ОРТАҒАСЫР ФИЛОСОФИЯ (ШЫҒЫС ЖƏНЕ БАТЫС)

Егер құлиеленуші қоғамда ғылыми-материалистік жəне диалектикалық көзқарастың бастамасын салған көптеген атақты ойшылдар болса, феодализмде — орта ғасырда (ІҮ-ХҮ ғғ.) ғылыми танымға қарсы діни идеалистік көзқарас үстемдік етті. Философиялық жүйелері теоцентристік болды, яғни ең биік реалдық деп табиғат емес, құдай саналады, ол шексіз билеуші, барлық болмысты тудырушы жəне анықтаушы. Сондықтан барлық көңіл соны тануға аударылуы керек еді.

Сол кездегі ойшылдар түгелдей дерлік уағыздаушылар, не діни мектептердің ұстазы болды. Осыдан философия жүйелері мұғалімдік, үйретуші сипатта келеді, оның схолистика (латынша мектеп) аталуы да əділ. Схолистиканың ролі діни қағйдаларды қорғау жəне жүйелеу, абстракциялық логика жолымен дəлелдеу. Философияның басты міндеті құдайдың өмір сүруіне арналған тезистерді бекіту болды.

Августин Блаженный (354-3-430) — христиан теологі, шіркеу аталарының бірі. Ол тарихи оқиғалар құдайдың болжаумен болатының, қоғам өмірін екі қарама-қарсы күштердің (күнəкəркəпірлік, құдайлық) күресі екенін айтады. Біріншісі Рим империясының мемлекет мекемелерінде, екіншісі құдайдың рахымын алған шіркеуде орын алған. Олардың күресі шіркеудің толық жеңісіне жеткізеді, католик дінін билуші етеді. Зиялы билікті жоққа шығармаса да Августин оның үстінен дін үстемдігінің болуын қалады. Құдайдың адамға билігі «Қағида» (заповеди) көрсеткендей бір еріктің екіншісіне бұйрық беруі арқылы, сондықтан адам құдайды тыңдамауы мүмкін. Адам «құдайға ұқсас» кейіпте жасалған, басқа табиғи, ұқсас еместігінен құтыла алмайтын жандардан айырмашылығы, сол ұқсастықты өзі мойынмен шешуі керек.

Фома Активинский (1225-1274) — ортағасырдың философы жəне дін ғалымы. Ол құдайды болмыстың алғышарты жəне соңғы мақсаты, таза форма деп есептейді. Құдайдың мəні мен болмысы тең, ал оның жасаған заттарында олар тең келмейді. Философия мен дін ғылымы əртүрлі, себебі теология принципі мен діни қашдалар ақыл принципі мен логика заңдары бір-біріне тəуелсіз. Дін философияны аянда берілген ақиқатты адам логикасына жақындату үшін, олардың ақылсыздық емес екенін көрсету үшін пайдаланады, сондықтан философия теологияның құлы.

Ортағасырлық философтар жаратылған дүниені тану мүмкіндігінің деңгейі туралы айтысты. Бұл өсіресе екі мектеп-реализм (латынша шындық) мен номинализм (атау) арасында өтті. Айтыс жалпы ұғым, универсалилер туралы болды. Реалистер (Ф.Активинский, А.Кентерберийский) универсалилер шын өмір сүреді, олар жеке заттан бұрынғы рухани мəндер деп, заттарды тудырады деді.

Номиналистер (Росцеллин, У.Оккам) шын өмір сүретін жеке заттар, ол универсалилер кейін пайда болады, оны адамдар жасайды, жəй атаулар дегенді қолдады. Олардың пікірінше жалпы үғымдар ақылдың жемісі, бірақ негізін заттардың өзінен алады.

Номиналистер құдайдың алдында алдын-ала берілген жалпы ұғымдар болған жоқ деді. Олар құдайдың еркімен істелген дүниені жарату ісінен соң пайда болады. Осыдан бұл ағым өкілдерінің тəжірибеге, табиғатты тануға көп көңіл бөлуі шығады. Сезімдік дүниенің реалдығын мойындайтын номиналистер схолистиканы іштен ірітті, философияның теологиядан бөлінуін дайындады, табиғаттануға жол ашты.

Орта ғасырдағы араб философиясына антик философиясы орасан əсерін тигізді. Араб ойшылдары антик мұрасын сақтап қана қойған жоқ, оны шығысқа таратты, еңбектерді грек тілінен араб тіліне аударды.

XI ғ. Арабтық шығыста антик философиясы мен ғылыми еңбектері түгілдей дерлік белгілі болды, оларға бірінші кезекте Архимед, Аристотель, Гален, Платон, Птоломей, Пифагор т.б. шығармалары жатады. Грек философиясына қызығушылықтың аса керемет болғанын Милет философтары, Пифангор, Анаксагор т.б. оқуын жазған шахарастан кітабі де дəлелдейді. Аристотель, Платон, неоплатониктер жəне антика соңындағы коментаторлардың табиғаттану мен философиялық шығармалары аса кең тарады. Оларды насихаттауда Европадан қудаланған платониктер мен аристотеликтер үлкен роль атқарады. Үлкен қалаларда философиялық, ғылыми мектептер құрылды, онда медицина, астрономия, математика, география сұрақтары да терең оқылды. Білімнің жаппай жетілуіне ислам діні де септігін тигізді, ғылым іздеу əр мұсылманның парызы саналды. Классикалық ислам білімді дəріптеп, даналықты пір тұтты. Тағам денеге қанша қажет болса, білім жанға да соншалықты қажет деп саналды, ол өмірдің өзімен теңестірілді. Егер жүрек білімді үш күн бойы алмаса, ол міндетті түрде өледі деп түсіндірілді. Білім нəтижесінде адам мəңгілікке жетеді, себебі «білім мен кітап дананың мəңгі ұрпағы» делінді.

Мұсылмандық шығыстың ортағасыр философтарынан атақты ойшалдар: Əл-Кинди, Əл-Фараби, Беруни, Ибн-Сина, ƏлГазали, Омар Хайям т.б.

Араб философиясының бастамасын Əл-Кинди бастайды. Ол Птоломей, Эвклид, Аристотельдің табиғаттану еңбектерін жақсы білді, олардың еңбектеріне көптеген түсініктемелер жазды. Əл-Кинди философияны табиғаттану білімдерімен тығыз байланыстырады, философиямен айналасуды міндетті түрде математиканы біліумен, ол медицинаны геометрия жəне музыкалық гармонияның үйлестіруімен теңестірді. Таным теориясында ол сезімдік жəне ақылдық білімді мойындады. Біріншісі жануарға да тəн, ал екіншісі тек адамға берілген.

Ибн-Сина Абу-Али (Авициенна — 980-1037), философ, дəрігер, табиғаттанушы, Орта Азия ақыны. Ол өзіне дейінгі ғылымды сыни көзбен қайта қарап жүйеге келтірді. Оның негізгі еңбектері «Ем кітабі», «Медициналық канон» Шығыс пен Еуропада кең белгілі болды. Ибн-Синаның философиялық көзқарастары қайшылыққа толы, материалистік тенденция теологиялық қағидалармен қатар жүрді. Дүние құдайдың эманациясынан (құйылу) туады, ол құдайдың еркі емес, қажеттілік. Құдай бейнесіз дейді, бірақ исламның кейбір қағидалармен келіспей Ибн-Сина еркін ойшыл аталып, діншілдердің құғынына көп түсті.

Əл-Фараби Əбу Насыр Ибн-Мүхаммед (870-950) философ, ғалым-энциклопедист, шығыстағы аристотелизмді қалаушылардың бірі. Ол Аристотельдің «Органон» жанақтарын түгелдей топтастырды, барлық еңбектеріне дерлік түсініктемелер жазды, өзіде логикаға байланысты өз еңбектерін шығарды. Əл-Фараби логикалық білімді жетілдірудегі еңбегі көп болғаны себепті, «Екінші ұстаз» құрметті атағын алды (бірінші болып Аристотель саналады). Оның философиялық көзқарастары жүйелі түрде шындықтың бар саласын қамтитың алғашқы философия, оны еңбектерінің атаулары да дəлелдейді: «Ғылымды классификациялау туралы сөз», «Игілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Музыканың үлкен кітабі», «Бақытқа жету туралы», «Азаматтық саясат» т.б.

Жалпылай келгенде ортағасырлық көзқарастың негізінде дүниенің жаратылуы идеясы жатыр, ол құдай даналығының көрінуі, құдайдың адамға деген белгілі бір қатынасының символы ретінде беріледі.