TCP/IP хаттамалар стегі

Transmission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) –гете­рогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркә­сіп­тік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер ара­сын­дағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік — TCP/IP хатта­ма­лар стегінің ең маңызды артықшылықгарыньщ бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Ин­тернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркә­сіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табыла­ды. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасын­да, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік ар­хитектурасына сәйкес келеді.

Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төртдең­гей­лі үлгіге жатады.

IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қа­былдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блок­тарын жіберуді қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қам­тамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни IP деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылма­ған. IP хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. IP -дің негізгі мақсаты -дейгграммаларды ба­ғыгтау (дейтграммалардьщ түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).

Анықтама. Желі түйіні -IP хаттамасын қолдайтын желі­ге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше ІР-интерфей­сі, әрбір интерфейстің ерекше ІР-адресі бар.

Анықтама. ІР-адрес — Интернеттегі ІР-интерфейстің 32 бит­ті ерекше идентификатороры. ІР-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.

IP адрестің форматтары

Екілік Ондық
10100000.01010001.00000101.10000011 160.81.5.131

Интернеттегі әрбір IP адрес немесе интражелі оның 1000 весе 1000 000 түйіні болғанына қарамастан, қайталанбайтын ерекше болуы тиіс. Егер сіздің компанияңыз ТСР/ІР-ді қол­дануға икемделген және Интернетке қосылмаған болса, онда IP адрестердің кеңістігінен қайталанбаітын адрестерді тағайын­дау және қолдану үлкен проблема тудырмайды. Сіз адрестердің кеңістігінен өзіңіздің қажетіңізді қанағаттандыратын адрестерді таңдауыңызға болады. Бірақ, егер сіздің ұйымыңыздың желісі Интернетке қосылуы керек болса, сіз таңдаған IP адресті тағы біреудің қолданбайтынына көз жеткізу қиынға түседі.

OSI үлгісі       TCP/IP үлгісі  
Қосымшалар деңгейі

Көрсету деңгейі Сеанс деңгейі

 

 

Windows сокеттері

NetBIOS Қосымшалар деңгейі  
  TCP/IP негізіндегі NetBIOS    
TDI интерфейсы    
Транспорттық

деңгей

TCP UDP Транспорттық

деғгей

 
ICMP   ARP
Желілік деңгей IGMP IP RARP Желіаралық  
NDIS интерфейсы деңгей  
Арналық

деңгей

 

Ethernet

 

FDDI

Желілік

карталар

драйверлері

PPP    
Кадрларды

трансля-

циялау

Желілік

интерфейс

деңгейі

Физикалық

деңгей

Желілік адаптерлер

OSI үлгісі мен төртдеңгейлі TCP/IP үлгісінің сәйкестігі. Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP

Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға Inter­NIC (Internet Information Centre — Интернеттің желілік ақпарат­тық орталығы) жауап береді. Интернетте барлық желілік адрес­терді тағайындауға бір ғана топ жауап беретіндіктен, ондағы адрестердің қайталанбауын қадағалау қиынға түспейді. Бірақ InterNIC Интернеттегі әрбір адресті қарап отырмайды. Оның орнына ұйымға InterNIC берілген бағыныңқы желіге қажетті түйіндерді құратын желілік идентификаторды бөледі. Үйым өзі­нің багыныңқы желісіне ыңғайлы желілік идентификаторды орната алады.