Мектептегі музыкалық іс-шараларды өткізу барысында музыка мұғалімінің хор өнері мен орындаушылықты насихаттауы

Хор жанры халық арасына кең таралып, жыл сайын қанат жайып, дамып келеді. Хор — әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан ұжым.

Хор ұжымын құру, оның жұмысын бір жүйеге келтіру хор жетекшілеріне жүктеледі. Мұндай ұжымға мектеп оқушыларының хоры, музыка мектептерінің хорлары, музыкалық оқу орындардың хорлары, опера театрының хорлары, капеллалар және кәсіптік ән-би ансамбльдері жатады. Концерттерде, мерекелік іс-шараларда музыкалық шығармалар хор жетекшісінің, яғни дирижердың басқаруымен орындалады. Хордағы әр түрлі дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуы хорды ұйымдастырудың негізгі принциптері болып саналады.

«… Мектептің жаны – мұғaлiм. Mұғaлiм кандай болса, һәм мектебі сондай болмақшы. Яғни білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» — деп ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғaлiм еңбегіне болашақ ұрпақтың білім алу сапасы тәуелді.

Музыка мұғалімі, ең алдымен, керемет музыкант болуы шарт. Егер ол музыкалық аспапты еркін меңгеру, даусы, есту қабілетінің нәзіктігі нотаға қарап бірден ойнау және импровизациялық қабілеттілігі жоғары болса, бұл оның қызметтегі шығармашылығының жеңісі болып табылады. Белгілі педагог Д. Б. Кабалевский музыка мұғалімі бойындағы біліктіліктің ең маңыздысы аспапты меңгеруінде деп атап айтқан болатын. Таспаға жазылған шығармаларды тыңдаудан гөpi көз алдында аспапта ойнап көрсетудің құндылығында шек жоқ. Ойнап көрсету тыңдаушыға эмоциялық орта жасайды. Мұғалім өзi орындау барысында кез келген жерде тоқтап, түсіндіріп, кейбір эпизодтарды қайталап немесе жеке тактіні ойнап, сонымен қатар бастапқы шығармаға қайта орала алады. Өзін сүйемелдеп ән салатын оқытушы барлық, оқушысына қадірлі және ойнай отырып ән салу қызықты.

Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемдікке деген нәзік сезімі қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт. Оның өзге де міндеттері де аз емес. Біздің айтайын дегеніміз, музыка мұғаліміне жүктелетін оқу-тәрбие сінің маңыздылығы еді.

Хор дегеніміз — өзіндік вокалды-техникалық дауыстың ерекшеліктері бар, шығарманың мазмұндық ерекшелігін жеткізе алатын әншілерден ұйымдастырылған ұжым.

Әртүрлі құрылымдағы хор ұжымдарының ішінде ерекше орын алатыны ол балалар хоры болып есептеледі

Хор ұжымында — балаларды жасына қарап біріктіреді. Бастауыш (1, 2, 3,4), орта буын (5-8), жоғарғы сыныптар (9-11) оқушыларының біріккен хоры, сондай-ақ, біріккен ұлдар хоры. Балалар хоры мектепте төменгі ортаңғы, жоғарғы сыныптардан әртүрлі жастағы балалардың бip немесе екі, үш, төрт дауыстарды құрамына кіргізеді т.б.

Мектепте хор ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Алдымен, хор үйірмелеріне өз еркімен келушілер қабылданады. Музыка сабағының мұғалімі хорға әнді жақсы айтатын балаларды тартумен қатар, өз еркімен келушілерге де көмектесуі керек. Тәжірибеде көріп жүргендей, хор жетекшісі әpбip дені сау баланың музыкалық қабілетін дамыта келіп, оның қызығушылығымен талғамын арттыруға міндетті. Хор ұжымына қатысамын дейтін баланы мұғалім алдымен аспаптың көмегінсіз айтқызып көру арқылы тексереді. Аспаптың көмегінсіз айту — бала даусының және музыкалық қабілетінің қандай деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірнеше түрлі музыкалық ырғақтарды қайталау, оқытушының көрсеткен әуенін бірден қайталап беру -баланың барлық музыкалық есту түсініктерінің қандай деңгейде екенін байқатады. Төменгі сынып оқушылары ұялшақ болады. Сондықтан оларды тексеруді топпен немесе жеке-жеке айтқызған дұрыс. Әдетте, хорға 40-50 бала немесе оданда көп бала алынады. Хор ұжымы аптасына 2 рет, 1-1,5 сағаттай жүргізіледі. Әрбip хор сабағын тиянақты жоспарлап, қызықты өткізуге мұғалім ерекше назар аударуы тиіс.

Құрамы қандай да болса хордың, негізгі принципі ұйымдастыруымен алға қойған мақсатының негізі бар. Олардың тапсырмасы, музыкалық көркемдеу тәрбиесімен яғни жасөспірімдердің сана-сезіміне әсер ету. Хордағы ән айту өнердің көпшілік тәрбиесіндегі балалардың ашық ceзiмін ояту. Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік санасын өcipy. Ұжымдыққа, жолдастыққа, еңбекқорлыққа, шығармашылыққа жан-жақты қабілеттерін ояту. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда хормен ән айтудың маңызы орасан зор. Хор өнерінде ән мен сөздің бірігуіндегі ерекшелік үлкен орын алады. Поэзияның, музыкамен жұптасуы, адамның, мінез-құлқының көркемдік дамуына, ойлануына әсер етеді. Хор шығармасын игерудегі қиындықтарды еңбекқорлыққа ұластырып көркем орындаудағы техникалық шеберлікті тәрбиелеп, өзнің жеке қызығушылықтарын оятады. Осы тапсырмалар тек қана ұжымды түрдегі хорда, оқу тәрбиелік бiлiм жұмысында мақсатты түрдегі хор ұжымымен жүргізіледі.

Әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншіні өнерге баулу үшін музыка мұғалімі балалар даусының даму ерекшелігін соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп әpi қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Балалар дауысын тәрбиелеуге қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Балалар дауысын тәрбиелеуге қойлатын талаптар олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып icкe асырылады, тек сол себепті бала үнінің сыңғырлаған таза, ашық, өзіне тән дауыс бояуы сақталады.

Репертуар — ең басты өзекті де, маңызды мәселе, шығармашылық ұжмының бет әлпеті және өзін таныстырып көрсету. Хорды естімей жатып, оның репетуарын көpiп-ақ шығармашылық ұжымды білуге болады. Өте ойланып алынған жоғары көркемдік репертуар, жеке және бүтіндей шығгармашылық ұжымның өмipiмeн байланысты. Ал ойланбай әшейін алынған репертуар ұжымның тарқап кетуіне әкеледі.Сондықтан хор жүргізушіге хор саясатымен ойланып қарау керек. Репертуар толық қанды музыканың дамуын өсipeдi, сонымен қатар оқушы баланың талғамын өсіруде өзіндік көзқарасын, шынайы сезімін алып, Отанға, халыққа деген жауапкершшікті сезініп ұжымдыққа, жолдастыққа тәрбилейді. Хор жетекшісі репетуарға көркемдік құндылығы мол, тәрбиелік мәні жоғары халық әндерін халық композиторларының шығамаларын eндipyi тиіс. Бала дауысының дұрыс қалыптасуына хор жаттығуларының жүйелі қолданылуы өте үлкен әсер етеді. Ал әртүрлі жаттығуларды орынды қолдана білу, баланың дауыс аппараттарын жетілдіреді және жұмыс icтeyгe деген белсенділігін арттырады. Ән айту дағдысын қалыптастырады.

А. В. Свешниковтың айтуы бойынша «Хорда ән айту халықтың, қоғамдық мүмкіндік музыкалық білімді өмірмен бipгe еш қиындықсыз әсемдеп, байытады». Бұл хор өнepi жайлы дәл айтылған сөз. Хор өнерін тек қана әртүрлі, әр салада жоғары көркемдік репертуардағы шығармалардың, патриотттык, ойнакы, лирикалык, әзіл-қалжыңды, жәй және тез шығармалар құрайды. Осындай шығармалар баланың мінез-құлқын байытып, жан дүинесін аша түседі. Халықтың шығармашылық музыка бiлiмнiң, жерден аз шығатын бұлаққа ұқсап өcyiнe көмектеседі. Классикалық шығарма — мазмұнының тереңдігімен, әртурлі қатаңдық формаларымен, жаңа шығармалар музыка өнернің ізденісімен, жылдам екпінімен көңіл білдіреді. Репертуар таңдауда, топтардың физиологиялық мінез-құлқына, фундаментіне қарау керек. Балалардың қабілетін білу хор жүргізушінің басты міндеті.

Tөмeнгi сынып оқушыларының дауыс диапозоны (1-2 сынып) ре I — си I аралығында болғандқытан, үйретілетін әндердің осы дыбыс көлемінен аспауын қадағалаған жөн. Тесситурасы өте жоғары немесе төмен әндер бала дауысының табиғи әдемілігін жоғалтып, айкайлап айтуына, я болмаса тақпақтап айтуына әкеп соғады. Бұл әрине бала дауысына елеулі зиян тигізеді. Осындай жағдайлардан бірте-бірте дауыс шымылдығына зақым келіп, түрлі тамақ ауруларына ұшырауы мүмкін.

Үшінші сынып оқушылыларының дауыс диапазоны до1 — ре 2 дыбыс аралығында болады, әрине бұл шектеулерді бiз жорамал түрде бepiп отырмыз. Сондықтан ән үйреткенде осы көлемде қалып қою керек деп ұқпау қажет. Әр баланың дауыс диапазоны да әртүрлі болады. Мұғалім репертуар таңдағанда сол бeлгiлi бip сыныптың жұмыс диапазоны көлемінде таңдайды. Қалай болғанда да баланың дауысына елеулі салмақ түсіретін шеткі дыбыстардан сақ болған жөн.

Дыбыс шығару күшіне келер болсақ, ол mf (меццофорте) аспау керек.4 сынып балаларының дауысынан бұл кездері жоғарғы немесе төменгі дауыс нышандарын байқауға болады. Дауыс толыға, әрлене қоюлана түседі. 5 сынып балаларында әдетте дауыс көлемі до 1-ми 2 — фа 2 дыбыс аралықтарын қамтиды. Бұл кезде балалар дауысын олардың дамуымен тембрі жағын ескере отырып, екі дауысқа бөлуге болады. Біpiншi дауыстағылар сопрано, екінші дауыстағылар — альт (ұл болсын, қыз болсын), ал жоғарғы дауысты ұл балалар дауысы — дискант деп аталады.

Бала өскен сайын оның, барлық дене бітмімен қоса даусы да өзгepiп отырады. Әcipece, дауыс жыныс мушелерінің жетілуіне байланысты қатты өзгереді. (әcipece ұл балаларда) бұл кезеңді мамандар «мутация» кезеңі деп атайды. Мутация ұл балаларға қарағанда қыз балаларда жеіл өтеді. Өйткені, аталған кезеңде қыздардың көмейі үштен бip, ал ер балалардың көмейі екі есе үлкейеді. Әрине, осыған байланысты дауыс шымылдығы да ұзарады. Дауыс шығарушы аппараттың жұмысы бұл кезде бұрауы келмеген домбыра сияқты болады. Ұлдардың дауысы сөйлегенде, әcipece ән айтқанда тамақ ауруына ұшыраған балалардың даусы сияқты қырылдап, сырылдап шығатын болады, кенеттен бip октавадан екінші октаваға ауысып кетеді, тез шаршағыш болады. Мұғалім балаға бұл жағдайдың физиологиялық сипатын, ең нeгiзгici уакытша екендігін түсіндіруі тиіс. Мутация кезеңі әдетте 1,5 -2 жылға созылады. Бұл кезде дауысқа салмақ түсіретін әндерді айтпау керек, жалпы қатты айқайлап және ұзақ айтуға болмайды. Мутамция аяқталған кезде 25-30 жыл шамасында өзгеріссіз қамлатын әкімнің өзіне тең даусы пайда болады.

Баланың мүмкіндігін, диапазонын, жүктемесін, тыныс алу аппаратын, техникалық мүмкіндігін үнемі естен шығармау керек, шығарма таңдаған кезде хор жүргізуші хор дайындықтарын үнемі қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Хормейстр дайындықта жеке принциптерді ашу үшін шығармашылық атмосфера орнатуы тиіс. Әрбір сабақ қызықты эмоциялық шыңдва өткіузілуі керек, бір то п ұжымның орындаушылық қабілетін туғызса, екінші топ олардан үнемі алдында болуы керек, үшінші топ жеңіл орындаушылық қажеттілік туғызуы керек. Сонда балалар өздігінен жұмыс істекге қызығады. Балалар өздігінен әрбір фяразаны, шумақты бір тыныста айтып үйренуі керек , ән айту қабілетін дамытуы қажет, сондықтан шығарма тыңдаған кезде оларға ұнайтын қызығушылық тудыратын шығарманы алған жөн. Хор жүргізуші тәртіп орнатып жәнеде шығарма атмосфера орнатып, көңілді, қалжың араластырып, бала шаршағанда дер кезінде тоқтата білу керек. Шығарманы тычңдаған кезде композитор жайында толық мәлімет берілуі тиіс, содан кейін шығарманы талдап бірінші нотасын атап айтып, кейін сөзімен шумақ-шу маққа бөліп тыныс алу белгілерін қадағалап айтып үйренуі қажет.

Хордың сандық құрамы орта және жоғарғы сынып оқушыларына 30-40, 100-120, ал төменгі сыныпта 20-30 дан 60-70 адамға дейін болу керек. Хор аптасына кемінде екі рет төменгі сыныптарда, екі-үш реттен академиялық сағаттан тұру керек. Екі сағаттық дайындық кезінде ортасында үзіліс жасап тұру керек.

Хормен жұмыс жасауда гигиенаға көңіл бөлу үлкен үлес қосады. Дайындық үлкен ашық залдарда өткізілуі керек. Қосымша сабақтар үшін тағы да бip-eкi бөлмелер болу керек, аспаптар жақсы келтірілуі тиіс. Орындықтар жеткілікті болуы, нота қоятын жері, шкафтар, муыкалық техникалық құралдар және т.б. оқу құралдары болу керек. Стенттер мен композигорлардың cypeттеpi және хорға қажет материалдармен жабдықталуы керек.

Хормен жұмыс жасаудың тағы бip маңызды жағы оқушылардың орналасуы, оларды жарты шеңбер бойымен жетекшіні коретіндей қылып отырғазуы керек. Концертте, дайындық кезінде қасына отырған баланың қасына тұрғандығы дұрыс. Төменгі сынып оқушыларында бip дауыс сол жақта, екінші дауыс оң жақта, жоғарғы сыныпта партиялардың отырысы мен әншілері әртүрлі болуы мүмкін. Kөбiнe дамыған отырыстың варианттары мынадай болады. Ортада I сопрано, I альт, ал жан-жағына II сопрано, II алы тағы бip өзгеше вариант біртіндеп дауыстардан оңға coлғa қарай үлкейтіп отырады.

Барлық варианттарда жүргізуші партияларды жақсы, нашар балалармен аралас отырғызған дұрыс. Екі партияның шекаралас құрамында өте ептілері тұрған жөн. Көп уақытта хор отырып айтады, ал кейбіp шығармаларды, оның бөлімдерін тұрып, концертке қалыптастырып айтады. Жетекші әр уақытта ортада, ал аспап оң немесе сол жақта орналасады. Егерде хорда көмекші хормейстер болмаған жағдайда концертмейстер вокалды-хор жұмысын білуі керек. Хормен жұмыс icтеу үшін өте қатаң тәртіп болу керек, әcipece оқушылар қатысуды үзбеуi тиіс. Әрине балалардың өзінің қызығушылығы болған жағдайда оңай түседі.

Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнегеге бейімдеп өркендете аламыз. Қайсы музыка өнерін алып қарасақ та, үлкенді құрметтеуге, әдемілікті сүюге, адамгершілікке, парасаттылыққа, ізгілікке, кішіпейілділікке, батырлыққа, ерлікке, жігерлі болуға, қуанышқа қуанып, қайғыға мұңайа білуге, ең бастысы рухани байлықты кеңейтуге мәдениеттілікке тәрбиелейді.

Резюме

Тема раскрывает содержание организации музыкального хора. Детский хор в школе имеет большую воспитательную роль. На современном этом роль учителя хора имеет особое значение, т.к. он является организатором и художественным воспитателем, который прививает не только чувство понимания музыки, но и воспитывает детей быть организованными, любить и понимать музыку, огромную роль в котором играет учитель музыки, задача которого быть компетентным в своем деле.

Summary

The theme is revealed the of the organization of musical choir children`s choir at school possess the high educational role. At the present stage the role of the teacher of chorus is important, such as he is the organizer, and the artistic mentor, which instills not only feelings understanding of music, but also educates children to be organized, love and understand music, a huge role in which plays music teacher whose tork is to be competent to his job.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. К.Әсембекова.Хорға арналған шығармалардың кейбір еаекшіліктері.-А., «Жалын» , 1979.
  2. К.Әбуова «Хор жүргізу» Алматы 1993.

3.Б.З.Аитова. «Хор және дирижерлау пәніне арналған оқу құралы».