VISUAL BASIC ТІЛІНДЕ ОБЕКТТІ-БАҒДАРЛАНҒАН ПРОГРАММАЛАУНЕГІЗДЕРІ
Visual Basic 6 жобалау жүйесінің өзі де Windows операциялық жұйесінің қосымшасы болып табылады. Бірақ бұл қосымша оның көмегімен Сіз жасақтайтын қосымшаларға қарағаңца айтарлықтай күрделі.
Visual Basic 6 жобалау жүйесін Microsoft компаниясының қыз-меткерлері, яғни жоғары дәрежелі программалаушылар тобы жа-сақтаған.
Бұл жұйе Сіздердің ең қияли ойларыңызды шындыққа ай-налдыратын, яғни Сіздердің ойдан шығарған небір қиялдарыңызды қамтыйтын күрделі алгоритмдеріңізді жұмыс істететін түпсіз терең мүмкшдіктерге ие.
Біздер қалыпгасқан әдетіміз бойынша Visual Basic 6 жүйесінде Windows-қосымшаны қүрастыруды программаны жазу деп жиі атай-мыз. Программалық жобаны жасау деп ат қойсақ бүдан да дәлірек болады. Осы себснтен де Visual Basic 6 программалау жүйесін бүдан әрі біз Visual Basic 6 жобалау ортасы немесе жай ғана Visual Basic 6 ортасы деп атаймыз.
Сіз Visual Basic 6 жобалау ортасымен жұмысты бастағанда кездесетін көптеген объектілер (мәзір, саймандар панелі, сүхбат терезесі т.с.с) өзіңізге таныс болып көрінеді, өйткені олар Windows ортасына тән нәрселер.
VISUAL BASIC 6 ПРОГРАММАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ГРАФИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСІ
Объектілі-бағдарланған программалау жүйесі жасақталып жатқан қосымшаның графикалық интерфейсін (пайдаланушылар интерфейсін) жасау процесін көріністі етуге, яғни программалау жүйесінің сүхбат терезелерінің көмегімен объектілерді жасауға және олардың касиеттерініңің мәндерін орнатуға мүмкіншілік береді.
Графикалык, интерфейс пайдаланушының жұмыс істеп түрған қосымшамен интерактивті сүхбатын жүзеге асыру үшін қажет.
Жасақталып жатқан қосымшаның графикалық интерфейсінің негізі басқару элементтері орналасқан терезе болып көрінетін пішін (Visual Basic 6 ортасында — Form объектілер класы, VBA тілінде — UserForm объектілер класы) болып табылады. Жобаның графикалық интерфейсі өзіне бірнеше піішнді үстемелеп қосып ала алады. Пішін — бұл басқарушы элементтер орналастырыттын, экранда терезе болып көрінетін объект.
Пішін Visual Basic 6 жобалау жүйесінің ең іргелі объектісі. Сіздің қосымшаңызды «көріністі» деп атауга болмайтын шығар. Пішін көптеген қасиеттерге және әдістерге ие. Осы қасиеттердің барлығы ашық болып табылады және Сіздің програмиаңыз арқылы еркін өзгере алады.
Оларды өзгертуіңізге қарай, Сіздің пішініңіз өз бетінше жұмыс істейтіи пішінге айналады. Оның кейбір функциялары аталық-пішіннің функцияларымен сай келуі мүмкін, бірақ бұл міндетті емес — барлығы берілген пішінді Сіз қалай программалайсыз соған байланысты. Сіз пішінді қалағаныңызша көптеп жасай аласыз не әрқайсысыи басқасынан бөлек баптай аласыз.
Қосымшашщ графикалық интерфейсін көріністі етіп қүрастыру, пішінге тышқанның көмегімен сол немесе басқа басқарушы элементтерді орналастырудан және «сурет салудан» тұрады.
Қосымшаның графикалық интерфейсінде басқару элементтерінің кластары (Controls) әр түрлі қызметгер атқарады.
Мәтіндік өріс (TextBox), жазу (Label) және тізімдер (ListBox) кәдімгі жағдайда деректерді ендіру және шығару үшін, графикалық терезе (PictureBox) — графиканы шығару үшін, командалық батырмалар (CommandButton), ауыстырып қосқыштар, (СhескВох) және жалаушалар (OptionsButton) — сұхбат үйымдастыру және т.с.с. пайдаланылады.
Пішіііге басқару элементтерінің бір класының бірнеше данасы, мысалы, Commandl, Command2, Соmmand3 және т.с.с. әрқайсысы қасиеттердің жеке мәндеріне (жазу, өлшемдері және т.б.) ие бірнеше батырма орналаса алады.
Басқарушы элементтер — бұлар пайдаланушының немесе про-граммалық объектінің тудыргаң оқигасына үн қатып жауап беретін, графикалық интерфейстің элементі болып табылатын объектілер.
Пішін және басқарушы элементтер қасиеттердің, әдістердің не оқиғалардың белгілі жиыньша ие. Объектілердің кейбір кластары және олардың қасиеттері, әдістері және оқиғалары мына төменде (2.1-кесте) келгірілген.
Visual Basic 6 программалау жүйесі қосымшасы жасақтау процесінде пайдаланушыға ыңгайлы графикалық интерфейсті ұсынады
Visual Basic 6 жобалау ортасын әр түрлі тәсілдермен (егер ол Сіздің компьютеріңізде орнатылган болса) іскс қосуға болады:
> Visual Basic 6 жобалау ортасының таңбашасы Сіздің жұмыс үстеліңізде орналасқан жағдайда оны тышқанның сол жақтағы батырмасымен екі рет шерту арқылы;
- Visual Basic 6 жобалау ортасының таңбашасы жұмыс үстелінде жоқ болған жағдайда Іске крсу → Программалар →Microsoft Visual Basic 6 (Пуск →Программы →Microsoft Visual Basic 6) командасын орындау арқылы;
- Windows операциялық жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) про-
граммасының көмегімен exe файлы бар қапшықты тауып оны іске қосу арқылы.
2.1-кесте.
Объектілер класы | Қасиеттері | Әдістері | Оқиғалары |
Form (пішін) UserForm
(жаңа пішін) |
Name (Аты) Caption (Жазу) Font (Қаріп) Height (Биіктігі) Width (Eні) | Show (Көрсету) Move (Басқаша орналастыру) | Load (Жуктеу) |
CommandButton
(командалық батырма) |
Name (Аты) Caption (Жазу) Font (Қаріп) Height (Биіктігі) Width Eні) | Move (Басқаша орналастыру) | Click (Шерту) |
TextBox
(мөтіндік өріс) |
Name (Аты) Caption (Жазу) Font (Қаріп) Height (Биіктігі) Width (Eні) | Move (Басқаша орналастыру) | DblClick
(Екі рет шерту) |
Visual Basic 6 жобалау ортасын іске қосқан кезде экранда жаңа жобаның үлгісін таңдауға, жобаны жасау шеберін іске қосуға немесе бүрын жасалған жобаны ашуға мүмкіндік беретін үлгіні тандауға болатын Жаңа жоба (Новый проект — New Project) сүхбат терезесі пайда болады.
Бұл терезе мына төмендегідей қызметтер атқаратын үш бет-белгіден (астарлы беттен) түрады:
- Жаңа (Новый- New) — жаңа жобаны жасауға арналған үлгісі және шебері бар.
Жаңа жобаны жасау үшін осы бетбелгі пайдаланылады. Одан жоба үлгілерінің мына төмендегідей типтерін таңдауға болады:
- Standard EXE — стандартты орындалатын қосымша;
- ActiveX EXE — орындалатын ActiveX қосымшасы;
- ActiveX DLL — ActiveX динамикалык кітапханасы;
- ActiveX Control — ActiveX басқару алементі;
- VB Application Wizard — қосымшалардың шебері;
- VB Wizard Manager — иайдаланушылар шеберін жасаушы шебер;
- Data Project — деректер базасын басқару жобасы;
- IIS Application- Web — торабы серверінде орналасқан қосымша (HS-Intemet Information Server);
- Abbin — қондырма, қосымша утилbnтер, қосышалардың кеңейту мүмкіндіктері;
- ActiveX Document DLL-ActiveX қүжаттарының динамикалық кітапханасы;
- ActiveX Document EXE — ActiveX қүжаттарының орындалатын қосымшалары;
- DHTML Application .-. HTML беттерін динамикалық HTML беттерін жасаушы қосымша.
- Қолданыстағы (Существующий — Existing) — бүрын жасалған жобаны немесе Visual Basic 6 ортасымен бірге келген жобаны ашуға мүмкіңдік береді.
Компьютердің ресурсында бетбелгінің көмегімен кез келген қапшыкты тандауға болатын ашылатын тізім бар.
Бұл бетбелгіні пайдалану Visual Basic 6 жобасымен ағымдағы қапшықтың барлық файлдарын көріп шығуға және Сізді қызық-тыратын файлды таңдап алуға мүмкіндік береді.
Компыотердегі басқа қапшықтардагы файлдарды да Сіздің көріп шығу мүмкіндігіңіз бар.
- Файлдар (Файлы-Recent) — бұл бетбелгісінде соңғы кезде ашылған жобалардың тізімі бар.
Бұл бетбелгіні пайдалану алдымен жобаның жақында ғана жұмыс істеген файддарын көруге мүмкіндік береді.
Тізімде бірінші больш Сіз осы сеанстың алдында ғана жұмыс істеген файлыңыз, екінші болып оның алдында жұмыс істеген файлыңыз тұрады т.с.с. Бұл өте ыңғайлы, өйткені кейде бір жобамен жұмыс істеу бірнеше күнге созылып кетеді.
Жоба типін тандағанан кейін пайдаланушы Visual Basic 6 ортасына өтеді.
Егер Сіздер Жаңа жоба (Новый проект-New Project) сұхбат терезесі Visual Basic 6 жобалау ортасын келесі іске қосқанда пайда болмасын десеңіздер терезенің төменгі бөлігінде түрған Бұл сұхбатты келешекте көрсетпеңіз (He покызывать этот диалог в будущем — Dont show this dialog in the future) жалаушасын орнатыңыздар.
Мүнда қажет болғанда жаңа жоба тсрезесін Файл (Файл -File) мәзірінің Жаңа жоба (Новый проект — New Project) командасымен шақырып алуға болады. Бұл жағдайда Файлдар және Қолданыстағы бетбелгілері болмайды.
Осы аталған бетбелгілері бар терезе Файл (Файл — file) мәзіріндегі Жөбаны ашу (Открыть проект — Open Project) командасымен немесе стандартты саймандар панеліндегі аттас батырманың көмегімен шақырылады.