IP адрестердің жіктелуі

  1. А класы
0-127 Х Х Х
желі Түйін

А класы желі идентификаторы үшін бірінші октетті ғана пайдаланады және қалған үш октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бұл кластың бірінші октетінің үлкен биті үнемі 0 ге тең, ол бұл адрестің А класына жататындығын анықгауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі — 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2-ні қүрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдар­ға беріледі. Шындығында, бұл адрестердің көпшілігі бұдан көп бұрын қандай да бір ұйымдарға, әдетте, әскери немесе университеттерге бөлініп қойылған.

  1. В класы

10

127-191 N Х Х
желі түйін

В класы желі идентификаторы үшін алғашқы екі октетті пай­даланады және қалған екі октет түйін идентификаторы үшін қо­л­данылады. Бірінші октетінің үлкен екі биті үнемі 10-ға тең, бұл адрестің В класына жататындығын анықтауға мүмкіндік бе­реді.

Желілік бөліктің өлшемі — 14 бит, яғни, В класына жататын 214 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 2І6-2-құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.

  1. С класы

110

192-223 N N Х
желі түйін

C класы желі идентификаторы үшін алғашқы үш октетті және қалған бір октет түйін идентификаторы үшін да. Бірінші октетінің үлкен үш биті үнемі 110-ға тең, ол бұл адрестің С кла­сына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі— 21 бит, яғни, С класына жататын 221 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.

  1. D класы

1110

224> Х Х Х
желі түйіндердің логикалық тобы

D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықгауға мүм­кіндік береді.

  1. Е класы

1111

240> Х Х Х
желі  

Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен бит­тер 1111-ге тең.

Кестеде кейбір адрестер кластары, адрестің үлкен биттері­нің мәндері, берілген кластағы бірінші октеттің ондық мәндері­нің диапазоны және осы класс қолдайтын желілер мен түйіндер саны келтірілген. Емтиханда бір көргеннен IP адрестің класын, ол класқа тән желілер мен түйіндер санын аныктай білудің мәні зор.

IP адрестің жіктелуі

 

Кластар

 

Үлкен биттер

Бірінші октеттің диапазоны Желілердің мүмкіндік болатын саны Түйіндердің мүмкін болатын саны
А 0 1-126 126 16777214
В 10 128-191 16384 65534
С 110 192-223 2097152 254