Объектілі-бағдарланған көріністі программалау негіздері

Қазіргі заманғы барлық кәріністі жобалаулардагы сиякты Visal Basic 6 ортасында да объектілі-бағдарланған программалау (ОБП) қолданылады. Windows Office ортасында қосымшалар жасау ушін Visual Basic Applications (VBA) программалау тілі пайдаланылады. Объектті-бағдарланған программалаудың негізгі үғымдарына объект және класс үғымдары жатады, ал олар өз кезегінде өзіне мынадай базалық үғымдарды, атап айтқанда, әдістер, қасиеттер, оқиғалар, сондай-ақ қорап ішінде (инкапсуляция), мурагерлік (наследование), көп пішінділік (полиморфизм) сияқты үғымдарды қосып алады.

ЕҢБЕК ЕТПЕЙ-АҚ ПРОГРАММАЛАУ

90-жылдары дербес компьютерлер дүниесінде маңызды өзгерістер орын алды. Компъютерлер графикалык басқаруға ие болды.

Экранда біздің кәретіндеріміз жай ғана суреттер емес — олардың көпшілігі басқарудың графикалық элементтері болып табылады. Оларға тышқан кәрсеткішін әкелуге, оның батырмасын шертуге болады. Осы аталған біздің әрекеттерімізге, яғни осы басқарушы сигналдарға компьютер жауап береді.

Егер біз объектілермен жұмыс істегіміз келсе, бұл барлық объектілерді біз өз бетімізбен жасауымыз керек деген сөз емес. Адам қызметінің түрлі саласында еңбекті бөліп пайдалану ерте кезден келе жатыр.

Құрылысшыпардың үй салатып қыштарды кімдердің даярлай­тын­дығын білуі шарт емес. Олардың жұмысы дайын құрылыс материалдарын алып олардан үйлерді түрғызу. Ал кейде үйлерді дайын панельдерден де түрғызады.

Құрылыс кыштарының бәрі бірдей, ал олардан не қажет болса соны құрастыруға (салуға) болады. Егер біз құрылысты дайын бөлмелік блоктардан бастаған болсақ, онда театрларды немесе стадиондарды емес тек тұрғын үйлерді ғана салған болар едік.

Сондықтан программалауда біз өз программамыздың «қуры-лысын» біздің мүмкіндікгерімізді шектемейтін, бірақ әр жолы бізді басынан бастауға мәжбүр етпейтін объектілерден бастауымыз керек.

Осындай рөлге басқару элементтері өте тамаша тура келеді. Олардың өзі және олармен жұмыс істеу тәсілдері стандартты, ал олардың орындайтын әрекеттері әр түрлі. Біз программалаумен пайдаланушыға болашак объектілер үшін үлкен дайындамалар (за-готовкалар) жиынын беретін Visual Basic 6 ортасы негізінде таныса­мыз. Ондай дайындамалар жиынын құрауыштар (компоненттер) деп атайды. Біз не істегіміз келсе де барлық уақытта қажетті курауыштар­ды іріктеп тандап алуымызға болады.

Сіз байқаған боларсыз барлық «пайдалы» программалар атқара­тын қызметтері әр түрлі болса да шамамен бірдей болып кәрінеді. Олай болатын себебі олардың «құрушысы» бірдей құрауыштардан құрастырылған. Мұндай программалар кез келгсн компьютерде сенімді жұмыс істейді және өте сирек проблема тудырады.

Объектілерді бір-бірінен ажырату және оларды шатастырмау үшін әрбір объектіге aт беріледі. Объектінің аты оны басқа объекті­лерден тек ажыратып қана қоймайды, сонымен бірге оның мүмкіндік­терін, яғни бұл объектіден нені күтуге болатындығын, оның не істей алатындығын немесе онымен не істеуге болатындығын кәрсетеді.

Компьютерлерді басқарудың графикалық жүйесінің пайда болуымен қатар программаларды жасақтау тәсілдері де өзгерді, яғни олар да графикалық немесе ғылыми тідде айтқанда кәріністі (визуальды) болды. Тышқанның көмегімен біз болашақ программа жасау үшін дайын құрылыс блоктарын, яғни құрауыштарды (ком-поненттерді) таңдаймыз, содан соң тышқанның көмегімен оларды өзіміздің талабымызға сай баптаймыз. Құрауыштар жетіспейтін жағдайларда ғана пернетақтадан программалық кодты ендіруге тура келеді.

Таңдап алуға болатын құрауыштарды бізге кәріністі программа­лау жуйесі береді. Кәріністі программалау жүйесінде өте бай құра­уыштар кітапханасы болады. Ал егер қандай да бір мақсат үшін біз қажетті құрауышты таба алмайтын болсақ, онда тағы да кәріністі программалау жүйесіне қосымша кітапхананы орнатуға болады.

Visual Basic және Visual Basic for Applications объектілі-бағдар-ланған программалау тілдерінде жоғарыда айтқанымыздай, уйлер блоктардан және әр түрлі детальдардан құрастырылатындығы сияқты қосымшалар объектілерден құрастырылады. Дайын объектілердің программалық кітапханалары бұл программалау жүйелеріне енеді, оның үстіне Visual Basic және VBA тілдері негізінен өзара осы программалық кітапханаларымен ажыратылады.

Объектілі-бағдарланған программалау жуйесі жасақталып жат-қан косымшаның графикалық интерфейсін (пайдаланушылар ин-терфейсін) кәріністі етуге, яғни объектілерді жасауға және про-граммалау жүйесінің сүхбат терезелерінің көмегімен олардың каси-еттерінің мәндерін беруге мүмкіндік береді.

Visual Bask программалау тілі ең тез және жеңіл тәсілмен Windows операциялық жүйесіүшін қосымшажасауға ғана программалау ортасы. Сіз Windows ортасында программатәжірибелі кәсіпқой программалаушысыз ба, жоқ әлде жаңадан бастаған үйренуші программалаушысыз ба оған қарамастан Visual Basic 6 ортасы Сіздің қосымшаны тез жасақтауыңызға қызмет ететін саймандық құралдар­дың толық жиынымен қамтамаеыз етеді.

Visual Basic 6 ортасы программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды тіл. Олардың бірнеше қызметші сөздерді үйреніп алып, Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу дағдылары бар болса жеткілікті.

ПРОГРАММАЛАУҒА ОБЪЕКТТІЛІ-БАҒДАРЛАНУ ЖАҒЫНАН КЕЛУ

Есептеу техникасыпың өте тез дамуы, программалық қамсыз­дандырудың үтымды жасақтау құралдарына деген қажеттілік «тез жасақтау» деп аталатын программалау жүйесінің пайда болуына алып келді. Тез жасақтау жүйесінің немесе (RAD — Rapid Application Development — Қосымшаларды тез жасақтау ортасы) идеологиясының негізіне кәріністі жобалау және оқиғалы объектілі-бағдарланған программалау технологиясы жатады.

Бұл технологияның мәні соңда жасақтау ортасы өзінің мойнына ең ауыр программалық кодты қалыптастыру жұмыстарын алады, ал программалаушыға сүқбат терезелерін құрастыруды (конструкция­лау­ды) және оқиғаны өңдеу функциясын жасауды қалдырады. Осыған байланысты RAD — жүйені пайдаланғанда программалау процесінің өнімділігі артып тамаша нәтижелер береді.

RAD — жүйелердің арасында әр түрлі қарапайым бір терезелі қосымшалардан бастап деректер қорын басқару программаларын жасауға мүмкіндік беретін Visual Basic 6 ортасы ерекше орын алады. Қазіргі кезде объектілі-бағдарланған программалау (ОБП) ең көп тарай бастаған технология болып табылады. Қазіргі заманның кәріністі жобалаулардағы сияқты Visual Basic 6 жобалау жүйесінде де ОБП қолданылады.

Объектілі-бағдарланған программалаудың негізгі үғымдары, өз кезегіyде өзіне әдістер, қасиеттер, оқиғалар, сондай-ақ қорап ішінде (инкапсуляция), мұрагерлік (наследование), коп пішінділік (по-лиморфизм) сияқты базалық үғымдарды қосып алатын объект және класс болып табылады.

Объект программалау әлемінде өз бетінше өмір сүретін мән Visual Basic тілінің кез келген құрауыштары сияқты объектінің де қасиетгері, оқиғалары және әдістері бар. Соған қарамастан олар процедуралардан үш маңызды ұстанымдарды, атап айтқанда, мұра-герлікті, қорап ішіндегіні және көп пішінділікті қуаттауымен ажы-ратылады.

Visual Basic 6 жобалау жүйесінде мұрагерлік және қорап ішінде болу жүзеге асырылған, бірақ көп пішінділік жүзеге асырылмаған. Олай болса, техникалық көзқарас тұрғысынан алғанда Visual Basic тілі объекты-бағдарланған тіл болып табылмайды, бірақ оны мысалға ала отырып ОБП негіздерін үйрену ыңғайлы.

Экрандағы кез келген терезе де және кез келген таңбаша да объект. Кез келген басқару элементі де объект. Кез келген мәзір де объект.

Программалауда объектілерді пайдалану оған объектілі-баг-дарлану жағынан келу деп аталады.

Программалауға объектілі-бағдарлану жағынан келу, қосымша­ның құрамында бар, қосымшаның қажетті функцияларып орындай отырып, бірімен-бірі және пайдаланушымен өзара әсерлесе алатын­дар­дың бәрін объект деп қабылдауды үсынады.

Осылайша, программалауға объектілі-бағдарлану жағынан ке-летін болсақ, онда, өзіне қойылған қажетті функцияларды жүзеге асырушы кез келген қосымша, өзара байланысты объектілердің жиыны болып табылады.

Объектілі-бағдарланған программалау — бұл объектілердің кө-мегімен қосымшаны жобалау және жазу, оны талдаудың әдістемесі болып табылады.

Адамдар қазіргі кезде объектілерді категорияларымен ойлауға дағдыланған. Объектілі-бағдарланған программалауды пайдалана отырып, Сіз өзіңіздің қосымшаңызда реальды (шын) дүниенің ма-териалды қүбылыстарын модельдей аласыз. Бірақ мүнымен объектілі-бағдарланған программалаудың мүмкіндіктері таусылмайды. Сіз реальды өмірде қандай принциптерді басшылыққа алсаңыз, програм­малауда да сол принциптерді пайдалана аласыз!

Программалаушылар не үшін өз жұмысында объектілі-бағ-дарланған программалауды пайдаланады? Өйткені, программалаушы программаның функцияларын бірнеше тәуелсіз объектілерге бөліп бере алады. Программалауға осылайша келу, программаны жобалауды және жасақтауды қысқартады. Объектілерді тиімді ету, программа үзінділерінің қажет емес өзара әсерлесуін төмендетеді. Осылайша, шын мәнінде әрбір объект реальды дүниенің сол не басқа жағдайла­рын модельдейді.

ОБП не ушін қажет? деген сүраққа өндіріс саласынан мысал келтіре отырып жауап берейік.

Бірнеше бөлімдерден түратып ірі компанияны көз алдарыңызға елестетіп кәріңіздер. Оны Өндірістік корпорация деп атайық. Бұл компанияның құрамында әкімшілік, кадрлар бөлімі, информациялық технологиялар бөлімі және ecen-қисап бөлімі бар дейік.

 Әкімшілік компанияның аддына қойылған мақсатқа жету үшін тек бөлімдердің бірігіп жұмыс істеуіне жауап береді. Әкімшілік қызметкерлері компьютермен жұмыс істей алады, бірақ бірлескен желімен жұмыс істеуге олардың білімінің жетіспейтіндігі айқын. Әкімшілік қызметкерлері негізінен басқа бөлімдердің менеджерлері­мен жұмыс істейді және іс жүзінде өндірістік корпорацияның қатардағы қызметкерлерімен қатнаспайды.

Кадрлар бөлімі компанияның қызметкерлерін жалдауға, боса-туға және бағалауға жауап береді. Ол мазмұны басқа бөлімдерге күпия бірнеше мың жеке іс қағаздарымен жұмыс істейді. Басқа белімдердің қызметкерлері кәдімгі жағдайда жеке іс қағаздарына еркін қатынай алмайды. Оларға жеке іс қағаздарына еркін катынау үшін сұраныс беруге және арнайы рұхсат алуға тура келеді. Мысалы, менеджер өзіне бағынышты қызметкердің жеке іс қағазымен таныса алады және оның қызметін көтеруге бола ма соны шеше алады.

Информациялық технологиялар бөлімі компанияның барлық компыотерлерінің қалыпты жұмыс істеп түруын қадағалайды. Информациялық технологиялар бөлімінің қызметкерлері Өндірістік корпорацияның қалған барлық бөлімдеріне қызмег кәрсетеді және жұмыс барысында пайда болатын техникалық проблемаларды шешеді.

Компанияның ecen-қисап бөлімі мүліктерді есепке алады және басқа да есеп-қисап жұмыстарын жүргізеді. Ол арқылы өтетін информацияның бір бөлігі компанияның қаржылық жағдайына қатысты болғандықтан өте қүпия болып есептеледі. Егер бұл информация бөтендердің қолына түсетін болса, онда олар оны өздерінің мақсаттарына пайдалануы мүмкін.

Әрине бөлімдердің бірігіп жұмыс істеуі белгілі ережелерге бағынады. Егер бөлімдер бөтен информациялармен жұмыс істей бастаса, онда компанияда былық орын алады және іс корпорацияның күйреуімен аяқталуы мүмкін.

Сонымен, Өндірістік корпорация қызметтік информацияға кімнің және не үшін қолы жетуі тиіс екеңдігі туралы ережені тағайындайды. Қызметкерлердің жеке іс қағаздарын тек менеджерлердің ғана қарап шығуына, (бірақ тек өзінің бағыныштыларының іс қағаздарын ғана) рұхсат етіледі. Менеджерлердің басқа бөлімдердің қызметкерінің іс қағаздарын кәруіне рұхсат етілмейді, сондықтан артық мәлімет алу Өндірістік корпорация жұмыстарына кесірін тигізуі мүмкін. Олай болса Мұндай шектеу Қою қалыпты жұмыс істеу үшін қажет.

ОБП да дәл осындай ұстанымға негізделген, яғни оңда да кодтың қандай үзіндісін басқа үзінділер пайдалана алатындығын анықтаушы шектеулер бар. Объектілер өз есептерін орындайды және басқа объектілермен тек қажет болғанда ғана өзара есерлеседі.

Әйтсе де ОБП программалауға жаңаша келгенімен, ол про-граммалаушылар үшін айтарлықтай ыңғайлы. Программалық үзінділер үшін алынған сол бір үстанымдардың өзі барлык, са-тыларда, ягаи кодты таңдап және жобалап жазғанға дейін қол-данылады. ОБП реальды объектілердің сипатын бірдей модельдеуге мүмкіңдік береді.

Егер олар жақсы жобаланған болса, онда кодты көптеген рет пайдалануға мүмкіндік ашылады. Мысалы, егер объектіде деректерді өңдеудің компания қабылдаған арнайы алгоритмі жүзеге асырылған болса, онда оны басқа қосымшада және программаның жаңартылған нүсқасында пайдалануға болады — бұл оның жүмысын бұзбайды.

ОБП шынымен ықпалды жұмыс істеуі үшін Сіз жаңаша ойлауды үйренуіңіз керек. Программа құрауыштардың жиынтығы ретінде қарастырылады, әрі олардың әрқайсысы объект болып табылады. Кәріністі программалау программалауға бұлайша келуді жеңілдетеді. Ең бастысы Сіздің ОБП мәнін түсінуіңіз және Сізге программалауға бұлайша келу түсінікті.

Объектілі — бағдарланған программалау тілдерін жасау көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Программалық объект, мысалы, батырма негізгі программада стандартты процедуралар жиыны түрінде сақталады. Егер батырмадағы жазуды немесе ба-тырманың өлшемін өзгерту қажет болса, онда ешқандай процедураны өзгертудің қажеті жоқ, тек объектінің қасиетін өзгерту керек, сонда процедурадағы барлық қажетті өзгерістер автоматты түрде өтетін болады, бүған объектілі-бағдарланған программалау жауап береді.

Объектілі-бағдарланған программатудың негізгі үғымдары мыналар:

  • объект;
  • объектілер класы;
  • класс даналары;
  • объектілер үйірі;
  • объектілер класының қасиеттері;
  • объектілер класының әдістері;
  • объектілер класының оқиғалары;
  • объектінің қасиеттері;
  • объектілер коллекциясы.