К-қабықшасы атом ядросына жақын орналасқан жəне 2 электроны бар. Егер осы қабықшадан бір электронды жұлып алса, онда оның орнына жоғары орналасқан L, M, N қабықшалардан электрон ауысады. Осы кезде босап шығатын энергия спектрде К-сызығын береді. Егер электрон L – қабықшадан К- қабықшаға ауысса, спектрде Кα–сызығын аламыз. Мозли заңынан спектрдегіλКα толқын ұзындығын табамыз:
1/ λКα = 3R’(Z — 1)2/4,λКα= 4/[3R’(Z — 1)2]
мұнда R’ = 1,1 ·107 м-1– штрихталған Ридберг тұрақтысы.
Вольфрам үшін Z = 74.
λКα= 4/[3·1,1·107 (74 — 1)2] = 2,28·10-11 м = 22,8 пм
Енді EКαэнергияны табамыз:
EКα = 2πћс/ λКα
EКα = 2·3,14·1,05·10-34·3·108/ 2,28·10-11 = 54,4 кэВ
Жауабы: λКα= 22,8 пм; EКα = 54,4 кэВ