Түркі тілдеріндегі үстеулерді салыстырмалы типологиясы

Түркі тілдердің негізгі ерекшеліктерінің бірі- осы тілдердегі сөздер, қолданылған кезде, олар өздерінің негізгі формасында (мәселен сөздіктерде) болады және олардың орнына жүретін (қолданылатын) ешқандай қосымшылары немесе басқа бір форманттары болмайды. Олар тек түбірден тұрады. Сөйлемдерде жеке сөздердің түбірі жекешеленіп қолданылғанда ғана олар (мәселен сөздіктерде) жұмыс істей алады.

Сонымен, сөздің негізгі формасы зат есім үшін, мысалы, негізгі етістіктің жекеше түрі — негізгі тұлғасы. Ешқандай форманты немесе септік қосымшасы жоқ, ол бір мезгілде түбір сөз де бола алады. Етістік үшін бұл форма бұйрық райдың II. жағы жекеше түрі және оның басқа форманты болмайды. Сын есім- бұл тұлға қандай? немесе қайсысы?, қай?- деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш формасында қолданылады, ал үстеу үшін -бұл тұлға қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді.

Үстеу- сөз таптары сияқты үстеулердің мағыналарында да, тұлғаларында да, сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері болады. Үстеулер, ең алдымен, етістіктің (баяндауыштың) алуан түрлі белгілерін білдіреді.

Мысалы: 1. Сәтжан бірде тік жүріп, бірде тасқа жабыса өрмелеп, жартастыңкеудесіне таман келді (С.Бегм.). 2. Жас ұшқыштың жауынгерлік жолы осылайша басталды (С.Б.). 3. Ендеше дәл осы Оразбайға істеген істі мен сені сынау үшін істедім (М.Ә.). 4. Өмірұзақ өте жақсы оқиды.

Үстеулер негізінде етістікпен тіркесе алатын сөз табы деп қаралады.

Алайда қазіргі тілдің фактілері олардың қимылды ғана пысықтап қана қоймай, есімдерге де қатысты қолданылатындығын көрсетеді. Бұл тілдің стильдік мүмкіндігінің кеңеюінің жемісі. Үстеулер форма жағынан көнеленген, мағына жағынан әуелгі төркіндерінен (зат есімнен, сан есімнен, есімдіктерден) алшақтанған сөздер.

Мысалы: 1.Ол менімен бірге жарысып келеді. 2. Оның есіне бұл сөз бірден түспеді.

Бірінші және екінші, сөйлемдегі бірге, бірден деген сөздердің түрлері бірдей болғанымен, мағыналары әр басқа. Олардың түрлері жағынан бірдей болғанымен, қызметі бірдей емес, екі басқа. Олардың түрлері бірдей болатын себебі- екеуінің бастапқы түбірі- бір, бірінші сөйлемде барыс септігінің жалғауы –ге болса, екінші сөйлемде табыс септігінің жалғауы –ден. Бірақ бұл сөздер, қолданылу ерекшелігіне қарай, мағына жағынан екі жарылып сараланған. Алғашқы сөйлемдегі бірге деген сөз -пысықтауышмағынасында қолданылса, келесі сөйлемдегі бірден— сөзі де үстеу сөз (сөйлем мүшесі жағынан қарасақ- пысықтауыш) болып тұр. Ендеше, алғашқы сөйлемдегі бірге сөзімен бірден деген сөзі үстеу сөздері болады.

Сонымен бұл фактіден үстеулер ілік септік жалғауы тұлғада қалыптасуымен меңгеріле байланысатын тіркестер қалыптасты. Онымен бірге, үстеулердің шылаулар жетегінде тіркесетін түрлері де пайда болды. (Бүгінге дейінгі өмір т.б) Ал күшейткіш үстеулер сын есім, үстеулерге күшейткіш мағына үстеумен бірге өздері де дербес қолданылатын дәрежеге жетті, өте асықты, өте ұрысты, өте кейіді, тым мақтады т.б. Бұл құбылыс тіл құрамында болып отыратын ықшамдаулы процесінің нәтижесі екендігі айқын. Бұл әрине, үстеулердің тіркес құрау қабілетінің кеңеюі. Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есімдер мен етістік жұмсалатыны қалыптасқан заңдылық. Ал, үстеулер негізінде бағыныңқы сыңар қызметінде жұмсалатын сөздер табына жатады. Алайда, қазіргі әдеби тілімізде үстеулердің басыңқы сыңар қызметінде жұмсалу процесінде пайда бола бастағанын көруге болады.

Мысалы: Көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң. Әрине, одан қатқабатта нақтылы жауап нүкте қою әзір ертеректеу (М. Дүзенов) тәрізді сөйлемдер құрамындағы аң-таң, ертеректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл әдеби тіл құрамындағы тілдік элементтердің функциялық дамуының нәтижесі болса керек.

Формасы жағынан азды-көпті ерекшелігі бола тұрса да үстеу сөздерге жүре-жүрлеп, айт-айттап, тез-тездеп, кес-кестеп сияқты көсемше формалы қос сөздер де жатады. Көсемшелерге –ба,-бе,-па,-пе,-ма,-ме жұрнақтарының бірін қосып, болымсыздық мағынасын алуға болады. (сөйлеймін, сөйлемеппін) аздап,аз-аздап сөздеріне қосылмайды. Кейбір түркі тілдерінде үстеу сөздерге негізгі екпін сөз тудырушы және сөз түрлендіруші формалардың бірінші (буынында) буынына түседі немесе басқа сөз таптары сияқты үстеу сөздер дыбыстың жылжуына қарай сөздің соңғы буынына түседі.

Мысалы: түркі үстеулерінде şímdi –енді, yárin-кеше, démin-қазір ғана, жақында, yázin — жаздыгүні, kişin -қыстыгүні, güzün -күздігүні, ílkin-алғашқы азб. дүнән — кеше. Дифференциялық үстеу мен сын есімнен көмекші сөздердің қолданылу кезінде бұл қабылдаулар кездеседі. Салыстыра қарасақ, тур. sadé – простой — қарапайым (жай), (сын есім) yálniz – лищь — солай, однако — бұлай дегенде (үстеу) және yalniz один-бір, одинокий – жалғыз (бір өзі), ártik – уже — енді, (үстеу) және artik –излишек — артықтан, (зат есім) yéni – только – что — жаңа ғана, (үстеу) және yení – жаңа (сын есім) осындай қолданыстарды байқауға болады.

Сонымен бірге, зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен, шылаудан жасалынған үстеулер арнайы жұрнақ арқылы жасалынады. Мысалы: са -ша жұрнағы арқылы ,,вence — меніңше, sizce — сізше, шылау арқылывunun iςin — сондықтан,, т.б.

Түркі тілдерінде сөздердің лексика — грамматикалық классификациясыкезінде, және туынды сөздердің классификациясы, басқа сөздердің негізгі тұлғасы ретінде ешқандай формальды көрсеткіші болмайды және сол сөзге байланысты болғандықтан бірінші олардың лексикалық, грамматикалық мағыналары болуымен және әр сөз таптары лексика-грамматикалық мағыналарыменмеңгеріліп анықталынады.

Мысалы: бір түбірлі сөзді алсақ, ат — лощадь, (зат есім) ақ-белый, (сын есім) бес-пять, (сан есім) мен-я, (есімдік) ал-бери, (етістік) тез-быстро, (үстеу).

Үстеулердің мағыналық сипаты олардың негізгі морфологиялық ерекшеліктері мен олардың сөз түрлендіретін релятивтік формаларының жоқтығымен, болмау қасиетімен байланысты. Жалпы үстеулердің сөз түрлендіретін формаларды қабылдамау себебі, олардың өзге сөз таптарынан тиісті қосымшалар арқылы қосымшалы сөздер ретінде ауысып келгендіктерінен деп қарау керек. Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажысыздан, түнде, қырынан, деген сөздерді алсақ, бұлар үстеулер қатарына ауысқан кездің өзінде-ақ белгілі бір грамматикалық формалар арқылы (қайт-а, тіке-ле-й, он-да-п, бос-қа, бір-ге ) деген сияқты тұлғалар арқылыауысып келген.

Морфологиялық тұлғасы жағынан олар белгілі бір формалардың көнеленуінен барып, өз алдына жеке лексикалық топқа бөлінген. Тарихи жасалуы басқа бір сөз таптарымен төркіндес: осында, сонда, бірде сөздері- есімдіктерден бөлініп, қалыптасқан үстеулер болса, қайта, сүріне, жығыла, аз-аздап, жата-жастана сияқты сөздер етістік төркіндес сөздер.

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамы жағынан әр алуан. Демек, үстеулер, негізінде, өзге сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы ауысып келген сөздер болғандықтан, құрамындағы сөздер де ала-құла болып тұрады.

Атап айтсақ, үстеулер-төмендегідей әрқилы сөз таптарынан (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік т.б.) демек, барлық негізгі сөз таптарынан ауысып құралған сөздер.

Қорыта айтқанда, үстеу сөздердің тілімізде алатын орны өте зор.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ә.Төлеуов. Сөз таптары Алматы. Мектеп -1982. 108-113 бет
  2. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы Рауан -1998. 304 бет 236-285 бет
  3. М.Балақаев, А.Ысқақов. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика, грамматика) Алматы-1954. 328-341 бет.

4.А.Ысқақов. Қазақ тілінің грамматикасы 1-том, Алматы 1967. 201-218б.