«Көксарай» су реттегіші өсімдіктерінің балық шаруашылықындағы маңызы.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысының халқын су тасқынынан сақтау және жаз мезгілінде ауылшаруашылық өсімдіктерін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы ел басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен Көксарай ойпатында су реттегішінің құрылысы басталған. [1, 2-3-б.].

Көксарай су реттегішінің қазіргі кезеңдегі су мөлшері 3млрд м текше метр, айдың аумағы 46,7 мың гектар. Су реттегіште өндірістік балықтар түрлері кездеседі жіне өршітіледі.

Бұл балықтардың арасында балдырлар және жоғары сатылы өсімдіктермен қоректенетін түрлер: дөңмаңдай, ақ, қара амур балықтары өршітілген.

Көксарай су реттегіші Орталық Азияда және Қазақстанда жаңа типтегі су қоймасы. Сондықтан өсімдіктер түрлері олардың су акваториясы бойынша таралуы, өсімдіктер қауымдастықтарының құралу заңдылықтары, өршітілген балықтар үшін қоректік маңызы су қойма экологиясының тұрақтылығын сақтаудағы ролі ғылыми негізде зерттелмеген.

Көксарай су реттегішінде қазіргі уақытта 32 түр жоғары сатылы өсімдіктер кездеседі, олар 17 тұқымдасқа, тұқымдасқа, 3 экологиялық топқа тиісті.

Су өсімдіктері су реттегішінің жағалауларының өнімдерімен су толқынынан, желдердің эрозиясынан сақтайды. Құрғақ қоғалардың бұл салада маңызы күшті. Су қоймаларының дамба жағалауларын бекіту үшін ажырықтан пайдаланған жөн. Бұлар су қоймаларының ылғалды жерлерінде жақсы өсіп дамиды және олар қалың қауымдастықтар құрайды.

Көпшілік су өсімдіктері ақ және қара Амур балықтары қшін азықтық рөлін атқарады. З.К.Золотова көптеген гидромакрофиттерді ақ амур балығы үшін қоректік маңызын, олардың сандық қатынасын анықтаған. [3, 5-б.].

С.Е.Келдибековтың «Дамащи», «Балықшы» эксперименталды балық өршітілетін шаруашылығында өткізілген тәжірибелері бойынша балықтар жақсы қоректенетін өсімдіктері: Lemma minor, wolftia orriza, potamogeton filifozmis, P.pektinatus, P. pusilus, chara fragilis, Eshinochea czuss galli. [4, 127- б.].

Ақ амур балығының су өсімдіктерін қолдануы

(Қоректік дәрежесі %)

Р/с Өсімдіктер түрлері Қоректік дәрежесі %
1 Lemna minor L 100
2 Lemna gibba L 100
3 Wolffia arrhiza L 100
4 Hidrilla verticillata L 100
5 Potamogeton pusillus L 100
6 Ceratophyllum demersum L 90
7 Echinochloa cruss galli L 90
8 Chara fragillis L 100
9 Phragmites australis Thin L 56
10 Typha Grossheimini L 54
11 Potamogeton heterophyelus L 24
12 Najas graminca L 27
13 Scirpus tabernaemonontani L 0

Біздердің зерттеулеріміз бойынша Ақ амурдың су өсімдіктерін азықтыққа пайдалану тездігі бойынша chara туысы айрықша көрсеткішке ие (4).

Ақ амурдың су өсімдіктерін азықтыққа пайдалану тездігі.

Р/с Өсімдіктер түрлері Қоректік тездігі %
1 Lemna minor 56
2 Wolffia arihiza L 100
3 Hidrilla werticillaza 34
4 Potamogeton pusillus 45
5 Ceratophyllum demersum 29
6 Chara fragillis 206
7 Phragmites australis 34
8 Potamogeton filiformis 34

Жоғарыдағы көрсеткіштерден белгілі болуынша жұмсақ су өсімдіктерінің азықтыққа қолданылуы 29-206%. Біздердің зеріттеуіміз бойынша Ақ амурдың су өсімдіктерін азықтыққа пайдалану тездігі бойынша chara туысы айрықша көрсеткіштерге ие: 24-206% ал сабақтары қатайған құрақ өсімдіктерінің қолданылуы 34%. Wolfia және ряскаларды қарп балықтары жоғары деңгейде қоректікке қолданады.

Жұмсақ су өсімдіктерін балықтардың жақсы қоректік ретінде қолданылуы, олардың құрамындағы құнды азықтық заттарға байланысты.

Біздердің зерттеулеріміз бойынша су реттегіші жағдайында өскен гидрилланың құрамында 18,4мг, витаминдер: В1-4,4мг,B2-4,2мг, B6-5,6мг, PP1-73,2мг болса, кіші рдесте витамин В1-4,4мг, B2-4,36 мг, B6— 5,8мг, PP-60,8мг, каротин – 8,2 , 85-150, 2,0 2,1- 2,6 E- 35-36-8 мг табылады.

Зеріттелген су өсімдіктерінде белоктар, көмірсулар, майлар көп дәрежеде. Мысалы: кіші рдест құрамында ылғалды протейннің мөлшері 19-20%, 20-25% — крахмал , 4-20% майлар кездеседі, вольфияда 60% крахмал, 20% май белоктар табылды.

Су өсімдіктері макро, микроэлементтерге бай. Рдест және хараларда макро, микроэлементтердің мөлшері құрылықта өсетін ауылшаруашылық өсімдіктерінен көбірек. Мысалы: 1 кг құры өсімдік биомассасынан 0,48 мг титан алынған. Көп мөлшерде микро элементтер рдест және хара өсімдіктерінің күлдерінде кездеседі.

Балық шаруашылығында жемістік заттар ретінде ақ амур балықтарында қырық қабат, жоңышқа,жүгері т.б ауыл шаруашылығы өсімдіктерін пайдаланып келген. Бірақта балықтар суда өсетін өсімдіктермен жоғары дәрежеде қоректенеді. Бұл балықтардың биологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты судың ортасында тіршілік еткен жануарлар, судың ортасында өсетін өсімдіктерді артық көреді.

Су өсімдіктері ряска және роголистник қауымдастықтарында «молюскапрудовиктер» көптеп өсіп дамиды.

Р.Н.Аренкованың (1972) жазуы бойынша фитофильді жануарлар негізінен су өсімдіктерінің санына байланысты [5,17-б.]. Рдестердің биомассасының артуы мамыр,шілде айларында олар тан жетеді. Тұщы суларда кездесетін балықтар жейтін жәндіктер артады.

Су өсімдіктері балықтарға қоректік орта болып қалмастан су ортасындағы пайдалы жәндіктердің көбеюіне әсер етеді. Өсімдіктер өркендерінде жәндіктерден тыс, кең көлемде балдырларда кездеседі. Олармен балықтар жақсы қоректенеді.

Көпшілік су өсімдіктері қоректік заттардың қоры болуына байланысты, оларды балық өршітетін қоймаларда тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Су ортасында орылған өсімдіктер сабақтарының массасы альгофлора және бактериофлораның дамуына оқтайлы әсер етеді.

Г.С. Корзинкинаның жазуы бойынша 1гр қамыс өсімдігі сабағынан алынған нұсқада 1см2 суда миллиард бактериялық организмдер және балдырлар болады. [6,12-б.]. Біздердің есептеуіміз бойынша орылған өсімдіктер болған су ортасында жазғы мезгілде балдырлардың мөлшері 4-5 млн/мл- ге жетеді. Бұл балдырлармен су жәндіктері және балықтар қоректенеді.

Су өсімдіктерінің биомассасынан жасалған табиғи тыңайтқыштарды қолдануынан балықтардың өнімділігі артады. [6,17-б.].

— біздердің өткізген тәжірибеміздің нәтижелері бойынша өсімдік массаларының төмендегі мөлшері тиімді.

— су қоймалары ластанбаған еріген оттегінің мөлшері жеткілікті болған су қоймалары үшін 3-3,5т/га өсімдік массасы:

— орта деңгейде ластанған еріген оттегінің мөлшері аз болған қоймалар үшін 1-1,5 т/га.

Жоғары ластанған су қоймалары үшін өсімдіктерден жасалған тыңайтқыштарды пайдалану шарт емес, себебі балдырлардың тез өсіп кетуі нәтижесінде су ортасында еріген оттегінің мөлшері азаяды.

Көксарай су реттегішіөсімдіктерінің қоры балықтарды толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Реттегіштің балықтарын өсімдіктер биомассасымен қамтамасыз ету үшін қойма жайласқан мекен жайлар су қоймаларынан қосымша пайдалану керек.

Балық өршітілетін су қоймаларына өсімдіктерден құралған тыңайтқыштарды қолдану үшін өсімдіктердің жас вегетациялық кезеңінде қолдану керек, себебі бұл кезеңде өсімдіктер тез ыдырайды. Нәтижесінде су ортасына көптеген құнды заттар ажыратылып шығады.

Орылған өсімдіктердің тыңайтқыштары рачкалары, босмийлерді су қоймадағы мөлшерін 10-16 рет, личинкаларды 6рет көбейтеді. Балық өнімділігі 2-3 рет артық болады. [7,54-б.].

Балық өршітілетін су өоймаларында өсімдіктер қоректік зат болып қалмастан су қойманың газ режиміне әсер етеді. Біздің зеріттеуіміз бойынша суға толығымен батып өсетін өсімдіктер ортасында еріген оттегінің мөлшері өсімдік өспеген айдындармен салыстырғанда көп болады. Осыларға байланысты су ортасын өсімдіктермен байыту үшін суға жартылай батып өсетін өсімдіктерден пайдалану қажет. Себебі олардың орнында балдырлардың түрлері пайда болып, су ортасын еріген оттегңмен байытады.

Көксарай су реттегішінің өсімдіктері түрліше, бірақ олардың аз түрлері балық өнімін арттыруға және су қоймалары үшін пайдалы. Су өсімдіктерінің балықтар үшін қоректікке пайдаланылуы бойынша өткізілген тәжірибелеріміз бойынша, балық өршітілетін су қоймалары үшін гидрилла, кіші рдест, хара, ряска түрлерін өсіру пайдалы болады.

Қорыта айтқанда су өсімдіктері және балдырлардың өсімдік қоректі балықтар үшін қоректік орта, су қоймалары үшін биологиялық, экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды роль атқарады.

Резюме

В регуляторе Коксарай были определены 32 видов высших растений, относящихся 17 семейств из трех экологических групп. Эти растения пользуются для закрепление берегов водохранилищ. С мягкими растениями растущих в глубине воды питаются рыбы белые амуры. К ним относятся маленькая ряска, горбатая ряска, вольфия.

Зелёные удобрения из водных растений действует умножению альго и бактериофлоры водохронилищ. Размер растений в водохранилищах где выращиваются рыбы должен составлять 25% вод. В этом сучае размер кислорода водохранилищах бывает достаточным. В водохранилищах сохраняется биологические и экологические ровновесие.

В гидрорегуляторе Коксарай мало встречаются растения для питания рыб и водных животных.

Поэтому надо обогатить ценными и кормовыми водными растениями гидрорегулятора.

Summary

In a regulator Кoksarai 32 kinds of maximum plants concerning 17 families from three ecological groups were determined. These plants use for fastening coast of reservoirs. With soft plants growing in a water depth of grass carp feed on fish. These include small duckweed, lemna hunchbacked, wolf. Green manures of aquatic plants and acts multiplication of algo bacterium flora. The size of plants in reservoirs where a fish should make 25 % of waters. In it case the size of oxygen reservoirs happens sufficient. In reservoirs is saved biological and ecological balance.

In a hydroregulator Кoksarai there are plants for a feed(meal) of fishes and water animals a little.

Therefore it is necessary enrich by valuable and fodder water plants of a hydroregulator.

Әдебиеттер

  1. Айтаханов К. Көксарайды салдырған Елбасының еңбегін ерлікке балаймын. Оңтүстік Қазақстан 01.12.2012 ж 2-3 бет.
  2. Таубаев Т.Т Флора и растительность водоемов Средней Азий и их использование в народном хозяйстве. Ташкент, 1970г.
  3. 3. Золотова З.К. К вопросу избирательности в питание белого амура. В книге разведение и выращивание растительноядных рыб в прудах. Ташкент ХІХ. Москва,1966г.
  4. 4. Келдибеков С.Е. Флора и растительность рыбоводных прудов Черчик –Ангренского бассейна. Ташкент, 1981г.
  5. 5. Аренкова Р.Л. Водная растительность рыбоводных прудов Западных частей Украинской ССР. В книге растительные ресурсы. Т-8.
  6. Корзинкин Т.С. Удобрение прудов водной растительностью. Москва,1955г.
  7. 7. Гаевская Н.С. Роль высших водных растений в питаний животных пресных водоемов. Москва,1966г.
  8. «Флора Спедней Азии» 1-10 том. Ташкент 1941-1960 гг.
  9. «Флора Казахстана» 1-6 том. Алматы 1960-1980 гг.