ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік, сауда-ақша қатынастарыныңқалыптасуы.
ХІХ ғ.Екінші жартысындаҚазақстанныңэкономикасы айтарлықтай өзгерістергеұшырады.Бұлкезеңдегі Ресейдегікапитализмніңдамуы қазақтардың орасан зортерриториясын қамтыдыжәнетауар – ақша қатынастарының жеделөсуінеәрікапиталистіктәртіптіьң пайдаболуына ықпал етті.
ХІХғ.ІІжартыстында Қазақстанғареселік капитал белсене ене бастады.Оны салудыңнегізгі саласы,өлкемізасабайпатйдалықазбаларынөндірумен өңдеусаласы, сондай-ақауыл шаруашылық шикьізатын өңдейтінөнеркәсіппенсаудасаласы болды.Мысалы, тұз кәсіпшіліген капиталистік сиьпаттағы өндірітстің барлық белгілерітәнболды.
ХІХғ. соңында банк капиталы ене бастады және Қазақстан территориясында несие торабы пайда болды. Катпалистік несие де дами бастады. XIX ғ. соңына таман — XX ғ. басында Қазақстан территориясында қарапайым банк операцияларын жүзеге асыратын қазынақорларын сондай-ақ 345 несиелік және сауда сақтау серіктестіктерін есептемегенде 44 банк мекемесі жұмыс істеді. XIX ғ. соңында Қазақстантерриториясындағы негізгі банк Орал, Қызылжар (Петропавл), Семей, Омбь және т.б. қалаларда бөлімшелері бар мемлекетік банктер болды. Несиелік мекемелердің орталығы Ақмола облысында болды. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сауда банкісінің 7 филиалы болды, екінші орында 5 бөлімшесі бар орыс сауда-өнеркәсіптік банкі болды.
Несиелер құны бойынша, бірінші орында мал мен ет саудасы, екіншіде-нан, үшінішде — «аралас» тауар саудасынан тұрды.
Капиталистік қатынастардың дамуы сауданың дамуына да елеулі әсер етті. Ресей капиталы өлкенің ең алыс түкпірлеріне де еніп, жергілікті мал шаруашылығын Ресейдің, Орта Азияның Батыс Еуропаның нарықтары мен одан да тығызырақ байланыстыра түсті. Сауданың негізгі объектісі мал болып қала берді. Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен жыл сайын Ресейге 60000 бас ірі қара және 200000-дайқой басы әкетілген. Астық саудасының ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды, мұңда астық Қостанай, Ақтөбе, Орал, Түркістан уездерінен әкелінді. Астықтың бір бөлігі Ферғана, Ташкент, Бұқараға жөнелтілді.
ХІХғ. екінші жартысында Қазақстанда жәрмеңкелік сауда тарала батады. Ірі жәрмеңкелер Ақмола облысында — Тайыншыкөл, Константиновская, Петровская, Қоянды, Семей облысында — Шар, Жетісуда —
Қарқаралы, Сырдария обльсында — Алматы, Орал облысында — Ойыл, Темір жәрмеңкелері жұмыс істеді. Бұлар айналымы 1 млн. рубль және одан да көбірек жұмьс құрған неғұрлым ірі жәрменкелер болды. Көбінесе сауда тең емес болатын, мысалы, жарты пұт шай мен бір пұт қантқа қой, құны 15 — тиыннан аспайтын ұстараға — қой, самаурын — 20-25 қойға айьрбасталатын. Қазақстанның Орта Азиямен,Монғолиямен,Қытаймен саудазормаңызы болды.
Астықты сатудың және оны шекаралас аудандарға шығарудың табыстылығынназарға алған жергілікті капиталистер өздерінің қаражатын, ХХғ. басында капиталдың анағұрлым шоғырлануына қол жеткізген ұн тарту кәсіпшілігінесалды.
XIXғасырдағы Қазақстанныңәдебиеті мен өнері.
Мәдениет әлеуметтік болмыстың тумасы, бұл тек қана материалдық өндірістің нәтажесі ғана емес, сонымен қатар адамзат рухының жемісі. Қазақтардың синкреттік мәдениеті XIX ғ. ортасына дейін терең дәстүрлі болып келді. Оның бұзылуы күшті көршілердің баса-көктеп енуініңартынша шруашылықтың құлдьрауына, көшпелітіктің одан әрі экономикалық тиімсіздігіне әкелген саяси дағдарыстардың салдары еді (мәдениеттің дамуы идеалдың жоюынынан баяулады). «XIX ғасырда тек отырықшы халықтар ғана прогресшіл өркениет жасады, ал Орталық Азияда не варварлық я болмасын жабайылық үстем болды-мыс деген қағиданы мұраға қалдырды, -деп жазды Л.Н. Гумилев. Ресей XIX ғ. 70-ші жылдарына дейін тек өзінің Орта Азиядағы жағдайын нығайтуды ғана көздеді және империя халықтарының кез-келген өзара әрекетіне жол бермеді. Солай бола тұра, XIX ғасырда көшпелілер өмірінің буырқанған ағысы тоқтап қалғандай болды, ол бейбіт өмірдің мөлшерлі мазасыз күймен ауысты және ұлы суреткерлерге өмірді, байсалды тереңдей түсіп, ой елегінен өткізулеріне мүмкіндік берді.
Халық поэзиясының жанрларындағы кейбір өзгерістер жайлы Ш.Уәлиханов: «Жырдың формасы, қобыздың өзі тәрізді, тек бақсылардың игілігі болып қана қалды. Тек солар ғана жындарды буу кезінде қолдана отырып өлеңнін осы формасын әлі сақтап отыр,-деп жазды. Сөзсіз, жырды туғызған орта өткен уақытқа қалды. Қазақ даласын әскери бекініс шептерімен қоршау, өсімқорлық және капиталистік қанау, бірқатар ірі көтерілістер, орталықтан шаруалардың жаппай қоныс аударуы және осыған байланысты шаруашылықтағы терең дағдарыс, көшпелі қазақ ауылының моральдық-адамгерішілік жағдайы поэзияда «Зар-Заман» деген атпен белгілі пессимистік бағьпты туғызды.
Әдебиеттегі бұл бағыттың басташысы ақын Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) болды. Өзінің шығармаларында ол «Зар Замнды» Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейінгі қазақ тарихының кезеңін қайғылы дәуір деп атайды. Шортанбай қазақ қоғамындағы, далада сауда-ақша қатынастарының дамуы нәтижесінде пайда болған жаңа әлеуметтік топ — байларды сынайды, жыл бойы жинаған ақшасын салық төлеуге беретін кедей-жатақтардың ауыр өмірін ашына бейнелейді. Адамгершіліктің бұзылғанын, екі жүзділікті, адамдардың дөрекілігін айтып дабыл қақты. Ақын Қазақстандағы егіншіліктің дамуына теріс көзбен қарады. Оны дәстүрлі әлеуметтік қатынастармен көшпелімалшаруашылығыныңкүйреуімен қазақ қоғамыныңморальдық-адамгершіліктік жағында да дағдарыс туады деп есептеді. Шортанбай -пессимист ақын. Ол осындай жағдайдан шығу жолын көре алмады, адамдарды діннен қорғанып табуға жөне діни ғұрыптарды сақтауға шақырды.
Шортанбайдың поэзиясымен Дулат Бабатайұлының да (1802-1874) шығармалары үндес. Өзінің адамгершілікті уағыздайтын өлеңдері «Өсиетнамада» ол қазақ халқының өткен өмірін жырлайды. Өзі замандас дәуірді ол жалпы моральдық азғындық кезеңі деп атайды. Дулат орыстарды қазақ жеріне өткізіп алған, ХУІІІғ. хандардың әрекетін кінәлайды, қазақтардың болашағын өтекөмескі түрде көреді. Жергілікті өкімет өкілдерін, отаршыл әкімшіліктің қарақшылық сипатын әшкерелей отыра, Дулат өз шығармаларында патша әкімшілігіне қызмет ететін қазақтарды сөгеді. Ол дәстүрлі өмір салтын жақтайды. Қазақстанның Ресейге қосылуын Дулат қазақ халқының үлкен бақытсыздығы деп бағалайды. Ол жаппай күйзелісті және қазақтардың халық ретінде жойылып кететіндігін болжаған.
ХІХғ.қазақ әдебиетінде Шығыстың классикалық әдебиетінің тақырыптары мен сюжеттері кеңінен көрініс тапты ХІХғ. кітаби ақындар, өздері шығыс тілдерінен, әдебиеті мен тарихынан сусындаған Бұқара, Ташкент, Самарқандтағы медреселерде білім алды. XIX ғ. соңында «қисса», «хикаят», «дастандар» өте кең тарады. Бұл бағытта Ақылбек Ибн Сабал (60 қиссаның авторы), Шады төре Жәнгіров, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және т.б.жемісті еңбек етті.
ХІХғ. Қазақстандағы саз өнері — қазақ халқының рухани мәдениетінің алтын қоры. Бұл көшпенділердің мыңдаған жылдар бойы жинаған барлық тамашасының шын мәніндегі мұрасы. Сөз өнерінде қазақ халқының бүкіл творчестаолық таланты мен рухани күш-қуаты шоғырланған. Шынында да бұл кезең халқымыздың мәдени өмір тарихыңдағы ғажайып кезен болды. Бұл кезде көрнекті сазгер, әнші, күйшілер өмір сүрді, жасады.
Абай Құнанбаев және оныңҚазақстанның
мәдеииетіндегі алатын орны.
Абай Құнанбаев (1845-1904) Семей облысындағыШыңғыс тауларында дүниеге келді. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының көсемі болған. Бастапқыда үйінде молдадан білім алған Абайды Семейлік имам Ахмет-Ризаның медресесіне жібереді. Алайда, әкесі Абайға қаладағы оқуын аяқтатпай, ауылға қайтарып алып, біртіндеп ру басының сот және әкімішлік істеріне даярлай бастады. Абай, өткір қызыл тіл, ұшқыр ой және тапқырлықты қару етіп ұстайтын сөз жарыстардың тәсілдерін меңгере бастайды. Сотқа жүгінуішгік қазақтардың ғасырлар бойғы өмір сүріп келе жатқан әдеттігі заңының негізіңде жүргізілді. Рулық қырқыстардың ісіне араласқан Абай, қазақтардың қоғамдық өмірінің аса күрделі механизміне үңіле түседі. Мұнымен бір мезгілде ол отаршыл Ресей тәртіптерін зерттеп, еуропалық құндылықтарды санасына сіңіре бастады. Ол қазақтардың дәстүрлерінің аықырының болмай қоймайтындығын және буржуазиялық капиталистік бастамалардың енуімен байланысты неғұрлым прогресшіл дәстүрге көшу мүмкін еместігі туралы ойға келеді.
1886 жылы, 40 жастан аса бере, Абай тамаша «Жаз» деген өлеңін жазды, өмірінің қалған 20 жылы жасампаз шығармашылықпен, ақындық қызметімен өтті.
Абай өлеңдер, прозадағы өсиет-қара сөздерін, «Ескендір», «Масғұт». «Өзім туралы аңыз» поэмаларын жазды.
Абай өмірдің жаңа қағидасын ұстанатын еді, өзін туғызған ортадан бірнеше жоғары тұрды. Ағартушы адамзат қоғамын игі, саналы, прогрессивті дами түскен түрде көргісі келді. Адамды «сана, ғылым, ерік-жігер» көтерегін, прогрессивті дамитын қоғамға ұмтылушылық Абайдың бүкіл шығармашыльғының басты бағыттарының бірі болды. Оның ойынша, адамның мінезі қиындықтармен күресінде, осы қиындықтарды жеңуінде ғана.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының және ХІХғ. 2-жартысындағы өзінің күшеюінің нәтижесінде халық бұқарасының жағдайы күрт нашарлап, қазақ шаруалары күйзеліске түсті. Қазақ кедейлерінің осы бөлігіне қамқорлық ойлай, Абай оларды жалпы еңбектің формасы ретіндегі жалдамалы еңбекті жатсынбауға шақырып, өмір сүру жолын нұсқады.
Абай руаралық қырқыстарға қарсы тұрды. Даңққұмар, мансапқор басқармаларды, қу билерді, қоғамның билеуші топтарынын құлқын сынады. Ол оның «Мыңмен жалғыз алыстым», «Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңменжалғызалыстымкінақойма» деген ойларынан көрінеді. «Қалың елім қазағымқайран жұртым» деген өлеңінде жаны жаралы ақын, даладағы бірліктің, тәртіптің жоқтығына, ымырасыздыққа налиды, «ақша менен билік үшін жаулық» жайлыкүңіренеді.
Абай жастарға үлкен үміт артты, ол «жүрегі-айна, көңілі-ояу» дегендерге үндеу салды. Халықты ағарту тақырыбы Абайдың шығармашылығында орасан зор әлеуметтік мәнге ие болды. Білімін таратудан адамдарды әлеуметтік зұлымдықтанқұтқаруқұралынкөрді.
Абай халық бұқарасының творчестволық күшіне қатты сенді және өз заманындағы қоғамдық өмірдің жағдайында халық бүқарасы өз еңбегінің жемісін толық пайдалана алатын мүмкіндіктің жоқтығын да түсінді.
Бүкілхалықтық игілік туралы аңсай тұра, Абай ағартушылар деңгейінде қалды, қоғамды өзгерту туралы мәселе туындаған кезде, бірінші кезекте ағартушылық пен ғылымдағы реформалар осы жұртшылықты өзгерте алады деп есептеді.
Абай XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, дұрысында да жаңа қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы болып саналады. Ұлттық және жалпы адамзаттықмәдениетініңүш қайнар көзі:
1) қазақ фольклоры мен ауызша ақындықөнер;
2) парсы және араб әдебиетінің классикалықүлгілерінің дәстүрлері;
3)орыәдебиетіұлы Абайдыңшығармашылығынөзініңнәрімен сусындатты.
Абайдың поэзиясы — қазақы шынайылықтың тамаша туындысы екендігі де сөзсіз.
ХІХғ. Ағартушылықпенғылым. Ы. Алтынсаринмен
Ш. Уәлихановқызметі.
ХІХғ. Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық кезең деп аталады. Дүниежүзілік өркениеттің қатты әсерімен Ресейдің жаулап алып жатқан шығыстағы жерлеріне терең қызығушылық оянды. Қазақстанға оқымыстылар, географтар мен саяхатшылар, шығыстанушылар үсті — үстіне келіп жатыр. Тарихшылар Қазақстанның материалдары бойынша жұмыс істеді. Өздерінің зерттеулерімен зерттеліп жатқан өлкеге орасан зор үлес қосқан: П.П. Семенов, Тянь-Шаньский, Н. Северцев, И.В. Мушкетов, В.В. Радлов және т.б. Білім берудің және мәдениеттің дамуына орыс интеллигенциясы орасанзор ықпал етті.Қазақстан орысгеографиялық қоғамының бөлімшелершің зерттеу объектісіне айналды. Мұңда мәдени –ағартушылық мекемелері мен статеомитеттер жұмыс істеді: өлкетану мұражайлары ашылды, ежелгі ескерткштер, халық ауыз әдебиеті зерттелді, орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Білімге деген құлшыныс пенқызығушылықтың сарынымен Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбьрай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының сүт қайшғы қалыптасты.
Шоқан Уәлиханов (І835-1865жж.) — аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Құсмұрын бекетінде дүниеге келді. Он екі жасқа дейін Шоқан хан ордасында білім алды. Бала күнінен-ақ Шоқан сурет ден шығыс поэзиясына үлкен қызығушылық танытыпты. 1847 ж. күзінде Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусына оқуға береді, ол оны 1853 ж. аяқтап шықты. Қоршаған орта, демократиялық әсер және Шоқанның асқан қабілеттілігі оның жан-жақты, жедел дамуына ықпал етті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді және кадет басқармасы оған сол кезде-ақ болашақ шығыстанушы зерттеуші ретінде қарады. Кадет корпусында бірге оқыған кезеңін бастап, кейін белгілі ғалым, географ және зерттуші болған ГН.Потанин ме Шоқн Уәлиханов өмір бойына достасып кетті.
1854ж. Ш.Уәлиханов Батыс-Сібірдіңгенерал-губернаторы Гасфорттың адьюланты болып тағайындалды және келесі 1855 жылдың өзінде Шоқан Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарындағы серіктесі болды. Бұл сапар орасан көп тарихи анық, хиқиқат, өлеңдерді жинап жазып алуға мүмкіндік берді.
1856ж. көктемінде аса көрнекті ғалым, географ П.П.Семенов Тянь-Шаньскиймен танысуы болашақ шығысты зерттеушінің өмірінде, оның одан арғы тағдырына елеулі ықпал еткен оқиға болды.Бұл жылы Ш. Уәлиханов екі экспедицияға қатысты біріншісі — Алакөлден Орталық Тянь-Шань бойына және- Ыстық көлге дейін; екіншісі — дипломатиялық жүктемемен Құлжаға сапары. 1857ж. Ш. Уәлиханов тағы да Алатау қырғыздарының жеріне сапар шегеді, мұнда «Манас» дастанын жазып алады.
Шоқанның ғылыми қызметінің жаңа сатысы оның 1858ж. Қашқарияға құпия түрдегі сапары. Соның нәтижелері бойынша ол өзінің атақты «Алтынсардың жағдайы немесе Қытай провинциясы Нан Яудың Шығыс қаласы (1858 — 1859 ж.ж.)» атты еңбегін жазады. Бұл еңбекті Ресей шығыстанушыларыжоғары бағалады.
Ш.Уәлихановтың еңбегін бағалай отырып, ірі оқымысты шығыстанушыН.И. Веселовский: «Шығыстанудың үстінен Ш. Уәлиханов құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өтті. Орыс ориенталистері бір ауыздан оның келбетінен феноменді құбылысты байқады және одан ұлы да маңызды жаңалықтардың ашылуынкүтті» деп жазды.
ХІХғ. аяғында көптеген қалаларда, деревнялар мен ауылдарда көптеген мектептер ашылды, политехннкалық және қыздарға білім беру бастапқылары көтерілді. Көптегенмектептердің жанында интернаттар болды. XIX ғ. аяғына таман Қазақстанда жүзден астам төрт мыңнан астам оқушысы бар екі сыныптымектептер болды.
Орыс-қазақ мектептерінің неғұрлым қабілетті деген түлектері Ресейдің және шетелдердің кадеттік корпустары мен жоғары оқу орындарына түсті. Омбы және Неплюев кадеттік корпустары қазақ жастарының арасынан жергілікгі отаршыл әкімшілікке шенеуніктер даярлады. Қазақ боз батпарының едәуірі Санкт-Петербургтың университеттерінде әскери медициналық Академияда, Қазан және Том университеттерінде және т.б. жоғары оқуорындарында білім алды.
Ибраһим (Ыбырай) Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) қазақ халқының қоғамдық ой-пікірінде, мәдениеті мен еңбегінде аса көрнекті-жаңашыл педагог және жаңа мектептерді ұйымдастырушы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және аудармашы ретінде кеңінен танымал болды. Ол бірінші болып қазақ даласында қыздар мектебін ашты және қазақ балалары үшін оқулықтар: «Қырғыз хрестоматиясы» және «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудегі бастапқы нұсқау» (1869ж.) және т.б. оқулықтарды жазды. Өз кезеңінін аса көрнекті және білімді адамы ретінде Ыбырай халыққа білім берудің дамуына баға жетпес үлес қосты.
ДінніңдамуыжәнеХІХғ.Діни өмір
Ұстанған діні жағынан ХІХғ. Қазақстанның тұрғындарын екі басты топқа бөлуге болады: мұсылмандар мен христиандар. Иудейлер мен буддаға табынушылар мүлдем аз болды. Мұсылмандар (қазахтар, татарлар, сарттар мен бұқарлықтар) халықтың 80%-нен астам басым бөлігін құрады,христиандар 20%-дан азырақ иудейлер даланың облыстарда — 0,09%, — буддаға табынушылар (қалмақттар) — 0,04% болған. Христиандықтардыңкөбі провославие дінін ұстанушылар, басқа христиандық ілімдегілер аз: протестанттар — 0,2%, католиктер — 0,1%.
Қазақтар суниттік бағыттағы мұсылмандарға жатады, яғни құраннан басқа Мұхаммедтің өмір баянын уағыздайтын қасиетті кітаптарды мойындайды. Мұсылман дінінің ықпалымен қазақтарға киім-кешек және тұрғын-жай құрылысында үлкен жүйелілік, жөнге келушілік неғұрлым жетілдірілген этникалық принциптер тән болғаны күмәнсіз нәрсе.
ХІХғ. қазақтар исламның барлық формальді қағидаларын ұстанды: ер балаларды сүндетке отырғызған, ер адамдардың бастары ұстарамен тақырланған, мұрттары қиылып, қырылған және т.б.
ХІХғ. ортасынан бастап, Қазақстанда исламнын позициясы елеулі түрде күшейе түсті, ол қоғамдық өмірде, сот тәжірибесінде көбірек байқала басталды. Алайда бұл, қазақтардың дінге деген дәстүрлі индафферентгілігі түбірінен жұлынды деген сөз емес, XIX ғ. басында АЛ Левшиннің байқағандарының көбі шын күйінде қалады «олардың бәрі дүниені жаратқан күштің барына сенеді, бірақ біреулері құранның заңдары бойьшша табынса, басқалары исламның ілімдерін ежелгі пұтқа табынушылықпен аралыстърады. Қазақ қоғамында шамандардың бақсылардың табиғаттан тыс күштерінің барльғы туралы түсініктер берік сақталыл қалған. Бойына сиқыршылық пен білім дарыған бақсылар басқалардан жоғары, ол — сазгер, көршкел, дәрігер. Ол құдай, адам, аруақ арасындағы дәлдел.
Қазақтарда аруақтардың рухына табынушылық қасиеті болды. Күнделікті өмірдегі барлық қиындыстардыңбәрінде қазақтар олардан қолдау тіледі, ол үшін құрбандық шалу керек болды. Түркістанға әкеліп жерлейтін болған. Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдерін жеткізушілер жалғыз бақсылар ғана емес еді. Абыздар тобына кәсіпқой бал ашушылар — жаурыншы, балшы, құмалақшылар жатты. Абыздар категориясына жайшы, елті, жәдіғой, жаратылыстан тыс қабілетке ие адамаар да жатты. Сондықтан да Ш.Уәлихановтың айтуынша, «Қазақтар Мұхаммедті білген жоқ Аллаға және соның бір мезгілде онгоңдарға да сиынды, мұсылман қабірлерінің басына құрбандық шалған, бақсыларға сенген және мұсылман қожаларды сыйлаған. Отқа табынды, ал бақсылар онгондармен бірге мұсылманперіштелеріменАлланыдәріптеді».
ХУІПғ. ортасынан бастап патша үкіметі далаларға игілікті татар моллаларды жіберді, мұнымен бірге олар тыңшылықмиссиясын да атқарды, өйткені бұл өлкені ері отарлау үшін қажет еді. Ш.Уәлиханов: «Мұсылман заңдарын қазақтар ешқашан қабылдаған емес, және далаға сыртқы приказдар, яғни округтердің бәрімен үкіметін иннциативасымен енгізілді», -деп жазды. Алайда моллалардың санының ұлғаюына қарай және далада исламды уағыздаудың күшеюіне қарай мұсылман фанатизмі дами бастады.
Үкіметке өзінің миссиясынан бас тартуға тура келді, моллалар мен мешіттерді қуғындау басталды. Екінші жағынан, енді діни қызметтетілерді қолдаудың қажеті болмай қалды, Қазақстанның территириясы толығымен империяның кұрамында болды.
XIX ғ. екінші жартысында исламның ықпалын бүкіл қазақ халқын қамтыды. Бұл тек үкіметтің кемшілшнін ғана салдары емес, мұнда басқа да жағдайлар — экономика мен әлеуметтік өмірдегі күшті дағдарыс, өмір салтының бұзылуы, миссионерлік және т.б. да қзінің рөлін атқарды.
XIX ғ. 67-68ж. уақытша ереже елеулі түрде мұсылман діндарларының құқықтары мен артықшылықтарыншектеді. Қазақтардың рухани істеріОрьнбор муфтиінің қарамағынан алынып, облыстық әкімшілікке берілді. Мешіттер мен медреселер құрылысына қатаң бақылау қойылды. Әрбірболыста тек бір ғана құдайға қызмет етушінің болуына рұқсат етілді. Оның бекіту және орнынан алу әскери губернатордың құзьрында болды.
Жаппай репрессиялар, миссиовершкті қатты қолдау, араб жазуыменжазылған кітаптардытаратуғатиымсбалу,мешіттердіьң жанындағымектептердіжабу,даладатазарбұқаркөпестерінежүріп-тұруғатиымсалу басталды. Шоқындыру саясатына жауап ретінде қазақтардың әдеттегі заңышоқынғандарды ңмүлкьін жаюзасызтонауға рұқсат береді. Бұл терминдаладаең жаманмьәнге иеболды.
Діни қызмет атқарушыларды қуғындау мұсылман дініне, Ш.Уәлиханов ескерткендей, бұдан да күшті қуат пен өміршендік берді. Исламды қорғаған даланың ең атақты адамдары: А.Құнанбаев, М.Шорманов, С.Бабажнов және т.б. жақтады.
XIX қазақтардың діни сана-сезімінің күшеюін орынға түскен дәстүрлермен, немесе татар, я болмаса ортаазиалық фаштистердің ықпалы деп түсіндіруге келмеді, мәселе негізінен қазақтардың ұлттық сана-сезімінің ерекшелегінде еді. Осы бір аса маңызды факторды. Ш.Уәлиханов діннің дамуына талдау жасаған кезде ескермей қалдырды, мүмкін ғасырдың ортасында олар кейінгі онжылдықтардағыдай айқын көрінбеген де шығар. Қазақстанды отарлаудың күшеюі, бұқараның кедейленуі, экономика мен адамгершіліктің құлдырауы, отарлаушылық пен жерден айыруға қарсылықтар — міне исламның танымал болуының түп-тамыры осылар.
XIX ғ. Қазақстанныңматериалдықжәне рухани мәдениеті.
Қазақтардың синкреттік мәдениеті XIX ғ. ортасына дейін терең дәстүрлі болып қала берді. Оның бұзылуы күшті көршілерінің басып кіруінің және оның артынша басталған шаруашылықтың құлдърауына, көшпеліліктің одан арғы экономикалық тиімсізденуіне әкеп соктьрған саяси дағдарыстардың салдары еді, мәдениет дамуындағы идеалдардың жоқтығы баяулатты.
Ресей ХІХғ. ортасына дейін тек өзінің Орта Азиядағы жағдайын ныңайтуды ғана көкседі және империя халықтарының бір-бірімен кез келген мәдени өзара әрекетін жоққа шығарды.
ХІХғ. басында қазақ халқының басым көпшілігі киіз үйлерде тұрды. Ерекше шеберлер (үйшілер) бояуының қанықтылығымен әрі оның бүкіл бөліктерінің байлығымен ерекшеленетін киіз үйлердің тамаша үлгілерін жасады. Оларды талай рет түрлі этнографиялық көркелерге де жіберді (Петербург, Мәскеу, Париж). Жиі-жиі көшіп-қонумен әскери жорықтармен, шаруашылыққа тиімділігіне байланысты, өмірдің түрлі жағдайларына қарай неғұрлым қарапайымдандырылған киіз үйлердің типері: қос, жолама үй, абылайша, ит арқа және т.б. қолданылады. Орыс үкіметі армияныңқажетіүшінкөпмөлшерде киіз сатыпалды(әсіресе, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында).
ХІХғ. қыстаулардың пайды болуы – өтпелікезеңнентуындады жәнешиеленісіпкеткенжериеленумәселелеріменсондай-ақәринеотырықшылыққакөшуге байланысты болды «Қыстау» — XIX ғ. қазақтардың қысқы үйлері – бұлклиматтықө жәнетарихи жағдаюйларға,сондай-ақ иесінің экономикалықабуқатына байланыстыболған түрліқұрылғылар. Таулы аудандарда оны тас пен ағаштан, далалық бөлігінде — шым мен тастан, солтүстікте — көбінесе ағаштан, оңтүстікте — саман кірпіштен жасады. Терезені төбеден немесе кіре беріс есікке қарама-қарсы қабьрғадан шығарғанесік аулаға қаратылды. Қыстау әдетте екі бқлмеден (қоржын үй) тұрады. Үйге тақау шаруашылыққа қажет қора-қопсылар салынды. Қыстау ұғымына, сондай- ақ жазда қатаң түрде шөптері қорғалатын жақөын маңдағы территория да жатады.
ХІХғ. қазақтардың киім-кешегінен қоғамдық өмірдің өзгерген жағдайынын ықпалы, татар мәдениетінің күшті әсер етті байқалады. Егер де ғасьрдың басында әлі де болса жібек, барқыт (мақпал), атлас, әсіресе дурня (жартылай жібек) сияқты ортаазиялық өндірістің маталарына орын берілсе, ғасьрдың аяғында орыстың фабрикалық өндірісінің маталары ене бастады. Қазақтардың архаикалық киімінің көптеген үлгілері — саптама (қонышы ұзын етік), сәукеле (жас келіннің бас киімі), айыр қалпақ (еркектердің төбесі үшкір бөркі) біртіндеп қолданыстан шыға берді.
Халықтық поэзияның жанрындағы кейбір өзгерістер туралы Ш. Уалиханов «Жырдың формасы, қобыздың өзі тәрізді енді тек бақсының игілігі болып қана қалды. Олар ғана жындарын шақырған кезде, өлеңдердің осы формасын сақтып отыр»- деп жазған. Сөзсіз, жьрды туғызған орта да өткен шаққа сіңіп кете барды.
Бұл бағыттың көрнекті өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөнкеұлы, Дулат Бабатайұлы, Әбубәкір Кердері болды.
Ағартушы ісіндегі елеулі серпіліс ХІХғ. 60 жж. реформалардан кейін басталды. ХІХғ. Ақмола мен Семей облыстарыңда ондаған бастауыш мектептер жұмыс істеді, гимиазнялар ашылды, кітапханалар айда болды және т.б. Қазақстанның басқа облыстарында да осындай жағдай байқалды. Бұл үрдістегі елеулі оқиға деп облыс орталықтарында әйелдер гимназияларының мұғалімдер семинарияларының, көшпелі ауыл кектептерінің ашылуын есептеуге болады. ХІХғ. ортасынан бастап, исламның күшеюнің нәтижесінде Қазақстандағы неғұрлым кеңінен таралған оқу түрі ауылдағы мұсылман мектептері бола бастады. XIX ғ. қазақтардың діни сана — сезімаерінің күшйе түсуін беки түскен дәстүрлері немесе татар, бұқар фанатиктерінің ықпалы деп түсіндіруге болмайды. Исламның жасампаздануының түп-тамыры отарлаудың күшеюінен, әкімшілік-территориялық реформалардың сәтсіздіктерімен, бұқараның кедейленуімен, жерсізденуімен және моральдық азғындауменбайланысты еді.