Қазақстан Республикасында автокөлік тасымалдарын кедендік бақылау шаралары

Автокөлік тасымалдарын кедендік бақылау.

Қазақстан Республикасында кеден органдары құрылғалы бері барлық көлік түрлері және тұлғалар мен жүктер міндетті түрде кедендік бақылаудан өтеді. Осы айтылғандардың барлығы кеден шекарасына кірген уақыттан бастап кедендік бақылау жүргізіледі. Кедендік бақылау дегеніміз- кеден заңнамаларының бұзылмауы үшін және олар бұзылған жағдайда оларды әшкерелеу кеден мекемелері мен кеден органдарының лауазымды тұлғаларының құзіреттілігіне жүктелген реттеушілік іс-шаралардың жиынтығы болып табылады.

Жүк автокөліктерін кедендік бақылауды екі түрге бөлуге болады:

  • Тауар тасымалдайтын және оны тиеу – түсіру үшін қажетті автокөліктерді кедендік бақылау;
  • Тауарларды кедендік бақылау.

Кедендік бақылау шоссе маңында орыналасқан өтеплерде немесе тауарларды жеткізу пунктерінде және шекара маңдарындағы өткізу орындарында жүзеге асырылады. Автокөлік транспортын кедендік бақылау келесі мақсаттар үшін жүргізіледі:

  • Кедендік бақылау шараларын айналып өтуге арналған көлік құралдары мен арнайы құрылғыларды әшкерелеу;
  • Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдаудан басқа өзге тасымалдарды кеден шекарасынан өтпеуін қадағалау;
  • Кедендік бақылаумен жүктерді тасымалдау үшін көліктің техникалық құжаттарға сәйкестігін анықтау.

Көлік құралдарынкедендік бақылаудың келесі түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Жүк автокөліктерінің иелері тасымалдайтын тауарларды кедендік бақылау;
  • Экспедиторларды бақылау;
  • Жолаушылар автобусының жүргізушілерін бақылау.

Бұндай бақылау түрі заңды және жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды бақылауды жатқызады.

Автокөлікті тексеру кедендік бақылау формаларының бір түрі болып табылады, тексеріс жүргізу тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде кеден және мемлекет заңнамаларында көрсетілген заңдылық-тардың бұзылмауын және заңсыз тауар мен көлік құралдарын кіргізу жолдарын анықтау үшін де қолданылады. Тауарларды шекара маңында тексеру үшін арнайы жасақталған және тиеу-түсіру құралдарымен жаб-дықталған тексеру қоймалары болады.Автокөлік құралдарын тексеру өте күрделі техникалық операция, себебі ол түбегейлі кәсіптік дайындықты қажет етеді. Кіргізілген автокөлікті кедендік рәсімдеу -өз бағытымен жүріп бара жатқан немесе қолданысқа арналған балса, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Яғни ол тауар түріне жатқызылып белгілі бір кеден режиміне жатқызылады немесе ішкі транзит процедурасымен келесі кеден бекетіне бара береді. Бұл көлік түрі жолаушылар мен жүк, тауарларды тасымалдайтын көлік құралы және тауар ретінде қарастырылады.

 Қорытынды.

Автокөлік транспорты әлемдік экономика жүйесінің ажырағысыз құрамының бөлігі болып табылады. Сарапшылардың бағалаулары бойыншакәзіргі уақытта әлем бойынша 600 млн автокөлік түрлері қам-тамасыздандырылған. Бұл қатынастардың барлығы халықаралық құқық саласы тарапынан тасымалдау ережелері мен көліктік құжаттарды талап етеді.Автокөлік транспортындағы қатты артта қалыс-тың басты себебі болып автокөлік жолдарының нашарлығы байқалады. Кеңес одағы кезінде гүлдей жайнаған транспорт саласы ғаламат держа-ваның құлауына байланысты өз өмірін тоқтатқандай болды. Соған қарамастан автокөлік транспорты ең көп таралған, икемді, үйреншікті транспорт компоненті болып қала береді. Автокөлік саласында болып жатқан құрылым, экономикалық саясаттың және әлеуметтік реформалардың тікелей әсер етуімен тығыз байланысты болып, жүзеге асуда. Ең басты ішкі фактор, автокөлік транспортының қызметіне сұраныс сипатының өзгерісі болып отыр. Ондағы даму қоғамдағы, эко-номикалық нарықпен анықталады. Яғни мемлекет дамуының бірден-бір нышаны көлік саласының дамуы болса, қоғам дамуының нышаны осы көліктік операциялары тарапынан болатын тікелей сипат болып табылады.Сондай-ақ мемлекет бюджетінің едәуір бөлігін кеден сияқты табыс беретін транзиттік жолдар төлемдері құрайды, яғни осы саланы жоғары деңгейге жеткізсек шетелдер тарапынан түсетін ұсыныстар көп болады. Ал бұл дегеніміз ел экономикасын қарқынды дамытуға өз септігін тигізері сөзсіз.Ендеше осы мәселені шешу үшін халықаралық дәрежеде өзінің барлық жинақталған тәжірибелерін қолдануға тиіспіз. Көліктік тарифтерді, сондай-ақ жүк тарифтерін нақтылы бір деңгейде ұстап тұру үшін барлық жағдай жасау көлік саласының дамуына әсер етері сөзсіз.