- Информатиканың өзекті мәселелерінің бірі – адамның ойлау қабілетін формальдандыру информациялық технологияны интеллектендіру (интеллект –ой, ақыл, сана). Бұл бағыттағы ілім-жасанды интеллект (ЖИ) деп аталады. ЖИ адамның интеллектуальды ойлау қабілетінің кейбірін ЭЕМ – де орындауға мүмкін түрде модельдеу, программалау не адам орындаутын іс-әрекеттерді орындау сияқты мәселелер мен айналысады. Жалпы, ЖИ – компьютерде интеллектуальды программаны дайындауға байланысты информатика бөлімі.
ЖИ программалары көбнесе арнайы дайындалған пролог, ЛИСП, Smaltalk, т.с.с. программалау тілдерінде құрылады. Олардың класикалық Бейсик, Паскаль, т.б. программалау тілдерінде құруда мүмкін, бірақ мұнда олардың көлемі үлкен болып, пайдалануға икемді бола бермейді.
Компьютермен жұмыс істеушілердің жасанды интеллект программаларымен жиі кездесетіні белгілі. Мысалы, Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу кезінде мәшине құжаттың автоматты түрде дұрыс жазылу ережесін тексеріп, ол жөнінде хабарлама шығарады. Excel электрондық кестесі мен жұмыс істеу кезінде аптаның барлық күндерін не жылдың барлық ай атауларын енгізу міндетті емес. Алдыңғы бір-екі жазба енгізілсе, компьютер тізімді қатесіз толықтырып шығады.
ЖИ математикалық есепті шешуде, медициналық болжауда, шахмат ойнау сияқты теориясында, мәтінді бір тілден екінші тілден аударуда, теореманы дәлелдеуде, комерциялық мекемелерде және т.б. салаларда жиі пайдаланылуда. Қазіргі кезде кейбір ЖИ нысанды (обьектіні) тани және сөйлей де алады. Мысалы, нысанды тану үшін ЖИ-де икемді тұжырымдамалар, жинақты схемалар, т.с.с пайдаланылған, бірақ мұндай жұмыстардың орындалуы әлі жоғары дәрежеде емес.Оларды жетілдіру жөнінде ғылымдар көп еңбек жұмсауда. Бұл бағыттағы жетістіктер ЭЕМ- нің одан әрі дамуына және адамның программалау шеберлігіне байланысты. Жалпы, ЖИ-ді программалау оңай жұмыс емес. Ол үшін компьютерде сақтаулы білім қорын (фактілер мен ережелер) пайдаланып, нақты жағдайғақолданылатын дйнамйкалық программа құрылуы тиіс. Әдетте бұл бағытты машиналық интеллект деп атайды. Машиналық интеллекттің тағы бір бағыты – интеллектуальды әрекеттіңнейрофизиологиялық (биологиялық) және психологиялық механизмдерін қарастырып, не, кеңінен алғанда, адамның ой — өрісін зерттеп, нақты жағдайда адам сияқты іс-әрекет жасайтын техникалық құрылғы дайындау. Адам миының негізі – бір-бірімен байланысы өте көп (1021-ге дейін) жүйе клеткаларынан (нейрондардан) тұратыны белгілі. Нейронға ұқсас элементтерді дайындап, оларды шамамен болса да жұмыс істеитін нейрожүйеге біріктіру оңай жұмыс емес. Бұл бағытта 80-жылдардың ортасында Жапонияда нейрон деп аталатын көптеген процессорлары барVI буын компьютерлерідайындалып шықты. АҚШ-та Ресейде және т.б. елдерде де осы бағытта түрлі жұмыстар жүргізілуде.
Жасанды интеллекттің екінші бағыты – адам еңбегін автоматтандыратын электомеханикалық құрылғы – робот дайындау. Роботтың алғашқы қарапаиым үлгілері ерте кезде ақ жарыққа шыққан болатын. Мысалы автоойыншықтар I ғасырда, жүретін сағат III ғасырда, өз бетімен суда жүзетін кеме XIII ғасырда дайындалған. Ал, 1738 жылы француз механигі Ж.Вокансон нағыз өнер туындысы – механикалық барабан ойнаушыны дайындап шықты, т.б. Қазіргі кезде түрлі бұйымдарды қалаған жерге жылжыту не металды пісіру, үй, сауда және ауыл -шарушылық жұмыстарын орындау, медитцинада хирург қызметін атқару сияқты күрделі іс-әрекеттерді орындайтын роботтар жеткілікті.Робот космонавт түрінде де пайдалануда. Көптеген мәліметтерді шешу мақсатында соңғы роботтарға түрлі программалар жиынтығы жинастырылған бір не бірнеше компьютер енгізіліп қойылған. Олар роботтың негізгі мүшесі – миы. Роботтың келешекте даму микропроцессторлық техниканың одан әрі дамуына байланысты. Бұл бағыттағы ілім роботтық техника делінеді. Ол жасанды интеллекттің әдістері мен идеяларына тығыз байланысты.
- Информатика ЭЕМ көмегімен информация қасиеттерін және оның көрсетілуі мен автаматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін комплексті ғылым.Модельдеудің негізгі де инфарматика ретінде қарастырылады,және ол жорамалды тікелей тексеру құралы да.Ал,ЖИ,ЭЖ облыстарындағы негізгі мәселе білімді зерттеу,іздеу және оны ыңғайлы түрде көрсету.Зерттеудің негізгі мақсаты-теориялық құрлымдар құрыу ғана емес,оны компьютерде өңдей алатын арнайы программа дайындау.Оның әдеттегі программадан өзгешілігі-ол білімдерімен,ал әдеттегі программалар берілгендермен әрекет етеді. ЖИ инфарматика салаларының бірі, бірақ оның ғылым ретінде қарастырыла бастағанына40-50 жылдай ғана уақыт өтті.Ол негізінен алгаритімі белгілі емес мәселермен айналысады.Мысалы,шахмат орнауды қарастырайық.Ойын шектеулі жүрістермен аяқталғанымен,әр кезеңде дұрысжүрістерді табу және жеңіске жеткізу жолдарын дәл анықтау көптеген,тіпті мыңдаған жылдарды қажет ететіне көз жеткізу қиын емес.Сол сияқты,сол сияқты медициналық диагноз қоюдың,құжатты басқа тілге аударудың дәл алгаритімі,күрделі мәселенің дәл шешіудің әдісі жоқ.Мұнда шешім көптеген нұсқалы анықталмаған жағдайлардың қажеттілерін таңдау,іріктеп алу арқылы орындалады. Бұл тәсіл әрекеттер екендігі делінеді
Жалпы, комьютерлікәдеттегі программалар мен жасанды жүйелер программаларының айырмашылығы жеткілікті.
Біріншіден,әдеттегі программалар есепті шешуде дайын операцияларды орындайды. Ал, ЭЖ әр жаңа мақсатты орындау үшін шамамен болсада шешімдер ағашын құрып,кеңістікке кез келген символдық өрнектерді өңдеумен айналысады.Әдеттегі программалардың мақсаты-оқиғалар ағымы және байқалған оқиғаның болжанған беталысы жөнінде кеңес беру.
Екіншіден, әдеттегі программалар барлық жағдайда белгілі фактілермен жұмыс істейді,ал ЭЖ тәжрибеге негізделген түрлі түсініктер мен оқиғаларды сипаттайтын байланыстарды (түсініктер мен оқиғалар –нақты облыста Эксперттік адамдар жинастырған білімдер).
Үшіншіден, әдеттегі порграммалар нақты математикалық ережелерге сүйеніп құрылады,ал ЭЖ-нің жұмысы шындықты анықтау үшін логикалық және т.б. тәсілдері пайдаланып.символдық өрнектерді өңдеуден тұрады.Онда пайдаланатын кейбір фактілер мен шындықты толық түрде көрсетпеуі де мүмкін,мысалы,Егер .. Онда ережесі арқылы құрылған “Егер жәндік ұшатын болса,онда ол — құс” ережесі дәл емес (күрке тауық та құс,бірақ оның ұшу ақиқаттығы көп болғанда 80% шамасында ғана).
Бір салада Эксперттік жүйе программасын құрыу үшін адамның жақсы программалаушы болуы жеткіліксіз.Оған осы салада терең білімі.тәжрибесі бар Эксперттікның көмегі қажет.Программаға Эксперттікдан алған білімі шама мен болсада толық,таңдалған түрде кірістіру үшін де программалаушының Эксперттік маман кісімен ұзақ жұмыс істеуі міндетті.
ЖИ жүйелерін зерттеушілер жүйеге әдеттегі программда жоқ мәліметтерді деқосуқажеттігіне көз жеткізді:ЖИ пограммалары кейде бір инфармацианы өзі жинай алу тиіс екенін анықтады.Мысалы,<<Шымкент,Ақпан ауа райы жылы>> инфармацияны жинастыружәне оны сақтап,тек қажет болғанда ғана пайдалану-жасанды интеллектіге тиісті мәселе. Ал әдеттегі программалау тілдері орындалатын тапсырмалар мен нұсқауларды ғана орындай алады.
ЖИ-дің мынадай ерекшелігі өтемаңызды. Себебі, Эксперттік маман жүйені тек жеке фактілермен қамтамасыз етеді де,оларды қай кезде пайдалану керектігін біле бермейді. Алғашқы кезде күрделі ЭЖ дайындау үшін 20-30 адам –жыл уақыт кететін. ЭЖ дайындауға болатын аппараттық құралдар пайда болып, олар дамытылған соң бұл үшін бөлінетін уақыт 4-5 есеге дейін азайды. Мұндай құралдарға әдеттегі программалау тілдері (Бейсик,Турбо Паскаль,Visual Basic,C++, т.б.), жасанды интеллект жасайтын тілдер (Лисп,Пролог, т.б.) және Эксперттік жүйелердің арнайы дайындалған қабықшалары жатады.