«Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың творчествасында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен творчествасына ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу жолында сіңірген қыруар еңбегі өз алдына бір төбе. Ол 1939 жылы өз Л. Соболевпен бірге «Абай» атты трагедиясын 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуымен байланысты «Абай» операсының либреттосын және«Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Алайда жазушының Абай образын кемеліне келтіре суреттеп, сомдап соққан классикалық шығармасы – «Абай жолы» атты төрт томдық эпопея. Қоғам құбылыстарын бойына мол сіңірген. Бұл эпопея елдің рухани үлгісі болған Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында сөз қозғайды. Халық қамқоры, «Қалың елім, қазағым» деген Абайдың адал өсиетті ойлы жандардың көкірегіне ұялап, оларды болашаққа мезгеген.

Абай жайында роман жазу жолында жазушыға кездескен кедергілер мен қиындықтар аз емес. Ең алдымен материал тауып, жинаудың өзі қияметтей қиындық келтірді. Сондықтан да жазушы өз жағдайын қоналқаға кем жетіп, өшіп қалған күл арасынан болар-болмас шоқ тауып, оны өз демімен үрлеп, жылытып, от тұтатқан жүргінші жолаушыдай сезінгені мәлім. Құнанбай, Абай, Бегеш, Жиренше, Оразбай, Базаралы тағы өзгелер туралы көп білетінкөнелер, ақылгөй ақсақалдар халық шежіресі қариялардың айтқандарын жазушы әр кезде жалықпай жазып отырған. М. Әуезов бұл жайды былайша баяндайды: «Жас шағында Абайдың іні-досы Кәкітай, Көкпай, Мұқа сияқты кісілерден естігенім романды шындық мәліметтермен толықтыра түсугекөп себеп болды. Абайдың әкесі Құнанбаймен көп алысқан Жігітек сияқты рулардың қарт-қариясымен көп кездескенім бар. Абайдың өмір бойы досы болып өткен ертегіші Баймағанбетте көп қызық жайларды баян еткен еді».

Бұл шығарма оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Ол совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсер шығарма табу қиын.

Сүйер ұлын болса, сен сүй,

Сүйенерге жара ел – деп Абай атамыз айтқандай, жүректері қалаған ұлдардың атын жұрт өздері-ақ жерге тастамайды. Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Балуан Шолақ, Біржан Сал, Ақан Серінің есімдері соның жарқын мысалы. Құдайға шүкір, мақтан тұтар, үлгі етіп алға ұстар данаға да, батырға да бай елміз. Олардың елі үшін жасап кеткен еңбектеріндаралап атап, туған халқымен қайыра табыстырудан, тегінде, кенде емеспіз.

Солардың бірі – халқымыздың біртуар ардақты азаматы М. Әуезов «Тірлікке терең шомып, ой ұрығын терең көміп іздену керек» деп жазушының өзі айтқандай үздіксіз ізденістер мен кең толғаныстар арқасында ғана адам жанының асылқасиеттері, оның ойы мен сезімінің кінәратсыз шынайылығы барынша анық, нақты күйінде кез-келген шығарманың арқауы бола алады. Осындай сәттерді жете сезінген, терең таныған жазушының өзі де шығармаларында адам жанының шынайлығын, оның ойы мен сезімін табиғи қалпында, таза күйінде бейнелейді. Бұл сабырлы да парасатты, кемеңгер тұлғамыз – Абайдың бейнесін ашуда көрінеді. Жүзінде жылы жымиысы әдемі ізгілікті адамның шытырманы, бел-белесі, қиясы мен өрі, қат-қабаты мол өз жолы хақында жазылған «Абай жолы» романы – жазушының өмір-дәптері. Романның алғашқы кітабында балалық шақтан бастап, азамат болып қалыптасқан Абай бейнесі көрінеді. Бұл уақытта бала ақын өзін қоршаған орта айналасында қайнаған жауыз тіршіліктің куәсі болады. Бала кезден әкесі орнатқан тәртіпке, зорлақ-зомбылыққа жаны түршіге, жиіркене қарайды. Еріксіздігі мен жігерсіздігі есебінен бұл феодалдық – рушылдық салт-санаға қарсы бел шешіп күреспей тек іштей өкініш етеді. Балғын жастың бірден тарихи қайраткер атанып, күреске араласып кетуінде мүмкіндік болмады. Ескі қоғамдық сана, әлеуметтік бітіспес қайшылықтың аяққа тұсау, көңілге бұғау болды.

Абай Қарқаралыға аттанарда анасының: «Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін … «Күндестін күні күндес» дегендей, сен білмей-ақ қой. Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!» деген өсиетін жадында мықтап сақтайды. Әкесіне жау адамдарға деген оның игі құрметін Бөжей асының ойдағыдай өтуіне сіңірген ерең еңбегінен аңғаруға болады. Өмір бойы Абайдың ең алғашқы рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы қатып, қажыған жолы осы еді. «Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың! «Өрісің алда! Бетін дұрыс! Дәл осы бетінен жарылғасын»» – деп қарт Бөжей мен ақсақалдар алақан жайып, ақ батамен тілеулестіктерін білдірді. Бөжейді іштей жақтап, оған іштей тілектес болып жүрген Абай оның әкесінен жапа шегуші деп қана жақтамай, халық ұлы деп құрметтеді. Бұл соқтық басы, шытырманы, бел-белесі мол үлкен өмір жолының бастамасы ғана, сол кездін өзінде оынң көңілінде сан ойлар кезегімен көрініс беріп, әр сөзінің ар жағында қорғасындай зіл батпан ойлар, көңіл толқыны, жан жарасы, қатыгез өмірдің ащы шындығы жатты.

Абайды қоршап, қаладан алып қайтқан серіктері – Байтас пен Жұмабай бірі сері, әнші болса, екіншісі одан өзгеше Құнанбай бағытын ұстаған адам. Абайдың жанындағы жолдастарының мінездері екі түрлі болса, оның келешектегі өмірінің де осындай бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі топтың арасында қалыптасатынын, автор осы екі адам арқылы Абайдың келешекте екі ортамен істес болатынын, оның сүйгені, қалағаны халқы, ақындық болатынын алғашқы беттен-ақ байқатады.

М. Әуезовтың айтуынша, Абайдың рухани кемелденуіне ықпал жасаған арна – үшеу:

«Ұлттық жәнебүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан ақынның шығармашылық ісіне рухани азық болды..Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатын төккен арнаның бірі – халықтың өзі жасаған, ауыздан ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген қазақтың бағзы замандағы халық мәдениеттінің бай мұрасы…,ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна-Шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, үшінші арна-орыс мәдениеті, Еуропа мәдениеті».

«Қары көп қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келеді», — дейді Абай. Халыққа деген сатқындық оның болшағына сенбеуден басталады. Ал Абай сенді. Сондықтан ол орыс өнеріне еліктеді. Семейге жер аударылып келген шын жанашыр достармен жүздесті. Талай кеш жан-жақтын хабарына құлайқтанатын, орыс классиктерінің жазбаша мұраларын сарапқа салатын қилы әңгіме кешіне айналатын. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағындағы, төл әдебиетте, халыққа өнерінде, өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлделиген Зере әжеде, мұншыл жырау – Барласта, шыншыл жыршы – Шөжеде жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде – Михайлов, Павлов секілді орыс достары арқылы қолы жеткен Пушкинде, Лермонтовта жатыр. Абай әдейі қала кітапханасының кітаптары үшін Семейде қысқы айларда ұзақ жатып алатын болып, өз-өзінен ізденіп, қармана бастайды. Ал кейінен орыс тілін жақсы меңгеріп, ғылым әлеміне өз бетімен бағыт алған абай озық ойлы Шығыс дүниетанымын Батыстың өркеңдеген жаңа жетістіктерімен сабақтастыра отырып тапты.

Қырықтан асып, өмірдің ащы шындығымен бетпе-бет келген уақытта, жаттан да, жақыннан да көңіл қалды. Өмірдің баянсыздығын алауыз ағайынның барын күңшілдік пен сатқындықтың жалған дос, жалған туыс, жалған би, жалған жанашырдың барын көзбен көрген кезде өлең сөздің патшасы, әулие Абай жаңаша кейіпте, бар болмысымен, бар құдіретімен танылады. Оның сана-сезімі – заңғар сәулелі болшаққа бет алған алып құбылыс. Халқына жаны ашыды оның. Таным жолмен іздеді ол. Сонда аталас қандас ағайынның тарапынан «бұзылып кетті», «енді бәрімізді бұзады» деу – неткен бейшаралық. Өткеннің бәріне бір-бірін кінәлап, ретін түссе, бір-біріне өш алуға тырысатын, ауыздары асқа тисе байлықты көтере алмай, тақымдары таққа тисе билікті көтере алмай, бас-басына би болып өз, ағайының сан-саққа, жан-жаққа бөлген адамдар дәл Абайдың айналасына ш бөріше топтанған өз ағайыны болып шықты ғой. Майталман реткер Құнанбай маңындағы бар адам арқылы солар өмір сүрген заман кесінін де зегерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер дәуіріндегі қазақ қоғамының «Алтыбақан алауыздығын» да ұтымды аңғартқан. Абай бастаған жаңаның ата-дұшпандары қатарында Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басында, әр ауылдың ақсақал – қара сақалдары – Бөжей, Байдалы, Сүйіндік, Байсалдар бар, өз іргесіндегі майбасар, ызғұтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Әзімбай, Шұбар, Оразбайлар бар. Олар өзара бақталастар, бәсекелестер Қарахан басының қолына келгенде олар бірін-бірі аямайды, бірге бере талап тастап, бөліне бере тұтып жеп жүргендер. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірін аяғына бірі жығып, орға шалып, көрге көміп жатқан Құнанбайлар, әрине өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді.

«Күздің қысқарған күні кешкіре бастаған кезде алыстағы Шыңғыстың ұзақ, ирек жоталарына қалың қара бұлт қона берді.Сол сұрапыл көшкіннің суық тынысын – дай шапшаң басшысындай боп қатты жел соға жөнелді. Ымырт бүгін әп-сәтте жетті де, түн қанаңғылығы тез төнді, енді бұлт бейнесі аспан әлемі адам көзіне көрінбейді. Бірақ жел дауылға айналып ах өкіріп тұр». Осы суретте, осы көрініс «өктеп, өрлеп, бүктеле жайылып алысы, шарпысы дауылға айналып келе жатқан бүкіл езілген халықтың қаһарын, үстем тапқа қарсы халық кегінің «өктеп қатайған» дауыл желін елестеткендей». Қазақ қоғамындағы әлеууметтік теңсіздіктер мен күрес тақырыбы соңғы кітаптардың күллі мазмұнын кеулеп,сюжеттік арқауына айналды.Жаңа мен күрес сәулесі Дәркенбайлар мен Базаралылар үстіне түссе, Әбендер мен Әбділер, Сейілдер мен Сейіттердің де маңын нұрландырады.Алғаш рет Құнанбай кезелген ішті мылтықтың шүріппесі Дәркенбай қолымен басылғалы жатқанда, бұл пиғылдан оны Бөже арашалайды.Енді бірде, қажылыққа жүргелі жатқан Құнанбайға қалың жұрттың көз алдында Қодардан тігерге қалған жалғыз тұяқ Дәрменді ертіп келіп, бала қарызын талап етеді. Осылардың барлығы Дәркенбайдың тіршіліктен көрген тұрмыс тепкісі қанша ауыр болғанымен, қатыгез тағдыр талқысына көнбей қасарып, өле-өлгенше қайратын кекке қайрап өр де ер, тапанды күрескер екнін көрсетеді.Ал Базаралының үстемдерімен сілкісу, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш сынасуы тіпті оқшау, бұл маңда болып көрмеген жаңа үлгідегі жойқын әрекеті.Ол жуандар зорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден қол қурап, тиюсыз да жиюсыз кеткен Тәкежанның бір үйір жылқысын қуып алып, қырып салады. Бай ауылдардың түндіктері желпілдеп, болыс билердің бойлары қалтырағандай болады. Теңсіздік тепкісіндегі қалың бұқараның күреске көз ашылып, өзін-өзі, өз күшін өзі тын сипатта жанаша түрде тани бастады

Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты әйел кейіпкерлері бар. Романның бұларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Әйел-ана ма, жұбай ма, бойжеткен ба, әйтеуір қиянаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын іс-әрекетін, сыр-сезімін қимыл-қылығын дәл, терең нәзік суреттеуге келгенде шебер алдына жан салмайды. Сонда әр кейіпкер – тип. Сонда ар-ожданы тап-таза иманнам құйылғандай мейірімділікке толы Зере әжелер үлгісі, салқын қанды, сабырлы ақыл иесі Ұлжан аналардың үлгісі, «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сырымен назын Абайға ғана құпия баян ететін, «Ақ еті атқан таңдай» ару Тоғжан – алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының белгісі. Алайда олардың тәуелділік қақпанына құрсалуы бәрінен де қым-қиғаш. Қыршын жас көз ұшінда сағымдай ойнаған арманына ілесе алмай, қынжылуда өтетін. Осылайша «махаббат іздеп шарқ ұрған» тап-таза, мөп-мөлдір, уыздай-ақ сезімге толы қыз жүрегінің лүпілі өз демін басатын.

Абай! Бұл – эпопеяның жаны мен жүрегі. Абай бейнесі Әуезов қиялында, оның қалам ұстаған, күнінен бастап өрбіген. Әуезовтың өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені қағаз бетіне түсірмей тек іштей пісіре берген.

1939 жылы жарық көрген «Абай» трагедиясына дейін-ақ Әуезов абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазылған «»Татьянаның қырдағы әні» атты үзінді романның тарауы ретінде жоспарлаған болатын. Алғашқыда автор романға «Телғара» деген ат бермекші болды. Жұмыс барысында романның шеңбері кеңейтіле түседі. Әуезов романның бірінші кітабын 1942 жылы, екінші кітабын 1947 жылы жазып бітірді. 1949 жылы бұл романған социалистік реализм әдебиетінің кесек, құнды шығармаларының бірі ретінде бірініш дәрежелі мемлекеттік силығы беріледі. 1959 жылы төрт т омдық эпопея жарық көргеннен кейін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанады.

Өзінің терең идеялы, көркем шығармасымен Әуезов хкалқымыздың әдеби тілін байыта беру жолында талмай еңбек етіп келді.

Әуезовтың творчествалық өмірі – халыққа, отанға қызмет етудің айқын үлгісі болды.Ол өзінің ортасында қалдырған көп томдық мұрасы арқылы қазақ жазушыларының бір емес әлденеше буынына шеберлік шынындай жөн сілтейтін, шың мәнінде ұстаздық қақына ие болған аса көрнекті жазушысы.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М., Абай жолы романы, 3 том, -Алматы: Жазушы, 2002
  2. Бітібаева Қ., Әдебиетті оқыту әдістемесі, -Алматы: Рауан, 1997
  3. Омаров Д., Абайтану, Алматы: Мектеп, 2002
  4. Тасболатұлы Қ., Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдіснамалық негізі, -Тараз: 1999