Visual Basic тілінде қосымшаны жасау алгоритмі

VISUAL BASIC ТІЛІНДЕ ҚОСЫМШАНЫ ЖАСАУ АЛГОРИТМІ

Visual Basic тілінде ең қарапайым қосымшаны жасақтаудың өзі мына төмендегідей тізбектелген қадамдардан түрады:

  1. Басқару эдементтерін жасақтау — қосымша макетін жасау.
    Пайдаланушы жұмыс істейтін терезенің графикалық интерфейсін дайындау.
  2. Жасалып жатқан қосымшаның ішінде басқару элементтерін белсенді ету және өңдеу үшін қажет болатын оқиғаларды анықтау және тағайындау.
  3. Белгілі басқару элементтері үшін программаның програм-
    малық кодын жасақтау. Егер қажет болатын болса, онда тағайын­дал­ған оқиғаларды және пайдаланушының көмекші процедураларын жүзеге асыру үшін өңдеу процедурасын жасау.

Мұндай программалау көріністі программалау немесе көріністі-оқиғалы программалау деп аталады, өйткені осы элементпен сол немесе басқа оқиғалар (тышқанмен шерту, белгілі пернені басу т.с.с) орын алғанда, программа жұмыс істей бастайды. Қосымшаны іске қөсканда мына жағдайлар орын алады:

  1. Visual Basic әрбір терезе үшін оған қатысты (тышқанның
    қозғалысы, шертулер, пернелер қисыны т.с.с) барлық оқигаларды анықтауда, барлык терезелерді және басқару элементтерін қадағалап отырады.
  2. Erep Visual Basic оқиғаны анықтайтын болса және ол үшін
    орналастырылған процедураны таба алмаса, онда ол берілген оқи­ғаны өңдеу үшін программалаушының жазган процедурасын табуға әрекеттенеді.
  3. Егер ондай процедура бар болса, онда оны Visual Basic op-
    ьшдайды және 1-пунктке тағы да қайтып оралады.
  4. Егер ондай процедура жоқ болса, онда Visual Basic келесі
    окиғаны күтеді және 1-пунктке қайтып оралады.

Осы берілген қадамдар қосымша өз жұмысын аяқтағанша түрде қайталана береді. Кәдімгі жағдайда Visual Basic бір орындар алдында оқиға өтуі тиіс. Осындай оқиғалы-бағдарланған программа жумыс істеп турған программаға қарағанда сезімтал келеді. Бұл оны пайдаланушымен татулық қатынаста болуға икемдейді.

Visual Basic программалау тілі Basic тілінің қазіргі заманғы қүрылымдық нүсқасына негізделгендіктен, оның көмегімен қазіргі заманғы модульдік және объектілі-бағдарланған технологияны пай-даланьш, үлкен программаларды жасау оңай.

VISUAL BASIC 6 ЖОБАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ТЕРЕЗЕЛЕРІ

Мүнда біз жобаны жасау процесінде Басты панельде Сіз ашатын мына төмендегідей негізгі терезелерді қарастырамыз:

  • Пішін конструкторы терезесі (Окно Формы-Object);
  • Программалық код терезесі (Окно Koda-Code);
  • Саймандар терезесі (Окно инструментов-Toolbox);
  • Объект қасиеттерінің терезесі (Окно cвойств — Properties);
  • Объектілерді қарап шыгу терезесі (Браузер Обьектов — Object
    Browser).
  • Жоба сілтеушінің терезесі (Окно Проекта — Project Explorer);
  • Пішіннің орналасу терезесі (План формы — Ғоrm Layout).

Visual Bade 6 жобалау ортасында жоғарыда аталғандардан басқа да терезелер бар.

> Редакциялау терезелері:

  • Пішінді редакциялау (Редактирование формы — Ғоrm Editor);
  • Кодты редакциялау (Редактирования Koda — Edit); және Прог­рам­маны жөндеу (Отладчик программ — Debug) терезесі.
  • Программаны іске қосу және жөндеу процесіңде пайда бо-
    латын терезелер:
  • Жергілікті айнымалылар терезесі — (Окно локальных пере-
    менных — Locals);
  • Бақылау терезесі (Окно слежения — Watch);
  • Тікелей орындау терезесі (Окна немедленного выполнения — Im­
    mediate).

ПІШІН КОНСТРУКТОРЫ ТЕРЕЗЕСІ

Пішін конструкторы терезесі Visual Basic тілінің жинақталған жасақтау ортасы терезесінің ортасына орналасқан қосымшаны көріп отырып жобалау орындалатын негізгі жумыс терезесі болып табылады.

Үнсіз келісім бойынша жобаға Projectl аты беріледі. Атап айт-қаңда, дәл осы жасақталып жатқан қосымшаның графикалык. ин-терфейсін көріністі құрастыру (конструкциялау) етеді.

Сіз жаңа жобамен жұмыс істеуді бастағанда өзіңіздің пішінің-іздің дайындамасы көз алдыңызда түруы тиіс, өйткені ол бүдан әрі Сіздің жобаңызға айналатын Windows-қосымшаңыздың терезесі болады.

Осы дайындамада Сіз өзініздің программаңызбен пайдаланушы арасындағы қатынас құралын, яғни графикалық интерфейсті жасай­тын боласыз.

Пішін терезесінде жинақталған жасақтау ортасының сайманда­рын пайдаланып қосымшаның барлық пішіндерін көз алдыңыздаотырып құрастырасыз.

Егер қандайда бір себептермен жобаның Басты панеліндегі тсрезесі жабық болса, онда Сіз оны кез келген уақытта төмеңдегі тәсілдердің бірін пайдаланып аша аласыз:

  • Жоба сілтеуіші (Проводник проекта — Project Explorer) тере-
    зесінің ішіндегі түрған саймандар панеліндегі Объектіні көрсету (Показать Объект — Object) батырмасының көмегімсн;
  • жобаның Басты панеліндегі Түрі (Bид — View) мәзірінің
    Объект ( Объект- Object) командасының көмегімен.

Пішін конструкторы терезесінде өзі де объект болып табылатын Form1 пішіннің өзі орналасады.

Терезедегі пішіннің өлшемін және пішінді ерекшелеу маркерін тышқанды пайдаланып өзгертуге болады. Пішін өлшемін өзгерту үшін тышқан көрсеткішін маркерге орнатып, ол екі жақты стрелкаға айналғанда талап етілген өлшемді алғанша орын ауыстыру қажет.

Пішіннің ағылшынша Object деп аталуы кездейсоқ емес, өйткені пішін — бұл Visual Basic 6 ортасының толық қүқықты объектісі. Ол Form деп аталатын объектілер класына жатады. Кез келген баска кластардағы сияқты бұл кластың объектілерінің де өздерінің қасиеттерінің жиыиы, әдістері, оқиғалары бар. Объектілер Браузері (Браузер объектов — Object Browser), басқаша айтқанда, объектілер сипаттамасын қарап шыгу терезесінің көмегімен барлық қасиеттер жиынын қарап шығуға балады.

Басында пішін бос болады. Ал оның қасиеттерінің тізімінде тек Visual Basic 6 ортасы үнсіз келісім бойынша орнатқан мәндер ғана бар. Үнсіз келісім бойынша Visual Basic 6 ортасы пішінге қасиеттер­дің мәнін, яғни (Name) қасиетінің мәні ретінде Ғоrm1 атын орнатады. Ал барлық жобаға үнсіз келісім бойынша Projectl аты меншіктеледі. Сондықтан Object терезенің тақырып қатарында Сіз дәл осы атты көретін боласыз.

Кәдімгі жағдайда бәрінен де бүрын пішіннің өлшемдері орна-тылады. Мұны төмендегідей түрліше жасауға болады:

  • тышқанмен пішінніңоңнемесе төменгі жағын «устап алып» «көзбен мөлшерлеп » пішінді горизонталь немесе вертикаль бағытта созуга немесс сығуға болады;
  • қасиеттер терезесінде қасиеттердің қажетті мәндерін, яғни
    Енін (Width) және Биіктігін (Height) орнату аркылы, пішін өлшемде­рін өте дәлрек орнатуға болады.

Бұл шамалар твип деп аталатын ерекше бірлікпен өлшенеді. Ол туралы кейін баяңдаймыз.

Сіздің пішініңіз жұмыс істейтін қосымша терезесіне айналып монитор экранының қажетті жеріне орналасуына да қамқорлық жасау керек. Мұны бәрінен де дүрысы «көзбен мшшерлеп», ягни Пішін жоспары (План форм — Form Layout) терезесінің көмегімен жасау. Бірақ мұны Сол жақ шеті (Left) және Жоғаргы шеті (Top) қасиеттері­нің мәндерін орнату арқылы да жасауға болады.

Пішіннің орны және өлшемдері туралы деректерді жобаның басты панеліндегі саймандар панелінің оң жақтағы бөлігіне орна-ласқан жобаның орны және өлшемдері индикаторынан табуға бо-лады.

Пішін терезесінде объектілерді дәл позициялау үшін қолда-нылатын тop (сетка) бар. Бұл тордың үяларының олшемдерін өз-гертуге болады. Қажет болғаңда Tүpi (Bид — View) мәзіріндегі Пара-метрлер (Параметры — Options) командасымен ашылатын бұл тop пішінге барлық мүмкін болатын басқару объектілерін орналастыруда өте жақсы көмек береді.

Өзара көрші нүктелер арасында белгілі қашықтық орнатылған мысалы, үнсіз келісім бойынша 120 твип және пішіндегі объектіні кез келген орын ауыстыру және созу бірсыдырғы емес нүктеден-нүктеге секірмелі түрде өтеді. Осының арқасында пішіндегі объектілердің әр түрлі қисынын өте үқыпты қүруға қол жетеді. Біраз жаттықсаңыз оған өзіңіздің де көзіңіз жетеді.