Эстетикалық тәрбие әдістемесі

Жаратылысында өнерге бай, әдебиеті мен мәдениетін тең өрбіткен қазақ халқы сонау VІІ-VІII ғасырлардағы Қорқыт атаның қобыз үндерінен өмір нәрін танып, өркендеп, қаншама қиын замандарда да өшпей, өзгермей сақталып, қайта заман ағымымен астасып өсіп келеді.

Қазақ тарихындағы улы ойшыл тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) әйгілі шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегінің мәдениет өркениетіне айқын жол салғанын аңғарамыз. Ғұлама ғалым бұл еңбегінде математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспейміз. Күні бүгін Отырар музейінде осы домбыраның жұрнағы сақтаулы. Ал, бұған дейін қазақ халқында домбыраға ұқсаған екі ішекті аспап болуы мүмкін. Толық музыкалық дыбыс беретін домбыра әл-Фараби қолымен жасалған.

Әл-Фараби бұл кітабында музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байпанысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған.

Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде әл-Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Әл-Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.

Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.

Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық — үшеуінің бірлігінде.

Фарабидің гуманистік бұл идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан дүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп атады.

Ап ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен белгілі болғақ қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Яассауи еді. Оның дүниетанымында этикалық ойлар басым.

Адамгершілік тазалығы мен моральдық жағынан жетілгендікті Яссауи оппозициялық суфизм позициясы тұрғысынан шешеді. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік, алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады.

Яссауи іліміндегі адамгершілік ойлары да дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділетттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс-әрекеттері сияқты моральдық сипаттағы оның құдайға сенуіне байланысты болады. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдән арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады», — дейді.

Ахмет Иугінеки (XII ғ.) адамдарды мейірімді, иманды, білімді, әдепті сөйлейтін жомарт, әділ болуға шақырады. Ұлы ғұлама дүниенің, әлемнің сырың құпиясын ашатын кілт — көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған білімді адамдардың қолында деген тамаша пікірлер айтқан.

А.Иүгінеки адамдарды мағыналы, мазмұнды, әділ сөйлей білуге, адамгершілік, әдептілік ілімін ұстануға шақырады.

Білімдіден қалған бір сөз тағы бар,

Әдептіге «үндемес» ат тағылар.

Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,

Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.

Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі.

Мәдениеттің өзекті бөліп — өнер.

Адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.

Осындай тарихи тұлғалар мен ғұламалардың тамаша туындылары мен өсиетнамалары — қазақ мәдениетіне үлкен арқау, ұлы тірек бастамасы.

Өнер — мәдениет дамуындағы негізгі ұйытқы.

Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйесін жасаған Жүсіпбек Аймауытов «Атам заманда табылған өнер, білімінің бәрі сөз арқылы бұл күнге жетіп, піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласына сыйлап отыр», -дей келе, өнерді беске бөледі.

  1. 1. Сөз (словесность);
  2. Суретшілік (живопись);
  3. 3. Мүсіншілік (скульптура);
  4. Үй ішілік (архитектура);
  5. Ән-күй (музыка) т.б.

Мұның бәрін де қазақ халқы ертеден-ақ меңгерген. Сөз шеберлігі мен мақал-мәтелдері, шешендік сөздері белгілі болса, суретшілігі сонау Орхон-Енесей таңбаларында бастау алып жатыр.

Мүсіншілік ертедегі қола, тас дәуірінен бергі белгілерімен есте қапса, кешегі Шоқанның замандастары оны бүгінгі таңмен жалғастыруда. Қазақ халқының ертеден-ақ күмбездері мен қазақы киіз үйлерінде үлкен өнердің ізі, яғни философиялық көрегенділік жатады. Ал ән мен күйге келсек, ол — өз алдына бөлек жаратылыс. Яғни, қазақ халқы жаратылысында ән мен күйдің егіз сыңарындай.

Қазақтың тағы бір мақтана айтатын ғұламалары, ағартушы демократтары — Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев халқымыздың рухани дамуына үлкен үлес қосты.

Шоқан мәдени мұралар жөнінде тек пікір айтып қана қойған жоқ, ол ғылыми зерттеулер, құнды мұралар қалдырды. Мысалы, ертедегі мәдени мұралардың адам сезіміне қалай әсер ететіні жөнінде былай деген: «Мен Аякөзді сүйемін және оны таң-тамаша көремін. Бәлкім, бұған бір кезде осы өзеннің бойында болған сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы-Көрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да әсері аз емес шығар.

Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы-ғалым Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей түсті.

Ыбырай қазақ халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді мақсат етіп, бірнеше мектептер ашты. Оның бірі Торғай қаласында ашылған қолөнер училищесі болатын Мұнда балалар жалпы пәндер өтумен қатар, түрлі қолөнер мамандықтарына үйретілетін болған. И.И.Ильминскийге жолдаған хатында Ыбырай: «Онда оқытатын қолөнерлік сабағымыз, көбінесе ағаш ұсталық жұмыстары балада және егер мектепке тарта алсақ, қыздарға кесте тігу, тағы басқа қолөнер жұмыстары үйретіледі», — деп жазды.

Абай да Шоқан мен Ыбырай сияқты қазақ елі тек орыс халқының ұлы мәдениеті мен әсемдік қазынасынан тәлім-тәрбие алса ғана, ойлаған арманына – оқып, білім алуға, мәдениетті болуға мүмкіндік алатынын білген.

Абай шығармаларының кейбірінің мазмұны орыс классиктерінің шығармаларына ұқсас болғанымен, ұлттық колориті сақталынып, Абайдың өзіне тән шеберлікпен берілген. Абай өлеңдерін оқып отырғанда, қазақ оқушысы нағыз көшпелі ауылдың суретін көреді.

Абай халқының көзін ашып, мәдениетін арттыру үшін жазған өлеңінде:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, — деп, әдемілік пен әсемдікке, білімділікке үндейді.

Қай халық болса да өз өмірін, күнделікті тұрмысын сәндендіруге көңіл бөліп отырған. Өздері тұтынатын бұйымдары мен күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандарын әшекейлеп ұстауға тырысқан. Бұл жағдай адамдардың сезімін баулып, көзге ілінген заттардың оғашынан жирендіріп, сұлуды сүйсіндіретін, адам жанын рахатқа бөлейтін дәрежеге көтерілген. Осылайша, біртіндеп әдемілікке, әсемдікке жол салынды. Біздің халқымыздың мәдениеті мен өнері бұрынғы замандарда туып, өсіп-жетіліп, толықтырылып, дамып, ұлттық ерекшелігін сақтап, бізге келіп жеткен.

Ендеше, біздер бүгінгі таңда бар мүмкіндігімізді салып, жастарға білім-тәрбие беруде олардың әдепті, әдемі, сұлу, білімді, мәдениетті болып өсуіне мүмкіндік жасауымыз қажет.

Тоқырау жылдарында мектеп оқушылары мен жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие мен оқудың қол жеткен табыстары одан әрі дамудың орнына осы дәрежесін ұстап тұрмай, дамыған елдердің, оның ішінде шығыс халықтарының педагогика, психология, эстетика тәрбиесінен мүлдем тыс қалғанын қоғамымыз сезініп отыр.

Егеменді еліміздің қарқынды Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілген жетістіктеріне жол салу басталып кетті. Соның бірі мен негізгісі — Мәдениетті өркениет. Осы өркениетке жету үшін Қазақ елі ешкімге ұқсамайтын дәстүрі мен мәдениеті дамыған халқының әдебі мен әдемілігі ерекше кезге ұратын, заманның туғанын білдіретін ерекше ел болуы — заман талабы.

Осынау Қазақстан мемлекетінің ерекшелігі халқының сұлулықты сүйетінімен аңғарылуы тиіс.

Ал қазақ халқының қасиетті ұлдарының бірі, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев: «Музыкалық егіс қандай болса, эстетикалық өніс сондай», — деген екен.

Яғни өзіміз не үйретсек, соның жемісін көреміз, сол үшін де береріміздің мәні мен маңызы зор болуға тиіс.

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ

Педагогикалық технология ұғымы-бұл тек технологиялық оқу құралдарын дамыту немесе компьютерлендіру емес, білім беру үрдісінің факторларына талдау, пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді конструктірлеу, бағалау арқылы білім беру тиімділігін арттыратын ұстанымдар мен заңдылықтарды зерттеу деген тұжырымға тоқталады.

Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Мақсатты айқындау, ол — сабаққа қойылатын жаңа талап, жаңалық емес. Ал, мақсаттың нақты болуы, нәтижемен тікелей жұптасып жатуы педагогикалық технологияның негізгі түйіні. Педагогикалық технология ерекшелігі оқу іс-әрекетін үйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып оқушының өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім беру мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

«Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько).

«Педагогикалық технология дегеніміз-оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі)» (И.П.Волков).

«Педагогикалық технология дегеніміз-педагогикалық максаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструментальдық методологиялыққүралдардыңжүйеленгенжиынтығыжәнеолардың ретімен қызмет етуі» (М.В. Кларин).

«Педагогикалык технология дегеніміз-оқушы мен мүғалім үшін барлык жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық кызметтің моделі» (В.М.Монахов).

Сонымен бірге, жаңа технологиялардың маңыздыларының бірі-педагогикалык ынтымақтастық, сол арқылы жеке оқушының дамуын, басқа да ерекшеліктерін жақсы білу. Педагогикалык ынтымақтастық туралы Әбу-Насыр Әл-Фарабиден бастап белгілі ғұламалар мен педагог ғалымдардың айтпағаны кемде-кем. Айта кетер болсақ, педагогикалық ынтымақтастык-мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, ата-ана мен оқушы, оқушы мен қоршаған орта және онда кездесетін адамдар арасындағы ынтымактастық болып табылады.

Сондай-ақ, проблемалық оқытудың технологиясы дұрыс, тиімді қолданылған жағдайда оқушылардың ойлау таным қызметін дамытуға, өздігінше жұмыс істеу біліктіліктерін кальптастыруға, коршаған ортада болып жатқан қоғамдық саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге жаттықтырады.

Окытудың белсенді әдістері-технологиялары туралы тоқталғанда орынды да тиімді қолданылған жағдайда оқытудың барлык әдістерінің белсенді әдістер бола алатынын ескертуіміз керек.

Педагогикалық технологияларға арналған соңғы және көлемді де беделді еңбектердің бірінде оларды сараптап, жеке-жеке атап шығады. Олар: ұжымдық оқыту; программалап оқыту; проблемалық оқыту, оқытудың белсенді әдістерін пайдалану; ойынды пайдалану; оқушының жеке басының дамуы ерекшеліктерін ескеріп оқыту және педагогтық ынтымактастық; интегративтік оқыту; модулдік оқыту; этнопедагогикалык окыту; ақпараттық технологиялар.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру» — деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекщеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі даматып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылык қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

1 кезең-оқып үйрету; 2 кезең- меңгеру;

3 кезең- өмірге ендіру;4 кезең- дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар кажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; окушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып окыту (С.Лысенкова); іс — әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап окыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • балаға ізгілік тұрғысынан карау;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
  • баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
  • баланың танымдылык және шығармашылық икемділігін дамыту
  • оқу үрдісін оқушының сезінуі. т.б.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалык жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.Дамыта оқьітудың дәстүрлі окытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-катынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.Бүгінгі таңда П.Эрдиневтің дидактикалык бірліктерді шоғырландыру технологиясы , Л.Занков, Д.Эльконин, мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модулді оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модулді оқыту технологиясы. В.Монаховтың, В.Беспальконың жэне басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Сынып жетекшінің сыныптан тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының түрлері

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үдеуіне байлнысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық — интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» — деп көрсетілген.

Жалпы білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көз — қарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім — тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды. Сонымен қатар қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де, білікті іскер де, белсенді адамдар. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелердің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында белсенділік қызмет етуге тәрбиелеу қажет.

Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарыкөбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттарымен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуымен ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез – құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез — құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады.

Сныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабаққа жатады. Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағадарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап – тілектеріне , жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілердің нақты жағдайларды және оқушылардың ықлас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушылардың ынтасы тілек, талаптарына сай келетіндей мүмкіндік береді. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорынның немесе оркестрінің, көркемөнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамлары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізге негіз бола алмайды. Керісінші әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсіуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балаларын өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Үйірмелерде, спорт секцияларда, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны педагогтар бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі – оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.

Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар конференциясына ықыласпен барулары үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңашылдық болуы керек.

Әр адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музакалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзін интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әр қарай дамуына бағыт – бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытқа жетелеу – ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманның озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбіне «Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры мұғалімге байланысты. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан біз баланың дарындылығы деп, оның өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

«Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төмендегіше анықтама берілген: «Дарындылық – белгілі бір іс — әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

«Дарындылық» ұғымы «қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдарына да тоқтала кетейік.

Шығармашылық — өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білімі мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің) болуы.

Талант – қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі. Ол суретшінің, өнер тапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықтыпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешілігімен, түпнұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.

Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады. Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады.

«Дарындылық — баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы». Бұл ой тұжырымдарды дарындылық тек педагогикалық ғана емес, әлеуметтікте мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зеттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық – адамның бір не бірнеше іс — әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндгін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған (интегральное) құрылым. Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде оларды жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен-күнге арта түседі. Бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан ғылыми — тәжірибиелік жұмыстар өз жалғасын табуда.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Білім (ғылыми – педагогикалық журнал) №2 (16) 2004 жыл
  2. Қазақстан мектебі: №1, 2, 3, 2005 жыл
  3. Тәрбие құралы №1 2005 жыл.