Дененiң белгiлi бiр нүктеге қатысты импульс моментi деп нүктенiң белгiлi бiр О нүктесiне қатысты радиус-векторының дененiңимпульсiне векторлық көбейтiндiсiне тең шаманы айтады. Өлшем бірлігі .
Бөлшектердiң қозғалыс траекториясына тәуелсiз олардың импульс моментi болады.
- Бөлшек түзу сызықпен қозғалыста болсын (сурет).
Импульс моментiнiң модулi тек бөлшектiң қозғалыс жылдамдығы өзгерген жағдайда өзгередi.
- Бөлшек радиусы шеңбер бойымен қозғалыста болсын (сурет).
Бөлшектiң шеңбер центрiне қатысты импульс моментi.
Механикалық жүйенiң импульс моментi жүйегекiретiн жеке денелердiң импульс моменттерiнiң векторлық қосындысына тең болады.
Импульс моментiнiң сақталу заңы келесі түрде айтылады:
Тұйық жүйенiң толық импульс моментi жүйедегi өзгерiстер кезiнде тұрақты болады.
Дененiң белгiлi бiр нүктеге қатысты күш моментi деп дененiң радиус векторының немесе күш иiнiнiң түсiрiлген күшке векторлық көбейтiндiсiне тең шаманы айтамыз (сурет). Өлшем бірлігі .
Күш моменті скаляр түрдеформуласымен өрнектеледі.
Мұндағы — күш иiнi, яғни О нүктесiнен күштiң түсу нүктесiне дейiнгi ең аз қашықтық.