IP адресті таңдау ережесі

  1. Болашаққа жоспарлаңыз. Бірінші және маңыздысы: өз же­ліңізді болашақта оңай ұлғайтуға болатындай мүмкіндік беретін класты таңдаңыз.
  2. Бірегейлікке көз жеткізіңіз. Сіздің желіңіздің бағытта­у­ыш­қа қосылған әрбір сегментінің жеке желілік идентификаторы болуы керек.
  3. Кейінге сакталған адрестерді қолданбауға тырысыңыз. Олар­дың кейбіреуі Интернетте IP адрес ретінде дұрыс қолда­ныл­мауы мүмкін. Мысалы, А класының 127 желілік адресі диагностикалық мақсатқа сақталған. Кейінге сақгалған адрестер тізімін Internic Web-түйініндегі http//ds.internic.net адресі бойын­ша табуға болады.
  4. IP адрес ретінде 0 -дер (0-дерден түратын октет) және 255 (1-лерден түратын октет) сандарын пайдалануға болмайды.

Классыз үлгі

Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін артты­ру­дың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жа­са­ды. Интернетке қосылган ЖЕЖ-сінде 2000 компьютер бар болсын. Адрестік кеңістікті қосу үшін сізге С класының 8 адресі бір В класы керек. Бірақ В класына 65534 түйін сияды – бұл сіздің қажетіңізден анағұрлым көп. Erep C класының 8 адре­сін пайдалансаңыз, ол желілерді қосқан кезде, қызметшіақпа­рат­тың трафикті толтырып жіберу проблемасы туады.

Басқаша 32-ні екі бөлікке — 21 және 11 түрінде бөлуге бо­лар еді, 211=2046 адрестер, бұл 21 битті бір желі және бағыттау­ыш кестесіне оған қызмет көрсету үшін бір ғана жазба түседі. Адрестік кеңістікті бөлу процесін жеңілдету үшін бағыныңқы желі маскалары қолданылады.

Анықтама. Бағыныңқы желі — IP адрестің түйін идерти­фи­каторын сақтайтын бөлігінен желі идентификаторын сақтай­тын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуінің көмегімен құрылган желі немесе желі идентификаторы.

Аныңтама. Бағыныңқы желінің маскасы — адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланылатынын көрсететін 32-биттік адрес.

Желілік маска төмендегі қағидаға сай құрылады:

  • Желі нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылған (1).
  • Түйін нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылмаған (0).
    CIDR үлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IР адресті a.b.c.d./n,
    түрінде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d — IP адрес; n – желілік бө­­ліктегі биттер саны. Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 беріл­ген, яғни, бағыныңқы желі маскасындагы 17 бірлік (желі иден­тифи­каторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.128. 0.-ге тең.

Егер IP адрес белгілі болса, бағыныңқы желідегі түйін нөмі­рін қалай табуға болады? Мысалы. С класының IP адрес 205.37.­193.­134 берілген болса, тұйін нөмірі -134. Енді желіні бағының­қы желіге 205.37.193.134/26 түрде бөліңіз. Бұл жағдайда түйін адресі қандай?

  ІРадрес Желі идентификаторы Түйін идентификаторы
Бастапқы түйін­нің IP адресі  

205.37.193.134

11001101.00100101. 11000111. 10000110
бағыныңқыже­лі­нің  маскасы 255.255.255.192 11111111.11111111. 11111111.11 000000
логикалық «Жә­не» операциясы­ның нәтижесі 205.37.193.128 11001101.00100101.11000111.10 000110

Нәтижесінде бағыныңқы желінің IP адресін 205.37.193.128 аламыз, ал бұл бағыныңқы желідегі түйін нөмірі 6-ға тең.

Үндемей тағайындалатын маскалар:

  • А класы үшін 255.0.0.0;
  • В класы үшін 255.255.0.0;
  • С класы үшін 255.255.255.0.

1— жаттыгу. 255.255.240.0маскалы 132.90.132.5 IP адресі 132.90.128.0/20 желісіндегі нөмірі 4.5-ке тең түйінді анықтайты­нын көрсетіңіз.

Бағынынқы желілерді адрестеу мысалы.

NIC сізге 192.168.24.0. IP адресін бөлсін. Сіздің үш желіңіз бар. Осы желіні бағыныңқы желілерге бөлу үшін қандай маска­ны пайдаланған дұрыс? 255.255.255.224 маскасыұсынылады, се­бебі бұл жағдайда желі идентификаторының бұл бөлігінде үш бірлік болады, яғни 23-2=6 бағыныңқы желілерді 25-2=30 бағы­ның­қы желілер түйіндерін адрестеуге болады.

Сонымен бағыныңқы желілерге бөлу қажет:

  • Желі қуатына қойылған физикалық шектеулерді жеңу үшін (желілік архитектуралар желідегі түйіндер санына шек қояды);
  • Түйіндерді байланыстыру үшін әртүрлі әдістерді қолдану (әртүрлі архитектуралы желілерді бағыттауыштардың көмегімен қосуға болады);

Желілерді бағыныңқы желілерге бөлу кезеңдері:

  • Жалпы қажеггі желі идентификаторларының санын
    анықтаңыз. Желіні ары қарай ұзарту жайын да ұмытпаңыз.
  • Әрбір бағыныңқы желі қолдауга тиіс түйіндер иденти­фи­ка­торларының жалпы санын анықтаңыз. Желіге болашақта жаңа түйіндер қосылуы мүмкін.
  • Бағыныңқы желінің желі және түйін идентификаторла­ры­ның қажетті санын қолдауга мүмкіндік беретін бағыныңқы желінің маскасын анықтаңыз.
  • Желінің қай идентификаторларының қолданылатынын
    анықтаңыз.
  • Бағыныңқы желілердегі түйіндерге ңдентификаторларды
    тағайындаңыз.
  • — жаттыгу. Д түйінінің IP адресі 202.12.74.37 және ба­ғыныңқы желісінің маскасы 255.255.255.224 тең. Д түйіні IP ад­ресі 202.121.74.66 маскасы 255.255.255.224 болатын Ж түйі­ні­не ақпаратты жіберуі керек. Д және Ж түйіндерінің бір бағы­ның­қы желіде жатқан-жатпағанын және ақпараттың қалай жі­берілетінін аныктаңыз.
  • — жаттығу. В класының 128.131.0.0 IP адресін алған
    компанияда жұмыс істейсіз делік. Қазіргі кезде желінің 45 жеке
    сегменттері бар. Тағы да 50 багыныңқы желілер қосу жоспар­ланған. Түйіндердің максималды санын қолдау үшін қандай масканы пайдаланған жөн?

4- жаттыгу. Компания 9 бөлімнен турады және 130.121.0.0
IP адресін алды. Бөлімдегі 3000 түйінді қолдау қажет. Қандай
масканы таңдаған дұрыс?