АБАЙ (Ибраһим) Құнанбаев [(29.7(10.8).1845, казіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабүлақ жайлауы—23. 6(6.7).1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда)] — үлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы — Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 үрпак тарайды. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібак, Топай, Торғай туады. Бүлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған: Сол Айпара ана балаларына:
«Шынжыр балақ, шүбар төсЫрғызбайым,
Тоқпақ жалдыторайғырКөтібашм,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірө да оңбас Торғайым», —деген сипаттама берген (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы, А., 1985,26-6). Анасы айтқанындай, Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыршзбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі – Зереден Қүнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған. Оның бәйбішесі. Күңкеден-Қүдайберді, інісіҚүттымүхамбетке айттырылып, калыңдық кезінде жесір қалған соң, өзі алған екінші әйелі Үлжаннан — Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан Халиулла, Ысмағүл туады. Қартайған шағында үйленген кіші өйелі Нүрғанымнан ұрпақ жоқ. А-дың «Атадан алтау, анадан төр-теу…» едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел анасы атанған «көрі әжесі» Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынга жайлы, өзіл-калжыща шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Үлжанның төрбиесінде өсті.
Абай бала кезінде ширақ, пысык болмағанымен, елдегі шешен, ақьін, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зерекгігімен, ынтальшығымен ерекшеленген. Шортанбай, Дулат, Бүкар жырау, Марабай, Шөжелерді тындап өскен. Анасы Үлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.Юн-ың ағасы (әкесі Түрпанның інісі) Тонтайдың влерінде қожа-молдаларға кдрап: «Жазыла-жазыла қожамолдадан да үят болды, енді өлмесек болмас»,—дегені халық аузында мәтел боп кеткен. Қүнанбай қажының да кеңінен толғап сөйлер терендігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшьшардың да назарына іліккен; қ.Янушкевич. Құнанбай қажы «Ескітам» деген қоныстан медресе сал-дырып, өзінін және туыста-рының балаларын оқытқан. А. сегіз жасында өуелі сол «Ескітам» медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Рабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы каладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бүл түста М.О. Әуезовтің «Өзі түстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейіңді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бірақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа карамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дөріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондыкган барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. …Оқуға кірген соңақ тез есейіп, ілім куған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындары болады. … Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған» деген түжырымы болашакұлы акынның қалыптасу кезеңін айғақтайды. А. бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы баскаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щед-рин,. Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізді. Есейген шағында, осы езі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дөрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне өсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлендері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай А-дың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне ара-ласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы А. әке ыкдалымен әкімш.-билік жұмыстарына араласады. Ол өке қасында болған жылдарда қазақ дала-сындағы әлеум. өмір қайшы-лықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкіметінің отар-шылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдыры-на кеселді, зияндьшығын айқын түсініп, соған карсы батыл кимылдар жасаған. Алай-да оның тамыры теренде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің құрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара кым-қиғаш ай-тыс-тартыскд түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел бутан А. болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркөкше еліне бо-лыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдала-нып, өділдік таразысын тең ұстауға күш салды. А. кейіннен, 1886ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. А. 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарымқатынаста болған. А. ел ісіне араласкан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.
«1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-бо-лыстары бас қосқан төтенше съезі өткізідді. Осы съезде төбе би болып сайланған А-ға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге карсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылды. А. бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бүл қазак қауымындаш әдет зандарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық – зомбылыққа негізделген заңына да ұксамайтын, өзгеше қүжат еді. Оның, өсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құңды. Бірақ А-дың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890 ж. Байғүлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренш қыстауының шетіндегі Шу деген жерде А-ға қарсы дұшпандық. әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бүл шиеленістің аяғы 1891 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, А. өміріне қастандык жасауға әкеп соқтырады Ақын бүл жанжалдың барш жиренішті сырын, езінін а екендігін Сенатқа жазған хз тында айғақгы деректерме дөлелдеп береді». (Абай. Эв циклопедия. А., 1995, 49-бет Ел баскару қызметінде барьд ша әділ болып, халық кам;: ойлаған, «тура биде тігі жоқ» принципін ұстанған. Ғұмырының соңына қарапенделік шаруалардан аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыққа арнаған.
А. үш өйел алған. Бәибішесі Ділдәдан — Ақылбай, Әбдрахман, Күлбадан, Әкімбай, Мауия, Райхан; екінші әйелі Әйкерімнен — Түрагүл, , Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Үшінші алған әйелі Еркежаннан – ұрпак көрген жоқ.
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мөнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне – бірін қарама-карсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа карсы койып, әділдік, ізгілік секілді адамның жаксы қасиетгерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Табиғат өзгереді, кұриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айтқан. «Адам өлмес» деп бірден кесіп айтқан ойын А. төмендегідей жалғастырады: …»Ол біракқайтып келіп ойнап – күлмес, «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты еңкей білмес»
… Дәл осы елеңінде «мен» және «менікі» деген үғымдарды А. ажыратып, дәлірек айкындамайды. Келесі шумақта: …»Көп адам дүниеге бой алдырған»Бой алдырып аяғын көп шалдырған,» — дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: «Өлді деуге сыя ма, ойландаршы, Өлмейтүғын артына сөз қалдырған…» -дейді. «Адам өлмес» дегеннің маганасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге сая ды. А. «Өлең сөздің патшасы өлеңінде тез түзелді, тындаушы сен де түзел!» -деп жұртшылықган ақындык сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындык сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын да еді. А. оны жақсы түсінді, мүны оның «Мен жазбаймын елеңді ермек үшін» деген елеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: «…Шу дегенде қүлағың тосаңсиды, Өскен соң мүндай сезді бүрын көрмей». Бұдан біз ақын өлең-жырларындағы жаңа, соны ой – пікірлерді жұртшылықтын қалай қабыддайтынына ерекше жөн бергенін айқын аңғарамыз. Өлең – жырға көңіл қоятын қауымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті «Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей». А. ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп санаған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», »Қалың елім, казағым, кайранжұртым», «Жаз», (Жаздыгүн шілде болғанда) «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки», «Қызарып, сүрланып», «Келдік талай жерге енді», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Көк тұман — алдындағы келер заман» секідді өлендерінін кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса «Ем таба алмай», «Ата-анаға көз куаньш», «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Нүрлы аспанға тырысып ескенсің сен», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», аударма өлеңдерден «Жалғыз жалау жалтылдап», «Жолғашықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Канжар», «Мен көрдім үзын қайын қүлағанын» сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. А. өлең-дерінің кебі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топқа жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған А. соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлеңдер такырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр өленде өр қырынан ашылады. А.дың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, керкемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі жөне әрқайсысының бірбіріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
А-дың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», («Ақ киімді, денелі, аксақалды»), «Күз» («Сұр бұлт түсі суық каптайды аспан»), «Жаз» («Жаздыгүн шілде болғанда»), «Жазғытұры» («Жазғытұры калмайды қыстың сызы») секілді бір топка, циклге жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмүн – мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан өр түрлі болып шыққан. Сондай-ақ өлең сөз, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің ка-сиетін бағалайтын, тақыры-бы жағынан бір-біріне жалғас » Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудіңкісісі өл-се, қаралы-ол», «Мен жаз-баймын өленді ермек үшін», «Көңіл құсы қүйқылжыр шар-тарапка», «Өзгеге көңілім то-ярсың», «Адамның кейбір кездері» деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір-бірінен өзгеше сипат алған. Осындай бір-біріне ұқсамай-тын әр өлеңінде ақынның өнерпаздық түлғасы өр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көктұман ал-дыңдағы келер заман», «Са-ғаггың шықывдағы емес ер-мек» деген сияқгы өлендерін оқығанда А. ойшьш акын екен деп тандансак, «Жүрегім, нені сезесің», «Не іздейсің, кө-ңілім, не іздейсің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді» секілді өлендерді оқығанда, А. асқан сыршыл лирик ақын-ау деп тамсанамыз. Ал «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Желсіз түнде жарық ай»,»Жазғытұры қалмайды кыс-тың сызы» сияқты елендерге назар салсак, А-дың өмір қүбылыстарын сөзбен мү-сіндеп, жанды бейнеге айнал-дырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер акын екеніне ден коямыз. «Сабыр-сыз, арсыз, еріншек», «Бөтен едде бар болса», тағы сондай туывдыларға кдрап нағыз сы-қақшыл, өткір мысқылға ше-бер ақын осындай-ақ болар десек, «Мәз болады болысың» атгы өленді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нөзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісівдегі нұскалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал «Сен мені не етесің», «Ем таба алмай», «Қор болды жаным» секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілері екені айқын аңғарылады. А-дың әр өлеңінде оның осындай ақындық түлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешелігі болады десек, олар іштей астасып жаткан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. «Сегіз аяқгы» оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибрагты насихатшылдык, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегінезгеше өрнектеуге шеберлікте әбрі ұштасып келетіні анық көрінеді.
А-дың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, дарадық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясына жашшылдық сипат дарытады. 0л қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңеитті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілінің, қазақты – ауызекі ақындық және өз өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік құралдарын жетілдірді, өлендік өлшемнің интонациялық – ритмикалықбайлығын терең ашып көрсетті. жаңа ырғақгы, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалық мүмкіндіктерін молыктырды. Қазақтын ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырды. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аудара отырып, казақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. А. Лермонтовті шығармасының ішкі әлеоның толкын лебізін,саласын казақ тілінің мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Баржарастық сәнімен қазақты қайтадан туғызады. Олрдың қатарына: Альбом -«Жолға шықтым бір жымырт түнде жалғыз» сияқты өлеңдерін жатқызуға болады. Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., «Ой», «Те-ректің сыйы» сияқты өлеңдер. А. жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегенде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: «Арыстанның жалындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүкгеліп, жүз тол-ғанып», — деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы «айдаһардай бүктеліп» дегенін еркіндікке жаткызсақ та, «арыстанның жалындай» дегені Лермонтовтың басқа бір шығармасындағы: «И Терек, прыгая как львица, С косматой гривой на хребте,»- деп келетін сөздермен үндес екені байқалады. Және жал арыстанда ғана болатынын А. дұрыс ескерген («львица» деп жаңылыс айтылған ғой). А-дың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. А. аудармалары қазақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. А. — мысал өлендердің де шебері. Қазақ халқының солдәуірдеп өмірш шыншьшдықпен суреттеуге, өр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан асқан керкемдік құрал жоқ. А-дың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағына-сындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. А. мысалдарының тағы бір дені ауыз әде-биетінен бастау алып, әлем халыктары әдебиетінде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазьша берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарысқа түскен: «Қарға мен түлкі» ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), «Қүмырска мен шегіртке» (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай. Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүн. жүз. ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушьшарының шығармаларында көрініс тапқанын байкап отырмыз. А. мысалдары Крыловтан аударма емес, ортак сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай «Масғүт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке кұрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың «Вадим» атты көлемді прозалық шығармасын және «Демон» поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы ақынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен «Әзім» поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтьшы байлам жасау киын. Ал «Масғүт» пен «Ескендір» туралы айтсақ, олардың өзге-шелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін қумай, басқа қалыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақ Совет Энциклопедиясы,
Қазақ Энциклопедиясы,
«Абай» «Аманат баспасы 2005 ж.»,
«Абай» «Жазушы 1986 ж.»