік-жоспарлы экономикадан мемлекеттің тұрақсыз реттеуіндегі нарықтық үлгісіне көшу;
- экономикалық дағдарыс;
- ерекше инфрақұрлымдық, өндірістік, гуманитарлық проблемалармен шекараға шектес жаңа аймақтардың пайда болуы.
Қазақстан да соның қатарына жататын біртұтас мемлекеттердеаймақтық саясатты орталық үкімет жүргізеді, ол макро-және микроқұралдарды тең дәрежеде бірдей пайдаландаы.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясын іске асырудың алғашқы кезеңінде(1998-2000) негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді, тұрақты және орнықты мемлекеттік жүйе құрылды, болашық өсудің негіздер қаланды. 2001 жылыбірінші оңжылдықтың стратегиялық жоспары бекітілді, ол одан әрі бес жылдықкезеңге орташа мерзімдік индикативті жоспарлармен нақтыланды. Жалпы мемлекеттікжоспардаелдің даму стратегиясына сай келетін аймақтар дамуыныңбасымдықтары мазмұндалады.
Қазіргі сәтте қазақстан орнықты экономикалық даму траекториясына шықты.Осы жағдайларда аймақтардың дамуына мемлекеттің араласуының мақсаты барлық аймақтардың тұрғындары өздері қалайтын әл-ауқат пен тұрмыс сапасына қол жеткізуде бірдей мүмкіндіктерге ие болатын экономикалық әрекетті кеңестікте ұйымдастару болады. Ел шаруашылығын кеңістікте ұйымдастыру туралы қамқорлық – мемлекеттің қызметі. Аймақтық дамуды реттеуі жүзегеасыруға барлық мемлекеттік институттар қатысады. Бірақ аймақтық проблемалардышешу әрдайым олардың негізгі міндеттері бола бермейді. Сондықтан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мамандандырылған аймақтық бағдарланған әрекетті – аймақтық саясаттыбөледі.
Аймақтық саясат:негізгі ұғымдар, мақсат-міндеттер.
Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалықдамудыңұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және ол биліктіңфилософиялық тұжырымдамасынантарайды.Экономикалық, әлеуметтік, саяси қатынастардыңөзгеру кезінде аймақтық проблемаларды мемлекеттік реттеу әлемдегі көптеген елдердің дамуындамаңызды рольатқарды.Түрлі мемлекеттердің аймақтық дамуын реттеудің зерттеулері менәдістерінің аймақтық ішкі проблемаларға қолданылатын тәсілдерменортақ белгілері бар, өйткені олар әлемдік бай тәжірибеге сүйенеді. Аймақтық дамуаймақтың ішкі әлеуметтік экономикалық құрлымының прогрессивті өзгеруі.
Ұдайы өзгеріп тұратын дүниедедәстүрлі аймақтық проблемалар жойылмайды, ал жаңа сапаға өтеді. Мүлде жаңа аймақтық проблемалар пост-ндиструиялық, ақпараттық қоғамға өту кезіндежәне экономиканың жаһандануына байланысты туындайды.
Мемлекеттің аймақтық саясаты – елдің экономикалық, әлуметтік және саяси дамуын кеңістіктік,аймақтық аспектте басқару жөніндегі әрекет саласы, яғни мемлекет пен аудандар арасындағы, сондай-қаудандардыңбір-бірімен өзара қатынастарымен байлнысты.
Дамығанелдерде ол ең алдымен елдің проблемалы аймақтарындағыәлеуметтік-экономикалықүдерістерді мемлекеттік реттеудің және әлеуметтік және экологиялық шиленісті тоқтатудың құралы ретінде қаралады.
Аймақтық аясатпен аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат – нақты аймақтар шектерінде өндіргіш күштер мен әлеуметтік үдерістердің қалыптасуы мен дамуын сабақтайтын экономикалық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстардың жиынтығы өзара тығыз байланыста болады.
Түрлі елдердің аймақтық саясатыныңтәжірибесін ұдайы қорытындылайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйым (ЭЫДҰ-ОЭСР), оны «түрлі аймақтардағы жұмыссыздық көрсекіштерінің немесе халықтың жан басына шаққандағы табысының елеулі сәйкессіздіктерін жоюға нысаналанған саясат» ретінде қарайды.
Қазіргі Қазақстанның аймақтық тұрғыда әлеуметтік-экономикалықөзгерістердің динамикасын сақтайтын елдермен көптеген орталық проблемалары бар.
Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты — әлеуметтік жанжалдардың тууына есбеп болатын, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, немесе оныңбөліктеріне, сондай-ақ елдердің топтарына кедергі жасайтын теңсіздіктерді барынша азайту. Нарықтық экономикалық елдердегі аймақ-зерттеушілер аймақтардың дамуына мемлекет араласуының екі бағытын даралайды:
Экономикалық мақсаттар:
- тұралаған аймақтардағы өндірісті жандандыру;
- өсу аймақтары мен тиімді кәсіпкерлік құру;
- аймақтық өндірістің бәсеке қабілетін арттыру;
- аймақаралық экономикалық интерацияны күшейту және т.б.
Әлеуметтік мақсаттар:
- халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
- халықтың табыстарын өсіру;
- ең артта қалған аймақтарда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлымды дамыту;
- қоғамдық игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту және т.с.с
Эономикалық мақсаттар жалпы ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшінәраймақтың өндірістік әлеуетін тиімді де ұтымды пайдалануға қол жеткізуді көздейді. Аймақтіқ аспекттегі әлеуметтік әділдік принципініңтүйіні былайша тұжырамдалады, азаматтармен әлеуметтік топтар, тұратын жерлерінеқатыссыз жұмыс, табыстар мен қоғамдық игіліктер алу үшін бірдей мүмкіндіктергеие болулары тиіс. Мәселен, ауылдық жердің халқы қала тұрғындарымен тең дәрежеде лайықты табыс табуға, медициналық қызметтерге, таза суға, санитарлық жағдайларын жақартуға, білім алу мен дұрыс тамақтануға құқылы. Осы принцип дамыған аймақтардан артта қалған және тұралаған аймақтарға қаржы ресурстарын қайта бөлу арқылы іске асырылады.
Нарықтық экономикалы елдердегі аймақтық саясаттың объектісі теңсіздік болып табылады, ол халықтын тұрмыс деңгейлері мен жағдайларынан, жұмыспен қамтамасыздықтан, аймақтардың экономкалық даму қарқындарынан, кәсіпкерлік жағдайларынан және т.б. көрінеді.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың субъектілері болып орталық пен аймақтардың заңнамалық және атқару өкіметтері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, аймақаралық қаымдастықтар бой көрсетеді.
Аймақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын теңестіру үшін орталық үкімет пен жергілікті өкіметтер пайдаланатын қаражаттар әркелкі: тікелей мемлекеттік реттеу, қызметтер секторын ынталандыру, шағын және орташакәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік пен технопаркетердің айрықша аймақтарынқұру, инновациялық технологияларды ендіру және т.б. Қаражаттарды таңдау елдіңәлеуметтік-экономикалық дамуна, мемлекеттік құрылымның үлгісіне, ел ішіндегіпроблемаларға, партияның билігіндегі мақсаттарға және т.с.с. байланысты болады.Аймақтық саясат тек экономикалық қана емес, сонымен бірге аймақтың әр түрлі қосалқы жүйелеріне мемлекет арасының нысанында көрінеді.
Аймақтық саясаттың келесі нысандарын ажыратады:
- аймақтық болжау – қаржыландыру көздерін, экономикалық құрылымды және т.б. талдау негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жобаланатын бағыттары мен параметрлерін ғылыми болжау;
- аймақтық бағдарламалау – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен аралық міндеттерін тұжырымдау, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетудіңнақты мерзімдері мен ресурстардың қажетті шығындарын белгілеу арқылыаймақ дамуына нысаналы мақсатта араласу;
- аймақтақ жоспарлау – қаржыландыру көздерін, тікелей орындаушыларды және т.с.с. көрсету арқылы жоспарлы кезеңге нақты міндеттер мен мақсаттар белгілеу.
Франциярыногтық бағдарламаудың классикалық елі болып саналады, онда негізінен индекативті сипат алатын экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары тұрақты қабылданып отырады. Жоспарлар ұлттық дамудың негізгібағыттарын ғана көрсетумен шектелмейді, жоспарларда сондай-ақаймақтықбағдарламаларды іске асырудың мақсаттарымен міндеттері тұжырымдалып,ресурстардың қажетті шығындары белгіленді. Соғыстан кейінгі жылдарда осындай бағдарламаудың басты мақсаттары болып табылғандар:
- «францияны орталықсыздандыру» — өнеркәсіп пен халықтың ұлттық астана – Парижде шамадан тыс шоғырлануы бәсендеду (сирету);
- аграрлық департаменттерді индустрияландыру селолық жерлердегі коммуниалдық қызметтерді жақсарту;
- тоқыраған хал-жағдайдағы ескіде игерілген аймақтардың өнеркәсібінің реконверсиясы (Солтүстік, Лотарингия);
- аймақтық орталықтар – шығын және орташа қалалардың дамуын ынталандыру;
- Барыстағы өнеркәсіп пен Орталық Массивтің басым дамуы және олардың оқшаулануын инфрақұрлымдық құрылыс арқылы жою;
- шеткері аудандардағы ұшінші сектордің дамуы жөніндегі іс-шараларды қарқындандыру.
Аумақтық қайта жайластырудың бірінші ұлттық жоспары 1950 жылыәзірленді, онда ел аумаған ұтымды ұйымдастару проблемасы көрсетілді. Елді 22экономикалық-жоспарлау ауданы құрылды. Солардың әрқайсысында аймақтықдаму бағдарламаларын даярлауды, аумақтарды жоспарға сай орналастыруды және осы бағдарламалардың іске асырылуын бқылауды жүзеге асыратын экономикалық дамудың депортаменттік комитенттері құрылды. Барлық аудандар 7 ірі экономикалық аймақтарға топтастырылды.
Қалған жоспарлардың барлығында (олардың ұзын саны 8) аймақтық дамудыңәр түрлі басым мақсаттары ұсынылады: Францияның «атлантикалық» фасадан көріктендіру, ескі өнеркәсіпті аудандарды жаңғырту, динамикалы аудандардың«орынды және бірқалыпты» даму қарқындарын қамтамасыз ету және т.б.
Аймақтық саясаттың қаражаттары мен нысандары көпшілік мемлекеттерде алмағайыптабиғи жағдайлардағы, қалық шамадан тыс шоғырланған тоқыраудағы, ескі өнеркәсіпті, аграрлы аудандардың проблемаларын шешуге бағытталады.
Индистриялы дамыған елдердегі аймақтарды жіктеу кезінде келесі критерийлер пайдаланылады:
- экономикалық даму деңгей;
- аймақтардың экономикалық даму қарқындары;
- шаруашылықтың аумақтық құрлымының үлгісі (тораптық және гомогендік аймақтар);
- халық тығыздығының коэффиценті;
- халықтың өсім қарқыны;
- өндірістк мамандандырудың сипаты мен коэфиценті және т.б.
Амақтар жіктелімінде келесі терминалогия қалыптасқан:
- бұрын дамудың біршама жоғары қарқындарын көрсеткен, тоқыраған аймақтар;
- ең төмен немесе «нольдік» даму қарқындарымен өзгешеленгенетің тұралаушы аймақтар;
- пионерлік аймақтар немесе жаңа иегерілетін аймақтар;
- Микроаймақтар немесе бастапқа экономикалық аймақтар, одан әрі бөлшектеу кезінде олардың белгілерді жоғарлады;
- Бірінші қатардағы (немесе бас) экономикалық аймақтар, яғни елдің аймақтық макробөлу үлгісін жасайтын жоғары реттегі аймақтар;
- Бағдарламалық (жоспарық) аймақтар, мақсаттық даму жағдарламаларытаралатын және аумақ бойынша шектері бірінғай кестедегі аймақтарменбеттеспейтін аймақтар. Мәселелен, арал аймағының экологиялық апаттыаймақтары ҚР-сынндағы төрт областың 17ауданының аумағыныңауымағын қамтиды, олар: ақтөбе, Қызылорда, Өарағанды, Оңтүстік Қазахстан облыстарының мен Түркістан қаласы, тағы да барлық ОрталықАзия республикасына ықпалын тигізеді;
- Бірегей (проблемалық және жобалық) аймақтар, дамушы елдерде екшеленетін және ірі жңа құрлыстарды асырумен байланысты немесе тым төмен даму деңгейімен сипатталатын (проблемалық) аймақтар. Мәселен, республиканың жаңа елордасы астана қаласының және қаржы орталығы- Алматы қаласының қаласының құрлысы.
Республикамен қамтамасыз етудегі, экономикалық даму деңгейіндегі және халықтың тұрмыс сапасындағы, инфрақұрлымның дамуындағы, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйіндег, әлеуметтік жанжалдың өткірлігіндегі кеңістікті айырмашылықтар дәрежелері жөніндегі әлемдік табельдегі жағдайларына байланыссыз барлық елдерге дерлік тән. Тіпті «үлкен жетілік» елдерінде де халықтың жан басына шаққандағы аймақтық табыс кейде штаттар, провинциялар және т.б. бойынша30-50%-ға өзгешеленеді. Осы қарама-қарсылықтар дамудың экономикалық және әлеуметтік, стратегиялық және тактикалық иақсаттарының үйлеспеушілігі салдарынан ұдайы және жаппай орын алып отырады.
ҚР-сы Үкіметінің 1999 жылғы 11 мамырдағы «Эконоимкасытоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы» № 561 Қаулысындаел халықының 15,6 %-ы тұратын 27 ауыл аудандары тоқыраған экономикалы аудандарға жатқызылды. Осы аудандар республиканың барлық аймақтарынаорналасқан, соның ішінде Батыс Қазақстан обылысында -5, Шығыс Қазақстан облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында -9, Оңтүстік Қазақстан облысында -8, ОрталықҚазақстанда -2.Осы аудандардың негізгі проблемаларыкөлік инфрақұрлымының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, сапалы ауыз сумен төмен қамтамасыздық, қолайсыз алмағайып экологиялық жағдай,жұмыссыздық және жұмыссыздықпен байланысты төмендеңгңйдегі тұрмыс сапасы,өткіз рыногтарының шалғайының және ауылшаруашылық өнімін қайтаөңдеу мен өткізу бойынша инфрақұрлымның жетілмегендігі болды. Кейбір аудандар үшін қайта пайда болған шекаралық проблемалар өзекті мәселе болып табылады, олар – су ресурстарын, жер үлгстерін, аумақтың даулы учаскелерін ортақ пайдалану, халықтың ығысуы сияқты әрекеттер. Осы көрсетілген қаулыға сәйкес республикалық бюджеттің есебінен аудан орталықтарының инфрақұрлымына қолдаукөрсету жөніндегі инвестициялық жобалардың тізімі белгіленді. Соларға мемлекеттік көмеккөрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдаудың нәтйжесінде 13 ауданда экономикалық белсенділік қалпына келтірілді.
Аймақтық саясаттың түрлері
Аймақтық саясат жүргізу кезінде мемлекет экономикалық мақсаттар мен міндеттерді іске асыра отырып, халықтың тірілігін әлеуметтік және экологиялық стандарттармен қамтамасыз етілді.
Экологиялықсаясат. Аймақтық экономикалық сәйкессізтерді жұмсарту, ал бірқатар жағдайларда аймақтақ экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу қажеттілігі өсіп-өркендеген елдер үшін де, сондай-ақ әлемдегі ең нашар дамыған елдер ретінде БҰҰ тізіміне кірген барлық елдер үшін де тән.Осы мақсаттарды жүзеге асыру механизмдері әбден жетілген және мыналардықамтиды:
- Мемлекеттің қаржылай көмегін;
- Жергілікті қаражат бөлуді, соның ішінде жеке капиталды ;
- Заңнамалық іс-шараларды; қаржы шектеулерін;
- Айыппұл санкцияларын және т.б.
Аймақтық экономикалық саясаттың объектеріне өндірістік қатынастар, е алдымен қоғамдық еңбек бөлудің бастапқы реттіндегі кәсіпоорын жатады. Аймақықэконоимкалық саясаттың тәжірибесі бірден бірнеше шараларды аралас пайдалануды жққа шығармайды.
Әлеуметтік саясат. Халық тұрмысындағы әлеуметтік айырмашылықтарелдердің басым көпшілігінде орасан үлкен. Аймақтық әлеуметтік саясаттың мәні түрлі аймақтар мен қоныс-мекен түрлерінің (әдетте қала мен ауыл арасындағы) арасындағы әлеуметтік ортаның тұрмыс деңгңйі мен сапасын теңестірументүйінделеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі объектісі – бірінші кезекте социумның ,отбасы мен ұлыстың өкілі ретіндегі адам, сондай-ақ адамдардың аумақтық қауымдары, олардың ішкі құрылымы, өндіріспен және қоршаған ортаменбайланыстары. Қоғамдағы шектердің тым шартты екенін ескергенде, аймақтық әлеуметтіксаясаттың объектері мен үдерістері экономикалық бағаларды да өзіне қосатынинтегралдық тәссілді талап етеді. Жүргізілген әлеуметтік саясаттың нәтижесіндеқолжеткен халықтың әл-ауқаты туралы АДИ сияқты интегралдық көрсеткіш бойынша жорамалдауға болады. Мәселен, ЕО елдері мен Орталық Азияаймағының елдерін салыстыруға болады. Эконоимкалық және әлеуметтік саясаты зертеу объектерібойынша емес, ал тәсілдер мен түпкі нәтижелер арқылы ажыратады.
Демографиялық саясат әлеуметтік саясаттың ерекше саласы болып табылады және ол әдебиетте дербес мәртебе алып үлгерді. Ол аймақтар үшін ерекше мақсаттарғақол жеткізу үшін халықтың табиғи және механикалық қозғалысына экономикалық, әкімшілік-құқықтық, насихаттау және профилактикалықшаралардың көмегімен мемлекеттің араласуын білдереді.
Экистикалық (қоныстану) саясаты.Экистика – геожоспарлаудың теориялық бөлімі, ол – табиғи, экономикалық, сәулет-құрылыстық және инженерлік факторлар мен жағдайларды есепке алу арқылы өндірістерді, коммуникация мен қоныстануоргандарын оңтайлы орналастыру жолымен аумақтарды (аумақтық ресурстарды) тиімді пайдалыну жөніндегі ғылымй. Көптеген батысеуропалық мемлекеттераумақтарының шектеулілігі олардың үкіметтері мен жергілікті басқаруы органдарын қалалық, сондай-ақ селолық мекендердегі жер учаскелерін ұтымды аайдалану мәселеріне ерекше назар аударуға мәжбүрлейді. Қаржы-эконоимкалық тетіктер мен әкімшілік-құқықтық санкциялар кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасы аумағының ұланғайыр байтақтығы, көлемдері шағын елдермен салыстырғанда, мұнда белсенді экистикалық сасат жүргізудің зәрумәселе еместігі жөнінде кейде жалған түсінік туғызады. Соған қарамастан орасанбайтақ кеңістігі бар нақ осы Қазақтанда, көреген, ғылыми негізделген мекендендіру саясаты өзекті мәселе болып табылады және елеулі қаражаттарды үнемдеуге септігін тигізе алады.
Эколегиялық саясат. Қоршаған орта сапасының нашарлауы (детериорация) әрқашан айқын көрінетін аймақтық сипат алады, ол елдер мен аймақтардың шаруашылық мамандануындағы айырмашылықтарына, сондай-ақ экологиялықортаның сапасын мемлееттердің реттеуіндегі бірдей мүмкіндіктердің болмауына байланысты. Осы себептен нысаналы аймақтық экологиялық саяатжүргізу императивке айналып отыр. Қазіргі заманғы дүниедегі экологиялық саясат – мемлекеттердің сыртқа және ішке саясаттарының ажырамас бөлігі және олқоғамдық өндіріс үдерісінде табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруды;адам әрекетінің келеңсіз салдарларынан табиғатты қорғауды;халықтың экологиялыққауіпсіздігін қамтиды.Аймақтық деңгейлердің көріністері бойынша экологиялықсаясат жаһандық, ұлттық, аймақтық салаларға бөлінеді.
Ғылыми-техникалық саясат. Осындай саясат түрлерінің бір – техникалық-ендірмелік аймақтар – технополистер мен технопарктер құру. Олар мемлекеттің ерекше қолдау көрсетуінпайдалынатын зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар шоғырланған аумақтар. Олар негізіенғылыми орталықтардың базасында———
Қортанды
Аймақтар дамуының әлуметтік-экономикалықжағдайларын теңестіру үшін орталық үкімет пен жергілікті өкіметтер пайдаланатын қаражыттар әркелкі: тікелей мемлекеттік реттеу, қызметтер секторын ынталандыру, шағын және орта ша кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік пен технопарктердің айрықша аймақтарын құру, инновациялық технологияларды ендіру және т.б. Қаражаттарды таңдау елдіңәлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік құрылымның үлесіне, ел ішіндегіпроблемаларға, партияның билігіндегі мақсаттарға және т.с.с. байланыты болады.Аймақтық саясат тек экономикалық қана емес, сонымен бірге аймақтың әр түрлі қосалқы жүйелеріне мемлекет араласуының нысанында көрінеді.
Экономикалық және әлуметтік жүйелерді өзгерту кезінде аумақтардың дамуында мемлекеттің реттеуші ролі едәуір әлсіреді, ол ең алдымен аймақтық дамуға арналған мемлекеттікинвестициялардың қысқаруымен көрінді. Бұл жекеленген аймақтардың экономикасына теріс ықпалын тигізді, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі, өндірістік және көлік инфрақұрылымының дамуы бойыншааймақтар арасындағы айырмашылықтар ұлғайды. Республиканың бұрынғы жоғары білікті кадрлары бар, халық тығыз орналасқан дамыған аймақтары өндірістің терең құлдырауы мен демографиялық дағдарысты бастан кешірді. Тоқыраған ауыл аудандары мен шағын қалалардың пайда болуы проблемаға айналды. Қазақстандағы экономикалық кеңестіктің әртектілігінен, аймақтардың нарықтық жағдайларға бейімделумүмкіндіктерінің елеулі айырмашылықтарынан өтпелі үдеріс созыла түсті.